- •Кәсіпорын ұғымы, мақсаты және түрлері.
- •2. Өндірістік кәсіпорындардың негізгі белгілері.
- •3. Кәсіпорынның басты міндеттері және функциялары.
- •4. Кәсіпорындардың қызмет етуінің ерекшелік белгілері.
- •5. Кәсіпорынның сыртқы ортасы:оның қызметіне ықпал ететін жағдайлар және факторлар.
- •6. Кәсіпорынның кәсіпкерлік міндеттері және құқықтары.
- •7. Негізгі және қосымша белгілері бойынша кәсіпорындардың жіктелуі.
- •9. Кәсіпорындардың бірлестіктері.
- •10. Кәсіпкерлік субьектілері, дара кәсіпкерлік.
- •11. Кәсіпкерлік нысандары және түрлері.
- •12. Кәсіпорынның негізгі капиталының экономикалық мәні олардың құрамы және құрылымы.
- •13. Негізгі қорлар тозуы, негізгі түрлері. Негізгі капиталды амортизациялаудың маңызы.
- •14. Амортизацияны есептеу әдістері: біркелкі, өндірістік, жеделдетілген, қалдық құнын азайту.
- •15. Айналым капиталы: оның маңызы, құрамы және құрылымы.
- •16. Айналым капиталының қаржыландыру көздері.
- •17. Айналым құралдарының айналымы.
- •18. Айналым құралдарының айналымдылығын және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер.
- •19. Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі.
- •20. Кәсіпорынның энергетикалық ресурстарын пайдалану.
- •21. Кәсіпорын персоналы: түсінігі және сипаттамасы.
- •22. Персоналдың сандык, сапалык сипаттамаларының көрсеткіштері. Персоналдық құрылымдық сипаттамасы.
- •23. Персоналдың жылжуын сипаттайтын көрсеткіштер.
- •24. Кәсіпорынның еңбек ресурстарына қажеттілігін анықтау.
- •25. Касіпорынның кадрлық жұмысының ерекшеліктері.
- •26.Кәсіпорынның қызметін тиімді атқару үшін ұЙымдастырушылық тәртіптің мәні және маңызы.
- •27. Еңбек ресурстарын пайдалану көрсеткіші – еңбек өнімділігі.
- •28. Еңбек уәждемесінің мәні мен формалары.
- •29. Еңбекке ақы төлеудің экономикалық мәні мен қағидалары.
- •30. Кәсіпорындағы еңбекақы түрлері және оны төлеуді ұйымдастыру.
- •31. Инвестицияның экономикалық мәні.
- •1. Нысан бойынша инвестициялау:
- •2. Ұзактығы бойынша инвестициялау:
- •3. Нақты секторда ұдайы даму түрлері бойынша:
- •4. Соңғы нәтижелерге байланысты:
- •5. Меншік түрлері бойьшша:
- •6. Қаржыландыру көздері бойынша:
- •7. Жобаны әзірлеу мен іске асырудағы үлесі және инвестициялық жобаға қатысушылардың құрамы бойынша:
- •32.Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеті.
- •34. Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің стратегиясы.
- •36. Қазақстан республикасын үдемелі индустриялық-инновацинлық дамьпу жөніндегі саясаты.
- •37. Инновацияның маңызы және жіктелуі.
- •38. Кәсіпорынның инновациялық қызметі: маңызы және міндеттері. Жаңашылдықты басқару.
- •39. Шығындардың экономикалық маңызы, түрлері және құрамы.
- •40. Кәсіпорын шығындарының жіктелуі.
- •41. Экономикалық элементтері мен калькуляция баптары бойынша шығындардың жіктелуі.
- •42. Калькуляциялау, оның түсінігі және қағидалары.
- •43. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері.
- •44. Кәсіпорынның маркетингтің қызметінің ерекшеліктері.
- •45. Стратегиялық жоспарлау және маркетингтік тәсіл.
- •46. Маркетинг стратегиясын таңдау және жүзеге асыру.
- •47. Жоспарлау түрлері.
- •48. Кәсіпорын жоспарларының құрылымы. Өндіріс ішіндегі жоспарлау.
