Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-82_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.67 Кб
Скачать

31. Инвестицияның экономикалық мәні.

Инвестиция салыстырмалы түрде алғанда біздің экономикамыз үшін жаңа термин. Отандық экономикалық әдебиеттерде инвестиция ұғымы күрделі каржьшарды жұмсау синонимі ретінде қолданылып кенді . Бұл ұғым негізгі қорлардың жай және дамыған ұдайы өндірісіне бағытталған барлық материалдық, енбек, қаржылық шығынның ресурстары ретінде түсіндірілді.

Орталықтанған жоспарлы жүйе шеңберінде жалпыға ортақ келесі ұғым қолданылды: «Күрделі қаржы жұмсау жұмыс жасап тұрған мекемелерді (өндірістік күрделі қаржы жұмсау) қайта жаңғырту, кеңейту, техникалык қаруландыру және жаңасын тұрғызуға немесе тұрғын үй. мәдени-тұрмыстық құрылысқа (өндірістік емес күрделі қаржы жүмсау) жұмсалған қаржы құралдары».

Қазақстан Республикасының 2003 жылы 15 қаңтарда шыкқан «Инвестициялар туралы» заңына сәйкес инвестициялар лизинг шартын жасаған кезден басгап қаржы лизингі заттарын, сондайақ оларға кұқыктарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке түтынуға арнапған тауарлардан басқа) немесе кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту, сондай-ақ концессионердің (қүқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған тіркелген активтері».

Экономикалық пікір сайыстарында «таза инвестиция жасау» немесе «капитал түзу» деп аталатын, нақты капиталдың таза өсімін білдіретін (ғимараттар, қүрал-жабдық, материалдық-өндірістік қорлар және т.б.) үғым біздің күнделікті өмірде қолданатын «инвестиция» сөзінің мағынасымен сәйкес келе бермейді. Күнделікті тұрмыста «инвестиция жасау» деп жер бөлігін сатып алғанда, айналымдағы құнды кағаздарды немесе кез келген өзге жеке меншікті сатып алған кездерде жиі айтылады.

Келтірілген түсініктер жоспарлы және нарықтық жүйедегі инвестиция мәнін анықтаудың ерекшеліктерін көрсетіп отыр. Күрделі қаржы жұмсауға (инвестицияға) жоспарлы экономика берген анықтама инвестиция аумағын тарылтып отыр, оны тек қорларды көбейтуге және жетілдіруге қаржы жұмсау деген ұғымымен шектейді. Ресурстарды әкімшілік үлестіру жағдайында инвестицияның қаржылық және басқа да түрлерінің болуын отандық экономика ғылымы қарастырмады. Қазіргі уакытта, біздің еліміздің экономикасында екі термин де қолданылады. «Күрделі қаржы жұмсау» термині негізінен негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне бағытталған инвестициялар түрін білдіреді.

Нарықтық экономикада инвестиция ұғымында инвестициялық іс-әрекеттің екі жағы ұштасады: ресурстар шығыны және нәтиже. Инвестициялар он нәтиже алу мақсатымен жүзеге асырылады. егер ол мұндай нәтиже бермейтін болса, онда ол керексіз болып табылады.

Сонымен қатар, инвестициялардың өзіне тән ортақ сипаттарын айтып өтуге болады: олар, әдетте, ұзақ мерзімді сипатқа ие (бүл нақты инвестицияларға катысты; қысқа мерзімді инвестициялар қаржы шеңберінде өте тиімді құнды қағаздар арқылы жүзеге асырылады); инвестициялық іс-әрекет және қабылданған инвестиция жасау шешімдері кәсіпкерлік қызметтің барлық тараптарына және аймақтағы әлеуметтікоэкономикалық ахуалға кешенді түрде ықпал етеді.

Сол себеті қабылданатын инвестициялық шешімдер техникалық, акпараттық және ұйымдастыру жағынан негізделген болуы қажет. «Инвестиция ұғымын түсіну» деген сөздің мәні осында.

Инвестициялық үдеріс тетігі нарықтық қатынастардың жүйесінің негізі болып, ол белгілі бір құрылым түріне айналды. Сан алуан экономикалық қатынастар ішінен іс-әрекеті жеке өзара байланысқан бірыңғай секторларға (нарықтарға) бөліп көрсетуге болады. Осы нарықтарда әр түрлі субъектілер экономикалық қатынасқа түсіп. іс-әрекеті бірдей топтарды құрайды.

Әдетте, белгілі бір түрде бір-бірімен қарым-қатынаста болатын және нарықтық экономика жүйесін құрайтын төрт нарықтық және төрт экономикалық субъектілер тобын ажыратып көрсетуге болады:

-тауар нарығы, мұнда үлттық экономиканда өндірілген барлық тауарлар мен қызметтер айналымға түседі;

-еңбек нарығы еңбектің өңдіріс факторын қамтиды:

-ақша нарығына ақша қаржыларына ұсыныс пен сұраныс мәселелері кіреді;

-қаржы нарығы, мұнда қүнды қағаздар нарықта айналыста болады.

Бірқатар мәселелерді зерттеу және тереңінен оқып білу нарық шаруашылығының құрылымын неғқрлым толық түрде талқылауды талап етеді. Ол үшін бұл құрылымдарды одан әрі саралау қерек, соның әсерінен талқыланып отырған элементтер саны көбейе түседі. Мысалы, мемекеттік құнды қағаздар және акциялар нарығы тұтыну және инвестициялық тауарлар нарығынан бөлек қаралады. Нарықта ұсынысы мен сұранысы бар әр түрлі субъектілердің өзара әрекеттесуі экономиканың төрт түрін анықтайды:

-үй шаруашылығы;

-кәсіпкерлік;

-мемлекет;

-шет ел.

Инвестицияны жоспарлау және талдау үшін инвестицияның мәнін толык түсінуге мүмкіндік беретін бағыттар бойынша жіктеулер жүргізілуі мүмкін. Ең кең тараған жіктеудің түрлері келесідей болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]