- •Кәсіпорын ұғымы, мақсаты және түрлері.
- •2. Өндірістік кәсіпорындардың негізгі белгілері.
- •3. Кәсіпорынның басты міндеттері және функциялары.
- •4. Кәсіпорындардың қызмет етуінің ерекшелік белгілері.
- •5. Кәсіпорынның сыртқы ортасы:оның қызметіне ықпал ететін жағдайлар және факторлар.
- •6. Кәсіпорынның кәсіпкерлік міндеттері және құқықтары.
- •7. Негізгі және қосымша белгілері бойынша кәсіпорындардың жіктелуі.
- •9. Кәсіпорындардың бірлестіктері.
- •10. Кәсіпкерлік субьектілері, дара кәсіпкерлік.
- •11. Кәсіпкерлік нысандары және түрлері.
- •12. Кәсіпорынның негізгі капиталының экономикалық мәні олардың құрамы және құрылымы.
- •13. Негізгі қорлар тозуы, негізгі түрлері. Негізгі капиталды амортизациялаудың маңызы.
- •14. Амортизацияны есептеу әдістері: біркелкі, өндірістік, жеделдетілген, қалдық құнын азайту.
- •15. Айналым капиталы: оның маңызы, құрамы және құрылымы.
- •16. Айналым капиталының қаржыландыру көздері.
- •17. Айналым құралдарының айналымы.
- •18. Айналым құралдарының айналымдылығын және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер.
- •19. Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі.
- •20. Кәсіпорынның энергетикалық ресурстарын пайдалану.
- •21. Кәсіпорын персоналы: түсінігі және сипаттамасы.
- •22. Персоналдың сандык, сапалык сипаттамаларының көрсеткіштері. Персоналдық құрылымдық сипаттамасы.
- •23. Персоналдың жылжуын сипаттайтын көрсеткіштер.
- •24. Кәсіпорынның еңбек ресурстарына қажеттілігін анықтау.
- •25. Касіпорынның кадрлық жұмысының ерекшеліктері.
- •26.Кәсіпорынның қызметін тиімді атқару үшін ұЙымдастырушылық тәртіптің мәні және маңызы.
- •27. Еңбек ресурстарын пайдалану көрсеткіші – еңбек өнімділігі.
- •28. Еңбек уәждемесінің мәні мен формалары.
- •29. Еңбекке ақы төлеудің экономикалық мәні мен қағидалары.
- •30. Кәсіпорындағы еңбекақы түрлері және оны төлеуді ұйымдастыру.
- •31. Инвестицияның экономикалық мәні.
- •1. Нысан бойынша инвестициялау:
- •2. Ұзактығы бойынша инвестициялау:
- •3. Нақты секторда ұдайы даму түрлері бойынша:
- •4. Соңғы нәтижелерге байланысты:
- •5. Меншік түрлері бойьшша:
- •6. Қаржыландыру көздері бойынша:
- •7. Жобаны әзірлеу мен іске асырудағы үлесі және инвестициялық жобаға қатысушылардың құрамы бойынша:
- •32.Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеті.
- •34. Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің стратегиясы.
- •36. Қазақстан республикасын үдемелі индустриялық-инновацинлық дамьпу жөніндегі саясаты.
- •37. Инновацияның маңызы және жіктелуі.
- •38. Кәсіпорынның инновациялық қызметі: маңызы және міндеттері. Жаңашылдықты басқару.
- •39. Шығындардың экономикалық маңызы, түрлері және құрамы.
- •40. Кәсіпорын шығындарының жіктелуі.
- •41. Экономикалық элементтері мен калькуляция баптары бойынша шығындардың жіктелуі.
- •42. Калькуляциялау, оның түсінігі және қағидалары.
- •43. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері.
- •44. Кәсіпорынның маркетингтің қызметінің ерекшеліктері.
- •45. Стратегиялық жоспарлау және маркетингтік тәсіл.
- •46. Маркетинг стратегиясын таңдау және жүзеге асыру.
- •47. Жоспарлау түрлері.
- •48. Кәсіпорын жоспарларының құрылымы. Өндіріс ішіндегі жоспарлау.
- •49.Өнімнің бәсекеге қаблеттілігі:түсінігі,оның деңгейін көтеру қажеттілігі.
- •50.Өнім сапасы:түсінігі, көрсеткіші, және оның денгейін көтеру жолдары.
- •51. Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі.
- •52. Сапаны басқарудағы жаңа стратегия.
- •53. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін өсірудегі бағаның рөлі.
- •54.Экономикалық категория ретіндегі бағаның маңызы мен функиялары.
- •55. Баға жүйесі және оның жіктелуі.Баға деңгейіне әсер ететін факторлар.
- •56. Кәсіпорынның баға саясаты және баға белгілеу әдістері.
- •4. Баға жасау әдістері.
- •57. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің мәні.
- •58.Кәсіпорынныың бәсекеқабілеттілігіне ықпал еттетін факторлар.
- •59.Кәсіпорынның қаржысы түсінігі және функциялары.
