Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамен муг багыттары (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
110.48 Кб
Скачать

1. Оқыту мен оқу әдістеріне өзгерістер енгізу қажеттілігі?

XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін калыптастыру мәселелері - кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру оқытушыдан орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер оқытушының жаңа технологияны меңгеруіне, инновациялық жетілуіне мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, студенттердің саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып  табылады. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық қажеттіліктерімен тығыз байланысты білім беру және техногияларды жетілдіру көзі» деп атап көрсеткендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестірумен және оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.

2. Қазақстандағы және әлемдегі білім беру жүйесі

Финляндиядағы білім беру жүйесі. Қағидалар: барлық бала тең құқылы; жекеменшік мектептер жоқ; сабаққа қажет құрал-жабдықтар мен оқулықтар тегін беріледі; түскі ас тегін; оқушылардың жол жүру билетінің ақшасын муниципалитет төлейді; мемлекетте мектеп инспекторлары жоқ; мұғалімдерге толықтай сенім артады; жемқорлық өте аз; табиғатынан кем-тар болып туылған балалар құрдастарымен қатар отырып білім алады; ұстаздардың оқушыны басқа мектепке көшіру немесе оқудан шығару сынды құқығы жоқ.

Финляндиялықтар балаларды 9 жылдық мектепке топтастырмайды. Бұл елде 1990 жылдан бастап оқушыларды дәстүрлі түрде сыныпқа бөлу ережесінен бас тартқан. Оқу жылы 190 күннен құралады. Тек күндіз ғана білім алады. Ал сенбі, жексенбі күндері мектептерде демалыс. Барлық фин мектебі тек 1 ауысымда жұмыс істейді. Ұстаздардың жұмыс күні сағат 8-ден 15-ке дейін созылады. Мектепті бітірерде қорытынды экзамен тапсыруға міндетті емес. Ал диктант, бақылау жұмысы сындылар ұстаздың қалауымен жүзеге асып отырады. Білім мекемелері жоғары деңгейде жабдықталған. Сыртқы, ішкі көрінісі көздің жауын алады. Жиһаздардың даусы шықпайды. Шкаф, парта, орындық сындыларға сынып ішінде қозғалу үшін дөңгелек аяқ таққан, немесе матамен қаптап қойған.

Италидағы білім беру жүйесі: Алты жастан бастап бастауыш мектепке барады. Алғашқысы - « scuola elementare», кейінгісі - «scuola elementare». Екеуін де балалар тегін білім алады. Бұл деңгейде оқу, хат жазу, сурет салу, арифметика, музыка сынды пәндер өтіледі. Қалауларына сәйкес дінтану пәні жүргізіледі. Бұдан өзге бір шет тілін меңгеру мүмкіндіктері бар. Оқушылар аптасына 5 күн, 6 сағаттан оқиды. Әр баспалдақтан кейін тестілеу жүргізіледі. Оқушыларды «өте жақсы», «жақсы» сынды сөздермен бағалайды. Мүгедек балалар да өзге қатарластарымен бірге оқиды. Италияның әдеттегі мектептерінде сыныптар өте үлкен болады. Ал жекеменшік мектептерде 5%-ға кіші. Жекеменшік мектептер оқушыларға аттестат ұсына алмайтындықтан, аталған мектептің оқушылары сертификат алу үшін мемлекеттік экзамен тапсырады. Алғашқы бес жылдық баспалдақтан өткен соң, жазбаша және ауызша экзамен тапсырады. Экзамендер аяқталған соң бастауыш сыныпты тәмамдағанын растайтын «diploma di licenza elementare» атты аттестат береді. Бұдан кейін оқушылар 14 жасқа дейін білім алатын «scuola media» мектебіне өтеді. «Scuola media» мектебінде италян тілі, өнер, музыка, математика, жаратылыстану ғылымдары, тарих, география сынды пәндер оқытылады. Әр жыл сайын «өтілді-өтілмеді» жүйесіне сәйкес экзамен өткізіліп отырады. Егер оқушы аталған сынақтан өте алмаса, келесі жылға қалдырылады. Орта мектепті тәмамдаған соң италян тілі, математика, шет тілі пәндерінен ауызша, жазбаша экзамен тапсырады.

Испаниядағы білім беру жүйесі: Қазіргі таңда Испанияның білім жүйесі 4 деңгейден құралады. Мұнымен қатар, кәсіби білім (La Formacion Profesional (FP)) бар. Оны еліміздегі лицейлермен салыстыруға келеді. Кәсіби білімді базалық деңгейден кейін алуға болады. Ол негізінен екі сатыдан құралады. FP аттестастының иегерлері BUP аттестатын алған оқушылар секілді жоғарғы оқу орындарға тапсыра алады.Испанияның білім жүйесінде жоғарыда тізімделген 4 деңгейден бөлек ересектерге арналған оқу бар. Ол - "Escuela de Adultos" деп аталатын кешкі мектептер. Бұдан өзге арнайы тілдік курстар, сурет салу, қолөнер секілді қосымша курстар ұйымдастырылған.

