Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамен муг багыттары (1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
110.48 Кб
Скачать

47. Сыныпты топқа бөлу тәсілдері

Топтық жұмысты ұйымдастырудың жалпы ережелері Балалардың оқу ынтымақтастығын құру кезінде ескеру қажет:

  • Қарым-қатынастың мұндай формасы олардың тәжірибесінде болмаған, демек бұл дағдыны қалыптастыру керек.

  • Балаларды қалай отыруға, оқулықты қалай қоюға, қалай келісуге, қалай қарсы келуге, қалай көмек сұрауға үйрету.

  • Бірлескен жұмыс қателіктерін талдау міндетті.

Балаларды топтарға біріктіру – жеке қасиеттер, тұлғаралық қатынастар, бейімділік, тілек, материал қиындығы, ұсынылатын нәтижеге және т.б. байланысты өте күрделі үдеріс.

Сыныпта топтағы жұмыстан бас тартуы мүмкін оқушының болуын ескеру қажет, бұған дайын болуы керек. Жеке-дара жұмыстар дайындау. Әдетте, мұндай балалар кезі келгенде ынтымақтаса бастайды, бірақ бұған уақыт керек.

Топтың жалпы жұмысын бағалау керек; адамгершілік қасиетін үнемі атап көрсету керек: сыпайылық, достық ықылас, жарқын жүзділік, өзара көмек беру және т.б. Сабақта жым-жырт тыныштық болмайтынын ескеру керек, сондықтан тыныштық орнайтындай белгілі бір сигнал ойластыру керек. Топтық оқытудың басымдықтары Өмірдің маңызды дағдыларына қатыстыру (әрекеттік қарым-қатынас, тыңдай білу, дау-дамайды шеше білу, жалпы мақсаттарға жету үшін жария жұмыс жасай білу, басқаның көзқарасын тыңдай білу және т.б.).

Үлгерім жақсарады; оқу және оқыту уәжі қалыптасады. Сабаққа қатысатындардың барлығын үйретуге болады, әрі сараланған тәсіл сақталады.

Топтағы жұмыс балаға тек оқуға ғана емес, сонымен бірге өзін көрсетуге көмектеседі, өйткені топта мұғалімнің басты беделі және барлық сыныптың назары жоқ. Өзара сыйластық тәрбиеленеді. Барлығына деген қатынас өзгереді, достық нығаяды, тұлғааралық қарым-қатынас жақсарады; ұжымдағы психологиялық жайлылық орнайды.

Жарысудың жағымсыз жақтарынан құтылуға мүмкіндік пайда болады.

Балалар өзара көмек құндылықтарына көз жеткізеді; өзара жауапкершілік, мұқияттылық пайда болады, жолдасының жұмысына қызығушылық қалыптасады. Жұмыс принципі жүзеге асады. Білімді жалпы және барлығын қамтитын бақылауға қол жетеді. Оқушылар материалдың үлкен көлемін меңгереді. Тәрбие және оқу бірлігі қамтамасыз етіледі. Оқушы мен мұғалім арасында сенімді қарым-қатынас орнайды. Үй тапсырмасының ең аз көлемі. Жұмысты тексеру рәсімі жеңілдетіледі (барлық жұмыстың орнына топтардың 6-7-ге жуық есептерін тексеру керек болады).

Топтарды құру тәсілдері Топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде топтарды құруға ерекше көңіл аударған жөн. Жалпы жұмыстың табыстылығы топтың қаншалықты дұрыс әрі сәтті құрылуына байланысты болады. Топтың көлемі алуан түрлі, жұмыстың мазмұны мен сипатына байланысты ол 3-тен 6-ға дейін өзгереді, бұдан үлкен топтарда топтың барлық мүшелерінің белсенді жұмысы қамтамасыз етілмейді. Мысалы: Қалауы бойынша топ. Қатысушылар топты өздері құрады, бірақ мұндай жұмыстың нәтижесін болжау қиын. Мұндай топтарда психологиялық сәйкестік жоқ, байланыс жақсы, бірақ топтардың күш шамасы және толықтығы әртүрлі. Кездейсоқ топ.  Қатысушылар осы жұмыс үшін ғана бірігеді. Мұндай топтардың сәйкессіздігі дау-дамайға әкелуі және жұмысты мүлдем іске алғысыз етуі мүмкін. Түс, сан және т.б бойынша. Көшбасшы қалыптастырған топ. Топ құрамы бір текті, өйткені көшбасшы белгілі нәтижеге қол жеткізуге қабілеттілерді таңдайды. Зодиак белгілері бойынша. Әдетте оқушыларға әсер ететін ерекше шешім. Топтың күш шамасы, топтық өзара әрекеттестікке қатысушылар саны туралы сұрақ ашық күйінде қалады. Мұғалімнің шешімі бойынша. Мұндай топ құру кезінде социометрия деректеріне сүйенген жақсы.

