Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-82_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.67 Кб
Скачать

15. Айналым капиталы: оның маңызы, құрамы және құрылымы.

Айналым қоры - бұл өндірістік үдерістің міндетті бөлігі, ол өнімнің өзіндік құнының негізгі бөлігін (элементін) құрайды. Оның негізгі өндірістік қорлардан ерекшелігі айналым қоры әрбір өндірістік кезеңдікте толығымен тұтынылып, өзінің құнын өндірілген өнімге толығымен өткізеді. Айналым қорына қарағанда айналым капиталы экономикалық санат ретінде кең мағынаны береді. Ол айналым қоры мен айналыс қорынан тұрады.

Айналым қоры өндірісте пайдалануға немесе белгілі бір жұмыс пен қызметті орындауға арналған шикізаттар‚ материалдар, сатып алынған жартылай өнделген өнімдер, әзірлеуші өнімдер, отын, ыдыс, ыдыска арналған материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдармен бірге аякталмаған өндіріс түрінде болады. Өнім бірлігіне жұмсалған шикізат, материалдар, отын мен энергия шығыны неғұрлым аз болса, өнімді өндіруге және дайындауға жұмсалатын еңбек шығыны соғұрлым үнемді әрі оның өзіндік құны арзан болады.

Айналыс қорлары құн түзуге қатыспайды, бірақ түзілген құнды жеткізуші болып табылады. Айналыс қорының негізгі қызметі - акшалай каражат аркылы айналымның үздіксіздігі мен біркалыптылығын камтамасыз ету.

Сонымен, айналым капиталы деп өндірістік айналым қоры мен айналыс қорына арналған кәсіпорынның ақшалай каражаттарын айтамыз.

Айналым капиталы дегеніміз - өндірістік айналым қорлары мен айналыс корларын құруды және олардың үздіксіз айналымдылығын қамтамасыз ететін алдын ала бөлінген ақшалай қаражаттардың жиынтығы.

Өндірістік айналым қорлары - бұл еңбек заттары (шикізат, негізгі материалдар мен жартылай өнделген өнімдер, қосымша материалдар, отын, ыдыстар, қосалқы бөлшектер және тб.) мен аякталмаган өндіріс өнімдері. Өндірістік айналым корлары өндіріске өзінің табиғи-заттық күйінде қатынасады да, өнім дайындау үдерісінде толығымен тұтынылып, өзінің құнын жасалатын өнімнің өзіндік құнына өткізеді.

Өндірістік айналым қорлары құрамындағы өндірістік қаражаттардың мөлшерімен,ең алдымен өндірісті ұйымдастырудың техникалық деңгейімен және дайындалатын өнімнің өндірістік кезеңдігінің ұзактығымен сипатталады.

Айналым капиталы өндірістің үздіксіз жұмыс атқарауын қамтамасыз етеді.

Айналым қорларының құрамы. Өндірістік негізгі қорларға қарағанда кәсіпорындардың өндірістік айналым қоры өндіріс қорларының әрбір өндірістік кезеңдігінде жұмсалып, олардың құны еңбек өнімінің құнына бірден толығымен өтетін заттык элементтердің бөлігі болып саналады. Заттық элементтер еңбек үдерісі барысында табиғи қалпы мен заттай‚ химиялық құрамы жағынан біраз өзгеріске ұшырайды. Өндірісте тұтынылу барысында олар өздерінің тұтыну құнын жоғалтады. Ал жаңа тұтыну құны олардың өнімі түрінде пайда болады.

Айналым капиталы өндіріс және айналыс өрісінде пайдаланылып, жабдықтау, өндіру, өткізу сияқты үш кезеңнен өтеді және осы кезеңдер ішінде әртүрлі табиғи күйге енеді.

Айналым капиталын қайта жанғырту үдерісінің міндетіне қарай төрт топқа бөлуге болады: өндірістік запас (босалқы)‚ аяқталмаған өндіріс (аяқталмаган өнім), дайын өнімдер және ақша қаражаттары (есеп айрысу шотындағы қаражаттарды қоса санағанда).

Кәсіпорынға келіп түсетін материалдық құндылықтар бірден өндіріс үдерісінде пайдаланылмайды. Олар алдымен қоймаларда сақталады. Қоймада келешекте кажет қордың болуы өндірістік үдерістің үзіліссіз жүріп отыруын қамтамасыз етіп, оны кейбір жоспарланбаған қиыншылыктан сақтайды. Сосын материалдар цехка жөнелтіліп, онда өнделеді де, аяқталмған өндіріс (аяқталмаған өнім) түріне енеді.

