- •Кәсіпорын ұғымы, мақсаты және түрлері.
- •2. Өндірістік кәсіпорындардың негізгі белгілері.
- •3. Кәсіпорынның басты міндеттері және функциялары.
- •4. Кәсіпорындардың қызмет етуінің ерекшелік белгілері.
- •5. Кәсіпорынның сыртқы ортасы:оның қызметіне ықпал ететін жағдайлар және факторлар.
- •6. Кәсіпорынның кәсіпкерлік міндеттері және құқықтары.
- •7. Негізгі және қосымша белгілері бойынша кәсіпорындардың жіктелуі.
- •9. Кәсіпорындардың бірлестіктері.
- •10. Кәсіпкерлік субьектілері, дара кәсіпкерлік.
- •11. Кәсіпкерлік нысандары және түрлері.
- •12. Кәсіпорынның негізгі капиталының экономикалық мәні олардың құрамы және құрылымы.
- •13. Негізгі қорлар тозуы, негізгі түрлері. Негізгі капиталды амортизациялаудың маңызы.
- •14. Амортизацияны есептеу әдістері: біркелкі, өндірістік, жеделдетілген, қалдық құнын азайту.
- •15. Айналым капиталы: оның маңызы, құрамы және құрылымы.
- •16. Айналым капиталының қаржыландыру көздері.
- •17. Айналым құралдарының айналымы.
- •18. Айналым құралдарының айналымдылығын және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер.
- •19. Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі.
- •20. Кәсіпорынның энергетикалық ресурстарын пайдалану.
- •21. Кәсіпорын персоналы: түсінігі және сипаттамасы.
- •22. Персоналдың сандык, сапалык сипаттамаларының көрсеткіштері. Персоналдық құрылымдық сипаттамасы.
- •23. Персоналдың жылжуын сипаттайтын көрсеткіштер.
- •24. Кәсіпорынның еңбек ресурстарына қажеттілігін анықтау.
- •25. Касіпорынның кадрлық жұмысының ерекшеліктері.
- •26.Кәсіпорынның қызметін тиімді атқару үшін ұЙымдастырушылық тәртіптің мәні және маңызы.
- •27. Еңбек ресурстарын пайдалану көрсеткіші – еңбек өнімділігі.
- •28. Еңбек уәждемесінің мәні мен формалары.
- •29. Еңбекке ақы төлеудің экономикалық мәні мен қағидалары.
- •30. Кәсіпорындағы еңбекақы түрлері және оны төлеуді ұйымдастыру.
- •31. Инвестицияның экономикалық мәні.
- •1. Нысан бойынша инвестициялау:
- •2. Ұзактығы бойынша инвестициялау:
- •3. Нақты секторда ұдайы даму түрлері бойынша:
- •4. Соңғы нәтижелерге байланысты:
- •5. Меншік түрлері бойьшша:
- •6. Қаржыландыру көздері бойынша:
- •7. Жобаны әзірлеу мен іске асырудағы үлесі және инвестициялық жобаға қатысушылардың құрамы бойынша:
- •32.Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеті.
- •34. Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің стратегиясы.
- •36. Қазақстан республикасын үдемелі индустриялық-инновацинлық дамьпу жөніндегі саясаты.
- •37. Инновацияның маңызы және жіктелуі.
- •38. Кәсіпорынның инновациялық қызметі: маңызы және міндеттері. Жаңашылдықты басқару.
- •39. Шығындардың экономикалық маңызы, түрлері және құрамы.
- •40. Кәсіпорын шығындарының жіктелуі.
- •41. Экономикалық элементтері мен калькуляция баптары бойынша шығындардың жіктелуі.
- •42. Калькуляциялау, оның түсінігі және қағидалары.
- •43. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері.
- •44. Кәсіпорынның маркетингтің қызметінің ерекшеліктері.
- •45. Стратегиялық жоспарлау және маркетингтік тәсіл.
- •46. Маркетинг стратегиясын таңдау және жүзеге асыру.
- •47. Жоспарлау түрлері.