Топты ұйымдастыру ережелері

Топтар түрлі тәсілдермен құрылуы мүмкін. Кей кездері мұғалімдер (және оқушылар) әріптестерінен (немесе достарынан) бірге жұмыс істеуін өтінеді, басқа жағдайларда кездейсоқ іріктеп алынған топтар құрастырылады. Ал кейде топтар жекелеген мүшелердің нақты бір мықты қасиеттеріне қарай құрылады. Топтың қандай тәсілмен құрылғанына қарамастан, жаңадан құрылған кез келген топқа бір-бірімен жұмыс істеу сипатына, дағдылары мен стиліне икемделіп, бейімделуге уақыт талап етіледі. Табысты топтар осы айырмашылықтардың артықшылығын пайдалануды, оларды бастапқы кезеңде анықтауға және тиісінше топтың қызметін ұйымдастыруды бірден үйренеді (1-кесте). Қалыптасу кезеңі топ жұмысының басталуымен шектелмейді. Топ мүшелерінің бірбірі туралы хабардар болуына қарай, топтың қарқыны біртіндеп өзгереді, және де топ мүшелеріне мұндай өзгерістерге қатысты әрекет ету үшін қажеттілігіне қарай жұмысты түзетуге дайын болу керек.

Топта жұмыс істеу ережелері

Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді. Кез келген команда барлық мүшелері білетін және түсінетін жалпы ережелерді

Қарым-қатынас: жазбаша және ауызша әңгімелесу, тыңдау, ым мен қимылды пайдалану

Өзін-өзі таныту: үстемдік танытпай, топтағы жұмысқа белсенді қатысу үшін өзіне-өзі сенімді болу

Басқаларды қолдау: топтың қызметіне үстемдік жүргізбей, топ жұмысына белсенді қатысу үшін шиеленіскен жағдайларды шешу

Басқаларды бақылау және басқалар туралы хабардар болу. Топтың басқа мүшелеріне қарым-қатынас барысында ықылас таныту.

Топ мүшелерінің саны қанша болуы қажет?

Топтағы оқушылардың саны оқушылар арасындағы сонымен қатар, оқушылар мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты барынша тиімді қамтамасыз етуі тиіс. Топтың көлемі мен санының арасындағы тепе теңдікті орнату маңызды. Мысалы, көптеген шағын топтар немесе жұп шектеулі қысқа уақыт (мысалы, шамамен 5 минут) барысында тиімді жұмыс істей алады. Аздаған үлкен топтарда оқушылардың көңілі басқаға ауып, тәртіптерінің бұзылуына әкелуі ықтимал. Белгілі бір тапсырманы айрықша тиімді орындау үшін, мұғалім топ қатысушылар саны канша болатынын анықтап алуы қажет..

Топты құру

•Топтың құрамына кім кіреді?

•Сіздің жеке артықшылығыңыз неде?

•Оларды қаншалықты ұтымды пайдалануға болады?

•Топ қалай бірлесіп жұмыс атқарады?

Топтық жоспарлау

•Не істеу қажет?

•Сізге жұмысты орындауға қанша уақыт қажет?

•Жұмыс топ ішінде қалай бөлінеді?

•Жұмыс істеу барысында топ ішіндегі қарым- қатынас қалай жүзеге асырылатын болады?

Қызметті жүзеге асыру

•Соңғы өнім қандай нысанда жасалады?

•Жобаны орындау барысында түрлі дағдылар түрлі тапсырмаларға сәйкес келе ме?

•Сізге жұмыстың қай түрі үшін баға беріледі?

•Топтық ынтымақтастықтың болғандығының жеткілікті дәлелі бар ма?

Жоспарды жүзеге асыру

•Топ мүшелері бірбіріне қалай көмектеседі?

•Бір-бірінің жұмысын қалай талқылар едіңіз?

•Жұмыстың барысы қалай бақыланады?

Топ жұмысын бағалау

•Сіздер команда ретінде қаншалықты ұтымды жұмыс істедіңіздер?

•Сіздер бірбірлеріңізге қаншалықты көмек көрсеттіңіздер?

•Топта жұмыстың қандай негізгі аспектілері ұтымды орындалды?

•Не орындалмады?

•Одан қандай сабақ алуға болады?

Шағын топтар

•4-6 оқушыдан тұратын топ топтық жұмыстың көптеген түрлерінде және топта бір оқушының үстемділігін әлсірету үшін тиімді.

•Топ мүшелерінің кейбіреулері үшін аз жұмыс істеуге көп мүмкіндік береді.

•Тыныш, салмақты оқушылар жұмысқа аз қатысқысы келуі мүмкін.

Жұптар

•Жұп болып жұмыс істеу жоғары деңгейлі тапсырмаларды берлесе орындауда (мысалы, шешім қабылдауда, мәселелерді шешуде) және құрбы-құрдастарын оқыту үшін тиімді.

Үлкен топтар

•7-10 оқушыдан құралған үлкен топтар мәселені талқылау барысында көптеген көзқарастарды қарастыру мақсатында тиімді болуы мүмкін.

•Топ мүшелері көп болған сайын ондағы жұмысты ұйымдастыру, жоспарлау, рөлдер мен арадағы қарым-қатынас және сөз сөйлеу қиындайды.

Топтың жұмыстың маңызды сәті – сыныпты топқа бөлу. Бөлудің көптеген әдісі бар, олар оның топтағы кейінгі жұмысы қалай ағатыны және бұл топ қандай қорытындыға шығатынын көптеген жағдайларда анықталады.

Топта 4-тен 6 адамға дейін болуы мүмкін.

Топтардың жинақтауының бірнеше түрі бар.

1.     Өз тілегімен.

2.     Кездейсоң түрі. Жеребе; «фантардың» көмегімен біріктіру және т.б.

3.     Айқын белгі бойымен. Есімнің бірінші әріпі бойынша, жыл мерзімі бойынша және т.б.

4.     Лидер астында тобың таңдап алу.