- •60. Кәсіпорынның қаржы қатынастарының қалыптасу нысандары.
- •61. Кәсіпорынның қаржы қызметін ұйымдастырудың негізгі қағидалары мен бағыттары.
- •62. Қаржы механизмі: құрамдас элементтері, құқықтық, нормативтік және ақпараттық қамтамасыз ету.
- •63. Кәсіпорынның қаржы ресурстары. Қаржылық жоспаралау.
- •64. Кәсіпорындағы қаржы ресурстарының қалыптасу көздері.
- •65. Банкроттықтың түсінігі және белгілері.
- •66. Банкроттық және дағдарыс кезінде кәсіпорынды қайта құру және басқару.
- •68. Табыс және пайда – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерін жиынтық көрсеткіші ретінде.
- •69. Қр салық кодексіне сай салықтық жылдық жиынтық табысты есептеуде анықталатын табыс түрлері.
- •70. Кәсіпорын пайдасының қалыптасуы және бөліну тәртібі.
- •71. Кәсіпорынның төлейтін салқытарыдың сипаттамасы.
- •72. Өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызы және оның түрлері.
- •73. Өндірістің жалпы тиімділігі және оның көрсеткіштер жүйесі
- •74. Өндіріс тиімділігінің жекелеген (дифференцияцияланған) көрсеткіштері.
- •75. Кәсіпорынның рентабельділік (табыстылық) көрсеткіші.
- •76. Өндіріс қызметінің тиімділік көрсеткіштері.
- •77. Қазақстан республикасының арнайы экономикалық аймақтарында кәсіпорындардың қызмет ету ерекшеліктері.
- •78. Қазақстан республикасының технопарктер: олардың түрлері және қызмет ету ерекшеліктері.
- •79. Қазақстан республикасының бизнес-инкубаторлар және оның қызметі.
- •80. Қазақстан республикасының индустриялық-инновациялық жүйесі, ерекшеліктері.
- •81. Қазақстан республикасының әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, олардың қызмет етуінің ерекшеліктері.
- •82. Қазақстан республикасының ұлттық холдингтік компаниялары, олардың қызмет ету ерекшеліктері.
46. Маркетинг стратегиясын таңдау және жүзеге асыру.
Сыртқы ортаның дамуының құбылмалығына қарамастан маркетингтің стратегиялық міндеті - бәсекелестік артықшылықтарды қамтамасыз ету. Сондықтан кәсіпорынның маркетингтік жұмысының басты кезеңі осы артықшылықтарды қамтамасыз ететін бәсекенің стратегиясын жасау.
Өнімнің өзіндік құнын төмендету стратегиясы. Өнімнің өзіндік құнын төмендету стратегиясын пайдалануға ынталандыру үшін өндіріс ауқымында едәуір үнемдеу және сатып алу кезінде бағаны анықтаушы фактор деп санайтын тұтынушылардың көпшілігін тарту болып табылады. Айнымалы шығындар өндірістің жоғары мамандануы есебінен үнемделгенде, бұл стратегия стандартты өнімнің жаппай өндірілуіне бағытталудан тұрады. Тұрақты шығындар өнім бірлігіне есептегенде өндіріс көлемі өскен сайын азая отырып, бұйымның арзандауына қосымша резервтер жасайды. Өзіндік құнды төмендету стратегиясын ұстанған кәсіпорынның маркетингі бағасы жоғары емес жаппай тұтынылатын сапалы бұйымды ұсынуға бағыттайды. Ол өндіріс шығындарының тиімлілігін арттыруды талап ете отырып, нарықта өнімнің көбірек сатылуын, ресурстарды үнемдейтін технологияны пайдалануды, үстемелі шығындарды және басқа да тұрақты шығындар түрлерін нақты қадағалауды жүзеге асыруды талап етеді. Өзіндік құнды төмендету стратегиясы жөнінде тауарларды төмен баға бойынша сату стратегиясы ретінде, көбінесе, дұрыс пікір қалыптаспайтындығын айта кету керек. Шығындары төмен ұйымдар нарықтық орташа бағаға немесе орташадан едәуір төмен бағаға тоқтауы тиіс. Сонымен қатар, ол өзіндік құны неғұрлым жоғары бәсекелестерге қарағанда үлкен пайда алуға қабілетті болады.
Өнімнің бөлшектену стратегиясы. Бұл стратегия стандартты бұйымның түрлендіруі болып табылатын ерекше (кей уақытта әдеттегіден тыс) өнімді дайындауды мамандануға негізделген. Мұндай өнімдер тұтынушылар үшін стандартты өнімдер оларды қанағаттандырмаған жағдайда таптырмайтын өнім болып табылады. Нарықта тауардың жекеленуі, кең мағынада оның коммерциялық сипаттамаларының бөлшектенуі неғұрлым жетілген техникалық көрсеткіші бар және сапалы жасалған өнімді шығару арқылы, төмен бағалы бұйымларды өткізу мен пайдаланудағы қызметтердің жоғары талаптарын таңдау негізінде ғана жүзеге асуы мүмкін.
