Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-82_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.67 Кб
Скачать

82. Қазақстан республикасының ұлттық холдингтік компаниялары, олардың қызмет ету ерекшеліктері.

Ұлттық басқарушы холдингтер

1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы.

2. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы.

3. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы

Ұлттық холдингтер

3. «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы.

Ұлттық компаниялар (36 жуык компаниялар бар) оладын ышынде

6. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.

7. «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы.

8. «Қазпошта» акционерлік қоғамы.

9. «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.

10. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық, атом компаниясы» акционерлік қоғамы.

11. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы.

12. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.

13. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы.

40. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.

41. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

Жалпы “Холдинг”-шағын кәсіпорындарды топтап бір ортаклықтан басқару дегенді білдіреді.

Холдингттік компаниялардың екі негізгі түрі кең тараған: қаржылық (таза) және аралас. Қаржылық холдингттік компания қаржылық бақылауды және басқаруды жүзеге асыру мақсатымен құралады. Аралас холдингттік компания керсінше, белгілі бір кәсіпкерлік қызметтен айналысады: өнеркәсіптік, сауда көлік-логистикалық, несиелік-қаржылық және т.б.

Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі, ұлттық экономиканың негізін құрайтын стратегиялық жағынан маңызды салаларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған акционерлік қоғам ұлттық компания болып табылады. Олардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңына сәйкес, акционерлік қоғамның органдары жоғары орган, басқару органы және атқарушы орган болып бөлінеді. Жоғары органға – акционерлердің жалпы жиналысы, басқару органына – директорлар кеңесі, атқарушы органға – алқалы орган немесе атқарушы орган қызметін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға жатқызылады.

Ұлттық компаниялардың және өзге де акционерлік қоғамдардың акциялар пакеттерін тиімді басқару үшін құрылған акционерлік қоғам ұлттық холдинг болып табылады.

1) әлеуетті өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);

2) жергілікті қамту - сатып алу туралы шартты орындауға жұмылдырылған Қазақстан Республикасының азаматтарына еңбекақы төлеу құнының осы шарт бойынша жалпы еңбекақы төлеу қорынан және (немесе) сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнынан Қазақстан Республикасы резиденттерінің жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу немесе толығымен өндіру өлшемдеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстандық шығу тегі үлесінің (үлестері) құнынан пайыздық қамту;

3) мемлекеттік сатып алу веб-порталы – электрондық мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне бірыңғай қол жетімділік нүктесін беретін мемлекеттік ақпараттық жүйе

7) өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), тапсырыс берушімен сатып алу туралы жасалған шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);

8) сатып алу – тапсырыс берушілердің мыналарды:

  • еңбек шарттары бойынша жеке тұлғаларда не қызметтерді өтемді көрсету шарттары бойынша кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғаларда жүзеге асырылатын қызметтерді сатып алуды;

  • жарналарды (салымдарды), оның ішінде құрылған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгізуді;

  • заңды тұлғалар жарғылық капиталындағы үлесті сатып алуды;

  • Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды;

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, банктер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялардың негізінде банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банктік операцияларды жүргізуге қаржы қызметтерін сатып алуды қоспағанда, тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ функцияларын не жарғылық қызметін орындауын қамтамасыз ету үшін қажет тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушілердің осы Үлгі ережеде, сондай-ақ азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын ақылы негізде сатып алу;

  • Қазақстан Республикасының электр энергетикасы, электр және (немесе) жылу энергиясы туралы заңнамасына сәйкес орталықтандырылған сауда-саттықта, спот нарығында Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын білікті энергия өндіруші ұйымдардан теңгерімделген электр энергиясын, электр энергиясын сатып алу;

  • теңіз портында алынатын алымдар мен төлемдерді төлеу;

  • іссапар шығыстарына өтемақы төлеу;

  • басқару органының бақылау кеңесінің мүшелеріне сыйақылар төлеуді;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін және оның қайта өңделген өнімдерін, сондай-ақ оларды сақтау, өңдеу және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

  • ұлттық басқарушы холдингтің стратегиялық консультативтік-кеңесші органының қызметін қамтамасыз ету үшін ұлттық басқарушы холдингтің қызметтерді сатып алуы;

  • отандық және шетелдік селекцияның асыл тұқымды малдары мен ауыл шаруашылығы малдарын сатып алу;

9) сатып алуды ұйымдастырушы - сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін орындауға жауапты өзінің құрылылымдық бөлімшесі атынан тапсырыс беруші не сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін орындау мақсатында тапсырыс беруші анықтаған заңды тұлға;

10) стратегиялық әріптестер - тапсырыс беруші айқындайтын, тиісті (интеллектуалдық, ғылыми, әдіснамалық, білім беру, технологиялық, кадрлық) ресурстары бар және мына:

  • қазіргі заманғы әдіснамалар мен жаңа технологияларды білім беруге енгізу;

  • білім берудің инновациялық мазмұны мен қазіргі заманғы білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;

  • білім беру қызметі мен оның нәтижелеріне, оның ішінде оқытудың сапасына және оқушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру нәтижелеріне мониторингті, сыртқы бақылауды жүзеге асыру;

  • білім беру қызметінің сапасын, балалар мен педагогтарды конкурстық іріктеудің аспаптары мен технологияларын бақылау мен бағалау құралдарын әзірлеу және енгізу;

  • оқыту үдерісін қамтамасыз ететін кабинеттер мен зертханалар үшін жабдықтарды әзірлеу және өндіру салаларының бірінде немесе бірнешеуінде халықаралық қызмет тәжірибесі бар ұйым;

10-1) стратегиялық жоба - ұлттық басқарушы холдинг немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар айқындайтын, мынадай өлшемшарттарға сай келетін жоба:

  • жоба құны (сметалық және (немесе) бағалау) ағымдағы жылдың басына ұлттық басқарушы холдингтің немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымның жеке капиталының жиырма бес пайызынан асады;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]