- •Кәсіпорын ұғымы, мақсаты және түрлері.
- •2. Өндірістік кәсіпорындардың негізгі белгілері.
- •3. Кәсіпорынның басты міндеттері және функциялары.
- •4. Кәсіпорындардың қызмет етуінің ерекшелік белгілері.
- •5. Кәсіпорынның сыртқы ортасы:оның қызметіне ықпал ететін жағдайлар және факторлар.
- •6. Кәсіпорынның кәсіпкерлік міндеттері және құқықтары.
- •7. Негізгі және қосымша белгілері бойынша кәсіпорындардың жіктелуі.
- •9. Кәсіпорындардың бірлестіктері.
- •10. Кәсіпкерлік субьектілері, дара кәсіпкерлік.
- •11. Кәсіпкерлік нысандары және түрлері.
- •12. Кәсіпорынның негізгі капиталының экономикалық мәні олардың құрамы және құрылымы.
- •13. Негізгі қорлар тозуы, негізгі түрлері. Негізгі капиталды амортизациялаудың маңызы.
- •14. Амортизацияны есептеу әдістері: біркелкі, өндірістік, жеделдетілген, қалдық құнын азайту.
- •15. Айналым капиталы: оның маңызы, құрамы және құрылымы.
- •16. Айналым капиталының қаржыландыру көздері.
- •17. Айналым құралдарының айналымы.
- •18. Айналым құралдарының айналымдылығын және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер.
- •19. Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі.
- •20. Кәсіпорынның энергетикалық ресурстарын пайдалану.
- •21. Кәсіпорын персоналы: түсінігі және сипаттамасы.
- •22. Персоналдың сандык, сапалык сипаттамаларының көрсеткіштері. Персоналдық құрылымдық сипаттамасы.
- •23. Персоналдың жылжуын сипаттайтын көрсеткіштер.
- •24. Кәсіпорынның еңбек ресурстарына қажеттілігін анықтау.
- •25. Касіпорынның кадрлық жұмысының ерекшеліктері.
- •26.Кәсіпорынның қызметін тиімді атқару үшін ұЙымдастырушылық тәртіптің мәні және маңызы.
- •27. Еңбек ресурстарын пайдалану көрсеткіші – еңбек өнімділігі.
- •28. Еңбек уәждемесінің мәні мен формалары.
- •29. Еңбекке ақы төлеудің экономикалық мәні мен қағидалары.
- •30. Кәсіпорындағы еңбекақы түрлері және оны төлеуді ұйымдастыру.
- •31. Инвестицияның экономикалық мәні.
- •1. Нысан бойынша инвестициялау:
- •2. Ұзактығы бойынша инвестициялау:
- •3. Нақты секторда ұдайы даму түрлері бойынша:
- •4. Соңғы нәтижелерге байланысты:
- •5. Меншік түрлері бойьшша:
- •6. Қаржыландыру көздері бойынша:
- •7. Жобаны әзірлеу мен іске асырудағы үлесі және инвестициялық жобаға қатысушылардың құрамы бойынша:
- •32.Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеті.
- •34. Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің стратегиясы.
- •36. Қазақстан республикасын үдемелі индустриялық-инновацинлық дамьпу жөніндегі саясаты.
- •37. Инновацияның маңызы және жіктелуі.
- •38. Кәсіпорынның инновациялық қызметі: маңызы және міндеттері. Жаңашылдықты басқару.
- •39. Шығындардың экономикалық маңызы, түрлері және құрамы.
- •40. Кәсіпорын шығындарының жіктелуі.
- •41. Экономикалық элементтері мен калькуляция баптары бойынша шығындардың жіктелуі.
- •42. Калькуляциялау, оның түсінігі және қағидалары.
- •43. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері.
- •44. Кәсіпорынның маркетингтің қызметінің ерекшеліктері.
- •45. Стратегиялық жоспарлау және маркетингтік тәсіл.
- •46. Маркетинг стратегиясын таңдау және жүзеге асыру.
- •47. Жоспарлау түрлері.