- •48. Кәсіпорын жоспарларының құрылымы. Өндіріс ішіндегі жоспарлау.
- •49.Өнімнің бәсекеге қаблеттілігі:түсінігі,оның деңгейін көтеру қажеттілігі.
- •50.Өнім сапасы:түсінігі, көрсеткіші, және оның денгейін көтеру жолдары.
- •51. Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі.
- •52. Сапаны басқарудағы жаңа стратегия.
- •53. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін өсірудегі бағаның рөлі.
- •54.Экономикалық категория ретіндегі бағаның маңызы мен функиялары.
- •55. Баға жүйесі және оның жіктелуі.Баға деңгейіне әсер ететін факторлар.
- •56. Кәсіпорынның баға саясаты және баға белгілеу әдістері.
- •4. Баға жасау әдістері.
- •57. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің мәні.
- •58.Кәсіпорынныың бәсекеқабілеттілігіне ықпал еттетін факторлар.
- •59.Кәсіпорынның қаржысы түсінігі және функциялары.
- •60. Кәсіпорынның қаржы қатынастарының қалыптасу нысандары.
- •61. Кәсіпорынның қаржы қызметін ұйымдастырудың негізгі қағидалары мен бағыттары.
- •62. Қаржы механизмі: құрамдас элементтері, құқықтық, нормативтік және ақпараттық қамтамасыз ету.
- •63. Кәсіпорынның қаржы ресурстары. Қаржылық жоспаралау.
- •64. Кәсіпорындағы қаржы ресурстарының қалыптасу көздері.
- •65. Банкроттықтың түсінігі және белгілері.
- •66. Банкроттық және дағдарыс кезінде кәсіпорынды қайта құру және басқару.
- •68. Табыс және пайда – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерін жиынтық көрсеткіші ретінде.
- •69. Қр салық кодексіне сай салықтық жылдық жиынтық табысты есептеуде анықталатын табыс түрлері.
- •70. Кәсіпорын пайдасының қалыптасуы және бөліну тәртібі.
- •71. Кәсіпорынның төлейтін салқытарыдың сипаттамасы.
- •72. Өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызы және оның түрлері.
- •73. Өндірістің жалпы тиімділігі және оның көрсеткіштер жүйесі
- •74. Өндіріс тиімділігінің жекелеген (дифференцияцияланған) көрсеткіштері.
- •75. Кәсіпорынның рентабельділік (табыстылық) көрсеткіші.
- •76. Өндіріс қызметінің тиімділік көрсеткіштері.
- •77. Қазақстан республикасының арнайы экономикалық аймақтарында кәсіпорындардың қызмет ету ерекшеліктері.
- •78. Қазақстан республикасының технопарктер: олардың түрлері және қызмет ету ерекшеліктері.
- •79. Қазақстан республикасының бизнес-инкубаторлар және оның қызметі.
- •80. Қазақстан республикасының индустриялық-инновациялық жүйесі, ерекшеліктері.
- •81. Қазақстан республикасының әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, олардың қызмет етуінің ерекшеліктері.
- •82. Қазақстан республикасының ұлттық холдингтік компаниялары, олардың қызмет ету ерекшеліктері.
45. Стратегиялық жоспарлау және маркетингтік тәсіл.
«Маркетинг» ұғымы ағылшынның «market» (нарық) сөзінен шыққан және нарыққа ену деген мағынаны білдіреді. Қазіргі заманғы маркетинг - бұл сатып алушының қажеттілігін қанағаттандырудың және ұйым мақсатына жетудің тиімді тәсілдерінің көмегімен сатып алу-сатуды жүзеге асыру үшін нарықты зерттеуді, тауарды өндіруді және тауарды жылжытуды зерттейтін іс-әрекет. Маркетинг негізінде жатқан негізгі идеологиялық алғышарт сатып алушылардың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін өзінің пайдасын азайтуға емес, керісінше пайданы көбейту және нарықтық үлесті кеңейтудің тиімді тәсілімен қанағаттандыру.
