- •«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні және курстің мақсаты.
- •Тарих ғылымының методологиясы.
- •3.Тарихи танымның әдістері.
- •4. Қазақстанның қазіргі заман тарихының деректері
- •5.Траихқа формациялық және өркениеттілік көзқарас
- •6. Қазақстанның қазіргі заман тарихының периодизациясы
- •7. М.Хрохатың ұлттық қозғалыс типалогиясы туралы концепциясы
- •8. Жадидшілдік Ресейлік мқсылмандардың ағартушылық идеологиясы
- •9.Қазақстандағы Жадидшілдік мектептер мен медреселер
- •10. XXғ басындағы мұсылмандардың реформаторлық қозғалыстары
- •11. Ұлттық интеллигенция және оның xXғ басындағы қоғамдық-саяси қызметі
- •12. Қазақ ұлттық интеллигенциясы және оның xXғ басындағы Қазақстандағы саяси өміріндегі орны.
- •13. XXғ басындағы қазақ интеллигенциясының мұсылмандық қозғалыстарға қатысуы
- •14. I және II ші Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарының қатысуы
- •II Мемлекеттік Думаның таратылуы және оның қазақтар үшін салдары
- •15. Мемлекеттік Думаның мұсылмандық фракциясы. Жер мәселесі және қазақ депутаттары а. Бірімжанов пен б. Қаратаевтардың сөйлеген сөздері.
- •16 Қазақ депуттаттарының Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясына қатысуы
- •17. XX ғ. Басындағы қазақ басылымдары.
- •18 «Қазақ»газеті мен «Айқап» журналдарының қазақ халқының ұлттық сана сезімінің қалыптастырудағы рөлі.
- •19. 1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалысы: негізгі кезеңдері, қозғалыс ошақтары, жетекшілері
- •20. Мұсылмандық қайырымдылық қоғамдары, олардың қызметі
- •21. Қарқаралы петициясы Петициялық қозғалыстың басталуы
- •22. Отандық тарихнамадағы қазақ интеллигенциясының көтеріліске қатысу мәселесі
- •23 .Шет елдік тарихнамадағы 1916 жылғы көтерілісті зерттеудің жаңа тәсілдері
- •24 Ресейдегі ақпан төңкерісі және оның Қазақстанның демократиялануына әсері
- •25. Қазақстандағы қосүкімет және оның ерекшеліктері
- •26. Қазақ комитеттерінің құрылуы, олардың қоғамдық-саяси қызметі
- •27. «Алаш» партиясы: бағдарламасы, әдісі.
- •28 Ә. Бөкейханов – алаш қозғалысының көшбасшысы, XX ғасырдың көрнекті қайраткері.
- •29 А. Байтұрсынов –мәдени қайраткер және көрнекті саясаткер
- •30. «Үш жүз» партиясы, бағдарлама тезисі, әдісі.
- •31.«Алаш» және «Үш жүз» ұлттыұ саяси партиялары. Олардың бағдарламалық құжаттарының негіздері
- •32 «Шура-и-Ислами», «Шура-и-Улема» мұсылмандық партиясы
- •33.1917 Жылғы қазан төңкерісі. Қазақстандағы кеңес үкіметінің орнауы
- •34. Қазақстандағы кеңес үкіметінің орнауының қиыншылықтары мен ерекшелігі
- •35. 1917 Жылғы қазан оқиғасына жаңаша баға
- •36. «Ресей халықтарының деклорациясы» және Кеңес үкіметі басшылығының «Ресей мен барлық Шығыс халықтарының еңбекші мұсылмандарына» жолдауы
- •37.Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920).
- •38. «Әскери коммунизм» саясаты, оның Қазақстандағы жүзеге асырылуының ерекшелігі
- •Өнеркәсіп және қаржы саласындағы күйзеліс жағдай
- •Ауылдар мен деревнялардағы наразылық
- •39. Төтенше өлкелік IV сьезд. Түркістан Автономиясының құрылуы
- •40. Екінші Жалпықазақ «Алаш» партиясының сьезі. «Алаш» Автономиясы. «Алаш Орда» Үкіметі
- •41«Алаш Орда»:азаматтық қарсыластықтағы орны мен рөлі
- •42. Кеңес үкіметі және Алаш Орда мен Қоқан автономиясының басшыларының тағдыры
- •43. Шет елдік тарихнамадағы 1916 жылғы көтерілісті зерттеудің жаңа тәсілдері
- •44. 1916 Жылңы ұлт-азаттық көтерілісі қазіргі заманғы тарихнамада.
- •45 Жэс және Қазақстандағы жүзеге асырылуы. Жер-су реформалары
- •46 Кирревкомның құрылуы және құрамы. Кирревкомның мақсаты мен жоспары.
- •47 ҚазАксРнің құрылуы. Қазақ жерлерінің ҚазАксРнің құрамына біріктірілуі.
