Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-82_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.67 Кб
Скачать

50.Өнім сапасы:түсінігі, көрсеткіші, және оның денгейін көтеру жолдары.

Өнім сапасы - өнімнің тағайындалуы бойынша пайдалану үшін оның пайдалылық денгейін сипаттайтын қасиеттерінің жиынтығы. Кәсіпорынның шығаратын өнімнің сапасы мемлеккеттік стандартқа және техникалық шарттарға жауап беруі тиіс, сондай –ақ бәсекелес ұйымның өніміне қарағанда артықшылықтарға ие болуы қажет. Бұл өнімнің сатылымын артыратын және пайда көлемін ұлғайтатын негізгі факторлардың бірі - кәсіпорынның шығарған өнімнің бәсеке қабілеттілігінің негізгі көрсеткеші.

Өнімнің жалпы қасиеттерінің жиынтығы жаман және жақсы болмайды. Сапа салыстырмалы болады. Үлгі талаптары стандарттарда немесе техникалық шартарттарда бекітілген, жақсы отандық және халықаралық үлгілер болуы мүмкін. Сонымен қатар «сапа денгейі» ұғымы(шетелдік әдибеттерде «салыстырмалы», «сапа өлшемі»)қолданылады.

Өнімнің сапасын құрайтын, бір немесе бірнеше қасиеттердің сандық сипатамасы бойынша сапа көрсеткіші деп аталады. Өнім сапасының жалпылама, жеке және жанама көрсеткіштері бар.

Жалпылама көрсеткіштер өнімнің түрі мен тағайындалуынан тәуелсіз барлық өндірілген өнімнің сапасын сипттайды. Жалпылама көрсеткіштер сапалы өнімнің меншікті үлес салмағын анықтайды:жалпы өндірілген өнім көлеміндегі жана өнім, әлемдік стандартқа сәйкес келетін өнім,экспорталған өнім,оның ішінде өнеркәсібі жоғары дамыған елдерге және т.б.

Жеке көрсеткіштер өнімнің қандай да бір қасиетін сипаттайды: табыстылығы, сенімділігі, технологиялығы, бұйымның эстетикалығы және т.б.

Жанама көрсетіштер өнімнің сапасыздығын айыппұл, ақауы бар өнімдердің үлес салмағы, ақаудан болатын жоғалтулар сомасы, жанама жасалған өнімнің үлес салмағы және т,б.

Жоғарыда айтылғандармармен қатар өнімнің келесідей қасиеттері болуы мүмкін: салмағы, құрамы, еңбек өнімділігі, түсі, сенімділігі, ұзақ сақталуы және т.б.

Өнімнің барлық қасиеттерін келесідей топтарға бөлуге болады:

Стандарттау, бірегейлендіру көрсеткіштері өнімнің стандарттары мен бірегейленуі және түп нұсқалы құрамдас бөліктерімен, сондай-ақ бұйымдармен салыстырғанда бірегейлену денгейі мен толықандылығын сипаттайды. Барлық бұйымдар стандартты, бірегейленген және түп нұсқалы болып бөлінеді. Бұйымның стандарттау және бірегейлену коэффиценті жоғары болған сайын, оның өндірісі мен пайдалануы жоғары болады.

Экономикалық көрсеткіштер бұйымды пайдаланудағы ынғайлығын көрсетеді. Адамның бұйыммен өзара әрекеті адамың антропометриялық, физиялогиялық және психологиялық қасиеттерінің кешені арқылы өрнектеледі.

Тасымалдау көрсеткіштері бұйымның қасиеттерін бұзбай әртүрлі көлікпен бұйымды тасмалдау мүмкіндігінің денгейін көрсетеді.

Патенттік –құқықтық көрсеткіштер өнімнің патенттік тазалығы мен қоғалуын сипаттайды.

Экологиялық көрсеткіштер өнімді тұтыну немесе пайдалану.сақтау кезінде пайда болатын зияндардың қоршаған ортаға тигізетін ықпалының денгейін көрсетеді.

Қауіпсіздік көрсеткіштері бұйымның сақталу және пайдалану қауіпсіздігінің денгейін анықтайды, яғни пайдалану, жөндеу, тоқтап тұру кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Өнім сапасын жақсарту және жетілдіру жоспрында жоспарланған шаралар келесідей бөлімдер бойынша топталады:

- жана тәжірбиелік үлгілерді және жана өнім түрлерін жасау;

- жанадан жасалған үлгілер мен жана өнім түрлерін өндіруді игеру;

- белгілі алдыңғы қатарлы үлгілерді шығаруды игеру;

- шығарылатын өнімді жаңалау;

- шығарылатын өнімді дайындау сапасын жақсарту (оның ішіндегі ақаусыз дайындауды ендіру,сұрыптарын жақсарту,сапасы жоғары ассортименті кеңейту жіне т.б. );

- жана алдынғы қатарлы стандартар мен техникалық шартарды ендіру;

- өндірістен ескірген өнімдерді алып тастау шаралары.

Өнімнің сатылуын арттыру ризервтері:

- дайын өнім жоспардан тыс қалдықтарының болу себебін жою;

- ұйым жұмысының қарқынды болмау себептерін жою;

- сатып алушылардың мерзімі өткен дебиторлық қарыздарын жою;

- жіберілген өнім шотарының ақы төлеуден бас тарту себептерін жою;

- шикізат және матириалдар мен дер кезінде қамтамасыз ету;

- өндірістік үдерістерді ұйымдастыруда кемшіліктерді жою;

- өнім сапасын жақсарту, ақау денгейін төмендету.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]