Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-82_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.67 Кб
Скачать

7. Негізгі және қосымша белгілері бойынша кәсіпорындардың жіктелуі.

8. МЕНШІК НЫСАНДАРЫ, ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ БОЙЫНША КӘСІПОРЫН ТҮРЛЕРІ.

Негізгі,меншік және қосымша белгілері бойынша кәсіпорындардың жіктелуі. Кәсіпорын келесі:шаруашылық қызметтің түрі меншік нысаны, сандық көрсеткіштері, аумақтық орналасуы, ұйымдық құқықтық түрлері бойынша жіктеледі. Кәсіпорын меншік нысаны бойынша:мемлекеттік, коммуналдық, қоғамдық бірлестіктер меншігі, жеке болып бөлінеді. Ал ұйымдық-құқықтық түрлері бойынша: шаруашылық серіктестер,өндірістік кооператив,мемлекеттік кәсіпорындар,акционерлік қоғам болып бөлінеді.

Шаруашылық серіктестер – бұл жарғылық капиталы құрылтайшыларыдың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым. Құрылтайшылардың салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үдерісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестіктерге тиесілі болады. Шаруашылық серіктестер толық серіктестік,сенімгерлік серіктестік,жуапкершілігі шектеулі серіктестік,қосымша жауапкершілігі бар серіктестік түрлерінде құрылуы мүмкін.акционерлік қоғамнан шаруашылық серіктестердің айырмашылығы оның акциялар шығаруға құқығы жоқ.

Толық серіктестік - серіктестіктердің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемесі бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестіктер.Толық серіктестікітң жарғылық капиталының мөлшерін оның құрылтайшысы белгілейді,бірақ ол заң құжаттарында белгіленген ең төменгі мөлшерден кем болмауы тиіс. Олар қатысушылардың келісімінсіз өз атынан,өз мүдделері немесе үшінші жақтардың мүдделері үшін серіктестік қызмет туралы мәмілелер жасауға құқығы жоқ. Олай болған жағдайда,серіктестік келтірілген залалдың орнын толтыруы тиіс.Жарғылық капиталы ең кемі 25еселенген айлық есептік көрсеткіш

Сенімгерлік серіктестік – серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл үлгімен қосымша жауап беретін,бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар,серіктестіктің мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан да көп қатысушыларды енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік.

Жауапкершілгі шектеулі серіктестік – бір немесе бірнеше адам құрған,жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік. ЖШС қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құн шегінде тәуекел етеді. Жарғылық капиталы 100 еселенген айлық есептік көрсеткіш бойынша есептеледі.

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік – қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретін,ал салымдар мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда өздерніе тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде болатын салымдар арқылы жауап беретін серіктестік.

Аралас серіктестіктер – бір немесе бірнеше қатысушылар несие берушілер алдында бүкіл мүліктерімен жауап береді. Біреуінің немесе бірнешеуінің жауапкершілгі олардың арқайсысының қоғамдастыққа қосқан үлесі бойынша шектеледі. Жарғылық капиталы 100 еселенген айлық есептік көрсеткіш, ал шағын кәсіпорын үшін 50 еселенген айлық есептік көрсеткіш.

Өндірістік кооператив - азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестік. Кооператив мүшесі екіден кем болмауы тиіс. Өндірістік кооператив мүшелері кооператив міндеттемелері бойынша «Өндірістік кооператив туралы» заңда көзделген мөлшерлер мен тәртіп бойынша қосымша жауапты болады.

Мемлкеттік кәсіпорындарға:

1. шаруашылық жүргізуші құқығына негізделген

2. оралымды басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын) кәсіпорындар жатады.

Мемлкеттік кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді және оны салымдар бойынша, соның ішінде кәсіпорын қызметкерлері арасында бөлуге болмайды. Мемлкеттік кәсіпорын уәкілдік берілген мемлкеттік органның шешімі бойынша құрылады.

Акционерлік қоғам – қоғамның жұмысын жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға. Акционерлік қоғамның акционерлері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және здеріне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді.

Акционерлік қоғамның өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлкі болады,өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауапты болады және өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Артықшылық берілген акциялардың жарғылық қордың жалпы көлеміндегі үлесі 25 пайыздан аспауы тиіс. Акционерлік қоғамдар ашық және жабық болып бөлінеді. Акционерлік қоғамда акционерлердің жалпы жиналысы өткізіліп тұрады. Онда тексеру және есеп коммисиясы құрылады. Олардың мүшелері 1 немесе 5 жылға сайланады. Сонымен қатар директорлар кеңесі ұйымдастырылып оның төрағасы 1 жыл мерзімге сайланады. Акционерлердің Жалпы жиналыстары жылдық және кезектен тыс болып бөлінеді.

Ұйымдық құқықтық нысандары бойынша кәсіпорынның түрлері:

Кооператив бұл пайда табу мақсатында емес,мүшелеріне көмек көрсету,қызметтеріне тиісті ықпал жасау үшін құрылатын қоғамдастық.

Бюджеттік кәсіпорындар бұл топқа заңды,шаруашылық дербестігі жоқ ұйымдар кіреді,олар құрылымдық тұрғыда министрліктерге, ведомстваларға немесе жергілікті басқару органдарына бағынады. Олардың кірісі мен шығсы мемлкеттік бюджет есебінен өтеледі, пайдадан салық төлеуге тиісті емес, олар сыртқы қаржы көздерін пайдаланбайды.

Мемлкеттік корпорациялар - кәсіптік немесе ортақ мүдделер принципінде біріккен қоғам,адамдар тобы, капиталистер кеңінен қолданатын акционерлік қоғам нысаны. Мұндай корпорациялар монополиялық бірлестіктердің негізгі түрі.

Ассоциациялар – шаруашылық есеп өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі басқару негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың,мекемелердің бірыңғай экономикалық,әлеуметтік,мәдени мүдделер негізінде ерікті түрде заңды ұйым ретінде бірігуі. Ассоциацияға қатысушылар бірлескен қызметтен түскен пайдадан өз үлестерін алуға құқылы. Олардың негізгі түрлері:

1. Концерн – қатысу жүйесі,мүдде ортақтығы туралы шарттар,қатысу үлесі,патенттік-лицензиялық келісімдер, қаржыландыру негізінде өзара тығыз байланысқан дербес кәсіпорындар бірлестігі.

2. Консорциум – капиталистік монополиялардың нысандарының бірі, қарыздарды бірлестіре орналастыру,үлкен көлемде қаржы немесе күрделі коммерциялық операциялар жүргізу, іріленген өнеркәсіп құрылысын жүзеге асыру, белгілі бір өнім түрін өндіруде бірнеше банк немесе өнеркәсіп субьектілернің арасында қабылданатын уақытша келісім.

3. Холдинг – басқа компанияларға бақылау жасау мақсатында өзінң капиталын,олардың акцияларының бақылау пакеттерін сатып алу үшін пайдаланатын акционерлік компания.

4. Картель – біртектес өнім өндіретін тәуелсіз өнеркәсіп орындарының белгілі бір нарыққа үстемдік орнату мақсатында ұйымдастырылған бірлестік. Картельге мүше болу ерікті түрде болады.

5. Синдикат – өнім өндірушілердің өнімді біртұтас сауда кеңсесі арқылы бірігіп сату жолымен бәсекені болдырмау және монополиялық бірігу нысаны.

6. Трест – кәсіпкерлер бірлестігі ол өзіне кіретін кәсіпорындардың өндірістік коммерциялық және заңдық дербестігін жойып, бірыңғай басқару жүйесіне бағынумен ерекшеленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]