Маркетингті пайдаланудың экономикалық мәні негізгі және айналмалы капиталдардың қайтарымын тездету, өндірістің жұмылдырылуын және бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру, қазіргі тауарларды жасау және олардың нарықтағы жылжуын тек тездету ғана емес, барынша өнімді көп табысты нәтиже алатындай етіп жылжыту.
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқару жүйесінде, сонымен қатар коммерциялық үйымдардың бірқалыпты жүмыс істеуін қамтамасыз етуде айрықша орын алатын жоспарлау ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін күш-жігер жұмсайтын бағытын біріктіруді қамтамасыз ету әдісі.
Жоспарлаусыз жүйе уақытқа байланысты өзгермейді және сыртқы ортадағы өзгерістерге бейімделмейді.
Кәсіпорынның көлеміне, қойылған мақсаттарының сипатына және оларды орындалу уақытының мүмкіндігіне байланысты жоспар әртүрлі болуы мүмкін. Осыған сәйкес жоспарлау келесідей болып бөлінеді:
- ұзақ мерзімді, 5 жылдан 15 жыл мерзімге дейін есептелінген және ұзақ мерзімді болжамдар негізінде кәсіпорынның ресурстарын тиімді қолдануына бағытталған кәсіпорынның болашағы бар мақсатарды қалыптастыруды қарастырады;
- орта мерзімді, 1 жылдан 5 жыл мерзімге дейін. Орта мерзімді жоспарлар ұзақ мерзімді жоспарлармен салыстырғанда егжей-тегжейлі болып келеді, сандық көрсеткіштердің көптеген түрлері болады және бұл жоспарларда ресурстарды бөлуге көп көңіл бөлінеді.
- қысқа мерзімді, немесе ағымдағы бір жыл мерзімге есептелінген.
Стратегиялық жоспарлау жоспарлаудың басқа түрлеріне қарағанда ерекше өзгешеліктері бар, себебі «өткеннен болашаққа» деген дәстүрлі тәсілді пайдаланбайды, оның орынына «болашақтан бүгінге» деген қағиданы ұстап, басқарушылық шешімдерді талдау мен қабылдау бағытын қолданады. Негізгі қиыншылықтың түрі осы болады: «базадан» жоспарлауды бәрі біледі, ал бизнестің болашағына негізделген түсінікке негізделіп өзінің ағымдағы әрекетінің жоспарын жасау әр кімнің қолынан келе бермейді.
Стратегиялық жоспарлау ұзақ мерзімді жоспарлаудың орнына келді және ол кәсіпорынның жоспарлау іс-әрекетінде басты орын алды. Ұзақ мерзімді жоспарлауға қарағанда стратегиялық жоспарлауда кәсіпорынның іс-әрекетінің аумағы көлемді болып келеді, оған ұйымның ішкі ортасының негізгі элементтерінен басқа сыртқы ортаның әлеуметтік факторлары, тұтынушылардың талғамдылығы мен қажеттілігі, бәсекелестердің қимылы және т.б. сияқты факторлары кіреді.
Стратегиялық жоспарлаудың ұзақ мерзімді жоспарлаудан басты айырмашылығы кәсіпорынның болашақта дамуының баламалы түрінің нұсқалылығында.
Маркетинг стратегиясы алға қойған мақсаттарға жетуге маркетингтің кейбір іс-шараларын бағыттаушы және бағдар беретін маңызды, орташа немесе үзақ мерзімді шешімдер. Алға қойылған мақсаттардың, нарықтың (нарықтардың) дамуының үзақ мерзімді болашағын болжау, тұтынушылардың қажеттілігін талдау, кәсіпорынның ресурстар мен мүмкіндіктерін бағалау негізінде стратегия әзірленеді.