Мектепке дейінгі білім (Educación Infantil)

Испанияның білім жүйесіндегі мектепке дейінгі білімді де екі сатыға бөліп қарастырамыз:

1. Escuela Infantil - 0-3 жас аралығындағы балаларға арналған балабақша. 2. Aula Infantil en colegio de primaria – 3-6 жас аралығындағы колледждегі дайындық курстар.

Аталған мекемелердің мемлекетке тиесілісінде тегін, ал жекеменшіктерінде ақылы білім алуға болады.

Базалық білім ( Educación básica) Испания заңына сәйкес базалық білім міндетті болып табылады. Мектепке дейінгі білім секілді тегін және ақылай түрі бар. Испанияның базалық білім жүйесіне мемлекеттік және жекеменшік колледждерден өзге діни сауат ашуға арналған арнайы мектептер бар. Оны шіркеу қаржыландырып отырады.  Испанияның білім жүйесін мемлекеттік Білім министрлігі қадағалап отырады. Методологиялық бағдарламалар, әр сыныптағы оқушылар саны, норматив, қаржы мәселесі дегендердің барлығын мемлекет ұйымдастырады. Оқушылар базалық білімді 6-14 жас аралығында алады.

- «Еducación primaria» - алғашқы саты. Әрқайсысы 2 жылды құрайтын 3 циклге бөлінген 6-12 жас аралығындағы оқушыларға арналған: бастапқы цикл (6-8 жас), орта цикл (8-10 жас), жоғарғы цикл (10-12 жас);

- «Еducación secundaria» - екінші саты. Оқушылар 12-16 жас аралығында базалық білімді тәмамдайды. Бағдарлама аяқталған соң, орта білім алғандығы туралы диплом алады.

Bachillerato - Испанияның білім жүйесінде еліміздегі жоғарғы сыныптарды еске түсіретін бачилерат атты білім алу сатысы бар. Алайда ол үш курстан құралады. Бачилерато екінші курстың өзінде кәсіби білім алуға мүмкіндік береді. Алайда оны қалайтын жандар ғана оқуына болады. Бачелератоның үшінші курсында оқушы гуманитарлық немесе жаратылыстану бағытына баратындығын таңдайды. Бачелератоны аяқтар кезде тапсыратын экзамен нәтижесі ары қарай ЖОО-ға түсуіне тікелей әсер етеді. Конкурс жүйесіне сәйкес орташа балл жинап үлгерген оқушылардың ЖОО-ға түсу мүмкіншілігі жоғары болады. Бачелератода базалық сатыдан өткен, яғни 16 жастағы оқушылар оқиды.

Қазақстандағы білім беру. Білім беру ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2050» Стратегиясының негізгі приоритеттерінің  бірі болып отыр. Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады. Қазақстан Президенті әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына республиканы кіргізу туралы мақсат қойған болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруда білім беру жүйесін дамыту маңызды роль атқарады.    Қазақстанның азаматтарына тегін орта білім алуға кепілдік беріледі жəне ол міндетті болып  табылады.  Сондай-ақ  олардың  конкурстық  негізде  жоғары  білім  алуларына  да (Қазақстанда да, шетелде де) құқықтары бар.  Азаматтардың білім алу құқығы жалпы білім беру жүйесінің дамуы арқылы жүзеге асырылады. Сапалы  білім  мен  оған  қол  жеткізуге  жағдай  жасау,  оқу  орындарының  желісін кеңейтіп,  олардың  ресурстық  базаларын  жақсарту  мақсатында  мемлекет  білім  беру жүйесін қаржыландыруды жыл сайын арттырып, тиімді саясат жүргізуде. Республикадағы жоғары оқу орындарында 10 мыңнан астам шетел азаматтары оқуда, шетелдерде 20 мыңнан астам қазақстандықтар білім алуда. 3000-ға жуық «Болашақ» стипендиаттары  әлемнің 27 елінде оқуда. Қазіргі кезде білім беру қызметін қаржыландырудың қолданыстағы мемлекеттік қолдау механизмі жеткіліксіз.   Осыған байланысты несиелік білім беру жүйесі жоғары білім алуға мүмкіндіктің және одан әрі жетілдіруді қажет етеді.

3.Іс-әрекетті зерттеу қалай жүргізіледі?

1. Проблемалы салаларды анықтау: Мұғалімдерде тәжірибе барысында туындайтын, жауап алуды қалайтын бірқатар өзекті сұрақтары болатыны сөзсіз, алайда сұрақтардың арасынан күнделікті жұмыста аса маңызды және қызықты болып табылатын бір мәселені анықтап алу маңызды. Бұл іс- әрекеттегі зерттеудің бірінші кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде жан-жақты жоспарлау зерттеуді бастағанда қателікті болдырмауға көмектеседі, әрі мәселені зерттеу барысында көңілі қалмай, ынтамен жұмыс істеуге септігін тигізеді.