- •48 Қазақ кеңестерінің құрылтай сьезі. «Қырғыз (Қазақ) акср-і еңбекшілерінің заңдық декларациясы»
- •49 Қазақстан Кеңестерінің учредительдік сьезі. ҚазСсРнің құрылуы.
- •50 Орта Азияның ұлттық-территориялық бөлінуі: себебі, салдары.
- •51 Қазақстан одақтық республика дәрежесінде. ҚазСср-нің Конституциясының қабылдануы.
- •52 XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы мәдени құрылыс.
- •XX ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
- •Қазақ баспасөзінің қалыптасуы.
- •53 Қазақстандағы өндірістік модернизация: жүзеге асудағы қиыншылықтары мен ерекшеліктері
- •54 Қазақстандағы индустрализация: кеңестік үлгі.
- •55 Қазақстандағы индустриализацияның жүзеге асу жолдары жайындағы пікірталас
- •56 Ф. Голошекиннің «Кіші Қазан» революциясы. 1928-1930 жж. Төтенше жағдай.
- •57 Қазақстандағы ауыл шаруашылығын жаппай коллективтендіру: әдісі, қадамы және оның әлеуметтік, экономикалық салдары.
- •58 Қазақстандағы ауыл шаруашылығын коллективтендіру: халық қасыреті
- •59. 1931-1933 Жж. Аштық. Қазақстандағы шаруалардың кеңестік жүйеге қарсы шығуы.
- •60 Кеңес үкіметінің аграрлық және жер-су саясаты.
- •61 Саяси қуғын сүргін. Қазақстандағы Сталиндік лагерлер.
- •2. Қазақстан Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру.
- •1944 – 1945 Жылдары салынған жаңа өнеркәсіп обьектілері:
- •3. Майдандағы қазақстандықтар.
- •4. Қазақстан Ұлы Отан соғысының аяқталу кезеңінде (1944-1945 жж.)
- •65 Жекелеген ұлттарды Қазақстанға депортациялау
- •66 Қазақстандықтар –Кеңес Одағының батырлары
- •67 Ұлы Отан соғысы майданындағы Қазақстандықтар
- •68 Қазақстандықтардың Москва үшін шайқасқа қатысуы.
- •69. Сталинград түбіндегі неміс-фашист басқыншыларын талқандау, және оған Қазақстандықтардың қатысуы.
- •70 Қазақстан - фронт арсеналы. Тыл еңбегіндегі Қазақстандықтардың ерлігі.
- •71 Қазақстандықтардың Берлин операциясына қатысуы
- •72 Қазақстандықтардың фашистік Германияны жеңудегі үлесі
- •73 Соғыс жылдарындағы Қазақстанның ұлттық білімі мен мәдениеті
- •74 Тарих ғылымындағы Ұлы Отан соғысының даулы мәселелері.
- •75 М. Шоқай. Түркістан легионы
- •76 Соғыстан кейінгі Қазақстан экономикасы: негізгі мәселелері және даму үрдісі
- •77 Тың және тыңайған жерлерді игеру бағыты: мақсаты және себебі
- •78 Қазақстандағы целинаның жүзеге асырылуы: жетістігі, қателігі
- •79. Хх съезд кпсс. Начало десталинизации.
- •80 Жеке басқа табынуды айыптау. Қоғамдық-саяси өмірдегі « De-десталинизация».
- •81 Қазақстан «хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964)
- •82 «Жылымық». 1953-1964 жылдардағы реформалардың жүзеге аспауының себептері
- •83 XX ғасырдың 60-жылдарының екінші жартысындағы экономикалық реформа және оның аяқталмауы.
- •84 XX ғасырдың 70-ші және 80 жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дамудағы қайшылықтар.
- •86. 1986 Жылғы Желтоқсан . Тәуелсіздік жаршысы.
- •87. 1986 Жылғы Желтоқсан оқиғасы. Жаңаша баға
- •88 М.С.Горбачевтің жаңа бағыты. Әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету концепциясы.
- •89 Кокп оак-тің апрель (1985ж) пленумы. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету стратегиясы ұғымы.
- •90 Қайта құруды жүзеге асыру және оның негізгі бағыттарын айқындау.
- •92 Қайтақұру бағыты. Негізгі кезеңдері. Қайтақұру жолдарының қайшылықтары.
- •91 ҚазСсРдің және қр тіл туралы заңының қабылдануы
- •93 Қайта құру кезіндегі Қазақстан. 1985-1991 жж. Экономикалық саяси реформалар.
- •95 Қазақстандағы экологиялық мәселелер. «Невада-Семией» қозғалысы
- •96 Тамыз 1991 ж. Ново-Огаревский оқиғасы.
- •97 Беловежск келісімі. Орта Азия елдерінің Ашхабадтағы кездесуі.
- •98 1991 Ж 21-ші желтоқсандағы Алматы Деклорациясы
- •99 Қазақстан және тмд. Қазақстандағы президенттік биліктің енгізілуі
- •100 «Каз.СсРнің мемлекеттік егемендігі» жөніндегі Деклорацияның қабылдануы.
