- •Кәсіпорын ұғымы, мақсаты және түрлері.
- •2. Өндірістік кәсіпорындардың негізгі белгілері.
- •3. Кәсіпорынның басты міндеттері және функциялары.
- •4. Кәсіпорындардың қызмет етуінің ерекшелік белгілері.
- •5. Кәсіпорынның сыртқы ортасы:оның қызметіне ықпал ететін жағдайлар және факторлар.
- •6. Кәсіпорынның кәсіпкерлік міндеттері және құқықтары.
- •7. Негізгі және қосымша белгілері бойынша кәсіпорындардың жіктелуі.
- •9. Кәсіпорындардың бірлестіктері.
- •10. Кәсіпкерлік субьектілері, дара кәсіпкерлік.
- •11. Кәсіпкерлік нысандары және түрлері.
- •12. Кәсіпорынның негізгі капиталының экономикалық мәні олардың құрамы және құрылымы.
- •13. Негізгі қорлар тозуы, негізгі түрлері. Негізгі капиталды амортизациялаудың маңызы.
- •14. Амортизацияны есептеу әдістері: біркелкі, өндірістік, жеделдетілген, қалдық құнын азайту.
- •15. Айналым капиталы: оның маңызы, құрамы және құрылымы.
- •16. Айналым капиталының қаржыландыру көздері.
- •17. Айналым құралдарының айналымы.
- •18. Айналым құралдарының айналымдылығын және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер.
- •19. Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі.
- •20. Кәсіпорынның энергетикалық ресурстарын пайдалану.
- •21. Кәсіпорын персоналы: түсінігі және сипаттамасы.
- •22. Персоналдың сандык, сапалык сипаттамаларының көрсеткіштері. Персоналдық құрылымдық сипаттамасы.
- •23. Персоналдың жылжуын сипаттайтын көрсеткіштер.
- •24. Кәсіпорынның еңбек ресурстарына қажеттілігін анықтау.
- •25. Касіпорынның кадрлық жұмысының ерекшеліктері.
- •26.Кәсіпорынның қызметін тиімді атқару үшін ұЙымдастырушылық тәртіптің мәні және маңызы.
- •27. Еңбек ресурстарын пайдалану көрсеткіші – еңбек өнімділігі.
- •28. Еңбек уәждемесінің мәні мен формалары.
- •29. Еңбекке ақы төлеудің экономикалық мәні мен қағидалары.
- •30. Кәсіпорындағы еңбекақы түрлері және оны төлеуді ұйымдастыру.
- •31. Инвестицияның экономикалық мәні.
- •1. Нысан бойынша инвестициялау:
- •2. Ұзактығы бойынша инвестициялау:
- •3. Нақты секторда ұдайы даму түрлері бойынша:
- •4. Соңғы нәтижелерге байланысты:
- •5. Меншік түрлері бойьшша:
- •6. Қаржыландыру көздері бойынша:
- •7. Жобаны әзірлеу мен іске асырудағы үлесі және инвестициялық жобаға қатысушылардың құрамы бойынша:
- •32.Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеті.
- •34. Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің стратегиясы.
- •36. Қазақстан республикасын үдемелі индустриялық-инновацинлық дамьпу жөніндегі саясаты.
- •37. Инновацияның маңызы және жіктелуі.
- •38. Кәсіпорынның инновациялық қызметі: маңызы және міндеттері. Жаңашылдықты басқару.
- •39. Шығындардың экономикалық маңызы, түрлері және құрамы.
- •40. Кәсіпорын шығындарының жіктелуі.
- •41. Экономикалық элементтері мен калькуляция баптары бойынша шығындардың жіктелуі.
- •42. Калькуляциялау, оның түсінігі және қағидалары.
- •43. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері.
- •44. Кәсіпорынның маркетингтің қызметінің ерекшеліктері.
- •45. Стратегиялық жоспарлау және маркетингтік тәсіл.
- •46. Маркетинг стратегиясын таңдау және жүзеге асыру.
- •47. Жоспарлау түрлері.
- •48. Кәсіпорын жоспарларының құрылымы. Өндіріс ішіндегі жоспарлау.
- •49.Өнімнің бәсекеге қаблеттілігі:түсінігі,оның деңгейін көтеру қажеттілігі.
- •50.Өнім сапасы:түсінігі, көрсеткіші, және оның денгейін көтеру жолдары.
- •51. Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі.
- •52. Сапаны басқарудағы жаңа стратегия.
- •53. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін өсірудегі бағаның рөлі.
- •54.Экономикалық категория ретіндегі бағаның маңызы мен функиялары.
- •55. Баға жүйесі және оның жіктелуі.Баға деңгейіне әсер ететін факторлар.
- •56. Кәсіпорынның баға саясаты және баға белгілеу әдістері.
- •4. Баға жасау әдістері.
- •57. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің мәні.
