Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-82_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.67 Кб
Скачать

34. Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің стратегиясы.

Инвестициялық стратегия дегеніміз бұл мемлекеттің және кәсіпкерлердің қолда бар инвестициялық әлеуеті мен мүмкіндіктеріне сәйкес өндірістің ұдайы дамуын, ғылымның, мәдениеттің, денсаулық сақтаудың және басқа да іс әрекет саласының дамытуға жетекшілік ету өнері.

Инвестициялық стратегияның міндеттері: 

-шығарылған өнімнің технологиялык ескіру нышандарын анықтау мен зерттеу және сол өнімді жаңартудың баламалы мүмкіндіктерін іздеу. 

-стратегияны қайта қарап шығу максатында нарықта сураныс кезендігі кезеңінің ауысымын анықтау. 

Инвестициялық стратегияны кәсіпорынның инвестициялық қызметінің басты бағыты (бағдарламасы, жоспары) деп есептеуге болады, оны ұстану болашақта инвестициялық мақсаттарға қол жеткізуге болады және күтілетін инвестициялық нәтижені алуға мүмкіндік туады. Инвестициялық стратегия кәсіпорынның инвестициялық қызметінің бағыттары мен түрлерінің басымдығын, инвестициялық ресурстарды әзірлеу сипатын және кәсіпорынның қарастырылған жалпы дамуын қамтамасыз ететін ұзақ уақыттық инвестициялық мақсаттарды іске асыру кезеңінің жалғаспалылығын анықтайды. 

Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын әзірлеу негізінде жаңа басқару үлгісінің қағидасы стратегиялық баскару жүйесі жатыр. Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын әзірлеу үдерісінде стратегиялық инвестициялық шешімдерді дайындап, қабылдауды қамтамасыз ететін негізгі қағидалардың қатарына келесілер жатады

Сәйкестік қағидасы. Кәсіпорынның жалпы даму стратегиясының бөлігі бола отырып, инвестициялық стратегия оған бағынышты сипатта болады. Сол себеті ол кәсіпорынның операциялық қызметінің стратегиялық мақсаттарымен және бағыттарымен келісуі тиісті. Бұл кезде инвестициялық стратегия таңдалған жалпы стратегияға сәйкес кәсіпорынның тиімді дамуын қамтамасыз ететін басты факторлардың бірі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, әзірленген инвестициялық стратегия инвестициялық қызметтің болашақтағы, ағымдық және оралымды басқарылудың үйлесуін қамтамасыз етуі керек.

Инвестициялық іскер және тіл тапқыш қағидасы. Бұл қағида инвестициялық қызметтің барлық бағыттары мен түрлері бойынша және де инвестициялық үдерістің түрлі сатыларында тиімді инвестициялық байланыстарды белсенді іздеуден тұрады. Мұндай түрдегі инвестициялық мінез-құлық сыртқы инвестициялық ортаның өзгеретін факторларын ескеріп, алға қойылған стратегиялық мақсаттарға жетудің барлық жолында инвестициялық қызметті жүзеге асыру бағыттарын, түрлерін және әдістерін тұрақты түрлендірумен байланысты болады. 

Инвестициялық икемділік пен баламалық қағида. Инвестициялық стратегия сырткы инвестициялық орта факторларының өзгерістеріне бейімделуін ескерумен әзірленуі керек. Сонымен қатар, стратегиялық инвестициялықшешімдердің негізінде инвестициялық қызметті жүзеге асырудың бағыттарының, түрлерінің және әдістерінің баламалық нұсқаларын белсенді іздеу, олардын ең жақсыларын таңдау, соның негізінде жалпы инвестициялық стратегияны жасау және оны тиімді іске асырудың тетіктерін қалыптастыру қерек. 

Инновациялық қағида. Инвестициялық стратегияны қалыптастыра отырып, инвестициялық кызмет кәсіпорынның нарықтағы бәсекелестік жайғасымының артуын қамтамасыз ететін технологиялық жаңалықтарды ендірудің басты тетігі болып табылатындығын ескеру керек. Сол себепті кәсіпорынның стратегиялық дамуының жалпы мақсаттарын іске асыру айтарлықтай дәрежеде оньщ инвестициялық стратегиясы қаншалықты технологиялық үдерістің қол жеткізілген нәтижелерін көрсететіндігіне және оның жана нәтижелерін жылдам пайдалануға бейімделгендігіне тәуелді болады. 