Бөлшектенуге негізделтен маркетинг, қуатты ірі өндірушілердің бағалық бәсекелесінен бас тартуға мүмкіндік береді және олармен тұтынушылардың арнайы топтары үшін бәсекелесуге мүмкіндік туады. Бұл өз өнімдерінің ерекше, жаңа жолдарын анықтауға және нарыққа өзгешелік әкелуге жағдай жасайды. Бөлшектену стратегиясын пайдаланудың басты бағыты тұтынушылардың өнімге деген белгілі бір уәжін қанағаттандыруға күш салып өз мүмкіндіктерін тұтынушылардың арнайы қажеттіліктерін толық және жоғары сапалы қанағаттандыру мақсатында дамыту болып табылады.
Нарықты сегменттеу стратегиясы. Бұл стратегия бәсекелестік артықшылықтарды қамтамасыз етуге, көбінесе нарықтың белгілі бір сегментіне бағытталған. Ұйым өзінің санаулы мақсатты нарығында бәсекелестерге қарағанда неғұрлым тиімді қызмет ете алады және ресурстарды барлық нарықтарға бөліп орналастыра алады. Мақсатты нарықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру немесе тандап алынған сегментте қызмет ету кезінде аз шығындарға қол жеткізу мақсатында тауарларды саралау арқылы бәсекелестік артықшылықтарына қол жеткізеді. Өнімнің төмен өзіндік құнымен немесе нақты, географиялық жекеленген сегментте өнімнің үлкен таңдауын ұсына отырып, ұйым бәсекенің басқа да стратегияларын қолданатын бәсекелестер тарапынан болатын қарсы әрекеттерден өзін қорғай алады.
Сегменттеу стратегиясын көбінесе бөлшектенген өнімдер өндіретін ұйымдар қолданады. Барлық нарыққа қызмет көрсетуге ұмтылатын ұйымдар тауар жеткізу үшін үлкен шығындарды жұмсауға мәжбүр болады. Егер өнім тұтынушының талабы мен мүмкіндіктеріне толық жауап берсе, онда нарықтың белгілі сегментіне бағытталған маркетингтің үлкен пайда табуға мүмкіндігі болады. Сонымен қатар, ұйымдарда бөлшектенген өнімдер өндіру кезінде болатын үлкен шығындар орны таңдап алынған сегмент тұтынушыларына қажетті тауарлар жеткізуде тапқан үнемділік арқылы толықтырылады.
Жаңалық ендіру стратегиясы. Жаңалықты ендіру стратегиясын ұстанған ұйым жана, тиімді технологияны, осы уақытқа дейін белгісіз болып келген өнім түрлерін, өндірісті ұйымдастыру әдістерін, өткізуді ынталандыру тәсілдерін іздеуге бар күшін салады. Басты міндет бәсекелестерден озып кету, бәсекелестер жоқ немесе олар аз нарықта орнығу болып табылады.
Бұл көбінесе сатылатын көп өнімнің негізгі көзі болып табылады, бірақ нарықтың жаңалықты қабылдауға дайын болмағандығынан, жаңа бұйымның техникалық немесе технологиялық жағынан аяғына дейін өңделмегендігінен, бөлу каналдарының бос еместігінен, жаңа тауарларды таратуға тәжірибесінің жоқтығынан банкротқа ұшырап та жатады. Бұл стратегияны ұстануда үлкен тәуекелділікке тап болатындықтан, оның нәтижесінің белгісіздік деңгейінің жоғары болуына байланысты көп кәсіпорындар бұл бизнесте мамандануға бара бермейді. Алайда нарықта көшбасшы болу болашағы бар көптеген кәсіпорындар осы тектес жобаларды қаржыландыру мен материалдық қондауын тоқтатпайды.
Нарық қажеттілігін тез сезіну стратегиясы. Бұл стратегияны жүзеге асыратын кәсіпорындар бизнестің әртүрлі облыстарында пайда болған қажеттіліктерді барынша тез толығымен қанағаттандыруға бағытталған. Іс-әрекеттің негізгі қағидасы ағымдағы нарықтық жағдайда неғұрлым табысты бизнес-жобаларды таңдау және жүзеге асыру. Мұндай кәсіпорындарға өндіріс пен сауда ұйымдары жатады. Қысқа уақыт ішінде барынша мол пайда табу мақсатында бұл бизнесте маманданудың жоқтығынан болатын жоғары меншікті шығындарына қарамастан олар өз бизнесін тез арада қайта бейіндеуге дайын болады.
Шығарылатын өнімнің кең номенклатурасы бар және бизнестің әртүрлі саласында жүмыс атқаратын көптеген қазіргі кәсіпорындар даму кезеңдерінде немесе нарықтық сегменттерінде тауардың әртүрлі топтары үшін бірнеше стратегияны қолданады. Негізгі стратегияны таңдаудың басты белгісі ретінде әр стратегияның күшті және әлсіз жақтары және қалыптасқан нарық жағдайында оны пайдалану бойынша ұйымның нақты мүмкіндіктері бағаланады.