- •48. Кәсіпорын жоспарларының құрылымы. Өндіріс ішіндегі жоспарлау.
- •49.Өнімнің бәсекеге қаблеттілігі:түсінігі,оның деңгейін көтеру қажеттілігі.
- •50.Өнім сапасы:түсінігі, көрсеткіші, және оның денгейін көтеру жолдары.
- •51. Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі.
- •52. Сапаны басқарудағы жаңа стратегия.
- •53. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін өсірудегі бағаның рөлі.
- •54.Экономикалық категория ретіндегі бағаның маңызы мен функиялары.
- •55. Баға жүйесі және оның жіктелуі.Баға деңгейіне әсер ететін факторлар.
- •56. Кәсіпорынның баға саясаты және баға белгілеу әдістері.
- •4. Баға жасау әдістері.
- •57. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің мәні.
- •58.Кәсіпорынныың бәсекеқабілеттілігіне ықпал еттетін факторлар.
- •59.Кәсіпорынның қаржысы түсінігі және функциялары.
- •60. Кәсіпорынның қаржы қатынастарының қалыптасу нысандары.
- •61. Кәсіпорынның қаржы қызметін ұйымдастырудың негізгі қағидалары мен бағыттары.
- •62. Қаржы механизмі: құрамдас элементтері, құқықтық, нормативтік және ақпараттық қамтамасыз ету.
- •63. Кәсіпорынның қаржы ресурстары. Қаржылық жоспаралау.
- •64. Кәсіпорындағы қаржы ресурстарының қалыптасу көздері.
- •65. Банкроттықтың түсінігі және белгілері.
- •66. Банкроттық және дағдарыс кезінде кәсіпорынды қайта құру және басқару.
- •68. Табыс және пайда – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерін жиынтық көрсеткіші ретінде.
- •69. Қр салық кодексіне сай салықтық жылдық жиынтық табысты есептеуде анықталатын табыс түрлері.
- •70. Кәсіпорын пайдасының қалыптасуы және бөліну тәртібі.
- •71. Кәсіпорынның төлейтін салқытарыдың сипаттамасы.
- •72. Өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызы және оның түрлері.
- •73. Өндірістің жалпы тиімділігі және оның көрсеткіштер жүйесі
- •74. Өндіріс тиімділігінің жекелеген (дифференцияцияланған) көрсеткіштері.
- •75. Кәсіпорынның рентабельділік (табыстылық) көрсеткіші.
- •76. Өндіріс қызметінің тиімділік көрсеткіштері.
- •77. Қазақстан республикасының арнайы экономикалық аймақтарында кәсіпорындардың қызмет ету ерекшеліктері.
- •78. Қазақстан республикасының технопарктер: олардың түрлері және қызмет ету ерекшеліктері.
- •79. Қазақстан республикасының бизнес-инкубаторлар және оның қызметі.
- •80. Қазақстан республикасының индустриялық-инновациялық жүйесі, ерекшеліктері.
- •81. Қазақстан республикасының әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, олардың қызмет етуінің ерекшеліктері.
- •82. Қазақстан республикасының ұлттық холдингтік компаниялары, олардың қызмет ету ерекшеліктері.
22. Персоналдың сандык, сапалык сипаттамаларының көрсеткіштері. Персоналдық құрылымдық сипаттамасы.
Кәсіпорын персоналы және оның өзгерістері белгілі бір сандық, сапалық және құрылымдық сипаттарға ие болады, олар азды және көпті белгілі бір дәрежеде келесі абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштермен белгіленуі мүмкін:
- кәсіпорын немесе ішкі бөлімшелері, жеке санаттары және топтары бойынша белгілі бір күнге жұмыскерлерінің тізімдік және жұмысқа шыққан саны;
- белгілі бір кезеңге кәсіпорын немесе ішкі бөлімшелері бойынша жұмыскерлердің орташа тізімдік саны;
- кәсіпорын жұмыскерлерінің жалпы санында жеке бөлімшелер (топтар, санаттар) жұмыскерлерінің меншікті үлесі;
- белгілі бір кезең ішінде кәсіпорын жұмыскерлері санының өсу қарқыны;
- кәсіпорын жұмысшыларының орташа разряды;
- кәсіпорын қызметшілерінің және (немесе) қызметкерлерінің жалпы санында жоғары немесе орта арнайы білімі бар қызметшілердің меншікті үлесі;
- кәсіпорын басшылары мен мамандардың мамандығы бойынша орташа жұмыс өтілі;
- кәсіпорындағы қызметкерлер және (немесе) жұмысшылар еңбегінің қормен жарақтандырылуы және баскалар.
