Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-82_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.67 Кб
Скачать

39. Шығындардың экономикалық маңызы, түрлері және құрамы.

Шығындар дегеніміз - кәсіпорынның өндірістік және өткізу қызметін атқару үшін керекті өндірістік факторлардың ақшалай көрінісі. Кәсіпорын шығындары бөлінеді:

Жиынтық шығындар – бұл өндірісті ұйымдастыру және өнімді өткізу бойынша кәсіпорынның жұмсайтын шығындары.

Сыртқы жиынтық шығындар – кәсіпорынның меншік иесі болып табылмайтын шеттегі тұлғалардан ресурстарды сатып алумен байланысты кәсіпорынның ақшалай түрдегі шығындары.

Ішкі жиынтық шығындар – тікелец ақшалай төлемдерді талап етпейтін кәсіпорынның өз меншігіндегі ресурстарды өндіруге жұмсалынған шығындар. Мұнда берілген нақты өндіріске ресурстарды қайтарудан болатын шығындардың орнын толтыру шығындарын да жатқызады.

Сыртқы жиынтық шығындар + Ішкі жиынтық шығындар = Жалпы жиынтық шығындар

Жалпы жиынтық шығындар +Пайда = Экономикалық шығындар

Адам кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысу үшін жеткілікті мөлшердегі кәсіпкерлік сыйақыны кәсіпкер талабына сәйкес пайда деп атаймыз.

Шығындардың айналым сипатына және өзгеріс ерекшеліктеріне қарай келесі болып бөлінеді:

1. Тұрақты жиынтық шығындар – өнім өндіру көлеміне тікелей байланыссыз шығындар, бұл шығындарды кәсіпорын өндіріс толық тоқтаған жағдайда да жұмсайды.

2. Айнамалы жиынтық шығындар – өнім өндіру көлеміне тікелей байланысты шығындар, олар шикізат, энергия, өндірістік қызметтерді және т.б. сатып алуға жұмсалған шығындарды қамтиды.

3. Жалпы жиынтық шығындар – тұрақты және айнымалы жиынтық шығындар қосындысы.

4. Орташа тұрақты жиынтық шығындар – өнім бірлігіне кететін тұрақты шығындар.

5. Орташа айнымалы жиынтық шығындар – өнім бірлігіне кететін айнымалы шығындар.

6. Орташа жалпы жиынтық шығындар – өнім бірлігіне кететін жалпы шығындар.

7. Шектік жиынтық шығындар – кәсіпорынның тағы бір қосымша өнім бірлігін өндіруге кететін қосымша шығындары.

40. Кәсіпорын шығындарының жіктелуі.

Жіктеудің мәні - өндіріс үдерісінде кейбір шығындар түрінің атқарымдық рөліне негізделген экономикалық біртектілігі бойынша сипатына шек қою болып саналады. Шығындарды жіктеу төмендегі түрде жүргізіледі:

- материалдық шығындар (қайтарылатын қалдықтардың құнын шегеріп тастағанда);

- еңбекақыға кеткен шығындар;

- әлеуметтік салықтарға аударымдар;

- негізгі қорлардың амортизациясы;

- басқа да шығындар.

Экономикалық элементтері бойынша шығындарды жіктеу өндіріске қажетті шығындардың сметасын жасауға негіз болады, оның көмегімен өндірістің жұмысы талданылады, оның ішінде өндірістің техникалық деңгейі, еңбек сыйымдылығы, еңбек өнімділігі анықталады; кәсіпорынның негізгі және айнымалы қорларға деген қажеттілігі белгіленеді.

Бірақ экономикалық элементтер бойынша шығындарды жіктеу өнім бірлігінің өзіндік құнын және кәсіпорынның жекеленген бөлімшелерінің шығын мөлшерін анықтауға мүмкіндік бермейді. Бұл үшін баптары бойынша калькуляциялау атгы әдіспен шығындарды басқаша жіктеу қолданылады. Бұл жіктеудің мәні шығындардың мақсатты пайдалануы мен пайда болған орны бойынша шектеу болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорын шығындары өндірістің міндетіне қарай топтастырылады, бір түрлі шығындар әртүрлі пайдалануы мүмкін. Сонымен, отын технологиялық мақсатқа, одан басқа жылыту үшін де қолдануы мүмкін, яғни шығындар белгілі бір өнімді шығарумен ғана емес, басқа да мақсаттарда пайдалануы мүмкін.