- •49.Өнімнің бәсекеге қаблеттілігі:түсінігі,оның деңгейін көтеру қажеттілігі.
- •50.Өнім сапасы:түсінігі, көрсеткіші, және оның денгейін көтеру жолдары.
- •51. Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі.
- •52. Сапаны басқарудағы жаңа стратегия.
- •53. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін өсірудегі бағаның рөлі.
- •54.Экономикалық категория ретіндегі бағаның маңызы мен функиялары.
- •55. Баға жүйесі және оның жіктелуі.Баға деңгейіне әсер ететін факторлар.
- •56. Кәсіпорынның баға саясаты және баға белгілеу әдістері.
- •4. Баға жасау әдістері.
- •57. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің мәні.
- •58.Кәсіпорынныың бәсекеқабілеттілігіне ықпал еттетін факторлар.
- •59.Кәсіпорынның қаржысы түсінігі және функциялары.
- •60. Кәсіпорынның қаржы қатынастарының қалыптасу нысандары.
- •61. Кәсіпорынның қаржы қызметін ұйымдастырудың негізгі қағидалары мен бағыттары.
- •62. Қаржы механизмі: құрамдас элементтері, құқықтық, нормативтік және ақпараттық қамтамасыз ету.
- •63. Кәсіпорынның қаржы ресурстары. Қаржылық жоспаралау.
- •64. Кәсіпорындағы қаржы ресурстарының қалыптасу көздері.
- •65. Банкроттықтың түсінігі және белгілері.
- •66. Банкроттық және дағдарыс кезінде кәсіпорынды қайта құру және басқару.
- •68. Табыс және пайда – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерін жиынтық көрсеткіші ретінде.
- •69. Қр салық кодексіне сай салықтық жылдық жиынтық табысты есептеуде анықталатын табыс түрлері.
- •70. Кәсіпорын пайдасының қалыптасуы және бөліну тәртібі.
- •71. Кәсіпорынның төлейтін салқытарыдың сипаттамасы.
- •72. Өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызы және оның түрлері.
- •73. Өндірістің жалпы тиімділігі және оның көрсеткіштер жүйесі
- •74. Өндіріс тиімділігінің жекелеген (дифференцияцияланған) көрсеткіштері.
- •75. Кәсіпорынның рентабельділік (табыстылық) көрсеткіші.
- •76. Өндіріс қызметінің тиімділік көрсеткіштері.
- •77. Қазақстан республикасының арнайы экономикалық аймақтарында кәсіпорындардың қызмет ету ерекшеліктері.
- •78. Қазақстан республикасының технопарктер: олардың түрлері және қызмет ету ерекшеліктері.
- •79. Қазақстан республикасының бизнес-инкубаторлар және оның қызметі.
- •80. Қазақстан республикасының индустриялық-инновациялық жүйесі, ерекшеліктері.
- •81. Қазақстан республикасының әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, олардың қызмет етуінің ерекшеліктері.
- •82. Қазақстан республикасының ұлттық холдингтік компаниялары, олардың қызмет ету ерекшеліктері.
26.Кәсіпорынның қызметін тиімді атқару үшін ұЙымдастырушылық тәртіптің мәні және маңызы.
Қоршаған ортаның қазіргі өзгерістері, экономиканың интернационалдануы, аққпараттық технологияның екінші легі, тұтынушыларға бағытталған сапаны басқару, жұмыскерлер мінез-құлқының әртүрлігін мойындау және оны басқару қажеттілігі басқарудың ұғымын өзгертуге алып келді. Жаңа көзқарас ұйымда тиімді іс-әрекет жасау үшін жеке тұлғаның мәртебесін, оның білімін, дағдысын мойындау қажет болып отыр.
Ұйымда жұмыс істеу үшін келген жеке тұлға осы ұйымның реттемесі мен мөлшері өктемдік жасап отырған жағдайда өзіне мінез-құлқының бірқатар шектелуін қабылдауға тура келеді.
