- •Кәсіпорын ұғымы, мақсаты және түрлері.
- •2. Өндірістік кәсіпорындардың негізгі белгілері.
- •3. Кәсіпорынның басты міндеттері және функциялары.
- •4. Кәсіпорындардың қызмет етуінің ерекшелік белгілері.
- •5. Кәсіпорынның сыртқы ортасы:оның қызметіне ықпал ететін жағдайлар және факторлар.
- •6. Кәсіпорынның кәсіпкерлік міндеттері және құқықтары.
- •7. Негізгі және қосымша белгілері бойынша кәсіпорындардың жіктелуі.
- •9. Кәсіпорындардың бірлестіктері.
- •10. Кәсіпкерлік субьектілері, дара кәсіпкерлік.
- •11. Кәсіпкерлік нысандары және түрлері.
- •12. Кәсіпорынның негізгі капиталының экономикалық мәні олардың құрамы және құрылымы.
- •13. Негізгі қорлар тозуы, негізгі түрлері. Негізгі капиталды амортизациялаудың маңызы.
- •14. Амортизацияны есептеу әдістері: біркелкі, өндірістік, жеделдетілген, қалдық құнын азайту.
- •15. Айналым капиталы: оның маңызы, құрамы және құрылымы.
- •16. Айналым капиталының қаржыландыру көздері.
- •17. Айналым құралдарының айналымы.
- •18. Айналым құралдарының айналымдылығын және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер.
- •19. Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі.
- •20. Кәсіпорынның энергетикалық ресурстарын пайдалану.
- •21. Кәсіпорын персоналы: түсінігі және сипаттамасы.
- •22. Персоналдың сандык, сапалык сипаттамаларының көрсеткіштері. Персоналдық құрылымдық сипаттамасы.
- •23. Персоналдың жылжуын сипаттайтын көрсеткіштер.
- •24. Кәсіпорынның еңбек ресурстарына қажеттілігін анықтау.
- •25. Касіпорынның кадрлық жұмысының ерекшеліктері.
- •26.Кәсіпорынның қызметін тиімді атқару үшін ұЙымдастырушылық тәртіптің мәні және маңызы.
- •27. Еңбек ресурстарын пайдалану көрсеткіші – еңбек өнімділігі.
- •28. Еңбек уәждемесінің мәні мен формалары.
- •29. Еңбекке ақы төлеудің экономикалық мәні мен қағидалары.
- •30. Кәсіпорындағы еңбекақы түрлері және оны төлеуді ұйымдастыру.
- •31. Инвестицияның экономикалық мәні.
- •1. Нысан бойынша инвестициялау:
- •2. Ұзактығы бойынша инвестициялау:
- •3. Нақты секторда ұдайы даму түрлері бойынша:
- •4. Соңғы нәтижелерге байланысты:
- •5. Меншік түрлері бойьшша:
- •6. Қаржыландыру көздері бойынша:
- •7. Жобаны әзірлеу мен іске асырудағы үлесі және инвестициялық жобаға қатысушылардың құрамы бойынша:
- •32.Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеті.
- •34. Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің стратегиясы.
- •36. Қазақстан республикасын үдемелі индустриялық-инновацинлық дамьпу жөніндегі саясаты.
- •37. Инновацияның маңызы және жіктелуі.
- •38. Кәсіпорынның инновациялық қызметі: маңызы және міндеттері. Жаңашылдықты басқару.
- •39. Шығындардың экономикалық маңызы, түрлері және құрамы.
- •40. Кәсіпорын шығындарының жіктелуі.
- •41. Экономикалық элементтері мен калькуляция баптары бойынша шығындардың жіктелуі.
- •42. Калькуляциялау, оның түсінігі және қағидалары.
- •43. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері.
- •44. Кәсіпорынның маркетингтің қызметінің ерекшеліктері.
- •45. Стратегиялық жоспарлау және маркетингтік тәсіл.
- •46. Маркетинг стратегиясын таңдау және жүзеге асыру.
- •47. Жоспарлау түрлері.
- •48. Кәсіпорын жоспарларының құрылымы. Өндіріс ішіндегі жоспарлау.
- •49.Өнімнің бәсекеге қаблеттілігі:түсінігі,оның деңгейін көтеру қажеттілігі.
- •50.Өнім сапасы:түсінігі, көрсеткіші, және оның денгейін көтеру жолдары.