- •58.Кәсіпорынныың бәсекеқабілеттілігіне ықпал еттетін факторлар.
- •59.Кәсіпорынның қаржысы түсінігі және функциялары.
- •60. Кәсіпорынның қаржы қатынастарының қалыптасу нысандары.
- •61. Кәсіпорынның қаржы қызметін ұйымдастырудың негізгі қағидалары мен бағыттары.
- •62. Қаржы механизмі: құрамдас элементтері, құқықтық, нормативтік және ақпараттық қамтамасыз ету.
- •63. Кәсіпорынның қаржы ресурстары. Қаржылық жоспаралау.
- •64. Кәсіпорындағы қаржы ресурстарының қалыптасу көздері.
- •65. Банкроттықтың түсінігі және белгілері.
- •66. Банкроттық және дағдарыс кезінде кәсіпорынды қайта құру және басқару.
- •68. Табыс және пайда – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерін жиынтық көрсеткіші ретінде.
- •69. Қр салық кодексіне сай салықтық жылдық жиынтық табысты есептеуде анықталатын табыс түрлері.
- •70. Кәсіпорын пайдасының қалыптасуы және бөліну тәртібі.
- •71. Кәсіпорынның төлейтін салқытарыдың сипаттамасы.
- •72. Өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызы және оның түрлері.
- •73. Өндірістің жалпы тиімділігі және оның көрсеткіштер жүйесі
- •74. Өндіріс тиімділігінің жекелеген (дифференцияцияланған) көрсеткіштері.
- •75. Кәсіпорынның рентабельділік (табыстылық) көрсеткіші.
- •76. Өндіріс қызметінің тиімділік көрсеткіштері.
- •77. Қазақстан республикасының арнайы экономикалық аймақтарында кәсіпорындардың қызмет ету ерекшеліктері.
- •78. Қазақстан республикасының технопарктер: олардың түрлері және қызмет ету ерекшеліктері.
- •79. Қазақстан республикасының бизнес-инкубаторлар және оның қызметі.
- •80. Қазақстан республикасының индустриялық-инновациялық жүйесі, ерекшеліктері.
- •81. Қазақстан республикасының әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, олардың қызмет етуінің ерекшеліктері.
- •82. Қазақстан республикасының ұлттық холдингтік компаниялары, олардың қызмет ету ерекшеліктері.
9. Кәсіпорындардың бірлестіктері.
ҚР Азаматтық Кодексі коммерциялық ұйымдардың ассоциация және одақ түрінде бірлесуіне құқық береді. Мұндай бірлестіктер ерікті негізде құрылады, бұл байланыс уақытша немесе тұрақты сипатта да болуы мүмкін. Бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болады, заңды тұлға мәртебесіне ие болады. Бірлестіктер мүшесі өзінің дербестігін және заңды тұлға мәртебесін сақтап қалады. Бірлестікке қатысушылар бірлестіктің міндеттемелері бойынша біріккен жауапкершілікте болады. Ал бірлестіктен ерікті түрде шыққанда немесе оның құрамынан шығарғанда белгіленген тәртіп бойынша шыққаннан кейін 2 жыл бойы жауапкершілікте болады. Бірлестіктің мақсаты бірлескен іс әрекетті үйлестіру жолымен оның қызмет етуіне қолайлы жағдайды қамтамасыз ету және ғылыми-техникалық міндеттерді өнімнің жаңа түрін күрделі әлеуметтік мәселелерлі шешуі мүмкін.
10. Кәсіпкерлік субьектілері, дара кәсіпкерлік.
ҚР-да шағын және орташа кәсіпкерлік субьектілеріне келесілер жатады:
1. Шағын кәсіпкерлік субьектісіне: жұмыскерлері 50 адамнан аспайтын,заңды тұлғаны құрамайтын жеке кәсіпкерлер мен жұмыскерлердің орташа саны 50 адамнан аспайтын, активтерінің орташа құны қаржылық жылға бюджетпен бекітілген 60 мың айлық есепетік крсеткіштен жоғары емес.
2. Орташа кәчсіпкерлік субьектісіне жұмыскерлері 50 адамнан асатын,бірақта заңды тұлғаны құрамайтын жеке кәсіпкерлер мен жұмысшылардың орташа саны 50 адамнан асатын, бірақта 200 адамнан кем болатын немесе қаржылық жылда бюджетпен бекітілген 325 мың айлық есептік көрсеткіштен жоғары емес активтердің орташа құны бар және жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар. 2012жылға айлық есептеу көрсеткіші 1648теңге деңгейінде бекітілген.
Дара кәсіпкерлік-жеке тұлғалардың кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі.
11. Кәсіпкерлік нысандары және түрлері.