- •101 «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жөніндегі» Конституциялық Заң.
- •102 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері.
- •103. 1993, 1995 Жж. Қр Конституциясы
- •104. 1995 Ж қр Конституциясы және оның ережелері
- •105 Конституциялық реформа. 1995ж. Қр негізгі заңына өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі
- •106 Қазақстанның егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы
- •107 Қр ұлтаралық қатынас. Қазақстан Халықтары Ассамблеясы
- •108 Қазақстан Халықтары Ассамблеясы. Қр-ғы заманауй этно-демографиялық үдеріс.
- •109 Қазақтардың Бүкіләлемдік құрылтайы.
- •110 Н. Назарбаев. «XX ғасыр табалдырығында»
- •111 Н. Назарбаев. «Ғасырлар тоғысында»
- •112 Нарықтық қатынастардың дамуы. Экономикалық стратегияны жобалау және үкіметтің экономикалық реформаларға арналған бағдарламасы.
- •113 Қазақстандағы экономикалық реформалар: нарыққа көшудің қиындықтары мен мәселелері.
- •114 Қр ғы әлеуметтік – экономикалық жаңғыру. Қазақстандық заманауй даму моделі
- •121 Қазақстан Халықаралық ұйымдарда
- •123 Қазақстан Тәуелсіз мемлекеттер достастығында
- •124 Қр тмд елдерімен ынтымақтастығы
- •122 Қазақстан әлемдік экономикалық жүйе байланысында
- •125 Қр Сыртқы саясаттағы жетістіктері. Қазақстан Республикасы еқыұ мүшесі. Қазақстанның еқыұ-ға жетекшілігі
- •126 Қр заманауй мәдени үдерістер
- •127 Тәуелсіздіктің рухани негізі. Қазіргі заманңы Қазақстан мәдениеті.
- •128 «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы
- •Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері (2004-2006 жж.)
- •Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері (2007-2009 жж.)
- •Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері (2009-2011 жж.)
- •129 Тәуелсіз Қазақстанның даму стратегиясы: басымдықтары мен нәтижесі.
- •130 Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
- •2. Ағымдағы ахуалды талдау
- •2.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы оң үрдістер
- •2.2. Шешімін талап ететін проблемалар
- •2.3. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар
- •3. Мақсат пен міндеттер
- •3.1. Мақсат пен нысаналы индикаторлар
- •3.2. Стратегия міндеттері:
- •4. Түйінді бағыттар, негізгі тәсілдер және басым шаралар
- •4.1. Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
- •4.2. Қоғамдық бақылау институтын енгізу
- •4.3. Квазимемлекеттік және жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
- •4.4. Сот және құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
- •4.5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру
- •4.6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту
- •5. Стратегияны іске асыруды мониторингтеу және бағалау
- •І. Қалыптасқан қазақстан – мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы
- •1. Қуатты да табысты мемлекет
- •2. Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі
- •3. Түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен татулығы
- •4. Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің роліміз
- •5. Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз еткен күшті әлеуметтік саясат
- •6. Әлемдік қауымдастық таныған ел
- •7. Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді роліміз
- •8. "Қазақстан-2030" Стратегиясы. Негізгі қорытындылар
- •Іі. Ххі ғасырдың он жаһандық сын-қатері
- •Бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жеделдеуі.
- •Екінші сын-қатер – жаһандық демографиялық теңгерімсіздік.
- •Үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер.
- •Төртінші сын-қатер – судың тым тапшылығы.
- •Бесінші сын-қатер – жаһандық энергетикалық қауіпсіздік.
- •Алтыншы сын-қатер – табиғи ресурстардың сарқылуы.
- •Жетінші сын-қатер – Үшінші индустриялық революция.
- •Сегізінші сын-қатер – үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық.
- •Тоғызыншы сын-қатер – өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы.
- •Оныншы сын-қатер – әлемдік жаңа тұрақсыздық қаупі.
- •Ііі. "Қазақстан-2050" Стратегиясы - тым құбылмалы тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси бағыт Құрметті қазақстандықтар! Қымбатты отандастар!
- •2. Біз қайда бара жатырмыз?
- •1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм
- •1. Түгел қамтитын экономикалық прагматизм
- •Жаңа кадр саясаты
- •Бюджет саясаты
- •Салық саясаты
- •Ақша-кредит саясаты
- •Мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару саясаты
- •Құрметті отандастар!
- •Ауылшаруашылық қайта өңдеуде және саудада фермерлік пен шағын және орта бизнесті дамыту.
- •2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау
- •3. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік
- •Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары
- •Ананы қорғау. Әйелдерге үндеу
- •Баланы қорғау
- •Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі
- •4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары
- •Біздің жұмыстарымыздың білім беру саласындағы басымдықтары
- •Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты
- •5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
- •6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту
- •7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі
- •Бірінші. Жаңа қазақстандық патриотизм.
- •Екінші. Барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігі.
- •Үшінші. Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы.