Инвестициялық тәуекелді барынша азайту қағидасы. Инвестициялық стратегияны қалыптастыру үдерісі кезінде қабылданатын барлық негізгі инвестициялық шешімдер қандай да бір дәрежеде инвестициялық тәуекелдің деңгейін өзгертеді. Ең алдымен бұл инвестициялық қызмет бағыттары мен түрлерін таңдаумен, инвестициялық ресрурстарды қалыптастырумен, инвестициялық қызметтерді басқарудың жаңа ұйымдастырушылық құрылымдарын ендірумен байланысты болады. Әсіресе инвестициялық тәуекел деңгейі пайыздық мөлшерлеме мен инфляция өсімінің арту уақытында жоғарылайды. Ұйғарынды инвестициялық тәуекел деңгейіне қатысы бойынша инвестициялық әрекеттердің түрлі діліне байланысты әрбір кәсіпорында инвестициялық стратегияны әзірлеу үдерісінде бұл параметр сараланып колданылуы керек. 

Біліктілік қағидасы. Кәсіпорынның инвестициялық стратегияларының жеке параметрлерін әзірлеуге қандай да мамандар жұмылдырылмасын, оның іске асырылуын әдейілеп дайындалған мамандар-каржы менеджерлері қамтамасыз етулері керек. 

Кәсіпорынның инвестициялық стратегияларын әзірлеу үдерісі келесі кезеңдер бойынша жүзеге асырылады .

Инвестициялық қызметті стратегиялық басқару мақсаттық сипатқа ие, яғни белгілі бір мақсаттарды қою және оларға жетуді қарастырады. Анық өрнектелген стратегиялық инвестициялық мақсаттар ұзақ уақыттық болашақтағы инвестициялық қызметтің, оның үйлестіруі мен бақылауының тиімділігін жоғарылатудың қуатты құралы және де инвестициялық үдерістің барлық кезеңдеріндегі басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін негіз болып табылады. 

Кәіпорынның инвестициялық қызметінің стратегиялық мақсаттары нысандырылған түрде сипатталған бұл қызметті ұзақ уақыттық болашаққа бағыттауға және оның нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін оның стратегиялық инвестициялық орнының қажет параметрлерін құрайды. 

Инвестициялық қызметтің стратегиялық мақсаттарын қалыптастыру нақты талаптарға жауап беруі керек. 

Инвестициялық қызметті стратегиялық баскару мақсаттық сипатқа ие, яғни белгілі бір мақсаттарды қою және оларга жетуді қарастырады. Анық өрнектелген стратегиялық инвестициялық мақсаттар үзақ уакьггтық болашақтағы инвестициялық қызметтің, оның үйлестіруі мен бақылауының тиімділігін жоғарылатудың қуатты қүралы және де инвестициялық үдерістің барлык кезеңдеріндегі басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін негіз болып табылады.

Кәсіпорынның инвестициялық стратегияларын әзірлеу үдерісінің негізгі кезеңдері

Ұйымдардың қазіргі жалпы, атқарымдық және инвестициялық стратегияларын сараптау, ұйымдастырылған миссияға сәйкес инвестициялық ниеттер мен күтімдерді зерттеу 

Сыртқы инвестициялық ортаның факторларын және инвестициялық нарықтың жағдайын зерттеу 

Кәсіпорынныңинвестициялық кызметінің ерекшіліктерін анықтайтын кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын бағалау

Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің стратегиялық мақсаттарын 

Инвеспщиялык қызметтін стратегиялык баламаларын талдау және стратегиялық бағыттар мен түрлерін таңдау 

Инвестициялық ресурстардың қалыптастырудың стратегиялық бағыттарын 

Инвестициялық қызметтің негізгі қырлары бойынша инвестициялық саясатты қалыптастыру 

Инвестициялық стратегияны іске асыруды қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылық-экономикалық іс-шаралар жүйесін әзірлеу 

Әзірленген инвестициялық стратегияның нәтижелілігін бағалау 

35. КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖӘНЕ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫ, ОЛАРДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ.