- •51. Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі.
- •52. Сапаны басқарудағы жаңа стратегия.
- •53. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін өсірудегі бағаның рөлі.
- •54.Экономикалық категория ретіндегі бағаның маңызы мен функиялары.
- •55. Баға жүйесі және оның жіктелуі.Баға деңгейіне әсер ететін факторлар.
- •56. Кәсіпорынның баға саясаты және баға белгілеу әдістері.
- •4. Баға жасау әдістері.
- •57. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің мәні.
- •58.Кәсіпорынныың бәсекеқабілеттілігіне ықпал еттетін факторлар.
- •59.Кәсіпорынның қаржысы түсінігі және функциялары.
- •60. Кәсіпорынның қаржы қатынастарының қалыптасу нысандары.
- •61. Кәсіпорынның қаржы қызметін ұйымдастырудың негізгі қағидалары мен бағыттары.
- •62. Қаржы механизмі: құрамдас элементтері, құқықтық, нормативтік және ақпараттық қамтамасыз ету.
- •63. Кәсіпорынның қаржы ресурстары. Қаржылық жоспаралау.
- •64. Кәсіпорындағы қаржы ресурстарының қалыптасу көздері.
- •65. Банкроттықтың түсінігі және белгілері.
- •66. Банкроттық және дағдарыс кезінде кәсіпорынды қайта құру және басқару.
- •68. Табыс және пайда – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерін жиынтық көрсеткіші ретінде.
- •69. Қр салық кодексіне сай салықтық жылдық жиынтық табысты есептеуде анықталатын табыс түрлері.
- •70. Кәсіпорын пайдасының қалыптасуы және бөліну тәртібі.
- •71. Кәсіпорынның төлейтін салқытарыдың сипаттамасы.
- •72. Өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызы және оның түрлері.
- •73. Өндірістің жалпы тиімділігі және оның көрсеткіштер жүйесі
- •74. Өндіріс тиімділігінің жекелеген (дифференцияцияланған) көрсеткіштері.
- •75. Кәсіпорынның рентабельділік (табыстылық) көрсеткіші.
- •76. Өндіріс қызметінің тиімділік көрсеткіштері.
- •77. Қазақстан республикасының арнайы экономикалық аймақтарында кәсіпорындардың қызмет ету ерекшеліктері.
- •78. Қазақстан республикасының технопарктер: олардың түрлері және қызмет ету ерекшеліктері.
- •79. Қазақстан республикасының бизнес-инкубаторлар және оның қызметі.
- •80. Қазақстан республикасының индустриялық-инновациялық жүйесі, ерекшеліктері.
- •81. Қазақстан республикасының әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, олардың қызмет етуінің ерекшеліктері.
- •82. Қазақстан республикасының ұлттық холдингтік компаниялары, олардың қызмет ету ерекшеліктері.
79. Қазақстан республикасының бизнес-инкубаторлар және оның қызметі.
Бизнес-инкубаторлар шағын бизнес субьектілерінің қалыптасуы кезеңінде өңдірістік үй-жайлар, жабдық беру, ұйымдық, құқықтық, каржылық, консалтингтік және ақпараттық қызметтер көрсету жолымен оларды қолдау үшін құрылатын заңды тұлға.
Бизнес-инкубатордың атқаратын негізгі міндеттері:
- бизнес-инкубторға орналастыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу;
- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне білім беру, маркетингтік, консалтингтік және басқа да ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтер көрсету болып табылады.
Технологиялық бизнес-инкубаторлар - инновацияны құру, қорғау құжаттарын алуға өтінімдерді рәсімдеу және инновациялық жобаны дайындау үшін жеке және заңды тұлғаларға құқықтық, дайындық, ақпараттық және езге де қызмет ұсыну жөніндегі іс-шараны жүзеге асырушы заңды тұлға болып табылады.
