Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-82_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.67 Кб
Скачать

63. Кәсіпорынның қаржы ресурстары. Қаржылық жоспаралау.

Кәсіпорынның қаржы ресурсы – қаржылық міндеттемелерді орындауға және қайта жаңғыртуды қамтамасыз етуге арналған ақша қаражатырының табыстары және амортизациялары сыртқы табыстар мен төлемдер шығу тегіне қарай қаржы ресурстары ішкі және сыртқы қаражаттар болып бөлінеді. Ішкі қаржы ресурстары таза пайда,кәсіпорынның жалпы түскен табыс сомасынан шығындар мен міндетті төлемдерді (салықтар, алымдар, айыппұлдар, өсімдер, пайыздар және тағы басқа міндетті төлемдер) алып тастағанда қалатын табысын білдіреді. Таза пайда кәсіпорынның қарамағында болады және бсқарушылардың шешімімен жұмсалады. Амортизация кәсіпорынның негізгі және басқа да қорларының тозуының ақшалай көрінісі. Амортизация кәсіпорынның ішкі қаржы ресурстар құрамына мынадай 2 себепке байланысты кіреді:

1.Есептеліп жатқан амортизация кәсіпорынның қаражат құрамынан алынып тасталынады.

2.Амортизациялық төлем аударылып отырған құрал жабдықтар немесе өзге де қызмет ету мерзімі ішінде жинақталған амортизациялық аударымдар негізігі капитал істен шыққанға дейін уақытша бом ақшалай қаражат болып табылады. Сыртқы қаржы ресурстары да 2 топқа бөлінеді-тартылған және несиеге алынған. Кәсіпкерлік капитал салымының нәтижесінде, тартылған меншікіт қаражаттар және неиселік капитал пайда болады. Кәсіпкерлік капитал – пайда алу және кәсіаорынды басқару құқығын иемдену мақсатымен салынған капитал. Несиелік капитал-өсім түрінде ақы төлеп, қайтару талабымен несиеге берілетін ақша капиталы. Оның кәсіпкерлік капиталдан ерекшелігі несие капиталы кәсіпорынды дамыту үшін салым ретінде қаралмайды, ол пайыздық пайда табу мақсатында, уақытша пайдалануға беріледі.

Тартылған қаржы ресурстары кәсіпорын құрылған сәтінде жинақталып, бүкіл қызмет ету барысында кәсіпорынның қарамағында болатын қаржы ресурстарының негізгі бір бөлігі. Несиелік қаржы ресурстары көбінесе мына түрлерде кездеседі. Банктік несие мен басқа да несиелер; кәсіпорын облигацияларын шығару және сату; банктік емес субьектілермен алынған қарыздар. Қаржы стратегиясы –кәсіпорынның жалпы стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылады. Қаржылық стратегия теориясы іс жүргізуді нарықтық заңдылықтарын зерттейді,кәсіпорынның жаңа ортада тіршілік ету,даму үлгісін жасайды. Қаржылық стратегияға мыналар кіреді:қаржылық жағдайды талдау,кәсіпорын мүлкін оңтайландыру, табысты бөлу, қолма-қол және қолма қолсыз ақша есеп айрысуды ұйымдастыру салық және бағаны ұстану саясаты, құнды қағаздар саясаты.Қаржының басты стратегиялық қызметі кәсіпорынды оның мақсатын орындауға қажетті әрі жеткілікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету.

64. Кәсіпорындағы қаржы ресурстарының қалыптасу көздері.

Несиелік қарыз. Қаржы ресурстарын тарту түрлері ішінде несиелік қарыз ерекше орын алады.Оның негізгі түрлері:вексельдік айналымды белсендету, алдын – ала қаржыландыру, банктің қатысуынсыз ашық есеп шотты пайдалану есебінен қаржыландыру, қолма қолсыз есеп айырысуды пайдалану,нормативтік мәндерден жоғары болатын тұрақты пассивтер қатарын кеңейту. Есептелген төлемдер – әлі өтелмеген қысқа мерзімді несиелік қарыз, есептелген төлем, әлі төленбеген еңбекақы, салықтар, пайыздар мен дивиденттер қарыздары. Есептелген төлем - тегін қаржыландыру көзі болағандықтан, қаржыландырудың бұл тәсілінің тартымдылығы арта түседі. Коммерциялық несие,яғни кәсіпорынның матерниалдық жабдықтаушыларға арызы,ол да қысқа мерзімді несие болып табылады. Коммерциялық несие берудің 3 түрі бар: ашық есеп шоттар, вексельдер, банктік акцептер. Сатып алушылар қайталанып отыратын сатылымдар ішікі нарықта әрдайым ашық есеп шот бойынша жүзеге асырылады. Егер тапсырыс ауқымды болса және дереу төлегені үшін үлкен жеңілдіктер қарастырылмаған жағдайда, сатушы сатып алушыға қарапайым вексел толтыруды ұсынуы мүмкін. Сатушы үшін толтырған вексель сатып алушының қарызы бар екенін растайтын құжат. Вексель белгілі бір мерзімге дейін төленуі тиіс. Қаржыландырудың бұл түрінің 2 артықшылығы бар:

1.талап етілгенде және талапкерге төлейтін міндеттеме болағандықтан вексель ұстаушы оны сатуға немесе қарызды төлеуге құқығы бар.

2.Вексель толтырылғаннан кейін таластың туындауына мүмкіндік берілмейді.

Егер сатып алушының төлем қабілеттілгіне күмән болса, сатушы одан банктің аударымдық шұғыл вексель акцептерін талап етуіне болады. Банк сатып алушының қарызына кепіл болады. Мұндай банктік акцептер акцептелген тауарлық вексельдермен салыстырғанда үлкен үлесімен жоғары қорғалған деңгейіне ие. Өзін-өзі қаржыландыру –меншікті қаржыландыру көздері үшін де бөлінбеген табыс пен амортизация маңызды орынға ие. Қаржыландырудың бұл көзі ең алдымен құрал жабдық пен қорларды сатып алуға жұмсалады және түскен табыстың бір бөлігін кәсіпорын инвестиция түрінде пайдаланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]