Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-82_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.67 Кб
Скачать

73. Өндірістің жалпы тиімділігі және оның көрсеткіштер жүйесі

Өндіріс тиімділігін анықтау оның өлшемін, яғни мәнін ашып көрсететін бағалаудың басты белгісін анықтаудан басталады. Өндірістің экономикалық тиімділік өлшемінің мағынасы кәсіпорынның алдына қойылған даму мақсаттарына сәйкес алынатын нәтижелерді барынша көбейту немесе жұмсалған шығындарды мүмкіндігінше аз жұмсау қажеттілігінен шығады. Мұндай мақсаттар ретінде өмір сүруді және тұрақты өсуді қамтамасыз ету , құрылымдық қайта құру , әлеуметтік стратегия және т.с.с түрлері болуы мүмкін. Осы мақсаттардың алуан түрлігіне қарамастан ең жоғары экономикалық нәтижелерге жету, ұзақ мерзімді даму болашағын ескере отырып, пайданаң мол көлемін табуға ұмтылу мақсаттары үстем болып табылады.

Осыдан өндіріс тиімділігінің негізгі сандық өлшемі жұмсалған капиталға шаққандағы пайданың жылдық мөлшері болып табылады.

Е=П*100/К=( Ө-ӨҚ) * 100/К

Мұнда,Е- жұмсалған капталға шаққандағы пайда мөлшері

П- жылдық пайда, теңге;

К- пайда алуды қамтамассыз ететін күрделі қаржылар, теңге;

Ө- өнім өндірісінің жылдық көлемі, теңге;

ӨҚ- бір жылда шығарылған өнімнің толық өзіндік құны, теңге;

Пайда көлемінің есептеп тапқан сандық мәндері капиталдың құрылымына, бағалардың деңгейіне, сұраныс көлемінежәне басқа да факторларға байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Өндіріс тиімділігінің өлшемі ретінде жұмсалған капиталға шаққандағы пайданың көлемі кәсіпорынның дамуының әртүрлі нұсқаларын салыстыру үшін және нарықпен жалғыз ғана нұсқаны таңдау ұшін де қолданылады. Қабылданған өлшеммен шығындар және нәтижелердің негізгі сипаттамаларын көрсететін өндіріс тиімділігінің нақты көрсеткіштері анықталады.

Өндірістің экономикалық тиімділігін анықтау үшін әртүрлі құндық көрсеткіштер қолданылады. Олардың жиынтығы шығындар шамасымен қатар мүмкін болатын нәтижені көрсетеді.

Ақырында экономиканың тиімділігін еңбек өнімділігінің өсу арқасында көруге болады. Демек, еңбек өнімділігінің деңгейі өндірістің экономикалық тиімділігінің өлшемі б.т. Еңбек өнімділігі жоғары болған сайын өндіріс шығындары төмен, ал еңбек шығындарының экономикалық тиімділігі жоғары болады.

Еңбек өнімділігі – нақты еңбек шығындарының көрсеткіші. Ол өндірілген өнім көлемін өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың бір жұмыскеріне (бір жұмысшыға емес) бөлу арқылы анықталады. Экономикалық тиімділікті күндік немес айлық еңбек өнімділігі емес, сағаттық еңбек өнімділігі арқылы сипаттаған дұрыс, себебі еңбек уақытының пайдаланылуына себептердің әсері әртүрлі болғандықтан, бұл уақытта оны дәлірек анықтауға мүмкіндік туады. Өнімді бағалаған кезде пайда болатын еңбек өнімділік деңгейінің қателіктерін болдырмау үшін өнімді табиғи немесе шартты-еңбектік көрсеткішетрімен өлшеген дұрыс.

Өнімнің еңбек сыйымдылығы – нақты еңбек өнімділігінің көрсеткішіне кері шама, ол материалдық өндіріс саласында шығындалған еңбек шығынының өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы арқылы анықталады:

ЕС = Е/Ө,

Мұнда: ЕС – өнімнің еңбек сыйымдылығы;

Е – материалдық өндіріс саласында шығындалған еңбектің шамасы;

Ө – өндірілген өнімнің жалпы көлемі (әдетте жалпы өнімнің).