Кәсіпкерлік нысандары және түрлері. Кез келген экономикалық іс-әрекет ұдайы өндіріс кезеңімен байланысты болады. Сондықтан кәсіпкерлік: өндірістік, коммерциялық, қаржылық болып бөлінеді. Өндірістік кәіпкерлікке тұтынушыларға өткізілетін тауар өндіретін,жұмысты орындауға,қызмет көрсетуге,ақпарат беруге бағытталған іс-әрекеттер жатады. Коммерциялық кәсіпкерлік тауар-ақша және тауар айырбастау операцияларымен айналысады.
Қаржылық кәсіпкерліктің нысаны құнды қағаздар,валюта,ақша сату сатып алу болып табылады.Қаржылық кәсіпкерліктің негізгі қатысушылары болып банктер, кәсіпорындар, ұйымдар, қаржы биржалары және кәсіпкерлер саналады.
12. Кәсіпорынның негізгі капиталының экономикалық мәні олардың құрамы және құрылымы.
Негізгі капитал деп – материалдық өндіріс саласында сонымен қатар өндірістік емес салада ұзақ уақыт бойы,яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын өзінің бастапқы түрін, көлемңн сақтай отырып,құны шығарылған өнімге,орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке байлансыты есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп аустырып отыратынеңбек құралдарын айтады. Негізі капиталға жататындар:жылжымайтын мүлік(жер телімдері,ғимараттар,көп жылдық екпе ағаштары және басқа да жермен тығыз байланысты және олардың міндетіне залал келтірмейтін нысандары),машина мен құрал жабдықтар, өлшеуіш машиналар, техникалар, аулау құралы,жұмыскер және өнім беретін мал басы,арнайы саймандар.
Көлеміне немесе бағасына қарамастан,пайдалану мерзімі жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі капиталдың қатарына жатпайды.Сонымен қатар негізгі капиталдың құрамына:кәсіпорынның қоймаларындағы дайын өнімдер болып саналатын құрал жабдықтар мен машиналар жатпайды. Кәсіпорында негізгі капиталдың есебі қаржылық есеп берудің ұлттық стандарты және қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарттар негізгі капиталдың еебін жүргізудің бір субьектіге жататын меншік құқығын және шаруашылық басқару жүйесін анықтайды. Мақсатына қарай материалдық активтер есепте негізігі капитал,қорлар және қаржылық инвестиция ретінде көрінеді. Негізгі капиталға негізгі қор,жұмсалып бітпеген ұзақ мерзімді инвестициялар, материалдық емес активтер және жаңа ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары кіреді. Негізігі қорлардың белсенді бөлігінің өсуін еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін көтерудің басты резерві болып табылады. Негізігі қорлар құрылымы кәсіпорынның географиялық орналасуына да байланысты. Ауа райы суық болған жағдайда ғимарат құрылысына капитал салымы көбірек қажет етіледі. Кәсіпорын шаруашылық жағынан әлі игерілмеген аймақта орналасса,инфрақұрылым тұрғызу шығындары арта түседі. Елдің оңтүстікжәне солтүстігіндегі негізгі қорлар құрылымы арасындағы айырмашылық осы жағдаймен түсіндіріледі. Кәсіпорынның көлемі негізгі қорлар құрылымына ықпал ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Шағын кәсіпорындармен салыстырғанда,ірі кәсіпорындарда машиналар мен құрал жабдықтардың үлес салмағы жоғары,ал ғимараттар мен құрал жабыдқтардың үлес салмағы төмен болады. Негізгі қорлардың өндірістік құрылымы өнімнің қор сыйымдылығына жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысқа да үлкен әсерін тигізеді. Өндірістік үдеріске қатысу сипатына қарай қорлар:өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Өндірістің негізгі капиталына өндіріс үдерісне тікелей қатысатын нысандар жатады. Олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде,еңбек құралдарына әсер ету жүзеге асады. Өндірістік емес негізгі капиталдың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі капитал жатады. Оларға тұрмыстық үй шаруашылығында,денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі капитал жатады. Иелігіне қарай негізгі капитал: меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып бөлінеді.
Меншіктік капитал – субьектіге тиесілі және оның теңгеріммінде көрініс табатын негізгі капитал. Өндірістік шаруашылық қызметтегі пайдалану барысына қарай негізгі қорлар:жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп 3 ке бөлінеді. Жұмыс істейтіндерге:қолданстағы негізгі капитал жатады. Жұмыс істемейтін негізгі капиатлдың қатарына тоқталып қойылған белгілі бір себептермен әзірге артық жабдықтар жатады. Сақтауда тұрған негізгі капиатлдың құрамына келешекте,яғни алдыңғы уақытта тозуына немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі капиатлдың орнын толтыруға арналған құрал жабдықтар. Заттық құрамына қарай: мүлікітік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар) жатады. Мүліктік еместерге: пайдаланатын жер, орман алқабы, су ресурстары сияқты күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар жатады.
