- •1 Тарау
- •1,1 Кіріспе. Қысқаша даму тарихы.
- •1,2 Сызбаны проекциялау әдістері дегеніміз не?
- •1,3 Орталықтан (центрлік) проекциялау әдісі дегеніміз не?
- •1,9 Тікбұрышты параллель проекциялау әдісі дегеніміз не?
- •1,13 Горизонталь (көлденең) проекция жазықтығы дегеніміз не?
- •Аксонометриялық проекция дегеніміз не?
- •Аксонометриялық проекцияда шеңбердің проекциясы қалай салынады?
- •13. Қиғаш бұрышты фронталь изметрия дегеніміз не?
- •14. Қиғаш бұрышты фронталь диметрия дегеніміз не?
- •15. Қиғаш бұрышты горизонталь изметрия дегеніміз не?
- •3 Тарау
- •10.Проекцияланушы түзу сызықтар дегеніміз не?
- •11.Түзу сызықтың ізі дегеніміз не?
- •15.Дербес жағдайда орналасқан жазықтық проекциясы дегеніміз не?
- •16.Жазықтықтың ізі дегеніміз не?
- •17.Жазықтықтың басты(негізгі) сызығы дегеніміз не?
- •Позициялық есептер дегеніміз не
- •Нүкте мен түзу сызықтар өзара қалай орналасады
- •Түзу сызықтар өзара қалай орналасады
- •4.Жазықтықтар өзара қалай орналасады
- •Жазықтық пен түзу сызық өзара қалай орналасады
- •Метрикалық есептер деген не
- •Түзу сызықтың нақты шамасын қалай анықтайды
- •Жазықтық пен нүктенің арақашықтығын қалай анықтайды
- •7 Тарау
- •Беттердің жазбасы дегеніміз не?
- •Жазылатын жазбалары дегеніміз не?
- •Жазылмайтын жазбалары дегеніміз не?
- •Көпжақты беттерінің жазбалары дегеніміз не?
- •Тікбұрышты пирамиданың жазбалары дегеніміз не?
- •Тікбұрышты призма жазбалары дегеніміз не?
- •Айналу конус бетінің жазбасы дегеніміз не?
- •Айналу цилиндр бетінің жазбасы дегеніміз не?
1,2 Сызбаны проекциялау әдістері дегеніміз не?
Инженерлік графиканың (сызба геометрияның) негізін проекциялау əдістері құрайды, себебі кеңістіктегі кез келген нəрсенің кескінін салу үшін, алдымен проекциялау əдістерін білу қажет. Проекциялау əдістері өзінің кескінделу жолдарына байланысты екі түрге бөлінеді: орталық (центрлік) жəне параллель проекция əдістері.
1,3 Орталықтан (центрлік) проекциялау әдісі дегеніміз не?
Орталық (центрлік) проекциялау əдісі
Егер кескінделуші сәулелер бір нүктеден шыққан немесе тараған болса, онда мұндай проекция тәсілін бір нүктеден немесе орталықтан (центрлік) проекциялау әдісі дейді.
Кеңістікте орналасқан кескіндеу жазықтығы П0 мен кескіндеу орталығы S нүктесін жəне кеңістікте орналасқан геометриялық фигураларды алып, орталықтан проекциялау əдісін салуға болады (39- сурет). Мысал ретінде кеңістікте орналасқан АВ кесіндісі мен кескінделуші П0 жазықтығын жəне кескіндеу S нүк те- сін алайық. Осы S кескіндеу нүк тесі- нен кеңістікте орна- лас қан АВ кесін- дісі нің А жəне В төбелері арқылы өте тін кескінделуші сəу лелер жібереміз. 39-суретте көрсе тіл- гендей бұл сəулелер (s) кескінделуші П0 жазықтығын А0 жəне В0 нүктелерінде қиып өтеді. Осы А0 жəне В0 нүктелерін өзара қоссақ, біз кеңістік- тегі АВ кесіндісінің ІІІ-тарау ПРОЕКЦИЯЛАУ ӘДІСТЕРІ B A П1 s s S A0 B0 П0 42 кескінделуші П0 жазықтығындағы бір нүктеден (орталықтан) шыққан проекциясын табамыз. Сонымен, егер кескінделуші сəулелер бір нүктеден шыққан немесе тараған болса, онда мұндай проекция тəсілін бір нүктеден немесе орталықтан (центрлік) проекциялау əдісі дейді.
1,4 Орталық нүктесі дегеніміз не?
Кеңістікте орналасқан АВ кесіндісі мен кескінделуші П0 жазықтығын және кескіндеу S нүктесін алайық. Осы S кескіндеу нүктесіннен кеңістікте орналасқан АВ кесіндісінің А және В төбелері арқылы өтетін кескінделуші сәулелер жібереміз.Осы S нүктесі - орталық нүкте болып табылады.
1,5 Кескінделуші жазықтық дегеніміз не?
Кескінделуші сәулелер П0 жазықтығын А0 және В0 нүктелерінде қиып өтеді. Осы А0 және В0 нүктелерін өзара қоссақ, біз кеңістіктегі АВ кесіндісінің кескінделуші П0 жазықтығындағы бір нүктеден (орталықтан) шыққан проекциясын табамыз. Кескінделуші сәулелер қиып өткен жазықтық кескінделуші жазықтық деп аталады.
1,6 Кескінделуші сәулелер дегеніміз не?
Кеңістікте орналасқан АВ кесіндісі мен кескінделуші П0 жазықтығын және кескіндеу S нүктесін алайық. Осы S кескіндеу нүктесіннен кеңістікте орналасқан АВ кесіндісінің А және В төбелері арқылы өтетін сәулелері кескінделуші сәулелер деп аталады.
1,7Параллель проекциялау әдісі дегеніміз не?
П
араллель
проекциялау əдісі
Егер
кескінделуші сәулелер өзара параллель
болса, онда мұндай проекция
әдісін параллель проекциялау
әдісі дейді
Параллель проекциялау əдісін салу үшін келесі мысалды қарастырайық. Кеңістікте орналас қан АВ кесіндісі мен кескінделуші П0 жазықтығы берілсін. Осы кеңістікте орна- ласқан АВ кесіндісінің А жəне В төбелері арқылы өзара параллель өтетін кес- кінделуші сəулелер жүргізейік. Бұл сəулелер кескінделуші П0 жазықтығын екі (А0 жəне В0 ) нүктеде қиып өтеді. Осы А0 жəне В0 нүктелерін өзара қоссақ, онда біз кеңістікте орналасқан АВ кесіндісінің кескін делуші П0 жазықтығындағы проекциясын табамыз. Егер кескінделуші сəулелер (s) өзара параллель болса, онда мұндай проекция əдісін параллель проекциялау əдісі дейді (40-сурет).
Параллель проекциялау əдісі кескінделуші П0 жазықтығына сəулелердің кескінделулеріне байланысты екі түрге бөлінеді.
1 ,8 Қиғашбұрышты параллель проекциялау әдісі дегеніміз не? Егер П0 жазықтығына сәулелер сүйір немесе доғал бұрышпен кескінделсе, онда параллель проекциялау әдісін қиғаш бұрышты параллельпроекциялау әдісі дейді.