Жоғарыда көрсегілген және баска да көрсеткіштер жиынтығы кәсіпорын персоналының сандык, сапалық және құрылымдық жағдайы туралы және жоспарлау, талдау мен кәсіпорынның еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды артыру үшін іс-шараларды әзірлеу үшін олардың үрдістері туралы түсінікті алуға болады. Кәсіпорын персоналының сандық сипаттамасы, ең бірінші кәсіпорын жұмыскерлерінің тізімдік жұмыска шыққан және орташа тізімдік саны сияқты көрсеткіштермен өлшенеді.
Белгілі бір кезеңде жұмыскерлер санын анықтау үшін орташа тізімдік санының көрсеткіші пайдаланылады. Ол еңбек өнімділігін орташа еңбекақыны, айналым коэффициентін, кадрлар тұрақсыздығын және де басқа көрсеткіштерді есептеу үшін пайдаланады.
23. Персоналдың жылжуын сипаттайтын көрсеткіштер.
Персонал қозғалысының көрсеткіштері. Кәсіпорынның өндірістік іс-әрекетінің нәтижесін анықтағанда жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару кезінде пайда болатын персонал қозғалысының маңызы зор. Кәсіпорынның есебінде персоналдын қозғалысы көрсетіледі (5.2-кесте). Кәсіпорынның қызметкерлерді жұмысқа қабылдау бастамасы жұмысқа орналыстырумен айналысатын органдардың жолдамасы бойынша іске асады.
Өз еркімен, тәртіпті бұзғаны үшін, сот органдарының шешімі бойынша қызметкерлерді жұмыстан босату кадрлар тұрақсыздыңы деп аталады.
5.2-кесте. Персонал қозғалысының көрсеткіштері
-
А. Жылдың басында
Жұмысқа қабылданған қызметкерлердің барлық саны
Сонымен бірге, қосымша жұмыс орындарына
Жұмыстан кеткен қызметкерлердің барлық саны
Сонымен қатар, персонал санының қыскаруына байланысты
Өз еркімен кеткен қызметкерлер
Есеп беру кезеңінің аяғындағы тізімдік құрамдағы қызметкерлер саны
Есеп беру кезеңінің аяғындағы бос орындардың саны
Б. Жақын арадағы тоқсанда
Жоюға белгіленген жұмыстың бос орындары
Босатуға дайындаған қызметкерлер саны
Ашуға бағыталған жұмыс орындары
Персонал қозғалысы жайлы акпараттардың негізінде аталған үдерісті сипаттайтын көрсеткіштер анықталады:
Қабылдау бойынша айналым коэффициенті = белгілі бір кезеңде жұмысқа қабылданғандар саны / осы кезеңдегі жұмыскерлердің орташа тізімдік саны.
Шығу бойынша айналым коэффициенті = белгілі бір кезеңде жұмыстан шыққандар саны / осы қезеңдегі жұмыскерлердің орташа тізімдік саны.
Ауысым коэффициенті = (қабылданғандар саны - шыққандар саны) / жұмыскерлердің орташа тізімдік саны.
Кадрлар тұрақсыздығы коэффициенті = кадрлардың тұрақсыздығы себебінен жұмыстан шыққан қызметкерлер саны / орташа тізімдік саны.
Кадрлар тұрактылығы коэффициенті = барлық есеп кезеңінде жұмыс атқарғандар саны / кезең соңындағы жұмыскерлер саны.
