Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-82_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.67 Кб
Скачать

47. Жоспарлау түрлері.

Жоспарлы кезең (жоспарлау деңгейі) ұзақтығы бойынша келесілерге бөлінеді: 1) ұзақ мерзімді (болашақты) жоспарлау; 2) орта мерзімді (бір жылдан жоғары) жоспарлау; 3) қысқа мерзімді (ағымдағы) жоспарлау. Жоспарланған нысанның немесе үдерістің дамуының әртүрлі баламаларын болжау көмегімен анықтау және тиімді баламаны таңдауды негіздеу болжауды болашақты жоспарлаудың кезеңдерінің бірі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Стратегиялық жоспарлау сыртқы ортаның басты факторы ретінде нарықтық мүддеге, нарықты есепке алуға жоспарлауды айқын бағыттау болып табылады. Стратегиялық басқарудын құрамдас элементі ретінде стратегиялық жоспарлау балама нұсқаны іздеудің көп кезеңді үдерісі, олардың ең тиімдісін таңдау, осы таңдаудың негізінде жалпы даму стратегиясын құру, оны жүзеге асырудың арнайы тетігін қалыптастыру.

Стратегиялық жоспарлау тізбекті-параллельді жүзеге асатын және келесідей төрт шешімді камтитын көп кезеңді үдеріс:

1. Бизнесті анықтау (өндірілетін өнімді, техникалық-экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, жұмыс пен қызметтің тұтынушылық қасиетін суреттейді, сол өнім нарығының көлемін бағалау, нарықты сегменттеу);

2. Бизнес миссиясы - даму мақсатын көрсететін сандық өлшемдердің жиынтығы (сатылу көлемінің өсу қарқыны, нарық үлесінің мөлшері, табыстылық деңгейі, таза табыстың шамасы және ақшалай айналым көлемі және т.б.).

3. Атқарымдық стратегия - еңбек ресурстары және қаржы, инвестиция, өндіріс, маркетинг, зерттеу облысындағы стратегия.

4. Бюджеттеу - бағдарлама, жоспар, стратегияның жүзеге асуын қамтамасыз ететін бюджеттерді құру және ресурстарды бөлу жүйесін қалыптастыру.

Стратегиялық жоспарлау өзінің негізінде қабылланған жоспарлы шешімдерді жыл сайын реттеу, сондай-ақ осы жоспарларды орындау бойынша сәйкес шараларды қайта қарастыру. Осыдан келіп, стратегиялық жоспарлаудың ерекше белгісі көбінесе кәсіпорынның көлемі мен мөлшеріне негізделген жоспарлы кезеңнің икемділігі болып табылады.

Ұзақ мерзімді жоспарлау дамудың қалыптасқан үрдісінің алдағы уақытта болатынын және оларды жоспарлау үлгісінде болашақты бағалау үшін негіз болады. Болашақтағы дамуға өткен заңдылықтар мен құрылымдық сипаттамаларды ауыстыру мұндай ыңғайдың ерекшелігі мен кемшілігі болып табылады, себебі болашақ өткен кезеңге қарағанда жақсы болатындығына үміттелінеді. Өнеркәсіптік кәсіпорынның ұзақ мерзімді жоспарлау жүйесінде ағымдағы қорытындыларды бағалау және сыртқы ортаны болжау негізінде стратегиялық мәселелерді анықтау жүргізіледі. Ұзақ мерзімді стратегиялық саясат қалыптасады, стратегияны біріктіру үшін орташа мерзімді жоспарлар қабылцанады. Мақсаттар әрекет ету бағдарламасына, бюджетке, кәсіпорынның әрбір негізгі бөлімшелері үшін жасалған пайда жоспарына айналады. Бөлімшенің жоспарларды орындауы бойынша мәліметтері жиналады, олардың орындалуына баға беріледі және ұзақ мерзімді жоспардың (көбінесе жаңа бұйым бойынша), сондай-ақ жылдық жоспардың (көбінесе бұрынғы бұйым бойынша), негізінде жоспардан нақты көрсеткіштердің ауытқуы бойынша бақылау жүргізіледі.

Орташа мерзімді жоспарлау бір жылдан бес жылға дейін жасалынады. Ағымдағы жоспарлау бір жылға дейінгі кезеңде жүзеге асады және жарты жылдық, тоқсандық, айлық, апталық және тәуліктік жоспарлаудан түрады. Жекелеген кәсіпорындар орташа мерзімді жоспарлауды ағымдағымен біріктіреді: өзгермелі бес жылдық (үш жылдық) жоспар құрылады, онда бірінші жыл ағымдағы жоспар деңгейіне дейін бөлшектеніп көрсетіледі. Кәсіпорынның жылдық жоспарлары, әсіресе нарықтық экономика жағдайында жиі реттеліп отырады. Сондықган кәсіпорынның ағымдағы қызметін жоспарлаудың негізі тоқсандық және айлық жоспарлар болды. Қазіргі уақытта «өмір сүру» мәселесі өзекті кәсіпорындарда кәсіпорынның ағымдағы қызметін жоспарлау негізі тоқсандық және айлық жоспарлар болып табылады.

Қойылған мақсат маңыздылығы (мақсат түрі, жоспарлы шешімдер мазмұны немесе тартылатын инвестиция және материалды ресурстар көлемі) бойынша бөлінеді: 1) стратегиялық жоспарлау; 2) тактикалық жоспарлау; 3) оралымцы жоспарлау; 4) инвестициялық жобалау; 5) бизнес-жоспар. Осылайша болашақтык жоспарлау стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған ұзақ мерзімді жоспарларды қалыптастырудан түрады.

Тактикалық жоспарлау - кәсіпорын стратегиясының жаңа мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін, дәстүрлі қабылданатын немесе алдын ала бекітілген жетістіктер үшін қажетті міндеттер мен қорларды негіздеу үшін салдарлар жасау үдерісі.

Ішкі өндірістік шаруашылық тетігін қамтитын, техникалық-экономикалық жоспардың негізінде кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің арасында байланыс орнайды, өндірісте ғылыми негізделген пара-парлы және негізгі қызмет түрлері бойынша бюджеттер жасалады, сондай-ақ олардың орындалуына бақылау жүргізіледі. Қазіргі жағдайда бюджеттеу жоспарлаудың және мемлекеттік басқару мен кәсіпкерлікте бақылаудың негізгі құралы болып табылады. Кәсіпорын бюджеті белгілі бір кезеңге кәсіпорын саясаты мен міндеттерін, мақсатын көрсететін кәсіпорынның шаруашьшық операцияларының барлық аспектілерін қамтитын жоспар.

Оралымлы жоспарлау қысқа мерзімді кезеңде кәсіпорын қызметінің нақты сұрақтарын шешу және тактикалық жоспарлау көрсеткіштерін нақтылауға арналған. Оралымды жоспарлау жоспардың жоғары деңгейде бөлшектенуін сипаттайды, бағыты санаулы және қолданылатын әдіс-тәсілдері әртүрлі болуымен сипатталады.

Инвестициялық жобалар (күрделі салым жоспарлары) өндірістік қуатты арттыруға бағытталған, ұзақ мерзімді сипатпен сипатталады. Бизнес-жоспар жаңа кәсіпорын және ұйымның құрылуын негіздеу үшін, нарыққа шығу және шаруашылық қызметтің пайдалылығын қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]