Әрбір сапада бәсекелестіктің күштілігімен және нарықта дәстүрлі тауар түрлерінің мол болуымен анықталатын заманауи жағдайда өнімнің жоғары экономикалық тиімділігі бар кәсіпорындар ғана артықшылық алуға мүмкіншілігі болады, ол үшін негізгі қорды және айналым капиталдарды толтыруға, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған шараларды іске асыруға және инвестициялық тартымдылықты жоғарылатуға қосымша инвестицияны тарту қажет болады. 

Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру инвестициялық белсенділікті басқаруды көздейді, ол өз алдына кәсіпорынның дамуының манызды көрсеткіші болып саналатыны белгілі. 

Инвестициялық белсенділікті басқару функцияларының жүйесінде жоспарлауға аса көңіл бөлінеді, себебі ол болжам мәліметтері негізінде шаруашылық субъектісінің стратегиялық мақсаттарын және оған қол жеткізу құралдарын анықтауға мүмкіндік туады. Стратегиялық деңгейдегі кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы инвестициялық белсенділіктің өсуін және оның оңтайлы деңгейін ұстап тұруды алға қояды. 

Инвестициялық белсенділікті жоспарлау шегі оны болжау үдерісінде анықталады. Болжам жасау үдрісінің нәтижесі ретінде болашақта болатын инвестициялық белсенділіктің сандық болжамдық индексінің шамасы (құрылымдық көрсеткіштері), кәсіпорынның инвестициялық белсенділігінің сындарлы деңгейі пайдаланылады. Осы көрсеткіштерге қол жеткізу кәсіпорынның нарықтық бағасының сапалы өзгеруіне алып келеді. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы ойланып тұжырымдалғанболжамды қажет ететінін ескере отырып, болжам жасау үдерісінің және нәтиженіің сапасына қойылатын талаптардың күрделілііі инвестициялық белсенділік көрсеткіштерінің болжамдық шамасын анықтау тек бірнеше әдістердің көмегімен іске асыруға болатынын көрсетеді. 

Болжам нысанының ерскшелілігін (кәсіпорынының инвестициялық тартымдылығы, оның белсенділігі және щрылымдық көрсеткіштері), зерттеліп отырған нысан туралы статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етілуі сияқты факторларды ескере отырып, оларды кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекетіне болжам жасау үдерісінде экстрапояция әдісін қолданған дүрыс болады. 

Экстраполяция әдістері өткен кездегі мәліметтерге негізделеді, осының нәтижесінде кәсіпорынның инвестициялық белсенділік индексі, оның құрылымдық көрсеткіштері және болашақта өткен мезгіл көрсеткіштерінің өзгеру үрдісі сақталады деген қағидаға негізделіп болжанатын нысанның үлгісі қалыптасады. 

Инвестицияның тартымдылығы деп инвесторға қолда бар қаражаттарды басқаларға қарағанда қандай нысанға жұмсауға болатынын бағалауға мүмкіндік беретін сипаттамалардың жиынтығын айтады.  Инвестициялық шешімнің барынша жоғары тиімділігін анықтау үшін кәсіпорынның инвестициялық белсенділігі және тартымдылығы деген түсініктерді қолданады. Бұл түсініктер жаңадан ғана пайдаланып жатыр, экономикалық басылымдарда жақында ғана пайда бола бастады және инвестиция жұмсайтын нысандарды бағалауда, үдерістерді салыстырмалы талдау мен сипаттауда көбірек қолданылады. Оны түсіндіруге байланысты әртүрлі көз-қарастарды зерттеу бұл экономикалық санаттың мәні туралы бірегей тәсілдің жоқ екенін білдіреді. 

Көп тараған көз-қарастардың біріне инвестициялық тартымдылықты инвесторды қызықтыратын кәсіпорынға салынган қаражаттың мақсатқа сайлығымен салыстыру болып табылады, ол болса өз кезегінде кәсіпорынның іс-әрекетін сипаттайтын көптеген факторларға байланысты болады.

Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесін қалыптастыру Қазақстанда жаңа ғана дамып келеді. 

