Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-82_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.67 Кб
Скачать

16. Айналым капиталының қаржыландыру көздері.

Меншікті айналым капиталының өсімін қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорынның пайдасы болып табылады. Сонымен қатар, меншікті айналым капиталының өсімін қаржыландыруға меншікке теңестірілген тұрақты пассив деп аталатын өзге де көздерді пайдалану қажет болады. Өкінішке орай, қазір БЕС-ке сәйкес тұрақты пассивтер меншікті айналым капиталына жатпайды. Өмірде бұл қаржыландыру көзін кәсіпкерлер үнемі пайдаланып отырады. Бұл, әсіресе, қаржы ресурстары жаппай тапшы болған өтпелі кезеңде кеңінен қолданыс тауып отыр.

Тұрақты пассив деп кәсіпорын айналыста үнемі пайдаланатын, бірақ оның меншігіне жатпайтын пассивтерді айтады. Олар келесілерден тұрады:

а) жұмыскерлер мен қызметкерлер еңбекақысына берілетін ең аз мөлшердегі көлемі есебінен;

ә) әлеуметтік сақтандыру мен салық төлемдерінен;

б) келешекте болатын төлемақылар резервінен;

в) ағымдағы сыйлықақы тағайындауға арналған материалдық ынталандырудың тұрақты айнымалы қор қалдығынан, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени іс-шаралар мен тұрғын үй құрылысына арналған қорлардан;

г) жабдықтаушыларға құжаттары ресімделмеген тауарлар бойынша берешектен;

ғ) заңнамаға сәйкес сатып алушылардың сатып алатын тауары үшін ең аз мөлшердегі алдын ала төленген қаржы көлемінен.

Тұрақты пассивтерді меншікті айналым капиталына теңестіру қажет, себебі олар үнемі кәсіпорын иелігінде болады және шаруашылық айналыста пайдаланылады. Олардың үлес салмағы, әсіресе енбекақы өнімнің өзіндік құнының едәуір бөлігін құрайтын өнеркәсіп салаларында, сондай-ақ өнімнің жартылай дайындығы бойынша төлем жүргізетін салаларда жоғары болып келеді.

Тұрақты пассивтерді жыл сайын жоспарлап отыру кажет. Тұрақты пассивтердің түріне қарай олардың шамасын анықтау үшін әртүрлі әдістеме қолданылады.

Мысалы үшін, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысы есебінен аз мөлшерде қарыздану оның орташа күндік еңбекақы үшін қарызды (айналым капиталының нормативі тоқсан ішіндегі еңбекақы қорын 90-ға бөлу аркылы табылады) еңбекақыны санаған күн мен оны төлеген күннің арасындағы айырмасына көбейту аркылы аныкталады.

Әлеуметтік салықтар мен сақтандыру бойынша салық органдарына ең аз мөлшердегі берешектің шамасы жұмысшылар мен қызметкерлер еңбекақысының берешек сомасы мен кәсіпорынға бекітілген әлеуметтік салық және сақтандыру төлемдерінің пайызы арқылы есептелінеді.

Негізінен жұмысшылар мен қызметкерлердің демалыс күніне төленетін қаражаттарды меншікті айналым капиталын жасау және ұлғайту көзі есебінде пайдалану үшін жыл бойы бір қалыпта болатын оның қалдық мөлшері жоспарланады.

Материалдық ынталандыру қоры бойынша тұрақты пассивтің мөлшері осы қордын ағымдағы сыйлықақы төлеуге арналған ең аз мөлшердегі қаржылар қалдығына байланысты анықталады.

Жабдықтаушыларға құжаттары ресімделмеген тауарлар бойынша берешек мөлшері бухгалтерлік теңгерімге сәйкес жоспарлы жылдың алдындағы ең аз мөлшердегі көлеміне қарай белгіленеді.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда меншікті айналым капиталын құру және өсіру көзі ретінде салалық сипатқа ие өзге де тұрақты пассив түрлері пайдаланылады. Мысалы, өндірістік кезеңділігі ұзақ мерзімді болып келетін кеме, ауыр машина жасау саласында айналым капиталын табу көздері осы сала өнімдерінің жартылай дайындалу нәтижесі бойынша тапсырыс берушілердің төлем жүргізу есебінен құралады.

Мұндай төлемнің мөлшері жоспарлы жылдың басындағы берешекті, жоспарлы жыл ішінде алынатын соманы (келісімшартқа сәйкес және өнімнің дайындық дәрежесіне қарай), сондай-ақ дайын өнімді тапсыру кезінде жүргізілетін төлемдер мөлшерін есепке ала отырып жоспарланады.

Кәсіпорындардың жыл бойындағы айналым капиталына деген мұқтаждығы әрдайым біркелкі бола бермейді, сол себепті айналым капиталын толықтай меншікті көздер есебінен құрастырған дұрыс емес. Бұл жағдай белгілі бір кезеңде артық айналым капиталының пайда болуына және оларды үнемдеуге жол бермейді.

Уақытша мұқтаждық тудыратын айналым капиталына деген қосымша кажеттілік екінші деңгейлі банкілерден қысқа мерзімді несие алу арқылы қамтамасыз етіледі.

Өнеркесіп кәсіпорындары банкіден несиені белгілі бір нысандарға алады. Кәсіпорын қаражаттарынын айналым кезеңіне байланысты банкілік несие нысандары өндіріс саласына немесе айналыс саласына жатуы мүмкін. Өндіріс саласындағы несиелеу нысаны өндірістік қорлар мен өндіріс шығындары болса, айналыс саласындағыға - келіп жетпеген есеп айырысу құжаттары мен дайын өнімдер жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]