- •Кәсіпорын ұғымы, мақсаты және түрлері.
- •2. Өндірістік кәсіпорындардың негізгі белгілері.
- •3. Кәсіпорынның басты міндеттері және функциялары.
- •4. Кәсіпорындардың қызмет етуінің ерекшелік белгілері.
- •5. Кәсіпорынның сыртқы ортасы:оның қызметіне ықпал ететін жағдайлар және факторлар.
- •6. Кәсіпорынның кәсіпкерлік міндеттері және құқықтары.
- •7. Негізгі және қосымша белгілері бойынша кәсіпорындардың жіктелуі.
- •9. Кәсіпорындардың бірлестіктері.
- •10. Кәсіпкерлік субьектілері, дара кәсіпкерлік.
- •11. Кәсіпкерлік нысандары және түрлері.
- •12. Кәсіпорынның негізгі капиталының экономикалық мәні олардың құрамы және құрылымы.
- •13. Негізгі қорлар тозуы, негізгі түрлері. Негізгі капиталды амортизациялаудың маңызы.
- •14. Амортизацияны есептеу әдістері: біркелкі, өндірістік, жеделдетілген, қалдық құнын азайту.
- •15. Айналым капиталы: оның маңызы, құрамы және құрылымы.
- •16. Айналым капиталының қаржыландыру көздері.
- •17. Айналым құралдарының айналымы.
- •18. Айналым құралдарының айналымдылығын және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер.
- •19. Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі.
- •20. Кәсіпорынның энергетикалық ресурстарын пайдалану.
- •21. Кәсіпорын персоналы: түсінігі және сипаттамасы.
- •22. Персоналдың сандык, сапалык сипаттамаларының көрсеткіштері. Персоналдық құрылымдық сипаттамасы.
- •23. Персоналдың жылжуын сипаттайтын көрсеткіштер.
- •24. Кәсіпорынның еңбек ресурстарына қажеттілігін анықтау.
- •25. Касіпорынның кадрлық жұмысының ерекшеліктері.
- •26.Кәсіпорынның қызметін тиімді атқару үшін ұЙымдастырушылық тәртіптің мәні және маңызы.
- •27. Еңбек ресурстарын пайдалану көрсеткіші – еңбек өнімділігі.
- •28. Еңбек уәждемесінің мәні мен формалары.
- •29. Еңбекке ақы төлеудің экономикалық мәні мен қағидалары.
- •30. Кәсіпорындағы еңбекақы түрлері және оны төлеуді ұйымдастыру.
- •31. Инвестицияның экономикалық мәні.
- •1. Нысан бойынша инвестициялау:
- •2. Ұзактығы бойынша инвестициялау:
- •3. Нақты секторда ұдайы даму түрлері бойынша:
- •4. Соңғы нәтижелерге байланысты:
- •5. Меншік түрлері бойьшша:
- •6. Қаржыландыру көздері бойынша:
- •7. Жобаны әзірлеу мен іске асырудағы үлесі және инвестициялық жобаға қатысушылардың құрамы бойынша:
- •32.Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеті.
- •34. Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің стратегиясы.
- •36. Қазақстан республикасын үдемелі индустриялық-инновацинлық дамьпу жөніндегі саясаты.
- •37. Инновацияның маңызы және жіктелуі.
- •38. Кәсіпорынның инновациялық қызметі: маңызы және міндеттері. Жаңашылдықты басқару.
- •39. Шығындардың экономикалық маңызы, түрлері және құрамы.
- •40. Кәсіпорын шығындарының жіктелуі.
- •41. Экономикалық элементтері мен калькуляция баптары бойынша шығындардың жіктелуі.
- •42. Калькуляциялау, оның түсінігі және қағидалары.
- •43. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері.
- •44. Кәсіпорынның маркетингтің қызметінің ерекшеліктері.
- •45. Стратегиялық жоспарлау және маркетингтік тәсіл.
- •46. Маркетинг стратегиясын таңдау және жүзеге асыру.
- •47. Жоспарлау түрлері.
- •48. Кәсіпорын жоспарларының құрылымы. Өндіріс ішіндегі жоспарлау.
- •49.Өнімнің бәсекеге қаблеттілігі:түсінігі,оның деңгейін көтеру қажеттілігі.
- •50.Өнім сапасы:түсінігі, көрсеткіші, және оның денгейін көтеру жолдары.