2. Әдебиетті пайдалану және шолу: Әдебиеттер көздеріне шолу жасаудың пайдалылығын және оны жасау керектігін растайтын үш негіз бар: 1. сіз қызығушылық танытып отырған сала туралы белгілі бір жағдайлар туралы сізді құлақтандыруға және сізге осы саладағы басты идеяларды айқындауға көмектеседі; 2. қазіргі бар әдебиетті іздестіру барысында сіз қаралып отырған мәселе мен басқа пәндік салалардың арасындағы өзара байланыс жөнінде түсінік аласыз. Осылайша, тақырып туралы едәуір қомақты білім аласыз, сонымен қатар сіздің осы тақырып бойынша біліміңізді тереңдете түсетін, зерттеуге әбден лайық жаңа салаларды анықтауға мүмкіндік аласыз; 3. жұмысқа кірісіп, осы саланы зерттеумен айналысып отырған басқа да адамдардың әдістерін зерделеп, сіз олардың ортақ білімге қосқан үлестерімен танысасыз. Нәтижесінде әрбір зерттеуші тақырыпты қалай зерделегені туралы түсінетін боласыз.

3. Деректердіжинақтау: Деректерді жинақтау қандай іс-әрекеттер қабылдану тиістігін айқындауда маңызды кезең болып табылады. Деректердің кейбір көздері сыныпта немесе мектепте не болып жатқанын жақсы түсіну үшін көмектесе алады

4. Деректерді түсіндіру: Бұл дереккөздерді логикалық санаттарға ұйымдастыруға және топтастыруға жәрдемдеседі. Ұсынылған құралдарды пайдалана отырып деректерді өзгерткеніңізге дейін ең маңызды көздерді іріктеуге назар аударыңыз.

5. Деректермен жұмыс істеу: Іс-әрекеттегі зерттеудің эксперимент түрінде жүретіндігін ескеріп, тек бір ғана айнамалының өзгергені маңызды болып табылады. Егер бірнеше көрсеткішті бір мезгілде өзгертетін болсақ, кез келген экспериментте болып жататындай, бұл нәтижені қандай көрсеткіш тудырғанын анықтауда қиындықтар туындауы мүмкін

6. Нәтижелерді бағалау: Жақсару бар ма екенін көру үшін зерттеудің ықпалы бағалануы тиіс, оны мынадай сұрақтарды қою рқылы анықтауға болады: Жақсару шын мәнінде болды ма және де алынған деректер мұны растай ма? Егер тәжірибе жақсармаса, жақсы нәтижелерді алу үшін іс-әрекетке қандай өзгерістер енгізу керек?

4. Іс-әрекетті зерттеуге қарай жасалатын бес қадам

Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуге бағытталған бес қадамды негізге ала отырып, іс –әрекеттегі зерттеу жүргізу үшін негізгі бағыттар мен басымдылықтар анықталып, осы сыныптағы білім сапасын арттыру мақсатында  төмендегідей жоспар құрылды.

1. Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу.

2. Іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері.

3. Тәжірибеге өзгерістерді енгізу.

4. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер және бұдан кейінгі іс-тәжірибеге жасайтын ықпалы.

5. Деректерді талдау, қорытындылау және оқытудағы келешек өзгерістерді жоспарлау.

Зерттеу жүргізудің 1 қадамы - зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу. Бұл үшін  ауызша сабақтар  орыс әдебиеті, жаратылыстану, қазақ әдебиеті пәндеріне сабаққа қатысып, жеке оқушылардың мүмкіндіктері бақыланды. 2 қадам зерттеуді әзірлеу, дерек жинау   үшін пән иелерімен, оқушылармен  сауалнамалар жүргізілді. Сауалнамалар қорытындылары талданып, тақырып таңдауға негіз болды. Таңдалған тақырыпқа сай, 3 қадам тәжірибеге өзгерістерді енгізу үщін орта мерзімді жоспар бойынша  тізбектелген 4 сабақ жоспарланды.Сaбaқтap топтaмaсында әpбip жетi модулді  бip-бipiмен үйлесiм тaуып, ықпaлaдaстыpу міндет болaтын. Ең мaңыздысы осы қойылғaн мaқсaттapғa қол жеткiзуге бaғыттaлғaн нәтижеге  негiзделуi кеpек. Әpбip модулдi оқытудa ықпaлдaстыpу жолындa  құpылғaн жоспap бойыншa әp оқушы өз жұмысының нәтижесiн көpу үшiн, әp оқушыны нaзapдa ұстaу үшiн олapғa жaуaпкеpшiлiкке бaғыттaлғaн тaпсыpмaлap  беpiлу кеpек. Әр сабақтан соң,  «Мен не ұтам?» және «Оқушы не ұтады?» деген     сұрақтарды естен шығармай , әр сабақ кезінде бағалау әдістерін қолданудағы оң нәтижелер мен кездескен кедергілерді  саралай отырып,одан әрі жетілдіру үшін қайта жоспарланды. 4 – қадам іс- әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер мен бұдан кейінгі іс - тәжірибеге жасайтын ықпалы.Әр сабақтың жетістігі мен кездескен кедергілерді талқылап, алдағы уақытта нені ескеру қажет екеніне рефлексивтік есеп жазылып, нәтижесінде оқушылардың жеке даму аймағын анықталып, тапсырмалар мен әдіс-тәсілдер өзгертілді. 5 қадам деректерді талдау, қорытындылау және оқытудағы келешек өзгерістерді жоспарлау.