Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-82_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.67 Кб
Скачать

68. Табыс және пайда – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерін жиынтық көрсеткіші ретінде.

Кәсіпорын табысы екі құрамнан: бағадан және шығындардан тұрады. Баға – сұраныс пен ұсыныстың қарым-қатынасынатәуелді. Шығындар пайдаланып жатқан еңбек материалды ресурстарға техниканың деңгейіне өндірісті және еңбекті техникалық жағынан ұйымдастырумен байланысты. Қаржылық нәтижені анықтау үшін тауарды сатқаннан түскен табысты өндіріске және сатуға кеткен шығындармен салыстыру қажет, егер табыс кеткен шығыедардан көп болса, онда қаржылық нәтижесі пайда алынғанын көрсетеді. Егер табыс пен шығындар тең болса, онда пайданың болмағаны. Пайда қаржылық нәтиженің оң шамасын білдіреді. Пайданы алуға ұмтылу тауар өндірушілерді өндірістің көлемін көбейтуге,шығындарды азайтуға итермелейді. Пайда – таза табыстың негізгі түрі болып табылады. Пайданың шамасының өзгеруіне әсер ететін факторлар:ішкі ортадағы факторларға шаруашылықты жүргізу деңгейі,менеджерлердің біліктілігі, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, еңбекақының деңгейі, өткізілген өнім бағасының деңгейі, өндірісті және еңбекті ұйымдастыру жатады. Сыртқы факторларға пайдалануға қажетті ресурстар бағасының деңгейі, бәсекелік орта, нарыққа ену кедергілері, салық жүйесі, мемлекеттік басқару органдары,саяси –әлеуметтік, мәдени, діни мәселелер жатады. Пайданың өсуі өзін-өзі қамтамасыз етудің, ұлғаймалы өндірістің, еңбек ұжымының әлеуметтік және материалдық мәселелерін шешудің негізгі көзі болып табылады. Пайда арқылы кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа ұйымдар алдындағы міндеттемесі орындалады. Қазіргі жағдайда пайданы көбейтудің бірден бір көзі инновациялық іс-әрекет болып табылады. Бұл көзді іске асыру үшін өнімнің, жұмыстың және қызметтің тұтыну қасиетін тұрақты дамытып отыру керек.

69. Қр салық кодексіне сай салықтық жылдық жиынтық табысты есептеуде анықталатын табыс түрлері.

Жыл бойы негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды және ол ҚР-ң салық кодексіне сәйкес есептелінеді. Табыс-қорлар сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздардан, дивиденттерден алынуы мүмкін. Табыс – дайын өнімдерді сатылған тауарлардан және көрсетілген қызметтерден алынады. Олардың сатып алу құны тараптар аясында жасалған келісім-шарттарда анықталады. Сатып алушыларыдң алған активтері үшін төленген сомасын сату құны деп атайды. Таруарды сатқаннан кейін түскен табыс келесі жағдайды сақтаған кезде ғана табыс деп саналады: табыс сомасын жоғары деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарап та мәмілеге қатысқан кезде сатушы қандай соманы сұрап отырғанын және қандай соманы сатып алушы төлейтіндігін білген жағдайда; мәміле мен байланысты экономикалық олжаны және субьектінің алу ықтималдығы болғанда.

Көрсеткен қызметтен және орындаған жұмыстан алынған табыстар мына жағдайларды қоспағанда,тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде танылады:есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезеңі жоғары деңгейдегі дәлдікпен анықталса; мәмілені жүргізу кезінде жұмсалған шығындары да, мәмілені аяқтау үшін қажет шығындарды жоғары деңгейдегі дәлдікпен бағаланса.

Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері: өткізуден түсетін табыс,құн өсімінен түсетін табыс,туынды қаржы құралдары бойынша табыс, міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс,күмәнді міндеттемелер бойынша табыс, банктердің және лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құрылған резервтері мен мөлшерін азайтудан түсетін табыс, сақтандыру, қайта сақтандыру шаттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары құрған сақтандыру резервтерін азайтудан түсетін табыс,талап ету құқығын басқаға беруден түскен табыс,кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім бергені үшін лаған табыс, тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс,жер қойнауын пайдаланушылардың шығыстарын түзетуден түсетін табыс, бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс, бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша өтемақылар, өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс, дивидентетр,депозит, борыштық бағалы қағаз, вексель бойынша сияқылар, ислам жалдау сертификаты, ұтыстар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]