- •51. Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі.
- •52. Сапаны басқарудағы жаңа стратегия.
- •53. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін өсірудегі бағаның рөлі.
- •54.Экономикалық категория ретіндегі бағаның маңызы мен функиялары.
- •55. Баға жүйесі және оның жіктелуі.Баға деңгейіне әсер ететін факторлар.
- •56. Кәсіпорынның баға саясаты және баға белгілеу әдістері.
- •4. Баға жасау әдістері.
- •57. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің мәні.
- •58.Кәсіпорынныың бәсекеқабілеттілігіне ықпал еттетін факторлар.
- •59.Кәсіпорынның қаржысы түсінігі және функциялары.
- •60. Кәсіпорынның қаржы қатынастарының қалыптасу нысандары.
- •61. Кәсіпорынның қаржы қызметін ұйымдастырудың негізгі қағидалары мен бағыттары.
- •62. Қаржы механизмі: құрамдас элементтері, құқықтық, нормативтік және ақпараттық қамтамасыз ету.
- •63. Кәсіпорынның қаржы ресурстары. Қаржылық жоспаралау.
- •64. Кәсіпорындағы қаржы ресурстарының қалыптасу көздері.
- •65. Банкроттықтың түсінігі және белгілері.
- •66. Банкроттық және дағдарыс кезінде кәсіпорынды қайта құру және басқару.
- •68. Табыс және пайда – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерін жиынтық көрсеткіші ретінде.
- •69. Қр салық кодексіне сай салықтық жылдық жиынтық табысты есептеуде анықталатын табыс түрлері.
- •70. Кәсіпорын пайдасының қалыптасуы және бөліну тәртібі.
- •71. Кәсіпорынның төлейтін салқытарыдың сипаттамасы.
- •72. Өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызы және оның түрлері.
- •73. Өндірістің жалпы тиімділігі және оның көрсеткіштер жүйесі
- •74. Өндіріс тиімділігінің жекелеген (дифференцияцияланған) көрсеткіштері.
- •75. Кәсіпорынның рентабельділік (табыстылық) көрсеткіші.
- •76. Өндіріс қызметінің тиімділік көрсеткіштері.
- •77. Қазақстан республикасының арнайы экономикалық аймақтарында кәсіпорындардың қызмет ету ерекшеліктері.
- •78. Қазақстан республикасының технопарктер: олардың түрлері және қызмет ету ерекшеліктері.
- •79. Қазақстан республикасының бизнес-инкубаторлар және оның қызметі.
- •80. Қазақстан республикасының индустриялық-инновациялық жүйесі, ерекшеліктері.
- •81. Қазақстан республикасының әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, олардың қызмет етуінің ерекшеліктері.
- •82. Қазақстан республикасының ұлттық холдингтік компаниялары, олардың қызмет ету ерекшеліктері.
1. Нысан бойынша инвестициялау:
-қаржылық;
-нақты;
-материалды емес активтерге инвестиция.
Қаржылық инвестиция бұл белгілі пайызбен құнды қағаздарға, акцияға, облигацияға, қарыздық құқыққа, банкінің депозит шотына салынған ақша қаражаттары.
Haқты инвестиция - бұл өндіріске, оны құру мен дамытуға салынған қаптиал.
Материалды емес активтерге инвестция - бұл ғылыми зерттеуге, кадр дайындауға, жарнамаға, жана технологияны пайдалану үшін лицензияға жұмсалған қаражаттар.
Нақты және қаржылық инвестициялардың ара қатынасы келесідей болу керек. Кәсіпорынның алғашқы даму кезеңінде инвестицияның негізгі көлемі накты секторға жұмсалады, содан кейін осы кәсіпорынға қызмет көрсететін және шикізатпен, материалдармен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың акциясын (қаржылық инвестиция) сатып алуға жұмсалады.
2. Ұзактығы бойынша инвестициялау:
-қыска мерзімді (l жылға дейін);
-ұзақ мерзімді.
Қысқа мерзімді инвестициялаудың негізгі құралы банкінің депозиті, векселі, сертификаты мен жоғары өтімді құнды қағаздары болып саналады.
Ұзак мерзімді инвестициялау - бұл нақты секторға инвестиция салу. Оған еншілес кәсіпорынның акциясына, басқа кәсіпорындардың жарғы капиталына жұмсалатын ұзақ мерзімді қаржы қаражаттары жатады.