- •Төртінші. Мәдениет, дәстүр және даралық
- •Бесінші. Ұлттық интеллигенцияның рөлі
- •Алтыншы. Ххі ғасырдағы Қазақстандағы дін
- •Құрметті қазақстандықтар! Менің отандастарым!
- •Қымбатты отандастар!
- •134 Қр Президентінің «Нұрлы-жол Болашаққа-жол» жолдауындағы жаңа экономикалық саясаты
- •135 Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауындағы «Қазақстан жаңа әлемдік шындықта: өсім, реформа, даму» деп аталатын дағдарысқа қарсы мүмкіндіктер немесе дағдарысқа қарсы басты стратегемма.
- •136 Тәуелсіз Қазақстанның .«Мангiлiк Ел» ұлттық идеясы
- •137 Президент және Қазақстанның жаңа астанасы.
- •138 Қр 25 жылдық мерейтойы. Жетістіктері мен болашағы
- •1991 Жылы 16 желтоқсанда Парламент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады.
- •139 Н. Назарбаев Қазақстанның егемен ел ретіндегі қалыптасуы және стратегиялық дамуы
- •140 «ҚазСср-нің тіл жөніндегі» Заңы
- •Халықаралық Аралды құтқару Қоры туралы ережені және хаққ мен оның ұйымдарының мәртебесі туралы келісімді бекіту туралы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының шешімі
- •Халықаралық Аралды құтқару Қоры туралы ереже
- •I. Қордың ұйымдық негіздері
- •II. Қор қаражатын қалыптастыру
- •III. Қор қызметінің негізгі бағыттары.
- •IV. Қордың құқықтары
- •V. Қорды басқару
- •VI. Қордың есебі мен есептілігі
- •Халықаралық Аралды құтқару Қорының (хаққ) және оның ұйымдарының мәртебесі туралы келісім
- •142 Қр «Қазақстан -2030» даму стратегиялық бағдарламасы
- •143 Қр өндірістік-инновациялық даму стратегиясы.
- •144 Н. Назарбаев. «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам»
- •133 «Қазақстандық жол 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталатын қр Президентінің Қазақстанның дамыған әлемдік 30 елдің қатарына енуі туралы концепциясының басым бағыттары
- •146 Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауының негізгі бағыттары «Қазақстан 2050-стратегиясы»
- •147 Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауының негізгі басымдықтары «Қазақстандық жол- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
- •148 Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауының басты мақсаты «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
- •V. Жаңа кезеңнің негізгі міндеттері
- •Vі. Қазақстандық патриотизм мен саяси ерік-жігер - жаңа қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары
- •V. Жаңа Кезеңнің ығытына қарай саяси және әкімшілік даму
- •Vі. Қазақстанның жаңа өңірлік және геосаяси жауапкершілігі
- •Құрметті отандастар!
- •Құрметті қазақстандықтар!
- •Құрметті қазақстандықтар!
- •Құрметті отандастар!
- •Қымбатты достар!
- •Қадірлі отандастар!
- •150 Н. Назарбаевтың «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында», «Тәуелсіздік белестері» еңбектеріне сипаттама
- •Назарбаев н. Ә. Ғасырлар тоғысында (кітап корей тілінде)
100 «Каз.СсРнің мемлекеттік егемендігі» жөніндегі Деклорацияның қабылдануы.
Мемлекеттік егемендік туралы декларация - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша қабылданған тарихи құжат. Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Конституциялық құрылысқа қарсы жасалатын кез келген күштеу әрекеттері, оның аумағының тұтастығын бұзуға шақыратын, ұлт араздығын қоздыратын жария-ұрандардың заң бойынша жазаланатыны ескертілді. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды. Президент - Республиканың басшысы, ең жоғарғы әкімшілік-атқарушылық биліктің иесі ретінде танылды. Жер, оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, бүкіл экономикалық, ғылыми-техникалық әлеует Республика егемендігінің негізін құрай отырып, оның ерекше меншігінде болатыны көрсетілді. Деклараңияда: "Қазақ КСР-і Республика үлесіне сәйкес жалпыодақтық мүліктегі, оның ішінде алмас, валюта қорлары мен алтын қорындағы өз үлесіне құқылы, республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлері (хим., бактериолог., биолог., т.б.) үшін сынақ полигондарын салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады" деп жазылды. "Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мен Президентке бағынатын, солардың бақылауында болатын өз ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауға Қазақ КСР-нің құқы бар" делінді. Декларациядағы бағдарлама негізінде 1991 ж. 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заң қабылданды.
Қазақ мемлекеттілігі бүгінгі Тәуелсіздікке кейбіреулер ойлағандай КСРО-ның күйреуінің нәтижесінде ғана жеткен жоқ. Оның тамыры тереңде жатыр. Өйткені, тәуелсіздік үшін күрес кеше ғана басталып, бүгін аяқталған жоқ. Бүгінгі Қазақстан аумағын ежелгі замандардан бері мекендеген тайпалар мен ұлыстардың кезінен бастап-ақ ұлан дала үшін, оның кеңістігі мен әрбір сүйем жері үшін қан төгіп, жан алысқан күрестер болды. Біздің бүгінге дейінгі тарихымыз Еуразия төрінен ойып тұрып орын алған жеріміз үшін, еліміз үшін, келешек ұрпақ үшін ұлт-азаттық күрестерге толы болатын.