Көбірек тараған әдістемелердің бірі болып меншікті активтердің табыстылық деңгейін көрсететін бірынғай талдамалық көрсеткіш негізінде инвестициялық тартымдылықты талдау тәсілі болып табылады. Мұндай тәсіл ұйымның саясатын анықтағанда, инвестициялау үдерісінде капиталды пайдаланудың ең тиімді жолдарын анықтағанда және инвестициялық іс-әрекеттің кейбір бағыттарын қалыптастырғанда пайдаланылуы мүмкін. Шешім қабылдауға әсер егетін факторлардың ең аз көлемін талап ететін болғандыктан оның артықшылығы салыстырмалы жеделдігі, әсіресе инвестицияланатын бірдей нысандар бойынша көп ақпарат болған жағдайда. Сонымен қатар кез-келген салым нысанын бағалауға болады. Бірақта бұл тәсілдің үлкен кемшілігі де бар ол, ең бастысы, бағалаудың жоғары ықтималды дәлелсіздігі, көрсеткіштерді қалыптастыратын бірынғай ақпараттық базаның жоқ болғанынан нәтижелерді салыстыруға мүмкіншіліктің болмауы. Инвестицияланатын нысандарды бағалауда жеке адамның көзқарасы да әсер етеді. Шындығында, бұл жағдайда үдеріс кейбір нысандар инвестордың жеке басының бағалауына душар болады, ал ол болса талдауға кететін уакыттың ұзақтығына алып келіп, оның құнын жоғарылатады, одан басқа оған әсер ететін параметрлерді, өлшемдерді және негізгі факторларды аныктау қиыншылыққа тап болады. Белгілі болғандай, көптеген кәсіпорындары өзінің ағымдағы шығындарын асыра көрсетеді, ол деген сөз табыстылығы туралы мәліметер дұрыс болып шықпайды, сөйтіп, тиімділік көрсеткіштері төмендетіледі. Өмірде инвестициялық тартымдылықты бағалауды көптеген кәсіпорындары инвестиция жұмсайтын нысанның қаржылық жағдайын талдау деп түсінеді. Мүндай көзқарастың теориялық негізінен басқа тәжірибелік нәтижесі де бар. Инвестициялық тартымдылыкты бағалау өлшемі есебінде төменгі көрсеткіштерді пайдаланады: 

1) Абсолютті өтімділік коэффициенті -0,2-ден кем болмауы керек.

2) Жылдам өтімділік коэффициенті 0,8-|,0. 

3) Ағымдағы өтімділік коэффициенті І-ден кем болмауы керек. 

4) Автономиялық коэффициент 0,3-0,4. 

Инвестициялық тартымдылыкты тиімді бағалау үшін факторлар тізімін кеңейтуге тура келеді, ол болса кәсіпорынның барлық іс-әрекетінің саласын қамту кажет. Осындай жағдайда ең тиімдісі сараптама бағалау, бірақта ол бүгін өте сирек кездесетін жағдай. Осыған қарамай сарапталық бағалау кәсіпорынның, инвестициялық тартымдьшығын кешенді бағалаудың ажырамас бөлігі болуға тиісті.

Ағымдағы нарықтық құн туралы және болашақтағы ақша ағымы туралы мәліметтер алу қиынға соғады. Бірақта бұл қажет нәрсе, себебі кәсіпорынның ағымдағы нарықтық бағасы оның өсуінің мүмкін әлеуетін сипаттауға мүмкіндік береді, ол өз кезегінде, болашақта табыс табу мүмкіншілігі бар деген сөз. 

Ағымдағы нарықтық бағаны есептеу үшін шығынды, табысты және салыстырмалы әдістерін қолдануға болады. 

Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау көбінесе кешенді аймақтық және салалық бағдарламалар шегінде несиемен қаржыландырумен айналысатын коммерциялық және халықаралық банк пен қаржы ұйымдарына қажет. «Инвестициялық тартымдылық» деген түсінік жок, бірақта оны түсіндіруге инвестициялық үдеріске қатысатын жақтар өзінше түсінік береді. Бұл келесі себептердің әсерінен болады: 

-ықтималды инвестор үшін, егер бұл банк болса, онда ол үшін кәсіпорынның төлем қабілеті негізді басымдық болады, ал институттық инвестор үшін реципиентгің (табыс алушының) шаруашылық іс-әрекетінің тиімділігі; 

-ең маңыздысы инвестицияланатын каражаттың көлемі. Инвестицияның тіркелген көлемін орналастырған жағдайда әртараптандырылған салымдардың таза ағымдағы құны негізгі көрсеткіш болып саналады, қаражат көлемін өзгертіп отыратын мүмкіндік болғанда ішкі табыстылық мөлшерінің көрсеткіші; 

-«абсолюттік тартымдылық» түсінігі нақты, анық өзгешеліктері анықталған инвестициялық жобаларды қарастырғанда қолданылады, ал «салыстырмалы инвестициялық тартымдылық» атты түсінік әр уакытта салыстыруға болатын базаның бар екенін білдіреді, мысалы, орташа салалық салыстыру немесе саланы басқа кәсіпорындарымен салыстыру. 