Бүгін жұмысберушілерді жеке тұлғаның жай орындаушылық тәртібіне қарағанда оның білімі әлдеқайда көбірек қызықтырады. Жұмыскердің білім ала білу қабілеті оның орындаушылық қасиетіне қарағанда жоғары бағаланады. Мұның нәтижесінде коммерциялық әріптестік сипаты бар жаңа ұйымдастырушылық келісім-шарт түрі пайда болады. Мұндай әріптестік жұмыскер жағынан шығармашылық түріндегі барынша мол ықыластықты тапап етсе, ал ұйым жағынан осы шығармашылык үшін қолайлы жағдай жасауды талап етеді. Осының нәтижесінде ұйым ішінде қарым-қатынас өзгереді, онда жұмыскер мен жүмыс берушінің баламалы мінез-құлқының болуына қатты көңіл бөлінеді.
Ұйымда адам ерекше құнды ресурс екенін түсіну мінез-құлық парадигмасы ұйымдастыру тәртібінің ізгілікке бағытталғанын, оның әлеуметтік жағына өзгергенін білдіреді. Ұйым тәртібі жұмыскерлерге қатысты әлеуметтік әділдіктікті, жұмыскерлер мен кәсіпорын мүдделерінің теңгерімін сақтауға, әлеуметтік ықыластылықка және қоғам алдында жауапкершілікке бағытталған. Ұйымдастырушылық тәртіп топ ішіндегі жеке тұлғаға, оның мінез-құлқына бағытталған.
27. Еңбек ресурстарын пайдалану көрсеткіші – еңбек өнімділігі.
Еңбек тиімділігі еңбекке кеткен шығын және оның нәтижесінің ара қатынасымен өлшенеді. Өнімділігі жоғары еңбек уақыттың бірлігінде ресурстың аз шығынымен көлемі көбірек, сапасы жоғары өнімді шығаруға қабілетті болады. Нарық жағдайында еңбек өнімділігінің ұдайы өсетіні туралы шынайы экономикалық заң әсер етеді, себебі еңбек өнімділігінің өсуі шаруашылықтың нәтижесін және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігінің негізгі көрсеткіші болып еңбек өнімділігі саналады. Еңбек өнімділігі жұмыскердің нақты еңбегінің тиімділік дәрежесін көрсетеді.
Экономика бұл қоғам қажеттілігін толық қанағаттандыру үшін шектелген ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі ғылым.
Қоғамның материалдык қажеттіліктері шексіз болғандыктан, оларды толық қанағаттандыруды мүмкіндігінше барлық қорларды неғұрлым тиімді пайдалану арқылы қамтамасыз етуге болады. Осылайша, экономика бұл ең алдымен тиімділік жөніндегі ғылым. Экономикалық тиімділік «шығын-өндіру» деген мәселеден тұрады.
Өндіріс тиімділігі бұл пайдалы нәтиже мен өндірістік үдеріс факторларының шығындарының арақатынасы.
Өнімділік дегеніміз қазіргі экономикалық теорияда, сөздің кеңмағыңасында, бір жағынан өнім және қызмет түріндегі тауарлар көлемін, екінші жағынан, сол өнімдерді шығаруға кеткен шығындардың арақатынасын түсінуге болады. Оған өндірістің барлық факторлары ықпал ететін болғандықтан, кейде оны көп факторлы өнімділік деп атайды.
Еңбек сыйымдылығы – бұл өндірілген тауар бірлігіне жұмсалған еңбек шығындарының шамасы. Ол өнім, жұмыс, көрсетілген қызмет бірлігіне жұмсалған адам-сағат санымен есептеледі.
Еңбек өнімділігі бұл өндіріс нәтижесінің адам еңбегінің шығынына қатынасы арқылы өрнектелетін еңбек үдерісі тиімділігінің көрсеткіші.
Формуласы: еңбек өнімділігі =қосымша құн/жұмыс бастылар саны
Еңбек өнімділігінің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады. Дербес еңбек өнімділігі бүл жеке нақты жұмыскердің немесе кәсіпорынның өндірістік бөлімінің өнімділігі; жергілікті еңбек өнімділігі аймақтағы немесе саладағы еңбек өнімділігі; қоғамдық еңбек өнімділігі бұл ұлттық шаруашылығы бойынша, толығымен ел экономикасының еңбек өнімділігі.