Аяқталмаған өндіріс өнімінің құны жұмсалған шикізаттың негізгі және көмекші материалдардың, отын, энергия, су, бу, сығылған ауа құнынан, өнімге қосылған негізгі қорлар құнының бір бөлігінен (амортизациялық аударымдар), сондай-ақ қызметкерлерге берілген еңбекақы түріндегі шығындар қосындысының жиынтықтарынан құралады.

Кәсіпорын сатып алынатын жартылай дайын заттардан басқа, өзінде дайындалатын, аяқталмаған өнімге ұқсас жартылай өнделген өнімдерді де пайдаланады.

Жаңа өнімді игеруге, дайындауға және басқа да ұзақ мерзімді жұмыстарға жұмсалған шығындар болашақ кезеңнің шығындарын құрайды және келешектегі өнімнің өзіндік құнына қосылады. Бұл шығындар қазіргі кезде БЕС талаптарына сәйкес айналыс қорының құрамына жатады.

Өндірістік үдерістің толық орындалуына байланысты аяқталмаған өнімге жұмсалған айналым қоры дайын өнім түріне енеді. Дайын өнім - бұл белгілі бір кәсіпорында өңделуі аякталған және стандарт бойынша қабылданған өнімдер.

Дайын өнімдер жинақтау мен буып-түюге қажетті уақыт аралығында қоймаларда сақталып, содан кейін ғана тұтынушыға жөнелтіледі. Дайын өнім сатылған соң айналым капиталы жаңа түрге ақша түріне енеді. Сатудан түскен ақшалай табыс қаражаты кәсіпорынның коммерциялық банкілердегі есеп айырысу шотына түседі, сонан соң ғана олар қайтадан өндірістік запастар құруға, қызметкерлер еңбекақысын төлеуге және т.б. пайдаланылады.

Осылайша, айналым капиталы өндірістік үдерісте келешекте қажет өндірістік запастар мен аяқталмаған өндіріс өніміне, ал айналыс үдерісінде дайын өнімдер мен қаражат түрлеріне ауысып отырады.

Айналым қорларының жекелеген элементтері немесе олардың құраушы бөліктері арасындағы меншікті қатынасы айналым қорының құрылымы деп аталады.

Айналым капиталының жіктелуі. Айналым капиталы өндіріс үдерісіндегі орны мен рөліне қарай ұйымдастыру қағидасы мен түзілу көзі бойынша жіктеледі.

Өндірістік үдерістегі орны мен рөлі бойынша айналым капиталы өндірістік айналым қоры және айналыс қорлары болып екіге бөлінеді. Өндірістік айналым қорына алдағы уакытта өндіріске қажет материалдық запастар мен аякталмаган өндіріс өнімі жатады. Айналым капиталының едәуір бөлігі (шамамен 80%-ы) өндіріс саласында қамтылған, себебі тек өндіру барысында ғана жаңадан құн түзіледі. Айналым капиталының барлық жиынтығын пайдалану кезіндегі тиімділігі олардың өндіріс саласындағы үлесіне тәуелді. Айналыс шеңберіндегі айналым капиталы өндіру үдерісінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Тузілу көздері бойынша айналым капиталы меншікті және несиелік болып бөлінеді. Меншікті айналым капиталы өнеркәсіпте шамамен 40%-ды құрайды және ең алдымен пайдадан бөлінетін төлемдер есебінен құралады.

Меншікті айналым капиталы - бұл үнемі кәсіпорын иелігінде болатын және өз ресурстары (пайдадан және т.б.) есебінен құралатын қаражаттар болып саналады. Қозғалыс үдерісі кезінде негізінен меншікті капитал қатарына уакытша бос тұрған еңбекке ақы төлеу үшін жиналған қаражаттар кіруі мүмкін. Бұл қаражаттар меншікті капиталға теңестіріледі немесе тұрақты пассивтер деп аталады.

Несиелік айналым капиталы деп банк несиесі, несиелік қарыз (коммерциялык несие) және баска да пассивтерді атайды.

Ұйымдастыру кағидалары бойынша айналым капиталы мөлшерленетін және мөлшерленбейтін болып бөлінеді. Айналым капиталын мөлшерлеу өндірістік үдерістің үздіксіздігін камтамасыз етеді және өнеркәсіптік кәсіпорын ресурстарын тиімді пайдалануға жағдай жасайды.

Мөлшерленетін айналым капиталына өндіріске қажетті материалдық запастар, аяқталмаған өндіріс өнімі мен қоймадағы дайын өнім жатады. Мөлшерленетін айналым капиталына өндіріс өрісіндегі айналым қорларының барлық элементтері кіреді. Айналыс өрісінде дайын өнімді алу үшін еңбекке жұмсалған айналым капиталы ғана мөлшерленеді.

Мөлшерленбейтін айналым капиталына мыналар жатады: жөнелтілген өнім, есеп айрысу шотында және есептесудегі ақша қаржылары мен дебиторлық қарыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]