Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-82_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.67 Кб
Скачать

37. Инновацияның маңызы және жіктелуі.

«Инновация» термині латынның «innovate» деген сөзінен бастау алады, негізгі мағынасы жаңарту және жақсару дегенді білдіреді. Бұл мағына алғаш рет батыс мәдениеттанушыларының зерттеулерінде көрініс табады және бір мәдениеттің элементтерінің екіншісіне енгізілуі деп түсіндіріледі.

Инновацияны экономикалық категория ретінде алғаш қарастырған ғалым И.А.Шумпетер болатын. Ол өзінің «Экономикалық даму теориясы» атты еңбегінде жаңашылдық экономикалық жүйені алға сүйреуші, оның бір жағдайдан екінші жағдайға өтуіне ықпал етуші деп қарастырады. Ол инновацияның негізгі бес себебін атап көрсетеді: жаңа шикізат көздерін пайдалану; жаңа техниканы, технологиялық үрдістерді немесе нарықтың жаңа талаптарын пайдалану; өндіріс пен оның материалдық-техникалық қамсыздануын ұйымдастырудағы өзгерістер; жаңа сипаттағы өнімдерді енгізу; жаңа өткізу нарықтарының пайда болуы.

ҚР «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» заңында «инновация – экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында, экологиялық қауіпсіздікті ескере отырып, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер, техникалық, өндірістік, әкімшілік, коммерциялық сипаттағы ұйымдастырушылық шешімдер, сондай-ақ өзге де қоғамдық пайдасы бар нәтиже түрінде іс жүзіне асырылған жеке және заңды тұлғалар қызметінің нәтижесі» деп көрсетілген.

Жаңалық деңгейіне байланысты инновациялар негізгі төрт катергорияға бөлінеді:

1) базистік инновациялар – нарықта бұрын болмаған өнімдердің, қызметтердің, жұмыстардың пайда болуына мүмкіндік береді;

2) жақсартылған инновациялар – нарықта бар тауарлардың, қызметтердің, жұмыстардың параметрлерін жетілдіруге бағытталған;

3) кешенді инновациялар – әлемдік тәжірибеде сынақтан өткен жетістіктерді жинақтай отырып, әртүрлі салалар мен өндірістердің мүмкіндіктерін бірге пайдалануға ықпал етеді (мәселен, ұялы телефондарды сөйлесу құралынан басқа фотоаппарат, радио, есептегіш құрал, плеер және басқа да мақсаттарда пайдалануға болады);

4) радикалды инновациялар – жаңа ғылыми идеялар мен ізденістерге негізделеді, жаңа салалар мен бағыттардың қалыптасуына алып келеді ( ғылымдағы жаңа бағыттар – гендік инжинерия, биотехнология, нанотехнология, жәндіктерді клондау және т.б.).

Қазіргі нарықта базистік инновациялардың пайда болуы күрделірек болып саналады, сондықтан да инновацияны жасаушылар жақсартылған инновациялар мен кешенді инновацияларға көбірек мән береді. Ал радикалды инновациялар терең ғылыми зерттеулерді қажет етеді және сол үрдіс ұзақ уақыт бойы жүреді, сонымен қатар, бірнеше ғылыми орталықтар мен зертханалардың, тәжірибелік, өндірістік орталықтардың, қаржы топтарының қатысуымен ғана белгілі бір нәтидеге жетуі мүмкін.

Инновациялар пайдалану аясына байланысты келесідей жіктеледі:

1) ғылыми инновациялар – жаңа ғылыми бағытты қалыптастыруға немесе қандай-да бір салада ғылымның жетістіктерін пайдалануға ықпал етеді;

2) ұйымдастырушылық-басқарушылық инновациялар – ұйымда бұрыннан қалыптасқан басқару әдістерін, еңбекті немесе өндірісті ұйымдастыру формаларын, шешімді қабылдау жүйесін жаңартуды көздейді;

3) әлеуметтік инновациялар – әртүрлі әлеуметтік топтарда қарым-қатынасты өзгертумен, еңбек жағдайы мен еңбекке ынталандырудың жаңа әдістері мен тәсілдерін қолданумен және осы бағыттағы басқа да іс-әрекеттерді жақсартумен байланысты;

4) технологиялық (өндірістік) инновациялар – ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріс пен тұтынуда пайдаланып, қолданыстағы техника мен технологияны, технологиялық әдәстер мен тәсілдерді өзгертуге жаңартуға бағытталады. Технологиялық инновациялар, өз кезегінде, инновациялық өнім (жаңа, жаңартылған немесе жақсартылған өнімдерді дайындауға қатысты) мен инновациялық үрдіске (өндірісте шығарылатын өнімдер мен қызметтерді дайындауда жаңа технологияларды қолдану) бөлінеді;

5) экологиялық – қоршаған ортаның ластануын азайтатын, зиянды қалдықтарды тазалайтын, шикізатты қалдықсыз өңдейтін, қоқыстарды өңдейтін инновациялық үрдістерді қамтиды;

6) саяси – мемлекеттің әлеуметтік, халықаралық, сыртқы, ішкі бағыттағы іс-әрекеттерін жетілдірумен және оның халық үшін тиімділігін көтерумен байланысты;

7) мемлекеттік-құқықтық – жаңа мемлекеттік институттар, демократиялық құқық, заңды актілер, мемлекеттік басқару тәсілдері, әділетті сот жүйесі түрінде көрініс табады;

8) рухани саладығы инновациялар – білімде, мәдениетте, ғылымда жаңа жүйелер мен ізденістердің, туындылар мен жетістіктердің пайда болуы.

Таралу аясына байланысты инновацияларды төмендегідей жіктейді:

1) жаһандық – бірнеше мемлекеттерде немесе әлем деңгейінде өзгерістердің пайда болуына алып келетін инновациялар;

2) ұлттық – бір мемлекет деңгейінде қолданысқа енгізілген, тиімділігі негізделген жаңа жүйелер, үрдіс, құбылыс және т.б. инновациялар;

3) аймақтық – белгілі бір аймақтың ерекшелігіне байланысты маңыздылығы бар инновациялар;

4) нақты – қандай-да бір кәсіпоорын, мекеме, ұйым деңгейінде қолданылатын инновациялар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]