Шекті еңбек өнімділігі(шекті немесе бастама еңбек өнімділігі)- бұл қосымша еңбек бірлігін қолданудан алынған, кәсіпорын шығаратын өнімнің заттай өрнектелген қосымша өнімі.
Еңбек қарқындылығы мен қауырттылығы бұл уақыт бірлігінде жұмыскерлер жұмсайтын адам ағзасындағы энергияның шамасы.
Еңбек үдерісіндегі бұл көрсеткіштің физиологиялық сипаты бар, бірақ ол өндірісте әлеуметтік еңбек қатынастарын және оның жағдайын көрсетеді. Еңбек қарқындылығының еңбек өнімділігінен негізгі айырмашылығы келесідей. Еңбек өнімділігінің өсімі өнім бірлігіне жұмсалатын дене күші ретіндегі энергия шығындарының азайғандығын білдіреді. Бұл энергия шығыны көп тауар өндіруге мүмкіндік береді. Еңбек қарқындылығының өсімі өнім бірлігіне жұмсалатын энергия шығындарын өзгеріссіз қалдырса да, бірлік уақытта оның көлемі ұлғаяды. Сондықтан, жұмыс қарқындылығының шамадан тыс өсімі жұмсалатын энергия көлемі бойынша жүмыс күнінің ұзаруына тең.
Еңбектің қауырттылық деңгейі уақыт бірлігінде жұмыскерлердің жұмыс ырғағының, атқаратын қызмет санының, олардың қызмет атқаратын машиналар санының мөлшерімен анықталады.
Еңбек қарқындылығының деңгейі оны ұйымдастыру түріне, еңбекақы және оны мөлшерлеуге, табиғи-биологиялық факторларға (ауа райы, жынысы, денсаулық жағдайы), әртүрлі ұлттық тарихи жағдайларға, сондай-ақ осы кезеңдегі еңбек қатынасына байланысты.
Еңбек қарқындылығының өлшемі ретінде белгілі бір жұмыс кезеңінде немесе жұмыскердің іс-әрекеті кезеңінде оның жұмысқа деген қабілеттілігін біртекті сақтауға мүмкіндік беретін деңгейі қабылданады.
Еңбек өнімділігі серпінді көрсеткіш, яғни дамушы өзгерістерде ғана маңызы болады. Еңбек өнімділігінің өсуі көптеген факторлардан тәуелді болады. Еңбек өнімділігінің факторлары (немесе олардың резервтері) деп еңбек өнімділігі деңгейінің өзгеруін қамтамасыз ететін шынайы және субъективті себептердің жиынтығын айтады.
Қазіргі кезде еңбек өнімділігінің өсу факторларын үш топқа бөледі:
І топ -негізгі капитал факторлары. Олардың рөлі инвестицияны пайдалану және материалдық негізгі құралдардың пайдалану дәрежесі мен даму деңгейімен, сапасымен аныкталады. Бұл факторлар еңбекті механикаландырумен және автоматтандырумен, алдыңғы қатарлы технологияны өндірумен, сапалы және тиімді материалдарды пайдаланумен байланысты болады.
ІІ топ әлеуметтік-экономикалық факторлар. Бұл жұмыскелердің құрамы мен сапасы (олардың біліктілігі), еңбек жағдайы, еңбекке деген жұмыскерлердің көзқарасы және т.б. Әлеуметтік-экономикалық факторлар тобында жұмыс күшінің құрамымен саласы аса жоғары рөл ойнайды, себебі жалпы жиынтық еңбекте әрбір адамның табыс үлесі әртүрлі болады: ұжымдағы бір жұмысшылар орташа шығарған өнімге қарағанда көбірек шығарады, ал екіншісі болса орташа мәннен төмен шығарады. Бірақта қәзіргі кезде қолданып жүрген еңбек өнімділігін есептеу әдістері бұл жағдайды ескермейді.
Жеке жұмыскердің еңбек өнімділігі оның қабілеттілігіне, шеберлігі мен біліміне, жасына, денсаулығына және баска да себептерге тәуелді болады.
III топ ұйымдастырушылык факторлар. Олар еңбекті ұйымдастыру мен басқару, персонал менеджменті бойынша іс-қимылдың тұтас кешенін қамтиды.