Сондықтан үйымның инвестициялық татымдылығын бағалаған кезде алдын ала келесі жағдайлардың өзгешеліктерін дәл анықтау қажет болады: 

а) қайсысы бағалау базасы болады: басқа ұйымдар (шектелген тізімі); ықтималды инвестормен белгіленген мақсатты көрсеткіштер (өтелімділік мерзімі, пайданың жай мөлшері, таза ағымдағы құны. ішкі табыстылық мөлшері); инаестицияланған каптиталға келетін орташа салалық кайтарым; 

б) белгілі инвестициялық жоба үшін инвестициялық тартымдылық бағаланған ба немесе бұл мезетте анықталмаған ба? 

в) тіркелген инвестицияның көлемі үшін инвестициялық тартымдылыққа бағалау жасалынған ба немесе бұл мезегге аныкгалмаған ба? 

г) несиелік қаржыландыруға немесе институттық қаржыландыруға тартымдылыкты бағалау жүргізілген бе ? 

д) инвестицияның өтелімділік мерзіміне. инвестицияланған капиталға келетін ең аз қайтарым шамасы, күрделі салымдардың өтімділігіне және/немесе қаржының шектік көлеміне шектеулер қойылған ба? 

е) қаржыландырудың сапалы сипаты (ҒЗТКЖ, инновация, жаңғырту, қолдайтын инвестиция) кандай? 

ж) қосымша камтамасыз ету (кепілзат, шоттағы ең аз көлемлегі қалдық, аккредитив және басқалар) қандай? 

Осы мәселелерді анық шешпейінше инвестициялық тартымдьшықты бағалауды жүргізудің мәні болмайды. 

Инвестициялық тартымдылықты бағалауды екі кезеңде жүргізген дұрыс болады: 

-шектеулерді талдау, ұйымдарды таңдап алу және қысқа тізімді қалыптастыру; 

-қыска тізімнің ішінен ұйымдарды рейтинг бойынша бағалау. 

Шектеулерді талдау «сәйкес келеді-сәйкес келмейді» деп тандалады. Тізімдегі ұйым берілген шектеулерге сәйкес келген жағдайда олар қысқа тізімге қосылады, сәйкес келмеген жағдайда алда қаралмайдьІ. 

Қысқа тізімді қалыптастырғаннан кейін осы тізімге кірген ұйым рейтинг бойынша (инвестициялық татымдылығының азаю дәрежесі бойынша саралау бойынша) бағаланады. Рейтингтік бағалау белгілі бір кешенді көрсеткіші анықтау негізінде жүзеге асады, ол іс-әрекеттің тиімділігінің әртүрлі қырлары мен ұйымның қаржылық жағдайының тұрақтылығын сипаттайтын өлшенген коэффициенттер арқылы саналады.

Инвестициялық тартымлылықты бағалаудың кешенді саралау көрсеткішін (Кит) есептеу төменгі формула бойьшша жүргізіледі: 

Кит= ∑кі *P

мұнда кі-өлшемінің салмағы;

Pі-өлшемінің рейтингтік бағасы;

n-өлшемнің саны. 

Рейтинггі кұру абсолютті және салыстырмалы инвестициялық тартымдылыкты бағалаудың қортынды сатысы болып саналады. 

Қазакстанның инновациялық тартымдылығына әсер ететін үш фактор бар. Біріншісі - инвестициялық заңнамамен қолдау көрсететін кәсіпорындар, сонымен қатар экономикалық және саясаттық тұрақтылықтың аркасында елдің тұрақты бизнес-ахуалы. Екіншісі - бұл бай табиғи және минералды ресурстардың барлығы. Ғалымдардың бағалауы бойынша біздің ел табиғи ресурстардың запасы бойынша әлемде алтыншы орынды алады. Үшінші - инвесторларға кажетті көлемдегі тұтынушылар нарығы. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]