Қазақ халқы қазіргі аумағына басқа жақтан ауып немесе басқыншылық жолмен келген жоқ. Олар ғасырлар бойы осы жерді мекендеген тайпалар мен халықтардан қалыптасты және олардың қалыптасу тарихы мейлінше терең және күрделі. Біздің халқымыз тарихтың сан қилы соқпақтарының қиын да жанкешті және жеңісті де жемісті жолын кешті. Бұл жол негізінен бүгінгі тәуелсіздігімізді және бүкіл әлем мойындаған мемлекетімізді құру жолындағы күреспен өтті.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ғана Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы дербес, егеменді мемлекетке айналды. 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланған сәттен бастап мемлекеттіліктің негізгі нышандарының қалыптасу барысы жүрді. XX ғасырдың 90-жылдарының басында Еуразия құрлығының ұлан-байтақ аумағында социалистік деп аталған бір мемлекеттік-құқықтық жүйе сапалы әрі мазмұнды өзге бір мемлекеттік-құқықтық жүйемен ауысты. Бұл Кеңес Одағы ыдыраған соң және бұрынғы одақтас республикалардың негізінде дербес егеменді мемлекеттер құрылғаннан кейін жүзеге асты. Бірнеше жылдың ішінде тарихта өте сирек кездесетін екі оқиға орын алды. Біріншісі – құдіретті, астам держава деп есептеліп келген одақтас мемлекет бір сәтте құлады. Екіншісі – бір федеративтік мемлекеттің орнында 15 дербес мемлекет құрылды. Соған сәйкес ескіні ысырып, оның орнына жаңа тұрпатты мемлекет пен жаңа құқықтық жүйені жасақтаудың объективті қажеттігі пайда болды.
Бұрынғы социалистік жүйедегі республиканы жаңа тәуелсіз мемлекетке алмастыру 1990 жылдың 25 қазанынан басталып, 1991 жылдың 16 желтоқсанында аяқталды. Қазақ мемлекеттілігінің тәуелсіздігі КСРО-дай алып империяның күйреуінің салдарынан қалыптасқанымен, оның саяси-құқықтық негізін басты үш құжат, атап айтқанда: 1990 жылғы 25 қазандағы «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларация», 1991 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы» Қазақ КСР-інің заңы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылдаған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң құрады. Аталған құжаттар ішінде «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларация» тәуелсіздік жолындағы бірінші конституциялық акт болып табылады.
Қазақ КСР-інің 1991 жылғы 10 желтоқсандағы заңымен Қазақстан Республикасы болып қайта аталуына байланысты аталған құжат «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларация» деген жаңа атауға ие болды. Қазіргі кезде Декларацияны бағалауда екі ұстаным орын алып отыр. Біреулер: ол Қазақстанның мемлекеттік құрылысына қандай да болсын елеулі өзгерістер енгізген жоқ, сондықтан тәуелсіз және социалистік емес мемлекет идеялары баяндалған акт болып есептеле алмайды деп пайымдайды. Екінші біреулері Декларация тәуелсіздікті және мемлекет дамуының социалистік емес жолының бастауын қалады. Құжатта социалистік федеративтік мемлекеттің принципін, ұйымдастырылу тәртібі мен қызметін теріске шығарған ережелер баяндалған және ол бұрын орын алмаған тың жаңалықтарды ұсынды деп есептейді.
Жоғарыда атап көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің орнығуының және қалыптасуының негізін жоғарыда аталған үш тарихи құжаттың құрағандығын көруге болады. Сондықтан да еліміздің тәуелсіздік тарихын жазуда және оқытуда осы аталған тарихи құжаттарға айрықша маңыз беру керек.
Декларация Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігін ресми түрде жариялады. Қазақ КСР-і 1978 жылғы республика Конституциясы бойынша заң жүзінде егеменді мемлекет болды, алайда Қазақ КСР-інің егемендік құқықтары Кеңес Одағының егемендігімен шектелді. Сол кездегі Конституцияның 73-бабында «КСРО заңдарын Қазақ КСР-інің аумағында орындау міндетті» деп атап көрсетілген. Ал Декларация бойынша «Қазақ КСР-і өз аумағында республиканың егеменді құқықтары мен Конституциясын бұзатын Одақтың заңдары мен оның жоғары органдарының басқа да актілерінің қолданылуын тоқтата тұруға құқылы. Қазақ КСР-і ұлттық мемлекеттігін сақтау, қорғау және нығайту жөнінде шаралар қолданады. Қазіргі шекарасында Қазақ КСР-інің аумағы бөлінбейді және оған қол сұғылмайды, оның келісімінсіз пайдалануға болмайды» делінген болатын. Мұның өзі Қазақ КСР-інің аумағында, оның өз еркімен Одаққа берген мәселелерін қоспағанда, Қазақ КСР Конституциясы мен заңдарының үстемдігі орнатылды дегенді білдірген еді. Басқаша айтқанда, Декларация Қазақстанның дербес конституциялық заңнамасына негіз қалады.
