Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-82_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.67 Кб
Скачать

13. Негізгі қорлар тозуы, негізгі түрлері. Негізгі капиталды амортизациялаудың маңызы.

Негізгі капитал өндіріс үдерісіне қатысуы мен пайдалану жылы ұлғайған сайын, табиғат күшінің әсер етуімен пайдалану үдерісінде біртіндеп тозады яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уакыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай калады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі капитал сатып алуға тура келеді.

Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық (заман талабына сай келмеуі). Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өндіріс үдерісіне қатысуы натижесінде және негізгі капиталдың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ түрлі сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық кұбылыстардың салдарынан, металдардың тот басуынан, ескіруінен (тозудың табиғи нысаны) болады.

Негізгі капиталдың сапапық тозуы олардын толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму үдерісінен кейін қалуынан, яғни негізгі капиталдың ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмеуінен туындайды.

Негізгі капиталдын сапалық тозуы мынадай фактрлар арқылы анықталады: өндірістегі құрал-жабдықтарды жаңартуда жаналықтар ендіру (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімді машиналармен ауыстыру); технологиялық үдерісті жетілдіру: жана технологияны қолданған кезде пайдаланылатын машиналар мен құрал-жабдықтар жарамсыз болып қалады, т.б.

Негізгі капиталдың сапалық тозуының бірінші себебі - өндіріс салаларында ғылыми-техникалық прогреске байланысты еңбек өнімділігінін өсуі болып табылады. Еңбек өнімділігі өскен сайын белгілі бір дайын өнімді, құрал-жабдықты, тағы да басқаларды ендіруге кететін уақыт азаяды да, оның құны төмендейді. Осыған сәйкес еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жаңа құрал-жабдықтардың, машиналардың, яғни негізгі капиталдың бағасы бұрын сатып алынған осындай негізгі капиталдың бағасына қарағанда арзан болады. Мұндай жағдайда ұйымдарға қымбат және тозыңқыраған (пайдаланылған) машиналар мен көліктердің, құрал-саймандардың, тағы да басқа негізгі капиталдың орнына жаңа, әрі сапасы жоғары негізгі капиталды сатып алу тиімді болады.

Негізгі капиталдың сапалық тозуының екінші себебі - ғылыми-техникалық өркендеумен байланысты жаңадан толық жетілген, өнімділігі жоғары, әрі тиімді негізгі капиталдың пайда болуы. Кәсіпорындарда өнімділігі төмен негізгі капиталдын орнына, техникалық жағынан жетілдірілген, үнемді негізгі құралдарды пайдалану әр уақытта тиімді болып табылады. Сондықтан да өнімділігі жоғары машиналар мен құрал-жабдыктардың пайда болуы және олардың бағасының арзандауы бұрын пайдаланылып келген негізгі капиталдың сапалық тозуына әкеліп соқтырады.

Негізгі капитал амортизациясының мәні.

Негізгі капитал өндіріс үдерісінде пайдаланылған кезде өздерінін бірте-бірте тозуына байланысты өздерінін көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге құндарын біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл үдеріс амортизация деп аталады. Амортизация (латыннын “өтеу” деген сөзінен шыккан) тозудың құндық көрінісін білдіреді. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнін өзіндік құнына косылып отырады. Ал бұны амортизациялык аударым деп атайды. Амортизациялык аударым әрбір өнімнін өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайтарылып отырады, яғни негізгі капиталдың тозуына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау аркылы қайтарылады. Амортизациялық аударым мөлшері - негізгі капиталдың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен есептеліп шығарылған бір жылдық өнімнін өзіндік құнына косылатын сомасы.

Амортизация ұдайы өндірісте негізгі корлардың тозу орнын толтыру үшін қаржы жинақтау түрін білдіреді. Амортизацияның міндеті - негізгі қорлардын тозу орнын толтыруға байланысты амортизациялық қор оның орнын толтыру құнына сәйкес болуы тиіс. Осылайша, амортизация өндірісті бұрынғы қалпында ұстап тұратын жай ұдайы өндіріс көзі болып табылады. Бірақ, амортизациялық аударымдар негізгі қорлар қызметін аяқтаған сон ғана қалпына келтіруге жұмсалады. Сол себепті, осы кезең ішінде көрсетілген телемдер резервтік қор турінде сақталып, толығымен тозған еңбек құралдары табиғи түрде қалпына келтіруді қажет еткенше туралы. Бұл уақыт жеткенге дейін машиналар құны резервтік ақша коры түрінде жинала береді. Демек, амортизациялық қордын езі жинақтау көзі болып табылады.

Амортизация ұдайы даму өндірісінің көзі болып та табылады, себебі біріншіден, уақыт өте келе еңбек құралдарын жасау жөніндегі еңбек өнімділігі арта түседі де негізгі қорлар арзандайды, екіншіден, техникалық серпілістің нәтижесінде еңбек құралдары жаңа, едәуір жетілдірілген техникаға алмастырылады, үшіншіден, қайсыбір негізгі қор түрінің қызмет мерзімі біткенге дейін жинақталып жатқан амортизациялық қор айналымға түсіп, жана құн жасалынады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]