Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-82_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.67 Кб
Скачать

42. Калькуляциялау, оның түсінігі және қағидалары.

Калькуляциялау деп кәсіпорын өнімінің (жұмыс, қызмет) жеке данасының өзіндік құнына қатысты шығындардың түрлеріне байланысты есептеу және ол шығынның әр түрі бойынша өнімнің бір өлшеміне немесе орындалған жұмыстың әртүрлі көлеміне жұмсалған қаржының мөлшерін анықтау тәсілдерінің жиынтығын айтамыз, ал осы үдерістің нәтижесі калькуляция деп аталады.

Өзіндік құнды калькуляциялау ол бағаны негіздеу мен өнімдердің жеке түрлерінің табыстылығын анықтайтын қажет і алдыңғы шарт.

Өзіндік құнды калькуляциялаудың ерекше айырмашылығы - ол, әдетте, өнімнің көптеген түрлерінің әртүрлі деңгейдегі дайындығымен байланысты және уақытымен шектелуі тиіс.

Калькуляциялау өнімнің жоспарлы өзіндік құнын есептеу және өндіріс шығындарының сметаларын әзірлеу әдісі болып табылады. Жоспарлы және нақты өзіндік құнды калькуляциялауда шығындардың көрсеткіштері, мазмұны, жанама шығындарды бөлу әдістемесі, калькуляциялау нысандары мен калькуляциялық бірліктері бойынша салыстырмалы болуы тиіс.

Калькуляциялауды жасау мерзіміне қарай алдын ала және кейінгі (немесе кезектегі) калькуляция болып екіге бөлінеді.

Алдын ала жасалатын калькуляция өнімді шығарғанға дейін өндіріске қажетті деңгейдегі шығындардың мөлшерін топшылайды. Оған жоспарлы, сметалық және нормативттік калькуляция жатады, мысалы:

- жоспарлы калькуляция жоспарлы кезеңдегі шығындарды есептеу арқылы анықталған жеке өнімнің өзіндік құнының деңгейі бойынша тапсырма болып табылады; Ол өнім өндіруге кететін шекті шығынның мөлшеріне сәйкес негізделеді, өнімге (жүмысқа, көрсетілген қызметке) және өнім бірлігіне мүмкін болатын шығындардың деңгейінде анықталады, бірақ ол кезде еңбекақының, энергияның, отынның, материалдардың мөлшері, өндірістің технологиясы, сондай-ақ оларды пайдалану жолдары ескеріледі.

- сметалық (болжамдық) калькуляция сырттан жасалған бір реттік тапсырыс бойынша өнімге (жұмысқа, көрсетілген қызметке) кететін шығындарды анықтау үшін жасалады. Оны есептеу әдістемесі жоспарлы калькуляцияны құру әдістемесі сияқты. Ол жоспарлы калькуляцияны жасауға және тапсырыс берушімен есептескенде сметалық калькуляция келісім бағаны анықтауға негіз болып табылады.

- нормативтік калькуляция ағымдағы жоспарлы калькуляцияның бір түрі болып табылады. Жоспарлыдан оның айырмашылығы өнім бірлігінің өзіндік құнының белгілі бір уақыттағы деңгейін көрсетеді және қор шығындарының сол уақытта қолданып жатқан мөлшерлері бойынша құрылады. Нормативтік калькуляциялар өзіндік құны бойынша жоспардың орындалуына бақылау жасауға арналады. Бұл аталған әдіс шығындарды есептеудің нормативтік әдісін және кәсіпорынның өзінде пайдаланып жүрген өнімнің өзіндік қүнының калькуляциясын қолданады.

- жобалық калькуляция күрделі жұмыстарды орындағанда қолданылады, жобаланатын өндірістер мен технологиялық үдерістердің экономикалық тиімділігін негіздеу үшін іріленген жұмсалымдар нормативтері бойынша жасалады.

Келесі (немесе кезекті) калькуляция өнім шығарылғаннан соң бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша жасалынады. Оған нақты (есеп беру) калькуляциясы жатады, ол өнім (жұмыс, көрсетілген қызмет) бірлігінің нақты өзіндік құнының деңгейін көрсетеді. Ол жоспарлы калькуляциялағыдай баптар бойынша жасалынады. Мұнда жоспарлы калькуляцияда көрсетілмеген ысыраптар мен шығындар айқын көрінді. Мерзімдік және жеке өндірістен басқа нақты калькуляциялар әдетте ай сайын өндірілетін өнімнің барлық түрлері бойынша жасалынады. Олар өнімнің өзіндік құнының құрылымы мен деңгейінің өзгеруін талдау жасау үшін қолданылады.

Өнімнің өзіндік құнының нақты (есеп беру) калькуляциясы нақты шығындармен сипатталады, ал ол жоспарлыдан кәсіпорынға байланысты себептері бойьшша да (өнімді өндірудің орындалуы немесе орындалмауы, кейбір шығындар түрлерінің артық немесе кем жұмсалуы) және оған байланыссыз себептері бойынша да (материалдарға бағаның өзгеруі, амортизациялық аударымдардың мөлшері, суға, газға, жылуға, электр энергиясының тарифіне өзгерістер енгізілуіне байланысты) ауытқуы мүмкін. Калькуляцияның бұл түрі нақты шығындар туралы есеп беру мәліметтерінің негізінде дайындалады.