Маркетинг стратегиясын әзірлеу кәсіпорынның іс-әрекетіне бағдармалық-мақсаттық тәсіл қолдану. Маркетинг стратегиясының ауқымды негізгі бағыттары төмендігідей болып келеді:
1. Сегменттеу стратегиясы - бұл барлық тұтынушылар тобын ұсынылатын тауарлар және көрсетілген қызметтермен қанығу дәрежесін тереңдету, нарық сұранысын барынша тереңдетуді таңдау;
2. Әртараптандыру стратегиясы - бұл тауарлардың жай әртараптануын ғана емес, сонымен қатар кәсіпорын саласындағы іс-әрекеггің негізгі түрлерімен байланысты емес кәсіпкерлік іс-әрекеттің өте жаңа түрін тарату.
3. Интернационалдандыру стратегиясы бұл жаңа, шетел нарықтарын игеру.
Жалпы стратегияның шеңберінде әртүрлі болатын нақты жеке стратегиялар әзірленеді. Олардың сипаттамасы үшін келесі стратегиялық факторлар колданылады:
- нарықты кеңістік бойынша бөліп көрсету (жергілікті, аймақтық, ұлттық);
- нарықпен танысу (ескі нарық, туыс нарық, жаңа нарық);
- нарықты өңдеу деңгейі (сараланған, сараланбаған);
- бәсекелестерге деген қатынас (енжарлы, бейтарапты, тартып алу әрекеті);
- өсу қарқынына қатынасы (тез өсу, орташа өсу, өндірісті тоқтату).
Мақсат - бұл кәсіпорын өзінің іс-әрекетінде ұмтылатын бағдары. Кәсіпорынның мақсаттарын жоспарлау бірнеше кезеңдерден тұрады.
Дұрыс бағыттың жолын таңдау үшін кәсіпорынның бастапқы жағцайын білу қажет. Ол үшін жоспарлаудың бірінші кезеңінде ағымдағы іс-әрекеттерге жан-жақты талдау жүргізіледі (жағдайлық талдау). Мұндай талдау кәсіпорынның ішкі мүмкіншіліктері мен ресурстарын, оның әлсіз және күшті жақтарын бағалауға, сыртқы ортаның өзгеру үрдісінің өзгеруін және кәсіпорынның сол өзгерістерге бейімделу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Барлық зерттеулер жүргізіп және қызығушылық танытқан сұрақтарға жауап тапқаннан кейін, келесі екінші кезеңге өтуге кәсіпорынның мақсатын дайындауға болады. Мақсат келесі сипаттарға ие болу керек:
1. Нақтылығы және өлшенетіндігі;
2. Қол жетімділігі;
3. Уақыт бойынша бағдарланғаны;
4. Таңдап алуы;
5. Мақсаттардың қойылуында қызметкерлердің қатысуы.
Мақсаттардың нақтылығы және өлшенетіндігі іс-әрекеттің әртүрлі қырында дәл тапсырманы анықтауды білдіреді. Мақсаттың орындалуын тексеру үшін ол сан түрінде көрсетілуі керек.
Мақсаттарға қол жетімділігі бұл жоспарды құру кезіндегі міндетті талап. Мақсаттар орындала алатын болуға тиіс және іс-әрекет бағыттарын көрсетіп отыруы керек. Оларды орындауға нақты бөлімшелер мен қызметкерлерге тапсыруға болатындай етіп жеке мақсаттарға бөлу керек.
Уақыт бойынша бағдарланғаны әртүрлі уақыт аралығындағы (ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді) мақсаттардың арақатынасын анықтайды. Бұл тек нәтижені ғана емес, сонымен қатар оның орындалу мерзімін білуге де мүмкіндік береді.
Мақсаттарды таңдауда өте сақ болуға тиісті. Кәсіпорынның алцында түрған көптеген міндеттердің ішінен мақсат ретінде кәсіпорынның ресурстарын шоғырландыруға болатын ең маңыздыларын бөліп алу керек. Мақсаттардың басымдықтары анықталуы керек. Ол үшін төмендегідей болатын мақсаттар ағаштарын қүрастыру әдісін пайдалануға үсынылады: басты мақсатқа сүйене отырып және осы мақсатқа жету үшін негізгі мақсаттардың деңгейі бойынша ең төменгі деңгей қүрылады, содан соң аралық және тағы басқа деңгейлер анықталады.