Қазақ КСР-інің мемлекеттік өкімет органдары Декларация қабылданғанға дейін КСРО мемлекеттік өкімет органдарының құрамдас бөлігі болды. КСРО Жоғарғы Кеңесінен бастап селолық, ауылдық кеңестерге дейінгі кеңестердің барлық буындары мемлекеттік өкіметтің бірыңғай жүйесін құрады. Кеңестер жүйесіне кірмейтін мемлекеттік органдардың дербес ұйымы туралы айтылмады. Декларацияда «Қазақ КСР-і республикадағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және ұлттық-мәдени құрылысқа, оның әкімшілік-аумақтық құрылымына байланысты барлық мәселелерді дербес шешеді, мемлекеттік өкімет пен басқару органдарының құрылымы мен құзыретін айқындайды» деп жазылды. Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясында мемлекеттік өкіметтің бірлігі принципі орнықтырылған болатын. Бүкіл мемлекеттік билік Қазақ КСР-інің саяси негізін құрайтын халық депутаттары кеңестері арқылы жүзеге асырылды. Барлық басқа мемлекеттік органдар кеңестердің бақылауында және оған есеп беріп тұрды. Көріп отырғанымыздай, мемлекеттік өкімет билігін бөлу туралы әңгіме де болған жоқ. Ал Декларацияда болса: «республикада мемлекеттік өкімет билігі оны заң шығару, атқару және сот билігіне бөлу принципі бойынша жүзеге асырылады» деп жазылды.
Егемендік туралы декларацияға дейін Қазақ КСР-інің меншікті ішкі әскері болмады. Республиканың мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдары Одақтың тиісті органдарының бөлігі болды және республиканың жоғары мемлекеттік органдарына бағынбады. Ал мұның өзі республиканың егемендігі жоқ екенінің елеулі көрсеткіштерінің бірі еді. Ал Егемендік туралы декларацияда Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі мен Қазақ КСР-і Президентіне бағынатын және солардың бақылауында болатын өз ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауға Қазақ КСР-і толық құқықты деп ерекше атап көрсетілді.
Декларацияның келтірілген ережелері оның Қазақстанда социалистік мемлекеттік машинаны ығыстыруға, демократиялық құқықтық мемлекет құруға және одақтық мемлекеттегі өзінің мәртебесін түбегейлі өзгертуге негіз қалағаны туралы қорытынды жасау үшін жеткілікті негіздеме береді. Осылайша «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның» қабылдануы дербес, егемен Қазақстан мемлекетін құрудың негізін қалады. Ол Қазақстан Республикасының дербес конституциялық заңдарының алғашқы конституциялық құжаты ретінде тарихқа енді.
1991 жылғы 10 желтоқсанда «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы» Қазақ КСР-інің Заңы қабылданды. Бұл заңды Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың көп ұлтты халқының өзін-өзі билеу қағидаттарына, адам құқығы мен бостандықтарының мызғымастығына, қоғамның саяси, экономикалық және идеологиялық жағынан сан-алуандығына негізделген демократиялық, тәуелсіз, бейбітшіліксүйгіш, құқықтық мемлекет құруға ұмтылысын басшылыққа ала отырып қабылдады. Осы заң негізінде Қазақ КСР Конституциясы мен Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияға, Қазақ КСР-інің басқа да заңдарына тиісті өзгерістер енгізілді. Аталған заң конституциялық деп аталмағанымен, іс жүзінде осы мазмұнға сай еді. Өйткені, 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясында «конституциялық заң» деген ұғым мүлде жоқ болатын. Бұл заң социалистік мемлекетті тарату үшін құқықтық негізді қорытындылады. Заң мемлекеттің мәнін таптық ұстаным тұрғысынан емес, өркениеттік тұрғыдан бағалады. Қазақстан халқы жұмысшы табына, шаруаларға және зиялы қауымға бөлінбеді, ал «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы социалистік жалпыхалықтық мемлекет ретінде» (Қазақ КСР Конституциясының 1-бабы) солардың еркі мен мүдделерін білдірді. Жаңа заң таптар мен әлеуметтік жіктерді атап көрсетпей, бүкіл халықтың атынан қабылданды.
