Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-82_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.67 Кб
Скачать

48. Кәсіпорын жоспарларының құрылымы. Өндіріс ішіндегі жоспарлау.

Қызметтерімен және оның ішкі әкімшілік-шаруашылық құрылымымен анықталады.

Жоспар - шаруашылықты басқарудағы орталық буын екенін ескерсек, тиімді басқару мақсатында, әрбір цех, бөлім, зертхана өз жоспарын әзірлейді, өз кезегінде олар кәсіпорынның негізгі жоспарымен үйлесімде болуы жөн. Ішкі өндірістік жоспарлардың теңгерімділігі жоспарлаудың күрделі міндеттерінің бірі болып табылады.

Жоспарлау жүйесі келесі ережелерді орындаған жағдайда ғана кәсіпорынға неғұрлым жоғары қайтарым және пайданы қамтамасыз етеді:

  • жоспардың әрбір кезеңінің және әрбір элементінің ұқыпты негізделуі;

  • жоспар тапсырмаларын оған әрбір қатысушылардың дәлме дәл орындауы;

  • жоспардың орындалуын үздіксіз жаппай есепке алу, бақылау және түзету.

Сипаттамалары мен орындалу мерзімдері алуан түрлі құрылымдар мен персоналдың қызметін бір-біріне ұқсамайтын әртүрлі көрсеткіштермен, ұйымдастыру әдістерімен және жоспарды орындау көмегімен өлшеу, есепке алу және бақылауға болады.

Осыған сәйкес жоспарлар келесідей топтарға бөлінеді:

Орындау мерзіміне сәйкес:

- шұғыл-күнтізбелік;

- ағымдық;

- орта мерзімдік;

- ұзақ мерзімдік;

- стратегиялық.

Мақсатталу функцияларына байланысты:

- өндірістік (өнімді өндіру);

- коммерциялық (дайын өнімді өткізу және кәсіпорынды материалды-техникалық қамтамасыз ету);

- инвестициялық және өндірістің техникалық дамуына мүмкіншілік беретін;

- еңбек, еңбекке ақы төлеу және персоналды әлеуметтік қолдау бойынша жоспарлар;

Кәсіпорынды басқару деңгейлері бойынша:

- жалпы кәсіпорын;

- цехтар;

- атқарымды бөлімдер және зертханалардың жұмыс жоспары;

- бөлімше және бригадалардың жұмыс жоспары.

Өнім және жұмыс түрлері бойынша:

- өндірісте игерілген;

- игеру үдерісіндегі;

- болашақта игерілуі есепке алынып жобаланатын.

Қазіргі заманда орталықтан басқару құралы ретінде болашаққа жоспарлауды дамытуға көбірек назар аударыла бастады. 10 жылдан 20 жылға дейінгі уақытты қамтитын (әдетте 10-12 жыл) мұндай жоспарлау кәсіпорынның болашаққа бағытталуының (даму тұжырымдамасы) жалпы қағидаларын жасауды білдіреді; стратегиялық бағытын және дамыту бағдарламаларын, алға қойған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін аса маңызды іс-шаралардың мазмүны мен орындалу тәртібін анықтайды.

Болашаққа жоспарлау кәсіпорын қызметінің халықаралық деңгейдегі кешенді мәселелері бойынша шешім қабылдауына көмектеседі:

- капитал салымдары және оларды қаржыландыру көздерінің бағыттары және мөлшерін анықтау;

- техникалық жаңалықтарды және озық технологияларды енгізу;

- өндірісті әртараптандыру және өнімді жаңарту;

- жаңа кәсіпорындарды сатып алу шартымен шетелдік инвестицияларды іске асыру нысандары;

- жеке бөлімшелер және кадрлық саясат бойьшша басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру.

Болашаққа жоспарлау жүйесінде оның әдістемесі мен мақсаттарына байланысты ұзақ мерзімді жоспарлау және стратегиялық жоспарлауды бөліп көрсетеді. Ұзақ мерзімді жоспарлау жүйесінде экстраполяциялау әдісі қолданылады, яғни алдыңғы кезеңдегі нәтижелерді қолдану және оптимистік мақсаттарды қою негізінде болашақ кезеңге шамасы біршама көтермеленген көрсеткіштерді орнату.

Ішкі өндірістік жоспарлау

Жоспарлау жүйесін жасай отырып, әрбір кәсіпорын келесідей тұғырнаманы анықтауы қажет: 1) жоспарлауды ұйымдастыру мақсаты; 2) жоспарлаудың уақытша мүмкіншілігі; 3) жоспарлы құжаттардың қажетті түрлерін жасау; 4) жоспарлау әдістемесін тандау; 5) жоспарлау технологиясын анықтау.

Жоспарлау мақсаты жоспарлаудың негізгі міндеттеріне, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің ерекшелігіне байланысты болады. Мақсат қоя білу - жоспарлау мүмкіншілігін тандауға тәуелді. Кәсіпорынның уақытша таңдап алған мүмкіншілігіне байланысты стратегиялық мақсаттар анықталады немесе таңдап алынған даму стратегиясына сәйкес оларды бөлшектейді. Кәсіпорындағы жоспарлау әдістері бұл жоспарлы көрсеткіштерді есептеудің және анықтаудың нақты тәсілдері мен әдістері.

