Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамен муг багыттары (1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
110.48 Кб
Скачать

18. Оқушыларды ынталандыру: сыныптағы кедергілерді анықтау

Біз оқушылардың кейде сабақтың білім беру процесінен «шығып қалатынын» білеміз, себебі олар зерігеді немесе олардың күрделі жұмыстан жалтарғылары келеді, не олар сыныптағы шудан қажыған немесе оларға мұғалім белгілі бір сәтте көрсете алмайтын жеке көмек қажет болады немесе кезекті тапсырма олардың қоғамдық өмірінің қиындықтары туралы әңгімеге не сол туралы ойлануға қарағанда мейлінше қызықсыз. Бұлар оқыту және оқудың күнделікті таныс проблемалары, бірақ егер оларды шешусіз қалдыратын болса, онда оқушылар оларды қызықсыз күнделікті мектеп өмірінің бөлігі ретінде қабылдауы мүмкін және қандай да бір уақыт өткеннен кейін олардың алдында мектепке және оқытуға қатысты қызығушылық проблемасы тұрады. Осындай қызығушылық жемісі қиындыққа итермелеуге және сынып жұмысына тартуға, мектептегі әртүрлі іс-шараларға қатысуын ынталандыруға, жұмысқа икемделген құрдастарын құрметтеу немесе қолдауға байланысты. Сонымен қатар, мұғалімнің адамгершілігі мен кәсіби сапасына да байланысты әрине.

Оқудағы кедергілер зияткерлік, әлеуметтік және эмоциялық сипатта болатынын түсіну. Оқытудың ынталандыру теорияларымен танысу. «Қиын» оқушылармен қалай жұмыс жасау керектігін білу.

19. Оқушларды ынталандыру: оқудың аффектік теориясы

Оқуға қабілетті екендігіне сенімді оқушылар материалды тез әрі жақсы игереді. Олар ойларын оңай жинақтайды, терең ойланады, оқудан ләззат алады, ішкі бақылау жұмыстары мен сыртқы тексерістерде жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Оларға оқу оңай, олар оқу үдерісінен рахат алады.Оқушылардың ынтасын басқара алатын мұғалімдер оларды дамыту жолдарын белгілеуде негізгі рөл атқарады. Болашақты болжауға болмайды, бірақ оның қалыптасу белсенділігі қазірден басталады және қазіргі кезде не істеліп жатса да, жастардың қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Сондықтан мұғалім оқу қабілеттерін қалыптастыратын немесе шектейтін күштерді белгілей отырып, белгілі бір педагогикалық амалдарды таңдап, жастарға өз әлеуеттерін ашуға, сол арқылы ең үздік оқушы болуға көмектесуге тиіс.

21. Сабақтың интерактивті және инклюзивті болуын қамтамасыз ету

Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата - аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу - педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Инклюзивті білім беру оқыту процесінде балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етеді, жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндігін ескере отырып құрылатын оқу-тәрбие процесінің ерекшілігінде ескерген жөн.

Ал бұл процессті жүзеге асыру үшін мектепте балаға психологиялық- педогогикалық қолдау қызметі ұйымдастырылуы қажет.

28)ниш қалай оқу керектігін үйренуге қатысты оқыту әдістері мен тәсілдеріне назар аудару  Қалай оқу керектігін үйрету «Оқуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу  бар, бірақ сонымен бірге оқуды үйрену де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы  ойлануға да қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты танымды тану  да бар. «Метатану» дегенді индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақы- лау, кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде си- паттауға болады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға: • оқу міндеті қоятын талаптарды түсінуге; • жеке зияткерлік үдерістерін және олардың қалай ықпал ететінін білуге; • тапсырмаларды орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға; • нақты тапсырма үшін барынша оңтайлы болып табылатын стратегияларды таңдауға  көмектеседі. Осы төрт тармақты іске асыру үшін оқушылардан оқуды үйрену талап етіледі. Мұғалімдер,  өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы  тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты  енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады. Әңгімеге арқау болған бөлімнің  негізгі идеясы ақпарат беріледі дегенге саяды, білім мен түсінікті оқушы өзі қалыптастырады,  ал мұғалім – бұл үдерісте көмек көрсететін жан.

29) оқыту мен оқуда ақпараттық педагогикалық технологияны пайдалану 1. Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі  Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.  Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған жəне проблемді оқу технологиялары, авторлық технология жəне т.б.  Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту технологиясы» жəне «тəрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мəні «оқу технологиясы», «тəрбие технологиясы» ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.  Педагогикалық технология – бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы.  Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.  Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько, В.В.Данилов, В.К.Дьяченко жəне т.б.), екіншісі – тəжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф.Шаталов жəне т.б.).  Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы жөніндегі идея қай заманда пайда болған?  Мұндай ғылымдық мəні бар ой жаңалықты емес. Кезінде оны Я.А.Коменский де дəріптеген. Ұлы педагог – ғұлама 16-ғасырда-ақ оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я.А.Коменский еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе – 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек».  Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды. Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Ю.К.Бабанский жəне т.б.).  Осы заманғы дидактикада əрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі - əр автор мен орындаушының педагогикалық процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен байланысты.

30) Ниш  Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе  ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның ар- тында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен  стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік,  сонымен қатар өзін өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты  құндылықтар жатады (Alexander, 2001). Бағалау – одан арғы оқу туралы шешім қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін  жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау арасындағы айырмашылық 1960 жылдардан  бастап белгіленген, бірақ берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Іс жүзінде нақты  баға қою және есеп беру үшін өткізілетін оқуды бағалау мен нақты мақсаты бағалауды оқушы- лардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде қолдану болып табылатын оқу  үшін бағалау арасында анығырақ айырмашылық жүргізілген.  Оқытуды, оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді жақсарту мүмкіндіктерін және осы мүм- кіндіктерді іске асыру түрлерін анықтауға бағытталған бағалау қалыптастырушы немесе оқу  үшін бағалау (ОүБ) деп аталады. Мұғалімдерді және әдістеме жасаушыларды ақпараттандыру  мақсатымен 1989 жылдан бастап жұмыс жүргізген Ұлыбритания академиктерінен құралған  Бағалауды Реформалау Тобы (Assessment Reform Group) 1999 жылы «Оқу үшін бағалау» (ОүБ)  деген кітапша жариялады. Соның нәтижесінде Оқу үшін бағалау ұғымы дербес тұжырымдама  ретінде кеңінен тарала бастады. Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу  үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының,  мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал ететін (яғни, анықтайтын  мәнге ие) шешім қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз  ету керек, яғни бұл ақпараттың мазмұны мен оның қандай жағдайларда жиналғанын қатаң  қадағалау қажет. Оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы бар- лық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді  оқушы болатын болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу  қажет, өйткені ол оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін керек. Соңғы зерттеу  жұмыстары біздің ұғымымызда қалыптастырушы бағалау үдерісінің едәуір дамуына және оны  оқыту мен оқуды қолдау үшін пайдалану мүмкіндігіне ықпал етті. Аталған Бағдарлама осы  еңбектерде айтылған идеяларды, сондай-ақ осы идея негізінде құрылған оқыту мен оқудың  стратегияларын қарастырады.  Мұғалімдер мен балалар үшін олардың қай мақсаттарға жеткісі келетінін білу маңызды,  ал ол мақсатқа жету өлшемдерін түсінуді талап етеді. Сондықтан Бағдарлама сыни бағалау  тәсілдерін де қарастырады.