Қоғамдық өнімнің материал сыйымдылығы шикізат, материал, отын, энергияның және басқа да еңбек құралдары шығындарының жалпы қоғамдық өнімге қатынасымен анықталады. Сала өнімінің материал сыйымдылығы материалдық шығындардың өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасымен анықталады:

МС = М/Ө,

мұнда: МС өнімнің материал сыйымдылығының деңгейі;

М - өнім өндірісіне кеткен материалдық шығындардың жалпы ақшалай түріндегі көлемі;

Ө - өндірілген өнімнің (өдетте, жалпы өнімнің) жалпы көлемі.

Өнімнің капитал сыйымдылығы мен қор сыйымлылығының көрсеткіштері де белгілі деңгейде өзара жақын болып келеді. Өнімнің капитал сыйымдылығы көрсеткіші күрделі салымдар шамасының шығарылатын өнім көлемінің өсіміне қатынасын көрсетеді:

КС = К/∆Ө,

мұнда: КС - өнімнің капитал сыйымдылығы;

К - күрделі салымцардың жалпы көлемі;

∆Ө - шығарылатын өнім көлемінің өсімі.

Капитал сыйымдылығын күрделі салымдар шамасының өндірілген ұлттық табыс өсіміне қатынасы бойынша да есептеуге болады.

Өнімнің қор сыйымдылығы ұлттық экономиканың негізгі өндірістік қорларының орташа құнының өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы ретінде анықталады:

ҚС=НҚ/Ө,

мұнда: ҚС - өнімнің қор сыйымдылығы;

НҚ - ұлттық шаруашылығының негізгі өндірістік қорларының орташа күны;

Ө - өндірілген өнімнің (әдетге жалпы өнімнің) жалпы көлемі.

Қор сыйымдылығын, капитал сыйымдылығы сияқты, өндірілген ұлттық табыс өсіміне қатынасы бойынша да есептеуге болады.

Ұлттық шаруашылығында, оның жеке салаларында, атап айтқанда өнеркәсіпте, қор қайтарымдылығы көрсеткішіне кері болып табылатын қор қайтарымының көрсеткішін кеңінен қолданады. Қор қайтарымы өндірілген өнім көлемінің негізгі өндірістік қорлардың орташа құнына қатынасы ретінде анықталады.

Салыстырмалы экономикалық тиімділіктің негізгі көрсеткіштеріне жататындар: меншікті күрделі салымдар; өнімнің өзіндік құны; еңбек өнімділігі; косымша күрделі салымдардың өтелу мерзімі (немесе тиімділік коэффициенті).

Меншікті күрделі салымдар пайдаланып жатқан өндірістік қуат бірлігіне, табиғи немесе құндық көріністегі дайын өнім өсімінің бірлігіне есептелген күрделі салымдар шамасын сипатгайды. Келтірілген меншікті күрделі салымдар өндіріс түрлеріне оңтайлы болып табылатын күрделі салымдар, өндірістік қуаттар немесе өнім шығарудың жылдық көлемдеріне байланысты анықтайтын нормативтерімен салыстырылады.

Қосымша күрделі салымдар салыстырылып жатқан нұсқалар бойынша күрделі салымдардың айырымы ретінде анықталады.

Күрделі салымдар көлемін есептеу кезінде құрылыс, құрал-жабдықтар, механикаландыру және автоматтандыру құралдарының құны нысандарға сәйкес келісім бағалары бойынша анықталады.

Өнімнің өзіндік құны, осы өнім өндірісіне кеткен шығындар өндірілетін өнімнің, демек өндірістің тиімділігін сипаттайтын жеткілікті толық көрсеткіші деп санауға болады. Өзіндік құн өз құрамында өнімді дайындау үдерісінде жүмсалатын шығындардың барлығын (материалдарға, амортизацияға, еңбекақыға кететін шығындар) шоғырландырады, оны осы өнімнің тиімділігін бағалау көрсеткіші ретінде пайдалануға мүмкіндік береді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]