Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-82_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.67 Кб
Скачать

70. Кәсіпорын пайдасының қалыптасуы және бөліну тәртібі.

Өткізуден түсетін табыс – өткізілген тауарлардың жұмыстардың,көрсетілген қызметтердің құны өткізуден түсетін табыс болып табылады. Өткізілген тауарлардың, жұмыстарыдң, көрсетілген қызметтердің құнына қосылған құн салығының және акциздің сомасы еңгізілмейді. Қызметтер көрсетуден түсетін табысқа:несие операциялары бойынша табыстар, мүлікті қаржы лизингіне беру бойынша сыиақылар түріндегі табыс, роялти, мүлікті жалға беруден түсетін табыс.

Құн өсімінен түсетін табыс: ҚР-ң заңнамалық актілеріне сәйкес мемлкет мұқтаждығы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтерді өткізу, амортизацияға жатпайтын активтерді жарғылық капиталға салым ретінде беру, бірігу, қосылу, бөліну, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде амортизацияға жатпайтын активтердің шығып қалуы кезінде құралады. Амортизацияға жатпайтын активтер: жер телімдерін, аяқталмаған құрылыс нысандары, орнатылмаған құрал-жабдық, мерзімі 1 жылдан асып кеткен активтер құнды қағаздар қатысу үлесі. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс:салық төлеушінің міндеттемелерін, оның кредиторын есептен шығарылуы, салық төлеуші таратыған кезде,тарату теңгерімі бекітілген кезде кридитор талап етпеген міндеттемелер. Құрылған резервтердің мөлшерін азайтудан түсетін табыс: борышкер талапты орындаған кезде бұрын орындау сомасына сай мөлшерде шегерімдерге жатқызылған резервтер сомасы, талаптарды қайта жіктеген кезде қайта жіктелген талаптың сомасына сай мөлшерде бұрын шегерімге жатқызылған резервтерді азайту сомасы танылады. Дивиденттер акциялар бойынша төленуге тиісті табыс, заңды тұлға өз қатысушылары құрылтайшылар арасында бөлетін таза пайданың бір бөлігі, заңды тұлғаны тарату кезінде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғаға қатысу үлесін алып қойған кезде,құрылтайшының,қатысушының жарғылық капиталға салым ретінде енгізген мүлкін қоспағанда,мүслікті бөлуден түсетін табыстар. Ұтыстар-конкурстарда, жарыстарда, фестивальдарда, лотореялар бойынша салымдар мен борыштық құнда қағаздар бойынша ойындарды қоқанда, ұтыс ойындары бойынша салық төлеушілер олардың заттай және ақшалай түріндегі табыстарыдың кез-келген түрі.

71. Кәсіпорынның төлейтін салқытарыдың сипаттамасы.

Қазақстан үшін өз алдына ерекше жаңалық болған салық жүйесі 1992ж. қиын саясаттық,экономикалық және құрылымдық өзгерістер жағадйында пайдалана басталды. Бұл уақытта салық заңнамасына ұлттық экономикада болып жатқан үдерістерге көптеген әртүрлі өзгерістер еңгізіледі. Дамыған елдерді және Қазақстанда салықтың негізгі түрлері келесілер болып саналады:жеке табыс салығы-шетел және ұлттық экономикасының тарихи даму кезінде алынатын ең дәстүрлі салықтардың бірі болып саналады. Корпоративтік табыс салығы-жеке тұлғаларға салынатын жеке табыс салығымен қатар көптеген елдерде тікелей салық салу жүйесінің маңызды құралы болып саналады. ҚҚС-тұтынуға салынатын салық болып саналады. Салық мөлшерлемесі әдетте 14-20 пайыз шегінде болады. Қазақстанда ҚҚС 12 пайыз деңгейінде қолданылып отыр. Жекелеген өнімді тұтынкға акциз бен салық төлеу нарықтық экономикасы дамыған елдерде кеңінен таралған. Акциздер белгілі бір тауарлар, жұмыстар және көрсетілген қызметтер тізіміне белгіленген. Акциздердің көбісі әлеуметтік зиян тауарлары мен сән-салтанатты бұйымдары үшін жиі қолданылады. Кедендік баж алымдары-нарықтық экономикасы дамыған көптеген елдердің салық жүйесінде қолданылады. Олар бюджеттің жиынтық табысының азғантай бөлігін құрайды. ҚР-ң салық жүйесі келесі талаптарға сай болуы керек:салықтарды жинау тетігін ретке келтіру; өндіріс факторларын емес ақырғы өнімге жеңілдік беру;жергілікті және жалпы мемлекеттік салқытарыдың субординациясы; барлық салық төлеушілердің заң алдындағы теңдігі салықтық саясаттың біркелкілігі; салық төлеушінің ақпаратқа деген заңды құқығы;салық жүйесінің қарапайымдылығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]