Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ing grap.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.37 Mб
Скачать
  1. Аксонометриялық проекция дегеніміз не?

Аксонометриялық проекциялар көрнекі кескіндер қатарына жатады. Бұл көрнекі кескін параллель проекциялау əдісінің көмегімен тұрғызылады. Аксонометриялық проекциялардың тамаша қасиеті - үшөлшемдегі кескінді екі өлшемге, яғни сызбаға айналдырады. Аксонометрия ежелгі гректің «оське өлшеу» деген сөзінен шыққан. Сонымен, кез келген кеңістікте орналасқан нəрсенің аксонометриялық проекциясын салу үшін, бірінші қосымша бір (П1) жазықтығына тікбұрышты декарттық осьтер жүйесімен кескіндеп, екінші осы кескінді параллель проекциялау əдісінің көмегімен аксонометриялық проекция (П/) жазықтығына кескіндейді. Аксонометриялық проекция жазықтығындағы бір нүктеден өтетін кез келген үш түзу сызық тікбұрышты координаталар жүйесінің проекциясы болады. Мысал ретінде кеңістікте орналасқан кез келген бір А нүктеcін алайық (43-сурет). Бұл нүкте тікбұрышты координаталар жүйесінде орналасқан. Параллель проекциялау əдісі бойынша s бағытымен А нүктесі мен тікбұрышты декарттық координаталар жүйесі аксонометриялық проекция (П/) жазықтығына кескінделеді. Осы (П/) проекция жазықтығындағы А/ нүктесі кеңістікте орналасқан А нүктесінің аксонометриялық проекциясы болады.

  1. Аксонометрия масштабы дегеніміз не?

Аксонометриялық проекцияның масштабын анықтау үшін кеңістікте орналасқан тікбұрышты координаталар жүйесіне (Охуz) координаталар жүйесінің бас нүктесінен үш (ех, еу, еz) кесіндіні саламыз (43-сурет). Осы кесінділердің аксонометриялық проекциялары ( / xe , / ye , / ze ) аксонометрия масштабы деп аталады.

  1. Аксонометриялық проекциялардың бұрмалану көрсеткіштері дегеніміз не?

Бұл кесінділердің айырмашылығы аксонометрия проекцияларының бұрмалану көрсеткіштері болады. Бұрмалану көрсеткіштері əр координата осінде əртүрлі болуы мүмкін. Аксонометрия проекциясындағы абсцисса осі бойындағы бұрмалану көрсеткішін латынның p əрпімен белгілейміз

  1. Изометиря дегеніміз не?

Егер бұрмалану көрсеткіштері барлық осьтерде өзара тең ( r qp = = ) болса, онда мұндай аксонометриялық проекцияны изометрия деп атайды. Изометрия ежелгі грек тілінен аударғанда «тең өлшем» деген мағынаны береді.

  1. Диметиря дегеніміз не?

Егер бұрмалау көрсеткіштері екі осьте ғана өзара тең ( q rp ≠ = ) болса, онда мұндай аксонометриялық проекцияны диметрия дейді. Аудармасы «екі өлшемге» тең деген мағына береді.

  1. Триметрия дегеніміз не?

Егер бұрмалау көрсеткіштері барлық осьтерде əртүрлі ( r qp ≠ ≠ ) болса, мұндай аксонометриялық проекция триметрия деп аталады.

  1. Аксонометриялық проекциялардың стандартты түрлері дегеніміз не?

Аксонометриялық проекцияларға қойылатын негізгі талаптардың бірі - нəрсенің кескінін салу оңай болып, мейлінше аз бұрмалануы. Осы талаптарды қанағаттандыру мақсатында халықаралық стандарттар ұйымы бес түрлі аксонометриялық проекция түрін тағайындаған. Бұл стандарт аксонометриялардың атаулары: тікбұрышты изометрия; тікбұрышты диметрия; қиғашбұрышты фронталь изометрия; қиғашбұрышты фронталь диметрия жəне қиғашбұрышты горизонталь изометрия.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]