- •1. Оқыту мен оқу әдістеріне өзгерістер енгізу қажеттілігі?
- •2. Қазақстандағы және әлемдегі білім беру жүйесі
- •5. Ақпарат жинаудың ұжымдық әдісі
- •10. Бірлескен және топтық жұмыс
- •17. Сыныптағы психологиялық ахуал11. Топтарда жұмыс жұмыс жүргізу әдістемесі
- •18. Оқушыларды ынталандыру: сыныптағы кедергілерді анықтау
- •19. Оқушларды ынталандыру: оқудың аффектік теориясы
- •21. Сабақтың интерактивті және инклюзивті болуын қамтамасыз ету
- •31 Бағалау үдерінің мақсаты
- •32 Оқытуды жоспарлауда ОүБ әдістемесін пайдалану
- •33 Бағалау: форматив және сумматив
- •34. Критериалды бағалау
- •35. Талантты және дарынды балаларды оқыту
- •36. Талантты және дарынды оқушыларды жандандыру үшін даралап оқыту
- •37. Әңгімелесу және диалогтік оқыту
- •38. Диалогтік оқыту дегеніміз не?
- •39. Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта әңгімелесуді пайдалану әдістемесі
- •40. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не?
- •41. Қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану
- •45. Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Лессон Стади қолдану
- •46. Тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімдік жоспарлау
- •47. Сыныпты топқа бөлу тәсілдері
- •48. Кері байланыс алудың маңызы
- •58. Insert стратегиясы бойынша жұмыс.
- •59. «Синквейн» әдісі бойынша 5 жолды өлең құрастыртыртады. 1. Зат есім. Кім ? не?
17. Сыныптағы психологиялық ахуал11. Топтарда жұмыс жұмыс жүргізу әдістемесі
Топтарды ұйымдастыру ережелері мынадай: Топтар түрлі тәсілдермен құрылуы мүмкін. Оқушылар достарымен бірге жұмыс істеуін өтінеді. Басқа жағдайларда кездейсоқ іріктеп алынған топтар құрастырылады. Ал кейде топтар жекелеген мүшелердің нақты бір мықты қасиеттеріне қарай құрылады.
Топтың қандай тәсілмен құрылғанына қарамастан, жаңадан
құрылған кез-келген топқа бір-бірімен жұмыс істеу сипатында дағдылары мен стиліне икемделіп бейімделуге уақыт талап етіледі. Табысты топтар осы
айырмашылықтардың артықшылығын пайдалануды, оларды бастапқы кезеңде анықтауғажәне тиісінше топтық қызметін ұйымдастыруды бірден үйренеді. Қалыптасу кезеңі топ жұмысының басталуымен шектелмейді.
Топ мүшелерінің бір-бірі туралы хабардар болуына қарай, топтың қарқыны біртіндеп өзгереді және де топ мүшелеріне мұндай өзгерістерге қатысты әрекет ету үшін қажеттілігіне қарай жұмысты түзетуге дайын болу керек.
Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес,анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді. Кез-келген команда барлық мүшелері білетін және түсінетін жалпы межелерді басшылыққа алуы қажет. Ол топтың әрбір мүшесінің одан не күтілетіндігін, жұмыс қалай бөлінетіндігін және қолдау көрсетілетіндігін, сондай-ақ нәтижелерге қалай қол жеткізілетіндігін білулері үшін қажет.
Топ мүшелерінің саны қанша болуы қажет?
шағын топтар (4-6 оқушыдан тұратын топ), жұптар(екеуара жұмыс), үлкен топтар (7-10 оқушыдан құралған топ) Топтағы оқушылардың саны оқушылар арасындағы сонымен қатар оқушылар мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты барынша тиімді қамтамасыз етуі тиіс. Топтың көлемі мен санының арасындағы тепе-теңдікті орнату маңызды. Шағын топтар немесе жұп шектеулі қысқа уақыт шамамен 5 минут барысындатиімді жұмыс істей алады. Үлкен топтарда оқушылардың көңілі басқаға ауып, тәртіптерінің бұзылуына әкелуі ықтимал. Белгілі бір тапсырманы айрықша тиімді орындау үшін, мұғалім топ қатысушылар саны қанша болатынын анықтап алуы керек. Мұғалімдер топтық жұмыстарды ұйымдастырып және оны қолдап отыруы қажет, тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға уақыт беру керек.
17.Ахуал - өзара қарым-қатынас, көңіл-күйін білдіретін психологиялық ұғым. Кәбінесе топтық психологияға байланысты айтылады. Сондқтан ол, көбінесе “әлеуметтік-психологиялық ахуал” немесе “психологиялық атмосфера” түрінде түсіндіріледі. Бұған қоғам мен ұжымдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы, көңіл-күйі мен ынтымағы, бірін-бірі түсінуі, тәртіп пен жауапкершілік, ортақ борыш пен намыс, үйреншікті жұмыс стилі, ортақ пікір, өзара сын т.б. кіреді. Оң (жақсы) Ахуалға бір қоғамдағы не ұжымдағы адамдардың ынтымағын, бір-біріне деген шексіз сенімін, шынайылық пен сыйластықты жатқызуға болады.
Қоғамның орнықты дамуы немесе белгілі бір ұжымдағы еңбек өнімділігінің нётижесі ұжымдағылардың кәсіби шеберлігі мен дағдысына, білімі мен икемділіктеріне ғана тәуелді емес, көпшіліктің мұнда қалыптасқан тұрақты көңіл-күйіне де байланысты. Сары-уайым, жабырқау, теңілу, жалғызсырау, ұрыс-керіс қоғамда да, ұжымда да қолайсыз Ахуал туғызып, ортақ мүддеге кесірін тигізеді.