Еліміздегі технологиялық бизнес-инкубаторлар мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыра алады:
1) шарт жағдайында инновациялар құруға қажетті материалдық-техникалық база ұсыну;
2) шарт жағдайында зияткерлік меншік объектілерін қорғау құжаттарын алуға өтінімдер ресімдеуге қажетгі жұмыстар мен қызметтер ұсыну;
3) инновациялық жобаның техникалық-экономикамен негіздемесін және инновациялық жобаны қаржылардыруға арналған құжаттарды әзірлеуге жәрдем көрсетуді қоса алғанда, шарт жағдайында инновациялық жобаны әзірлеу үшін қажетті жұмыстар мен қызметтер ұсыну;
4) инновациялық жобаларды іске асыру үшін инвестициялар тартуға жәрдем көрсету;
5) инновациялық қызметті жүзеге асырушы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін ұйымдастыруға жәрдем көрсету.
Инновациялық бизнесті дамыту тұрғысынан алғанда технологиялық бизнес-инкубаторлар мынадай функцияларды орындаулары тиіс:
l. Жана технологиялық компанияларды ұлғайту және оларды «Start -up» кезеңінде қолдау, өйткені инкубаторлар кәсіпорынды басқаруда тұрақты көмек көрсетіп болады, қаржыландыруға қол жеткізуге және кәсіпорынды бизнесті жоспарлау, бухгалтерлік тие заңгерлік мәселелерінде маркетингтің жоспарларын жасау кезіндегі көмекті қоса алғанда, қажетті қызмет пен технологиялық көмектің кешенін қамтамасыз етеді.
2. Компания иелерін инновациялық менеджмент негіздеріне оқыту.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 50-ден астам бизнес-инкубатор қызмет етуде. Алайда олардың көбі инновациялық сипаты жоқ, тек кәсіпкерлік ортаға икемді шағын кәсіпорындарды дайындаумен және оларға қызмет көрсетумен айналысуда, тек 2%-ы ғана технологиялық бизнеске көңіл бөледі.
Қазақстанда 2002 жылдың қараша айында Орталық Азия технологиялық парктер мен бизнес-инкубторлар жүйесі құрылған. Оның ұйымдастырушысы Шымкенттегі «СодБи» бизнес-инкубаторы б.т. Алдағы жылдары Қазакстанда технопарктердің қарамағынан 12 арнайы маманданған технологиялық бизнес-инкубаторлар және 8 оқу орталықтарын құру жоспарлануда. Болжам бойынша, алдағы уақытта технопарктер қарамағынан бизнес-инкубаторлардың құрылуы барлық Қазақстандық өнертапқыштың инновациялық ынтасын қамтып, жылына 300-ден астам жобаның дүниеге келуіне ықпалын тигізеді. Еліміздегі шағын және дара дара кәсіпкерлердің инновациялық сипаттағы өнімдерді шығаруына дәл осы технологиялық бизнес-инкубаторлар себепкер болып, ынталандырушы функциясын атқарулары тиіс.
Еліміздегі бизнес-инкубаторлардың көбісі Алматы, Ақтөбе, Қызылорда және Онтүстік Қазақстан облыстарында құрылғанын көрсетеді.
Қазақстандағы бизнес-инкубаторлардың тиімділігін көтеру максатында келесідей типтерін қалыптастырған жөн:
бос ғимараттарда минималды қызмет түрлерін керсететін. және төмендетілген жал төлеміне негізделген инкубаторлар;
ірі кәсіпорындар базасындағы инкубаторлар;
жалпы инкубаторлар қарамағындағы кәсіпорындардың тұрақты дамуына жағдай жасайтын арнайы орта калыптастыратын ірі ғылыми, білім орталықтары базасындағы иииинкубаторлар.
Қазақстандық бизнес-инкубаторлардың қызметінің шағын ғана тәжірибесі олардың бірқатар ерекшеліктері мен өзекті мәселелері бар екенін көрсетті, олар мыналар:
l. Көптеген бизнес-инкубаторлар халықаралық қорлар мен ұйымдар қолдауымен құрылған;
2. Бизнес-инкубаторларды құруға ынталы ішкі топтардың жеткіліксіздігі;
3. Университеттер мен басқа да жоғары оқу орындары базасындағы инкубаторлардың аз болуы;
4. Технологиялық бизнес-инкубаторларды бірден-бір орта - еліміздегі технопарктердің аздығы;
5. Бизнес-инкубаторлармен көрсетілетін кызметтердің шектеулі болуы;
6. Технологиялық бизнес-инкубаторлардың тиімді дамуына жағдай жасайтын инновациялық кәсіпкерлік ортасының болмауы;
7. Қаржыландырудың жеткіліксіздігі және т.б.
