Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-82_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.67 Кб
Скачать

49.Өнімнің бәсекеге қаблеттілігі:түсінігі,оның деңгейін көтеру қажеттілігі.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі оның жоғары тұтынушылық қасиеттері мен төмен бағасымен анықталады. Бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын тұтынушылық және құндық қасиеттер әртүрлі тауарлар үшін әр қилы болады. Бәсекеге қабілеттілік түсінігі салыстырмалы сипатқа ие. Ол нарық пен сатылым уақытының жағдайларына байланысты. Сатып алушылардың көпшілігі қоғамдық қажеттіліктерге сай тауарларды сатып алады,сонымен бірге әр сатып алушы өзінің қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын тауарды алады. Екі ұқсас тауар болса, сатып алушы оның арзанын қалайды, егер сатылым бағалары бірдей болған жағдайда –сатып алушы тұтыну бағасының төменіне ұмтылатыны белгілі.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі оның жоғары тұтынушылық қасиеттері мен төмен бағасымен анықтталады. Бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын тұтынушылық және құндық қасиеттер әртүрлі тауарлар үшін әр қилы болады.Мысалы, ұзақ қолданылатын және өндіріске қажетті күрделі тауарлар үшін бәсекеге қабілеттілікті көрсететін көрсеткіштерге келесілер жатады:

-тауардың пайдалану шеңберін анықтайтын атқарамдық міндетінің көрсеткіштері;

-тауардың қолданыстағы ыңғайлығы мен оның қауіпсіздігін сипаттайтын пайдалану көрсеткіштері;

-тауарды сатып алу мен пайдалану шығындарын сипаттайтын экономикалық көрсеткіштері;

-жоғарыда көрсетілген (сертификат, сервистік қызмет көрсету)басқа бағалық емес көрсеткіштер.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі тауарлардың артықшылығылына ықпал ететін және сол нарықтағы сатылу көлемін анықтайтын факторлардан тәуелді болады. Бұл факторларды бісекеге қабілеттіліктің құрамдастары ретінде қарастырып, келесідей үш топқа бөлуге болады: техникалық-экономикалық ,коммерциялық ,норматиивті-құқықтық факторлар.

Техникалық-экономикалық факторлар келесілерден тұрады:сапа,сатылу бағасы және пайдалану шығындары немесе өнімді, қызметті тұтыну. Бұл құрамдастар енбек өнімділігінен және енбек қарқындылығынан.өндіріс шығындарынан, өнімнің ғылыми сыйымдылығынан және т.б. тәуелді болады.

Коммерциялық шығындар нақты нарықтағы тауарлардың сатылу шартын анықтайды.

Нормативті-құқылық факторлар сол нарықтағы тауарлардың,экологиялық,теникалық жәнне пайдалану өауіпсіздігінің талаптарын, сондай-ақ патенттік-құқықтық талаптарын көрсетеді.

Бәсекеге қаблеттілік денгейлерін көтеру жолдары:

1. Тауарды жақсы тандау мен нарық сегментін сәтті тандау арқылы нарықтағы белгі-тұрақтылық шартына бағыталу.

2. Бәсекелестерге көңіл аудару. Кәсіпорын технология,өндіріті ұйымдастыру, тауар шығару, қызмет көрсету, алдынғы қатарлы тәжірбиені алмасу бойынша басты бәсекелестерге еліктейді.

3. Бәсекелестік күресте, табыс өндіріс функциясы ғана емес, басқару функциясы ретінде қарастырылады. Өндірістің табысы ұйымның біліктілігін артырудан және кәсіпорынды басқару жүйесінің тиімділігіне тәуелді болады.

4. Бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етудің қатаң шартына қарсы тұра білуге бағытталу. Мұндай кәсіпорындар тез өседі және табысы жоғары болады.

5. Басшылар мен персоналдың жоғары құзыреттілігі, инновацияға бағытталу, жоғары денгейдегі делдалда мен және жабдықтаушылармен бірлесуге ұмтылу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]