Жаңа заңда халықтың «өзін-өзі билеу, адам құқықтары мен бостандықтарының мызғымайтындығына, қоғамның саяси және идеологиялық алуан түрлілігіне негізделген демократиялық, тәуелсіз, бейбітшіл, құқықтық мемлекет құруға» ұмтылысын басшылыққа алатындығы ерекше атап көрсетілді. Заңнан келтірілген үзіндіде «социалистік» мемлекет тетігін жою қажеттігі туралы идеялар ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің ұйымдастырылуы, қызметі және оның міндеттері принципін түбірімен өзгерту идеялары да баяндалған. Мұнда бұрынғы Қазақ КСР-і демократиялық және құқықтық емес әрі тәуелді мемлекет екендігі жанама түрде мойындалады. Заң Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп қайта атады. Ол тиісті өзгерістер енгізу, атап айтқанда, «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияға» өзгерістер енгізу қажеттігін көрсетті. 1991 жылғы 10 желтоқсандағы заң қабылданған сәттен бастап, құжат «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларация» деп аталды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылдаған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң тарихи құжат болды. Заң КСРО-ның құлауына байланысты қабылданды және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Заңның кіріспесінде Қазақстан мемлекеті басшылыққа алуға тиіс Қазақстан мемлекетінің құқықтық принциптері баяндалды. Оларға Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясында, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларында баянды етілген жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының, қазақ ұлтының өзін-өзі билеу құқығының басымдығын мойындау, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру, бейбітшіл сыртқы саясатты жүзеге асыру, ядролық қаруды таратпау принципі мен қарусыздану принципіне адалдығын мойындау жатады.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп танылды. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Конституциялық заңға сәйкес өз аумағында бүкіл өкімет билігін толық иеленеді, ішкі және сыртқы саясатты дербес белгілеп, жүргізеді. Демократиялық және құқықтық мемлекетті құру стратегиялық мақсат болып табылады. Конституциялық заңда мемлекеттік тәуелсіздіктің маңызды принципі орнықтырылды. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында оның Конституциясы мен заңдары қолданылады. Конституциялық заңның мұндай ережесі Кеңес Одағының құлауымен және оның Конституциясы мен заңдарының Қазақстан аумағында қолданылуын тоқтатуымен түсіндірілді.
Қазақстан Республикасы мойындаған халықаралық құқық нормалары конституциялық заң бойынша қалыптасатын ұлттық құқықтық жүйенің бастау көзі болып табылады. Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа кіруі үшін бұл ереженің зор маңызы бар. Конституциялық заң мемлекеттік егемендіктің басқа бір маңызды принципін де орнықтырды. Қазақстан Республикасының аумағы қазіргі шекараларында біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын аумақ деп жарияланды. Мемлекеттің басқа мемлекеттермен өзара қатынасының негізгі принциптері оның тәуелсіздігінің елеулі белгісі болып табылады.
Конституциялық заңда Қазақстан Республикасы өзінің барлық басқа мемлекеттермен өзара қатынасын халықаралық құқық принциптері бойынша құрады деп жазылды. Өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін басқа мемлекеттердің тануы үшін Қазақстан Республикасының ашық екені жарияланды. Мемлекеттік егемендіктің аталмыш принциптері тәуелсіз Қазақстан қызметінің негізіне алынды және алғашқы күннен бастап жүзеге асырыла бастады.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңның бірқатар ережелері Қазақстан Республикасының халқы мен азаматтарының мәртебесіне арналды. Тарихи тағдыр ортақтастығы қазақ ұлтымен біріктірген барлық ұлттар азаматтарының жиынтығы болып табылатын Қазақстан халқының анықтамасы келтірілді. Атап айтқанда, бұл заңда «Тарихи тағдыр ортақтастығы қазақ ұлтымен біріктірген республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның біртұтас халқын құрайды, бұл халық Қазақстан Республикасындағы егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары негізінде тікелей де, сондай-ақ өзі сайлайтын мемлекеттік органдар арқылы да мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыратындығы» жазылды.
Заң Қазақстан халқын таптарға бөлмейді, қайта оны әлеуметтік тұрғыдан бірыңғай, тұтас құбылыс ретінде қарайды. Конституциялық заң мемлекеттік егемендіктің маңызды элементін – өз азаматтығының болуын баянды етті. Республиканың барлық азаматтары өздерінің ұлтына, ұстайтын дініне, қандай қоғамдық бірлестікке жататынына, тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, шұғылданатын қызметіне, тұрғылықты орнына қарамастан бірдей құқықтарды иеленіп, бірдей міндеткерлікте болатыны мойындалды. Азаматтық тең құқылыққа қол сұғушылықтың заң бойынша жазаланатыны ерекше атап көрсетілді.
Қазақстанның аумағын патшалық самодержавие кезеңінде де, кеңестік уақытта да көптеген қазақтар тастап кетуге мәжбүр болды, олар қазір басқа мемлекеттерде тұрып жатыр. Конституциялық заң олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алу құқығын мойындады. Конституциялық заң Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты да көзқарасын білдірді. Олар Конституцияда белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, міндеткерлікте болады, заңдар мен мемлекетаралық шарттарды (мемлекет өзі алып тастағаннан басқасын) қолдана алады. Конституциялық заң қазақ ұлтының және Қазақстанда тұратын басқа ұлттар өкілдерінің мәдениетін, салт-дәстүрін және тілін қайта өркендетіп, дамыту, ұлттық қадір-қасиетін нығайту мемлекеттің міндеті болып табылатынын мойындады.
«Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық заңда мемлекеттік билік органдары туралы бірқатар жаңа құқықтық нормалар баяндалды. Декларацияның мемлекеттік егемендік, мемлекеттік билік туралы ережелерін жаңғырта отырып, Конституциялық заң, Декларацияда көрсетілгеніндей, тек Жоғарғы Кеңестің ғана емес, сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің де халық атынан сөйлеу құқығын баянды етті. Қазақстан Республикасының Конституциялық соты – Конституцияны сот арқылы қорғайтын жоғары орган болып танылуы өз алдына жаңа ереже болды. Қазақстан Республикасының Конституциялық соты 1992 жылы құрылып, 1995 жылға дейін жұмыс істеді.
Конституциялық заңға сәйкес жер және оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, экономикалық және ғылыми-техникалық әлеует Қазақстан Республикасының айрықша меншігіне берілді. Аталған объектілердің бәрі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің негізін құрайды. Кеңес Одағының өмір сүруі кезеңінде аталмыш табиғи ресурстардың бәрі одақтық органдардың қарамағында болды, бұл органдар оларды өз қалауынша иеленді. Конституциялық заңда Қазақстанның экономикалық жүйесі меншіктің алуан түрлеріне және оның барлық нысандарының теңдігіне негізделетіні көрсетілді. Мұның мәнісі мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік те мойындалды деген сөз. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының өзінің қаржы-несие, ақша, салық және кеден жүйесін құруға, сондай-ақ өзінің алтын, алмаз және валюта қорын құруға құқығы бекітілді. Сөйтіп, Конституциялық заң жаңа тәуелсіз мемлекет құрудың негізін қалады, оның басты нышандарын айқындады.
Конституциялық заңда мемлекеттік тәуелсіздікті қорғауды ұйымдастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғау мақсатында дербес қарулы күштерін құрады және өз аумағында әскерлерді, қару-жарақ пен техниканы орналастыру мәселелерін шешеді.
Қазақстанда социалистік мемлекет аппаратын ығыстыру бірнеше жылдар бойына өтті және негізінен 1993 жылдың аяғында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің өзін-өзі таратуымен және халық депутаттары кеңесі жүйесінің жойылуымен аяқталды. Жоғарғы Кеңес пен халық депутаттарының жергілікті кеңестері мемлекеттік өкіметтің жоғарыдан төменге дейінгі барлық органдарын (азаматтар сайлаған аудандық соттардың судьяларынан басқа) жасақтағандықтан, Қазақстанда кеңестер жүйесін жою мемлекеттік органдарды ұйымдастыру мен олардың қызметінің бұрынғы кеңестік қағидатынан бас тарту дегенді білдірді, мұның өзі оларды түбірімен қайта құруға жеткізді. Ескі аппаратты ығыстыру ерекше әлеуметтік-саяси шиеленіссіз, жаңа конституциялық құжаттар негізінде және соларға сәйкес жүргізілді. Жоғарыда аталған тарихи үш құжат негізінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қалыптастырылды және осы құжаттар тәуелсіздікті нығайтуға да алғышарттар жасады.
Қазір дүние жүзінде 190-нан астам тәуелсіз ел бар. Әрқилы жағдайда тәуелділікке түскен олардың тәуелсіздік алулары да тарихи және саяси жағдайларға қарай әртүрлі жолмен шешілді. Олардың кейбірі бірнеше жылдарға созылған қиян-кескі ұлт-азаттық күресі нәтижесінде тәуелсіздікке қол жеткізсе, кейбірі тарихи қалыптасқан себептерге байланысты өз тәуелсіздіктерін алды. XX ғасыр әлем тарихында тәуелсіздік шеруі науқанымен де әйгілі.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде отарлы ірі елдер мен тәуелді елдерде болып өткен терең экономикалық және саяси өзгерістер бодан халықтардың күресіне қолайлы жағдай жасады. Соның нәтижесінде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін-ақ Азияның және Африканың ондаған мемлекеті өз тәуелсіздіктерін жеңіп алды. Тек 1960 жылы ғана Африканың 17 мемлекеті тәуелсіздікке қол жеткізді. 90-жылдардың басында социалистік жүйе мен КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде 20-ға жуық ел (Югославияның құрамындағы республикаларды қоса есептегенде) тәуелсіздіктерін жариялады.
Кейбір елдер үшін тәуелсіздік алу қантөгіспен келіп, оны орнықтыру оңайырақ соқса, Қазақстан және басқа да КСРО құрамындағы республикаларға тәуелсіздік алу оңай болғанымен, оны орнықтыру, ұстап тұру, тұғырын бекемдеу, әлемдік қоғамдастықтан орнықты орын алу оңайға соқпады.