Кәсіпорында қолданылатын жоспарлаудың келесідей әдістерін бөліп көрсетуге болады:

- нормативті әдіс (бекітілген мөлшерлер мен нормативтер негізінде кәсіпорынның материал, қаржы, еңбек ресурстарына қажеттіліктер есептеледі, сондай-ақ осы қажеттіліктерді жабу көздері анықталады);

- есептеу-талдамалық әдісі (базалық көрсеткіштің сандық мәні мен жоспарлы кезеңдегі оның өзгеру индексін талдау негізінде көрсеткіштің жоспарлы мәні анықталады. Бұл әдіс көрсеткіштер арасында тікелей емес, жанама өзара байланыс болғанда қолданылады.);

- теңгерім әдісі (материалдық, еңбек, қаржы теңгерімдерін құру кезінде барлық ресурстар мен оған деген нақты қажеттіліктің байланысына қол жеткізіледі);

- жоспарлы шешімдерді тиімді ету әдістері (дамудың бірнеше нұсқасын жасау және оның ішінен неғұрлым тиімдісін таңдау);

- экономиканық-математикалық үлгілеу (экономикалық-математикалық әдістерді пайдалану және корреляциялық байланыстар мен тәуелділіктер негізінде үлгілер құру). Кәсіпорында жоспарлау өндірісті басқарудың құрамдас бөлігі болып табылады. Олар басқарудың ұйымдастырушылық түрлерінің әртүрлілігімен ерекшеленеді.

Басқару жүйесінің үш негізгі түрін бөліп көрсетуге болады:

1) орталықтанған;

2) орталықтанбаған;

3) аралас, екі жүйенің де элементтері бар.

Басқару жүйесі орталықтанған ірі кәсіпорындарда өндірісті басқару және жоспарлау функциялары да орталықтанған болады. Жоғары жетекшілікте жоспарлаудың орталықтанған қызметі болады. Бұл қызмет тікелей бас директорға немесе бас директордың орынбасарына бағынады, сондай-ақ болашақтағы және ағымцағы жоспарларды жасаумен айналысады. Осылайша, жоспарлаудың орталықтанған жүйесінде өзара байланысты кәсіпорынның жұмысын үйлестіру үшін жеңіл және ішкі кәсіпорындық, зауытаралық жеткізулерді байланыстыруға болады. Бірақ, орталықтанған жоспарлау шегі өзара байланысты кәсіпорындардың бір кешенімен шектеледі. Компания қызметінің көлемін кеңейтумен, әртараптандыру үдерісін күшейтумен байланысты ішкі кәсіпорындық басқарудың орталықтанбаған жүйесін қолдану қажеттілігі пайда болады.

Жоспарлаудың орталықтанбаған жүйесінде компанияның бас директорына тікелей бағынатын басқа бөлімдермен қатар жоспарлаудың орталық бөлімі болады. Сондай-ақ, өндірістік топтар мен бөлімдердің (әр топта немесе бөлімде) жоспарлау бөлімшелері болады. Ірі кәсіпорындарда болашақты жоспарлауды орталықтандыру өндірістік мүмкіндіктерді неғұрлым толық ескере отырып, ағымдағы жоспарды құру кезінде, кәсіпорындағы және бөлімдегі ынтаны арттыруға алып келетін орталықтанбаған ағымдағы жоспарлаумен үйлесуі қажет.

Жоспарлау басқарудың бастапқы кезеңі бола отырып, кәсіпорынның даму мақсатын таңдауға, әрекет ету бағдарламасын анықтауға, қойылған мақсатқа жету әдістері мен шараларын жасауға бағытталған үдерістен тұрады. Жоспарлау үдерісі бес кезеңге бөлінген.

Бірінші кезеңде болжау жүргізіледі, алдымен бар ресурстарды болжау максатында белгілі бір факторларға жүйелі талдау жасалады. Болжау жоспарға негізделген мүмкіндігін көрсетеді. Екінші кезеңде кәсіпорынды дамыту баламасына таңдау жасалып, салыстыру жүргізіледі. Басқаруда қойылған міндеттің шешімі бірдей болмайды. Сондықтан, әртүрлі тұғырнамада баламаны бағалау қажет (пайдаланылатын ресурстардың табыстылығын, әлеуметтік-экономикалық мәнін және т.б.) және неғұрлым ыңғайлы баламасын таңдау. Үшінші кезең - мақсатты қалыптастыру және міндетті қою. Мақсатты дәл анықтап, оған жету мерзімдерін анықтау қажет. Төртінші кезеңде жұмыстың сәйкес тізбегі мен әрекет ету бағдарламасы жасалады. Әрекет ету бағдарламасын жасау үшін қабылданатын міндеттердің орындалуының уақыт бойынша тізбектілігі мен кезектілігін бекіту қажет. Бесінші кезеңде бағдарламаны құндық бағалау және бірінші кезекте қаржылық ресурстарды бөлу жүргізіледі. Бухгалтерлік есептің басқа жүйесіне сүйенетін қазіргі әлемдік тәжірибеде бұл кезең бюджеттеу, яғни бюджетті қалыптастыру деп аталады. Ол өткен барлық материалдарды жалпылап, құндық түрде құжаттардың стандартты жинағы түрінде ұсынуға арналған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]