Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих 150.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

112 Нарықтық қатынастардың дамуы. Экономикалық стратегияны жобалау және үкіметтің экономикалық реформаларға арналған бағдарламасы.

Қазақстан бүгінде егеменді тәуелсіз мемлекет. Қоғамда әлеуметтік, саяси және экономикалық реформалар жүріп жатыр. Ұзақ мерзімді мақсаттар өз нәтижелерін әзірге бере қоймаса да оның қайсыбір бағыттары бойынша жетістіктерге қол жеткізудеміз. Республика экономикасы да тұрақтана бастады. Бүгінде саяси және экономикалық жүйе мүлде өзгеше.

Өтпелі кезеңде бірқатар қиындықтардың болып жатқаны да рас. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Мен өз отандастарымызға өтпелі кезеңнің ауыртпалықтарын түсініп, оған төзіп отырғаны үшін рахмет айтамын, осы қасиеттер біздің табысқа жетуіміздің, қоғамымыздың топтасуының, шетелдік инвесторларды тартудың және халықаралық қоғамдастықтың біздің пролемаларымызды шешуге кірістірудің елеулі кепілі деп санай мын»,- деді. Осының бәрі қазіргі ғана емес, болашақ ұрпақ игілігі үшін де жасалып жатқан шаралар. Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне кіруі өндіріс көлемінің елеулі кемуіне әсер еткені белгілі. Технологиялық тұрғыдан артта қалуы, өндірістердің даярсыздығы, шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларын игере алмау, бәсекеге қабілетсіздік – осының бәрі көптеген кәсіпорындардың тұрып қалуына, дәстүрлі өткізу рыноктарын жоғалтуға , өндірістің құлдырауына әкеп соқты. Соның салдарынан елімізде соңғы 8 жылда өндіріс көлемі екі еседен артық қысқарды.

Ішкі капитал мен жинақталымдардың жеткіліксіздігінен Қазақстан шетелдік капиталға, жеке капиталға да, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарына да тәуелді болып отыр. Қазіргі таңда экономиканы көтеру инвестицияның түсуіне байланысты болып отыр. Бүгінде Қазақстан зор мүмкіндіктер табалдырығында тұр. Мәселен, Азияның ең кедей елдерінің өзі отыз жыл ішінде қайыршылықтан шығып, индустриялы мемлекттерге айналғаны белгілі. Алғашқылары Корея, Тайвань және Сингапур болса, қазір оларға Малайзия, Индонезия және Тайланд қосылып отыр. Қазақстанның көршісі Қытайдың да экономикасы жоғары қарқынмен дамуда. Соған орай бұл елдер күллі әлемде Азия жолбарыстары ретінде танылып отыр.

2030 жылға қарай Қазақстан өзінен-өзі көтеріле қалмайды. Ол республика халқының қажырлы еңбегі арқылы ғана дамыған елдер қатарына қосыла алады.

«2030 жылы Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін», — деген елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың сөзінің іске асырылуы Қазақстанның да өркендеп, қуатты елге айналарына сеніміміз мол.

1992 жылдың басында «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады. Қажырлы еңбектің нәтижесінде өнеркәсіпті жандандыру, жекеше­лендіру, макроэкон. тұрақтану, қаржы-бюджет және салық жүйесін, жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру, тұрғын үй, коммунал­дық шаруашылықты реформалау, т. б. іс-шаралар жүзеге асырылды. 

Назарбаевтың жетекшілігімен «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы» әзірленіп мемлекет дамуының басым бағаттары айқындалды. «Қазақстан – даму стратегиясының» іске асырылуының нәтижесінде 1999 жылдың аяғына таман Қазақстанда экономиканың тұрақты және шапшаң өсімі, өндіріс көлемінің ұлғаюы, қаржы ресурстарын жинақтау үрдісі белгіленді. 

1997 ж. 20 қазанда Н. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды (қ. Астана). 

Назарбаевтың экономист және саясаткер ретінде жәке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдыңқалыптасуына, көпте­ген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Эко­номиканың қарқынды өсуі мемлекет басшысына ауылды дамыту, кедейшілікпен күрес, тұрғын үй құрылысын дамыту, т. б. ша­раларды көздейтін іріәлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік берді. Осы реформалардың нәтижесінде Қазақстан экономикасына 30 млрд. АҚШ долл. көлемінде тікелей шетел инвестициясы тартылды. Президенттіңтапсырмасы бойынша Индустриалды-инновацияның даму стратегиясы әзірленіп, инвестициялықжәне инновациялық қорлар құрылды. 

Елдің ішкі саясатында Назарбаев Қазақстан қоғамын демократияландыру мәселесіне мән береді.Қазақстанда демократи­ялық институттардың дамуы дәйекті жүргізілді, елде саяси плюрализм мен көп партиялық жүйе орнықты. 

Назарбаев ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттілікті сақтап қалу ең басты мақсат деп санайды. Оның баста­масымен ұлттық қауіпсіздікті нағайту мақсатында лаңкестікпен, экстремизм мен сепаратизмнің өзге көріністерімен күрестің мемлекеттік бағдарламалары бекітіліп, ТМД мемлекеттерінің лаңкестікке қарсы орталығы құрылды (2000). 

Назарбаев қазіргі заманғы әлемдік өзгерістерді және елдегі саяси-әлеуметтік реформаларды ескере отырып, Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасын жасап, оның стратегиялық, мақсат-міндеттерін, негізгі принциптері мен басты бағыт­тарын айқындады. Өзара байланыс ауқымын кеңейту мақсатында Назарбаев Кеден одағын нығайту, еркін сауда аймағын құру және ТМД органдарын жетілдіру жөнінде бірқатар жаңа бастамалар көтерді. Назарбаевтың 1994 ж. наурыздаұсынған Еврази­ялық одақ құру туралы идеясы ерекше маңызға ие болды. Оның ойынша, бұл одақ ТМД елдері ықпалдасуының болашақтағы ны­саны ретінде Еуразия өркениетіне серпіліс береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]