Ұзак мерзімді инвестицияның мақсаты кәсіпорынның негізгі және айналмалы капиталдарын көбейту болып табьшады.
3. Нақты секторда ұдайы даму түрлері бойынша:
-кәсіпкерлік іс-әрекеттің нысандарын құру;
-өндірісті кеңейту;
-қайта құру, техникалыққайта қаруландыру.
Бұл бағыттар бойынша инвестицияның құрылымы кәсіпорынның қандай сатыда болғанына байланысты. Инвестиция алғашқы кезеңде нысанды құруға жұмсалады. Шығарылған өнім нарықта сұраныска лайықты болса, онда ол өндірісті кеңейтуге жұмсалады. Барлығы өндірістің көлеміне және нарықтағы жағдаятка байланысты болады. Негізгі кордың тозуына байланысты қайта құруға, техникалық қаруландыруға деген қажеттілік арта түседі.
4. Соңғы нәтижелерге байланысты:
-өндіріс көлемінің өсуіне;
-өндірілетін өнімнің сапасын арттыруға;
-ресурстарды үнемдеуге (түпкілікті өзіндік құнды төмендетуге);
-жұмыс орнын көбейтуге.
5. Меншік түрлері бойьшша:
-жеке;
-мемлекеттік.
6. Қаржыландыру көздері бойынша:
-меншікті (амортизациялық аударымдар, пайда);
-қарыздар (несиелер);
-жұмылдырылған (қосымша акция шығару арқылы).
Меншікті және несиелік инвестицияның ара қатынасы каржы орнықтылығының көрсеткішін қалыптастырады. Инвестициялағанда меншікті қаражаттар 70 пайыздай, ал несие 30 пайыз болса, онда жағдай жақсы деп саналады. Кәсіпорын үшін әр түрлі қаржыландыру көздері әр түрлі құндылық та болады. Сол үшін инвестициялау көздерінің ара қатынасы оңтайлы болған дұрыс. Ең басты мәселе инвестициялауға байланысты шығындарды азайту.
7. Жобаны әзірлеу мен іске асырудағы үлесі және инвестициялық жобаға қатысушылардың құрамы бойынша:
-кәсіпорындар:
-акционерлер;
-коммерциялық банкілер;
-жобаға қарағанда жоғары деңгейдегі құрылым (компаниялар, холдинг; әр түрлі деңгейдегі бюджеттер.
Күрделі салымдар, олардың құрамы мен құрылымы.
Нақты инвестицияның көбі күрделі салым болып келеді. Күрделі салым-бұл негізгі капиталға жұмсалған инвестиция, сонымен катар жана құрылысқа, жұмыс атқарып тұрған кәсіпорындарды кеңейтуге, қайта құруға және техникалық қайта қаруландыруға, сонымен қатар машиналарды, құрал-жабдықтарды, саймандарды және т.б. алуға кеткен шығындар.
Күрделі салымдардың құрамы мен құрылымы келесілерден тәуелді болады:
-меншік түрінен:
-негізгі капиталды ұдайы өндіру сипатынан:
-шығындар құрамынан;
-күрделі салымдардың міндетінен.
Күрделі салымдардың тауелді болатын факторларына сипаттама бере кетейік.
Меншік түріне байланысты келесі түрлері:
-мемлекетік күрделі салымдар:
-меншік иелерінің күрделі салымдары (акционерлік қоғамдар. серіктестер және басқалар).
Мемлекеттік күрделі салымдарды іске асыру мемлекеттің инвестициялық саясатымен тығыз байланысты болады, баска меншікиелерінің күрделісалымдарының іскеасуыинвесторлардың нақты инвестициялық саясатына тәуелді болады.
Мемлекеттік күрделі салымдар қаржыландыру көздері бойынша орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып екі түрге бөлінеді.
Орталықтандырылған мемлекеттік күрделі салымдарды мемлекет әдет: жана құрылыска жұмсап, өндірісті ірі ауқымды ұлғайтуға сәйкес іске асырады және негізінен бюджет пен бюджеттен тыс қорлар арқылы қаржыландырылады.
Орталықтандырылмаған мемлекеттік күрделі салымдар мемлекеттік кәсіпорындар және ұйымдармен іске асырылады, осы кәсіпорындар күрделі салымдарға қажетті инвестицияны жеке өздері жоспарлап, өздерінің қалауы бойынша меншікті капитал немесе қарызға алынған қаражаттар арқылы жүзеге асырады.
