- •1 Тарау
- •1,1 Кіріспе. Қысқаша даму тарихы.
- •1,2 Сызбаны проекциялау әдістері дегеніміз не?
- •1,3 Орталықтан (центрлік) проекциялау әдісі дегеніміз не?
- •1,9 Тікбұрышты параллель проекциялау әдісі дегеніміз не?
- •1,13 Горизонталь (көлденең) проекция жазықтығы дегеніміз не?
- •Аксонометриялық проекция дегеніміз не?
- •Аксонометриялық проекцияда шеңбердің проекциясы қалай салынады?
- •13. Қиғаш бұрышты фронталь изметрия дегеніміз не?
- •14. Қиғаш бұрышты фронталь диметрия дегеніміз не?
- •15. Қиғаш бұрышты горизонталь изметрия дегеніміз не?
- •3 Тарау
- •10.Проекцияланушы түзу сызықтар дегеніміз не?
- •11.Түзу сызықтың ізі дегеніміз не?
- •15.Дербес жағдайда орналасқан жазықтық проекциясы дегеніміз не?
- •16.Жазықтықтың ізі дегеніміз не?
- •17.Жазықтықтың басты(негізгі) сызығы дегеніміз не?
- •Позициялық есептер дегеніміз не
- •Нүкте мен түзу сызықтар өзара қалай орналасады
- •Түзу сызықтар өзара қалай орналасады
- •4.Жазықтықтар өзара қалай орналасады
- •Жазықтық пен түзу сызық өзара қалай орналасады
- •Метрикалық есептер деген не
- •Түзу сызықтың нақты шамасын қалай анықтайды
- •Жазықтық пен нүктенің арақашықтығын қалай анықтайды
- •7 Тарау
- •Беттердің жазбасы дегеніміз не?
- •Жазылатын жазбалары дегеніміз не?
- •Жазылмайтын жазбалары дегеніміз не?
- •Көпжақты беттерінің жазбалары дегеніміз не?
- •Тікбұрышты пирамиданың жазбалары дегеніміз не?
- •Тікбұрышты призма жазбалары дегеніміз не?
- •Айналу конус бетінің жазбасы дегеніміз не?
- •Айналу цилиндр бетінің жазбасы дегеніміз не?
1 Тарау
1,1 Кіріспе. Қысқаша даму тарихы.
Ата-бабадан қалған аманат – байтақ жеріміздегі қазба байлықтарды игеруде, еліміздегі халықаралық жəне қалааралық автомобиль жолдары мен жаңа қалалар салуда, ауыл шаруашылығын дамыту мен инженер - мамандар дайындауда инженерлік графика пəнінің маңызы үлкен. Көбіне студенттер сызба геометриясы секілді инженерлік оқу құралдарын оқығанда, алдымен тақырыпты суретіне қарап түсінеді. Сызбаны сызу жолдары дүние жүзіндегі елдердің барлығына бірдей ортақ болғандықтан, мектеп қабырғасында өтетін сызу пəні халықаралық, интернационалдық техника тілі болып табылады. Себебі, сызбаны орындау кезінде үлгі қалып (стандарт) бойынша белгілі тоғыз сызық түрі қолданылады. Француздың атақты ғалымы жəне мемлекет қайраткері Гаспар Монж (1746 – 1818) өзіне дейінгі кескіндерді салу туралы мағлұматтарды жинақтап, белгілі бір жүйеге келтіре отырып, алғаш рет 1795 жылы «Сызба геометрия» атты еңбегін жазып шықты. Міне, осы уақыттан бастап сызба геометрия жеке ғылым ретінде қалыптаса бастады. Егер сызба техника тілі болса, онда сызба геометрия осы тілдің грамматикасы болып табылады .Біздің дəуірімізге дейін өмір сүрген Эсхилдің (б.д.д. 525-456 ж.ж.), Анаксагордың (б.д.д. 500-42 ж.ж.), Демокриттің (б.д.д. 460- 380 ж.ж.), Евклидтың (б.д.д. III ғасыр) жəне Витрувийдің (б.д.д. I ғасыр) еңбектерінде сызба геометрия негіздері болған. Бұл саланың ғылым ретінде қалыптасуына орта ғасырда өмір сүрген бабаларымыз əл-Хорезми (780-850), əл-Фараби (870-950), əл-Бируни (973-1050), Насредин Тусидің еңбектері мен зерттеулері ұшан теңіз. Қайта өрлеу заманында өмір сүрген Леонардо да Винчидің (1455-1519), Декарттың (1596-1650) жəне Дезаргтың (1593- 1662) жасаған теориялары сызба геометрияның жеке ғылым болып жетілуіне себепкер болған. Сызба геометрия пəні сызбаны қалай оңай жəне түсінікті салуға, сызбаны сызудың əдістері, сызбаны қалай оқуға, сызба əдістерін пайдалана отырып, қандай есептер шығаруға болатыны т.б. секілді сұрақтар мен мəселелердің КІРІСПЕ 4 шешілу жолдарын қарастырады. Сонымен қатар, сызба геометрия сызбаны салу мен ол туралы білімді жəне сызбалардың көмегімен инженерлік есептерді шешу теориясын меңгертетін пəн болып саналады. Сызба геометрия төмендегідей бөлімдерден тұрады: проекциялау əдіс тері; аксонометриялық проекциялар; нүкте мен түзу сызық проекциялары; қисық сызық пен жазықтық проекциялары; беттер проекциялары; тұрғылықты (позициялық) жəне өлшем (метрикалық) есептері; сызбаны түрлендіру тəсілдері; көлеңкелер. Осы бөлімдерді толық меңгерген студент өзінің ойлау қабілетін өрістете отырып, кеңістікте орналасқан нəрселердің кескіндерін салу, сызбадағы кескіндер арқылы жаңа бір нəрсені құрастыру жəне сызбадағы түрлі есептерді шығару мəселелерінен мол мағлұмат алады. Қазіргі инженерлік графика пəні – жоғарыда аталған сызба геометрия пəні мен машина жасау жəне құрылыс сызбаларының теорияларын зерттейтін ғылым. Инженерлік графика теорияларының жетістіктері техника мен ғылымның əртүрлі салаларында кеңінен қолданылуда. Сондықтан жер жұмыстарының сызбаларын сауатты орындау, инженерлік ғимараттарды жобалау жəне тұрғызу үшін, жер бетінде салынатын аса қажетті ғимараттар- ды сызбамен кескіндеу теориясының негіздерін инженер осы инженерлік графика теориясы арқылы біліп үйренеді.