Болжамдық калькуляция нақты шығындар және тоғыз айдың ішінде алынған өнімдер немесе басқа да кезеңге есептелген шығындар деңгейінде жасалады.

Калькуляцияның бұл түрі ағымдағы жылдағы өндірілген өнімнің нәтижесін алдын ала бағалау үшін пайдаланылады.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауда оның нысанын дұрыс анықтау маңызды мәселе болып табылады, яғни тиісті шығындар жатқызылатын калькуляцияланатын өнім (жұмыс, көрсетілген қызмет) түрін анықтау.

Калькуляциялау нысанын таңдағанда технологиялық үдерістің ерекшеліктерін, өндірілетін өнімнің сипатын, кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын және калькуляциялау мақсатын ескеру қажет. Өндірілетін өнімнің технологиясы мен сипатына байланысты мыналар калькуляциялау нысандары болуы мүмкін:

- өндірістің тұтас немесе жекеленген үдерістерінің шығындары бойынша бір өнім немесе өнімдер кешені. Бұл жерде бастапқы шикізат пен материалдардың дайын өнімге айналу технологиясы рет-ретімен орындалатын үдерістердің қатарынан түрады, бүл металургия, химия, женіл (тоқыма) өнеркәсіптерінде кездеседі;

- кәсіпорын немесе жекелеген цехтар, телімдер шығындары бойынша анықталатын өнім, біртекті өнімдер тобы, бір уақытта өндірілетін өнімдер топтамасы. Бұл жағдайда дайындалатын өнімдер технологиялық немесе заттық белгілері бойынша ұйымдастырылған цехтарда өндеуден өтеді, бұл машина жасау кешенінде және өңдеу өнеркәсібінің басқа да салаларында кездеседі;

- белгілі бір жұмыстарды (тиеу-түсіру, тасымалдау) орындауға маманданған кәсіпорындардағы жұмыстың түрі.

Көптеген сапалардың кәсіпорындары үшін калькуляциялау нысаны ретінде тауарлы өнім қолданылады, ал цех немесе телімдер үшін тауарлы өнтмнің құрамына кіретін жартылай өңделген өнім және жұмыстардың жекелеген түрлерінің (жөндеу, тасымалдау және т.б.) өзіндік құны нысан бола алады.

Калькуляцияның нысаны болып өнім түрлері, жұмыстар, көрсетілген қызметтер саналады. Өнеркәсіпте есеп нысаны өте жиі калькуляциялау нысанымен сәйкес келеді.

Калькуляциялау нысанын негіздеумен қатар калькуляциялық бірлікті дұрыс анықтаған да өте маңызды, ал калькуляциялық бірлік дегеніміз калькуляциялау нысанын өлшейтін бірлікті айтамыз.

Өнеркәсіптің көптеген салаларында калькуляциялық бірлікті анықтауда өнім өндірісі салаларына сәйкес іске асырылатын стандарттар мен техникалық шарттары негізгі өлшемі болып саналады. Калькуляциялық бірлік өнімнің сандық жағын бейнелей отырып, экономикалық біркелкі және уақыт жағынан тұрақты болуы тиіс.

Калькуляциялық бірліктің келесі түрлерін бөліп көрсету қажет:

- заттық калькуляциялық бірліктер (дана, тонна, метр, квтсағат) өнім көлемін табиғи өлшемдермен сипаттайды және өнімнің өзгешелігін көрсетеді; оларды өлшеуге, есептеуге және бағалауға болады. Өнеркәсіптің көптеген салаларында кәсіпорындар өнімінің кең көлемді тауар атауларын өндіреді, олар түрлерге, сұрыптарға, өлшемдерге бөлінеді. Мұндай жағдайда калькуляциялық бірліктердің өнімнің заттық өлшемдерімен толық сәйкес келуін талап ету өзіндік қүнды калькуляциялау жүйесін шектен тыс күрделендіріп жіберуі мүмкін. Сондықтан бірқатар өнімдерді немесе олардың түрлерін біріктіретін іріленген калькуляциялык бірліктерді қолдануға тура келеді;

- шартты-затты калькуляциялық бірліктер біркелкі өнім көлемін шартты салыстырмалы өлшемдермен көрсетеді (шынының шартты жәшігі, тұмшаның шартты банкісі). Өнім түрлерін шартты-заттық көрсеткіштерімен есептеп ауыстыру коэффициенттері бойынша іске асырылады, олар біркелкі өнімнің сапалық өлшемдерінің, еңбек сыйымдылығының және т.б. ара-қатынасына байланысты белгіленеді;

- шартты калькуляциялық бірліктер өнімдегі пайдалы заттың белгілі бір мөлшерін көрсетеді, мысалы азық бірлігіндегі сіңірілетін протеин;

- еңбектік өлшемдегі калькуляциялық бірліктер (мөлшер-сағат) өнім өндіруге немесе қызмет көрсетуге қажетті жұмыс көлемін сипаттайды. Маманданған кәсіпорындардағы жүұмыстардың калькуляциялык бірлігі т/км, машина/сағ., машина/аусымы түрінде көрсетіледі;

- құндық калькуляциялық бірліктер: бір теңге өнімге келетін шығындар, белгілі бір өнімнің немесе жүмыстың бір мың теңге өндірісіне тиісті шығындар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]