Негізгі қорларды ұдайы өндіру сипаты бойынша кәсіпорындар күрделі салымдарды келесі бағыттарға жұмсайды:
-жаңа құрылысқа;
-жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды кеңейтуге;
-қайта жаңғыртуға;
-жұмыс істеп тұрған негізгі қорларды техникалық қайта қаруландыруға.
Жаңа құрылыс жаңадан бекітілген жобаға сәйкес жаңа алаңда салынады.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды кеңейту қосымша құрылысты және жұмыс істеп тұрған цехтардың жаңасын салу немесе кеңейту құрылысын жүргізу болып табылады.
Жұмыс істеп түрған өндірісті қайта жаңғырту өндірісті қайтадан құруды; өндірістік қуатты ұлғайту мақсатында оның техникалык-экономикалық деңгейін арггырумен байланысты өндірісті жетілдіруді; жұмыс атқарушылар санын кебейтпей, өнімнің сапасын жақсарту және номенклатурасын өзгертуді қарастырады.
Негізгі өндірісте жұмыс істеп тұрған цехтардың орнына жаңа цехтарды салмай және кеңейтпей-ақ қайта жаңғыртуды жүргізу оның ерекшеліктерінің бірі болып саналады, бірақ та көмекші өндірістің бөлімшелері мен цехтары жаңадан салынып, кеңейтілуі мүмкін.
Жұмыс істеп тұрған негізгі қорларды техникалық қайта қаруландыру бұл ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін ендіру негізінде өндірістің, цехтардың немесе телімдердің техникалық-экономикалық деңгейін арттыру үшін кешенді іс-шараларды жүргізу.
Күрделі салымдардың жалпы көлемінде жаңа құрылысқа, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейтуге, қайта жаңғыртуға, және техникалық қайта қаруландыруга кететін шығындардың ара қатынасы күрделі салымдардың ұдайы өндірісінің құрылымы деп аталады.
Жұмыс істеп тұрган кәсіпорынды қайта жаңғырту және техникалық қайта қаруландыру арқылы өнімнің өсімін қамтамасыз ету үнемділігі жағынан пайдалы және тиімді болып келеді. Жаңа
құрылыска қаратыла қайта жаңғырту мен техникалық қайта қаруландыру жұмыстары аз уақытта іске асып, шығындардың орны тез толтырылады, меншікті күрделі салымдар мөлшері мен өндіріс қуатын іске қосу мерзімі айтарлықтай азаяды. Сондықтан да ұдайы өндірістің құрылымын жетілдіру жұмыс істеп тұрған өндірісті қайта жаңғырту мен техникалық қайта қаруландыруға бағытталған күрделі салымдардың үлесін арттыру қажет болып табылады.
Негізгі қордың ұдайы ендіріс түрлерін таңдау қазіргі кезде экономикалық және қаржылық жағдайға байланысты кәсіпорынның жеке өзі анықтайды, өкінішке орай күрделі салымдар бойынша мемлекеттік статистика жүргізілмейді.
Күрделі салымдар шығын құрамы бойынша үш негізгі элементтен тұрады:
-құрылыс-құрастыру шығындары;
-құрал-жабдықтар, аспаптар және құрал-саймандар алу үшін шығындар;
-басқа күрделі шығындар.
Құрылыс-құрастыру шығындарының құрамына келесі жұмыс түрлерін орындауға кететін шығындар жатады:
-тұрақты және уақытша ғимараттар мен құрылғының жаңасын салу, оларды кеңейту, қайта құру және техникалық кайта қаруландыру;
-әртүрлі конструкцияларды құрастыру;
-сумен қамтамасыз етудің, канализацияның, жылу және газбен қамтамасыз етудің, энергиямен жабдықтаудың сыртқы және ішкі желілерін салу.
Күрделі салымдардың міндеттері бойынша нысандарға күрделі салымдарды жұмсау келесідей болып бөлінеді:
-өндірістік міндетіне;
-өндірістік емес міндетіне.
Өндірістік міндеттегі нысандарға күрделі салымдарды жұмсап, олардың құрылысы біткеннен кейін ол нысандар материалдық салада, ал өндірістік емес нысандар материалдық емес салада қызмет атқаратын болады.
