Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-82_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.67 Кб
Скачать

72. Өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызы және оның түрлері.

Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарын дұрыс анықтау үшін тиімділіктің өлшемі мен көрсеткіштерін тұжырымдап алу қажет. «Өндірістің экономикалық тиімділігі» ұғымына әлеуметтік тиімділік те кіреді ( қол еңбегі үлесінің төмендеуі, еңбек жағдайларын жақсарту және т.с.с)

Анықталған көлемі мен сапасы бар белгілі бір өнімді белгіленген мерзімде шығару кез-келген өнеркәсіп кәсіпорынның іс-әрекетінің мақсаты болып табылады. Бірақ өндіріс көлемдерін анықтағанда бұл өнімнің ұлттық шаруашылығы мен жеке бастың қажеттілігімен қатар оның тиімділік деңгейінің неғұрлым жоғары болғанын қамтамассыз ету қажет. Сондықтан өнеркәсіп кәсіпорны жұмысының сапасын, ең алдымен, өндірілген өнімнің экономикалық тиімділігін анықтау арқылы бағалаған дұрыс.

Қазіргі кезде кәсіпорында, әсіресе өнеркәсіптік кәсіпорындар, әртүрлі себептерге байланысты курделі жағдайда тұр. Олардың ішінен төмендегілерді бөліп көрсетуге болады;

- Инфляция мәселелері;

- Ресурстардың болашақтағы бағаларының белгісіздігі;

- Төлеу қабілеті бар сұраныстың аздығы;

- Инвестициялық саясатты қалыптастыру тәжірибесінің нашарлығы;

- Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеудің әдістемелік мәселелерінің жеткіліксіз зерттелмегендігі;

- Қаржыландыру көздерін іздестірудің күрделілігі;

Экономикалық теория тиімділік санатын өндіріс үдерісін, өндіріс жүйесін немесе шаруашылықты жүргізудің нақты түрінің нәтижелілігі ретінде көрсетеді. Жалпы түрде өндірістің экономикалық тиімділігі екі шаманың – шаруашылық іс-әрекет нәтижелері мен жұмсалған шығындардың сандық өзара қатынасын білдіреді. Тарихи тұрғыдан қарағанда өндірістің барлық тәсілдерінде меншік нысанының айырмашылығына қарамастан өндірушіні шығындар мен өз іс-әрекетінің нәтижелері арасындағы қатынас қызықтырады.Өндіріс тиімділігін арттыру мәселесінің мәні: барлық ресурстарды пайдалану үдерісіндегі экономикалық нәижелерді шығындардың әрбір бірлігіне шаққандағы шамасын арттыруды қамтамасыз ету.

Экономикалық тиімділікті арттыру – экономиканың басты мәселелерінің бірі. Көп түрлі экономикалық және әлеуметтік міндеттерді табысты шешу үшін бүкіл қоғамдық өндірістің тиімділігін шұғыл арттырудың басқа жолы жоқ.

Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәні - қоғамның мүдделеріне сай ең аз мүмкін болатын шығындармен барынша жоғары нәтижелерге жету ретінде түсіндіреді. Сондықтан өндірістің экономикалық тиімділігін анықтау өндірістің нәтижесін, осы нәтижені қамтамассыз ететін нақты және алдағы уақыттағы еңбектің тұтас шығындарымен салыстыруға негізделуі қажет.

Өндіріс тиімділігі мәселесінің ерекше маңыздылығы; нақты өндірістің барлық құралдары мен элементтерінің тиімділік деңгейі мен көлемдерін дұрыс есепке алу және талдау арқылы қажеттіліктің көлемін алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. Өндіріс тиімділігі әрқашан нәтиженің , оны алу үшін жұмсалған шығындарға қатынасын білдіреді. Бұл тиімділікті анықтау сандық талдау және өлшеу әдістерін қолдануды талап ететіндігін көрсетеді, ал ол үшін экономикалық тиімділік өлшемі белгілі болуға тиісті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]