Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-82_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.67 Кб
Скачать

38. Кәсіпорынның инновациялық қызметі: маңызы және міндеттері. Жаңашылдықты басқару.

Инновациялық қызмет ғылыми ізденістер мен дайындамалардың, ғылыми-техникалық жетістіктердің немесе басқа да ақыл-ой жемісінің жаңа немесе жетілдірілген өнім түрінде, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдіс түрінде, жаңа немесе жетілдірілген қандай да бір іс-әрекет, туынды түріндегі көрінісі. Инновацияны тек өндіріске немесе қызметке, тауарға немесе өнімге ғана қарастыруға болмайды, оның мағынасы кеңірек, ол адамзат өміріндегі барлық қоғамдық, рухани, мәдени, шаруашылық салаларда оң нәтиже берген көрініс, құбылыс.

Инновациялық қызметке әдетте мына қызмет түрлерін жатқызады:

  • қоғамды басқару саласына жаңа идеялар мен ғылыми білімдерді енгізу;

  • экономикалық айналымда жүзеге асырылатын жаңа немесе жетілдірілген өнімді (қызметті, жұмысты), жаңа немесе жетілдірілген үрдісті дайындауға бағытталған ғылыми-ізденушілік, жобалық, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға қызмет ету және орындау;

  • инновациялық өнімдерді (қызметтерді, жұмыстарды) өткізу нарықтарын ұйымдастыру;

  • технологиялық жарақтану мен өндірісті дайындауды жүзеге асыру;

  • жаңа технологиялық процестерді, тауарларды сертификаттау мен стандарттау мақсатында сынақтар өткізу;

  • жаңа немесе жетілдірілген өнімді (қызметті, жұмысты) өндіру және инновациялық жоба нормативтік ақталу мерзімі жеткенге дейінгі оның бастапқы кезеңінде жаңа немесе жетілдірілген технологияны қолдану;

  • инновациялық инфрақұрылымды құру және дамыту;

  • инновациялық қызмет нәтижелерін дәріптеу және инновацияларды тарату;

  • игеру және іске асыру мақсатында интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықтарды беру, иемдену және қорғау;

  • инновацияларды дайындауға бағытталған басқа қызмет түрлері.

Инновациялық қызметтің нәтижелі жүруі инновациялық үрдістің туындап,оның қайтарылуына негіз болады. Ал инновациялық үрдіс нақты бір идеяның соңғы нәтижеге жетуіне дейінгі іс-әрекеттен тұрады. Ол нәтиже инновациялық өнім, қызмет, жұмыс түрінде көрініс табады.

Инновациялық үдріс – бұл инновацияны жасау, игеру, тарату және пайдалану.

Инновациялық үрдіс мынандай кезеңдерді қамтиды:

  • идеяның пайда болуы;

  • идеяны өндіріске енгізу үшін оның тиімділігіне негіздеу;

  • инновациялық жоба жасау;

  • технологиялық игеру;

  • алынған өнімді жарнамалап, нарыққа ұсыну;

  • оның нарықтағы өмірлік кезеңінің ұзақтылығын қамтамасыз ететін шаралар енгізу;

  • құлдырау кезеңіндегі инновациялық өнімді жаңарту жұмыстары.

Инновациялық менеджменттің міндеттері:

  • кәсіпорынның инновациялық іс-әрекеттің жоспары мен бағдарламасын жасау;

  • инновациялық іс-әрекетінің бағдарламасын қаржы және материалдық ресурстармен қамтамасыз ету;

  • инновациялық іс-әрекетті жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету және адам ресурстарын бақылау;

  • инновациялық өнімді жасауды және оның өндіріске ендірілуін бақылау;

  • осы салада жұмыс істейтін өндірістік бөлімшелерде іс-әрекетті үйлестіру арқылы бірыңғай инновациялық саясатты іске асыру;

  • идеядан топтамалы өндіріс өнімін шығарғанға дейін болатын инновациялық мәселелерді кешенді шешу үшін уақытша мақсатты топтарды құру.

Жаңа бұйымдарды игеру және оны шығару осындай іс-шараларды қаржыландыратын мүмкіншіліктердің болғанында ғана мүмкін болады.

Кәсіпорындағы қаржы ресурстары шартты түрде келесі мақсатты орындауға арналады:

  • жаңа өнімді игеруге және өндіруге;

  • техникалық қайта жарақтандыруға;

  • өндірісті кеңейтуге;

  • қайта құруға;

  • жаңа құрылысқа.

Инвестициялаудың бағытын анық бөлу мүмкін болмас. Шектеу тек үстем бағыт бойынша жүргізіледі. Мысалы, инвестиция жаңа өнімді игеруге бағытталады деп саналады, егер олар жаңа бұйымды өндіруді игеру үшін қажет болса, сонымен бірге бір жағынан бұл өндіріске алдыңғы қатарлы жетістіктерді кешенді және тез ендіруді қамтамасыз ететін өндірістің технологиясына әр уақытта алдыңғы қатарлы өзгерістер енгізеді.

Көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындарында ең алдымен қолданыстағы қуатты техникалық қайта жарақтандыруға және қайта құруға өзінің материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын шоғырландырған тиімді болып келеді.

Кәсіпорынды немесе бөлімшені техникалық қайта жарақтаныдыру – бұл өндіріс алаңын кеңейтпей ескі өндірістік техника мен технологияны өте жоғары техникалық-экономикалық көрсеткіштері бар жаңасына ауыстыру, тұрақты болатын өндірістік аппаратты жаңарту.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды кеңейту – бұл негізгі өндірістің цехтарын және басқа бөлімшелерінің құрылысы арқылы, сонымен қатар қосалықы және көмекші цехтардың құрылысы арқылы өндіріс көлемін көбейту. Әдетте кеңейту жаңа техникалық негізде іске асады, сондықтан да жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның қуаты экстенсивті өсіп қана қоймай, өндірістің техникалық деңгейі де өседі.

Қайта құру – бұл сапалы ескірген және табиғи тозған машина мен құрал-жабдықтарды аусытырумен, сонымен қатар ғимарат пен құрылғыны жетілдірумен байланысты іс-шаралар. Кәсіпорынды қайта құру, әдетте, өндірісті әртараптандырумен және жаңа өнімді игерумен байланысты жүргізіледі. Қайта құру өндіріс пен өнімнің техникалық деңгейінің өсуіне бағытталған және жаңа құрылысқа қарағанда өндірістік қуатты тез игеруге мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]