Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-82_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.67 Кб
Скачать
  1. Кәсіпорын ұғымы, мақсаты және түрлері.

Кәсіпорын жұмыскердің еңбек құралы мен еңбек затына тікелей байланысын жүзеге асыру жолымен өнім өндіретін және қызмет көрсететін өндірістік бірлестік. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымынпайдалана отырып,өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық есеппринципіне сүйеніп әрекет етеді. Аралас кәсіпорын– меншік нысандары алуан түрлі кәсіпорын, оның қызметі бірлескен қызметті жүзеге асырушы серіктестердің жарналарына негізделген. Ауыл шаруашылығы кәсіпорыны – меншігінде немесе шаруашылықтың қарамағында жер, сондай-ақ, басқа да мүлік бар және өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығыөнімін өндіруші, ауыл шаруашылығы өндірісіне қызмет көрсетуші заңды тұлға. Ауыл шаруашылығында шаруашылықты жүргізу нысандары – акционерлік қоғамдар, түрлі тұрпаттағы серіктестіктер, кооперативтері, ұжымдық шаруашылықтар, өнеркәсіптің, көлік, басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылықаралық, қосалқы шаруашылықтары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдары, т.б. Бірлескен кәсіпорын – екі не одан көп заңды тұлға құқықтары бар құрылтайшыларының (фирмаларының, компанияларының, т.б.) мүлкін біріктіру негізінде құрылған кәсіпорын. Олардың нақты нысандары: өндірістік кәсіпорындар, сауда фирмалары сервистік және басқа ұйымдар. Бірлескен кәсіпорынның бас директоры (басқарма төрағасы) құрылтайшы мемлекеттің азаматы, не шет ел азаматы болуы мүмкін. Қызметкерлерді жалдау, жұмысқа алу, жұмыстан шығару, еңбекақы төлеу мәселелерін кәсіпорынның өзі шешеді. Венчурлік кәсіпорын – ғылыми-зерттеулермен, инженерлік талдамалармен, жаңалықтар ашумен және енгізумен, соның ішінде ірі фирмалардың тапсырыстары және мемлекеттік қосалқы келісім-шарттар бойынша жаңа енгізілімдер жасаумен айналысатын шағын кәсіпорын. Еншілес кәсіпорын – заңды тұлға құқығы бар, бірақ акцияларының пакеті не жарғылық қоры басқа кәсіпорынның қолында болатын кәсіпорын. Жалгерлік кәсіпорын – кәсіпкерлік қызметті жалға алынған мүліктік кешен негізінде жүзеге асыратын шаруашылық бірлік. Жекеше кәсіпорын – азамат, соның ішінде шет ел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға құрған кәсіпорын. Коммерциялық кәсіпорын – заңды тұлға құқығы берілген, өзін-өзі қаржыландыру жағдайында коммерциялық қызметпен айналысатын және барынша көп пайда алуды көздейтін оқшауландырылған дербес шаруашылық бірлігі. Корпоративтік кәсіпорын – меншіг іүлеспұлдарға бөлінген тәуелсіз заңды субъектілер ретінде өмір сүретін кәсіпорын.. Шағын кәсіпорын – жұмысшылар саны мен шаруашылық айналымы (өнеркәсіпте өнім көлемі, сауда да тауар айналымының көлемі) белгілі бір мөлшерлік өлшеммен шектелетін жаңадан құрылған немесе бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорын. Оларға өнеркәсіп пен құрылыстажұмысшылардың саны көпдегенде 200 адамға, ғылымда 100 адамға, басқа өндірістік салаларда 25 адамға, бөлшек саудада 15 адамға дейін жететін кәсіпорындар жатады. Шетелдік кәсіпорын – жарғылық қоры түгелімен шетелдік қаржыларданқұралған кәсіпорын (ұйым). Ірі кәсіпорын – сала өндірісінің жалпы көлемінің көп үлесін өндіретін не жұмысшылардың немесе акцияларды иеленушілердің саны жөнінен, өткізу көлемі, активтердің немесе пайданың мөлшері жөнінен ірі деп саналатын, не осы екі белгіге де ие кәсіпорын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]