Калькуляцияның баптары бойынша шығындарды жіктеу өзінің ерекшеліктеріне байланысты әрбір өндіріс саласында бірбірінен айырмашылықтары болуы мүмкін. Сонда да болса қазіргі кезде төменгі баптар бойынша жіктеледі:

- шикізат пен материалдар;

- қайтарылатын қалдықтар (шегеріліп тасталады);

- сатып алынған бұйымдар, жартылай өңделген өнімдер және сыртқы мекемелердің өндірістік сипаттағы қызметтері;

- технологиялық мақсатта қояданатын отын мен энергия;

- өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы;

- әлеуметтік салыққа аударымдар;

- үстеме шығыстар;

- жалпы және әкімшілік шығыстар;

- тауарлы-материалдық қорларды өткізу жөніндегі шығыстар;

- пайыздарды төлеу жөніндегі өтемдер.

Шығындардың баптары бойынша өзіндік құнды толық дәлелдеу шығындарды әртүрлі талдамалық топтастыру арқылы жүзеге асырылады. Белгілі бір сипаты бойынша барлық жиынтық шығындарға жүйелі шектеу қоятын жоғарыда көрсетілген саралаулардан бұның бір айырмашылығы - ондай мақсатты алдынa қоймайды. Калькуляциялық баптардың көмегімен барлық шығындар екіге бөлінеді, әрқайсысы топтасудың негізі болатын нышанға қатысы бар екенін көрсетеді.

Шығындарды талдамалық топтастырудың көптеген түрлері бар, солардың ішінде негізгілері төмендегідей:

1. Шығындардың пайда болу орны бойынша өндірістік және кезен шығыстары (коммерциялық) болып бөлінеді. Өнімді жасаумен тікелей байланысты шығындар өндірістік шығындардың қатарына жатады. Дайын өнімді сатумен байланысты шығындар коммерциялық шығындар деп аталады. Дайын өнімді сатумен байланысты шығыстар екіге бөлінеді: көліктік және өткізу шығыстары. Дайын өнімді тасымалдау өндіріс үдерісінің жалғасы болып табылады және оның құрамына өнімді тиеуге, түсіруге кеткен шығыстар және тасымалдау тарифтері кіреді. Өткізу шығыстары буып-түю және сұрыптау үшін, дайын өнімді сақтау үшін, қызметкерлердің еңбекақысына, іс-сапарына кеткен шығындарынан тұрады.

2. Мақсатқа сәйкестігі бойынша шығындар өндірістік және өңдірістік емес болып екіге бөлінеді. Өндіріс жағдайында қажеттілігі дәлелденген және мақсатқа сай келген шығындарды өндірістік деп атайды. Технологияның және өндірісті ұйымдастыру кемшіліктерімен, ақаулы өнім шығарғаннан келген және т.б. шығындар өндірістік емес шығындар қатарына жатады.

3. Әртүрлі өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша шығындар тікелей және жанама шығындар деп екіге бөлінеді. Тікелей шығындар деп экономика жағынан біртекті шығындарды атаймыз, олар негізделген мөлшер мен нормативке сәйкес өнімнің нақты түрінің өзіндік құнына тікелей жатқызылады Оларға жататындар: шикізат пен негізгі материалдарға, тасымалдау-дайындауға, технологиялық мақсатқа жұмсалатын отын мен энергияға, өндірістік жүмыскерлердің еңбекақысына әлеуметтік салықтарға кететін шығындар. Ал жанама шығындар деп жеке бұйымдарды өндіргенде олардың тікелей құрамына қатысты нышанын анықтау мүмкін болмайтын жағдайдағы шығындарды айтамыз, себебі олар өнімнің бірнеше түрін жасаумен немесе жөндеудің неше түрлі сатысынан өтеді. Оларды кешенге топтастырады, сонан кейін қандай да бір шартты негізге сүйене отырып, нақты белгілі бір бұйымның өзіндік құнына парапар бөліп таратады. Оларға мыналар жатады: негізгі өндірістік құралдарды жұмысқа қабілетті жағдайда ұстап тұру шығындары; қосалқы өндірістік персоналдың енбекақысы, сыйлықақы, ынталандыратын төлемдер мен өтемақылар; бекітілген мөлшерлер бойынша косалқы өндірісте жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбекақы жұмсалымдарынан және әлеуметтік салыққа төлемдерінен; өндірістік қорларды жалға алғаны үшін төлемақы; өндірістік қызметпен байланысты іс-сапар шығыстары; тоқтап қалудан пайда болған зияндар, сондай-ақ басқа да өндірістік шығыстар мен жоғалтулар.

4. Өндіріс көлемінің өзгерісіне қатысты шығындар айнымалы және шартты-тұрақты (үйлесімді, үйлесімсіз) деп бөлінеді. Айнымалы шығындар өндіріс көлемінің өзгеруіне белгілі бір түрде тура байланысты болады. Оған жататындар: шикізатқа, технологиялық мақсатқа жұмсалған отын мен энергияға, өндірістік жұмыскерлерге төленген еңбекақы және одан төленетін әлеуметтік салықтарға деген жұмсалымдар. Ал шартты-тұрақты шығындар шамасы өндіріс көлемінен өзгермейтін немесе өте аз өзгеретін шығындар. Әдетте, бұл шығындар өнімдерді жасауда тікелей байланысты болмайды және өндіріске қызмет ету және басқаруға қажетті шығындар түрінде көрінеді. Оған жататындар үстемелі және кезең шығыстары. Шартты-тұрақты шығындар белгілі бір шекке дейін ғана тұрақты болуы мүмкін.

5. Экономикалық мағынасына қарай болатын шығындар негізгі және үстемелі деп бөлінеді. Негізгі шығындарға өнімді жасаудын технологиялық үдерісіне тікелей байланысты және баскарудың деңгейіне және ұйымдастыру нысанына тәуелсіз болмайтын шығындарды жатқызамыз. Бұл шығындар шикізатқа, материалдарға, технологиялық отын мен энергияға, әлеуметтік салықтарды қосқандағы өндіріс жұмыскерлеріның еңбекақысына, машина мен құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтуге кеткен және т.б. шығындарды атаймыз. Ал үстемелі шығыстар өнімді жасаудағы технологиялық үдеріске тікелей байланысты болмайды, ал ол өндірісті ұйымдастыру, басқару және қызмет көрсету жұмыстарының белгілі бір шарттарына байланысты пайда болады. Сондықтан оларға жататындар: негізгі және қосалкы өндірістерге қызмет көрсету үшін пайдаланған материалдар мен қызметтер; негізгі және қосалқы өндірістерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейтін өндірістік (цехтық) персоналдың еңбекақысы және одан алынатын әлеуметтік салықтар; амортизациялық аударымдар; өнімді өткізуге қажетті шығыстар; өнімді өткізу шығыстары, әкімшілік шығыстар; қаржыландыру шығыстары.

6. Экономикалық біртектілігіне қарай қарапайым және күрделі деп бөлінеді. Қарапайым (біртекті) шығындар бір экономикалық элементтен тұратын шығындар, оларға жататындар: шикізатқа, материалдарға, технологиялык отын мен энергияға, әлеуметтік салықтарды қосқандағы өндіріс жұмыскерлерінің еңбекақысына кететін шығындар. Ал күрделі (кешенді) шығындар бірдей мақсатты мәні бар бірнеше әр текті экономикалық элементтерден тұратын шығындар. Оған жататындар: машина мен құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтуге кеткен, үстемелі шығыстар, өнімді өткізу шығыстары, әкімшілік шығыстары; қаржыландыру шығыстары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]