- •«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні және курстің мақсаты.
- •Тарих ғылымының методологиясы.
- •3.Тарихи танымның әдістері.
- •4. Қазақстанның қазіргі заман тарихының деректері
- •5.Траихқа формациялық және өркениеттілік көзқарас
- •6. Қазақстанның қазіргі заман тарихының периодизациясы
- •7. М.Хрохатың ұлттық қозғалыс типалогиясы туралы концепциясы
- •8. Жадидшілдік Ресейлік мқсылмандардың ағартушылық идеологиясы
- •9.Қазақстандағы Жадидшілдік мектептер мен медреселер
- •10. XXғ басындағы мұсылмандардың реформаторлық қозғалыстары
- •11. Ұлттық интеллигенция және оның xXғ басындағы қоғамдық-саяси қызметі
- •12. Қазақ ұлттық интеллигенциясы және оның xXғ басындағы Қазақстандағы саяси өміріндегі орны.
- •13. XXғ басындағы қазақ интеллигенциясының мұсылмандық қозғалыстарға қатысуы
- •14. I және II ші Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарының қатысуы
- •II Мемлекеттік Думаның таратылуы және оның қазақтар үшін салдары
- •15. Мемлекеттік Думаның мұсылмандық фракциясы. Жер мәселесі және қазақ депутаттары а. Бірімжанов пен б. Қаратаевтардың сөйлеген сөздері.
- •16 Қазақ депуттаттарының Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясына қатысуы
- •17. XX ғ. Басындағы қазақ басылымдары.
- •18 «Қазақ»газеті мен «Айқап» журналдарының қазақ халқының ұлттық сана сезімінің қалыптастырудағы рөлі.
- •19. 1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалысы: негізгі кезеңдері, қозғалыс ошақтары, жетекшілері
- •20. Мұсылмандық қайырымдылық қоғамдары, олардың қызметі
- •21. Қарқаралы петициясы Петициялық қозғалыстың басталуы
- •22. Отандық тарихнамадағы қазақ интеллигенциясының көтеріліске қатысу мәселесі
- •23 .Шет елдік тарихнамадағы 1916 жылғы көтерілісті зерттеудің жаңа тәсілдері
- •24 Ресейдегі ақпан төңкерісі және оның Қазақстанның демократиялануына әсері
- •25. Қазақстандағы қосүкімет және оның ерекшеліктері
- •26. Қазақ комитеттерінің құрылуы, олардың қоғамдық-саяси қызметі
- •27. «Алаш» партиясы: бағдарламасы, әдісі.
- •28 Ә. Бөкейханов – алаш қозғалысының көшбасшысы, XX ғасырдың көрнекті қайраткері.
- •29 А. Байтұрсынов –мәдени қайраткер және көрнекті саясаткер
- •30. «Үш жүз» партиясы, бағдарлама тезисі, әдісі.
- •31.«Алаш» және «Үш жүз» ұлттыұ саяси партиялары. Олардың бағдарламалық құжаттарының негіздері
- •32 «Шура-и-Ислами», «Шура-и-Улема» мұсылмандық партиясы
- •33.1917 Жылғы қазан төңкерісі. Қазақстандағы кеңес үкіметінің орнауы
- •34. Қазақстандағы кеңес үкіметінің орнауының қиыншылықтары мен ерекшелігі
- •35. 1917 Жылғы қазан оқиғасына жаңаша баға
- •36. «Ресей халықтарының деклорациясы» және Кеңес үкіметі басшылығының «Ресей мен барлық Шығыс халықтарының еңбекші мұсылмандарына» жолдауы
- •37.Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920).
- •38. «Әскери коммунизм» саясаты, оның Қазақстандағы жүзеге асырылуының ерекшелігі
- •Өнеркәсіп және қаржы саласындағы күйзеліс жағдай
- •Ауылдар мен деревнялардағы наразылық
- •39. Төтенше өлкелік IV сьезд. Түркістан Автономиясының құрылуы
- •40. Екінші Жалпықазақ «Алаш» партиясының сьезі. «Алаш» Автономиясы. «Алаш Орда» Үкіметі
- •41«Алаш Орда»:азаматтық қарсыластықтағы орны мен рөлі
- •42. Кеңес үкіметі және Алаш Орда мен Қоқан автономиясының басшыларының тағдыры
- •43. Шет елдік тарихнамадағы 1916 жылғы көтерілісті зерттеудің жаңа тәсілдері
- •44. 1916 Жылңы ұлт-азаттық көтерілісі қазіргі заманғы тарихнамада.
- •45 Жэс және Қазақстандағы жүзеге асырылуы. Жер-су реформалары
- •46 Кирревкомның құрылуы және құрамы. Кирревкомның мақсаты мен жоспары.
- •47 ҚазАксРнің құрылуы. Қазақ жерлерінің ҚазАксРнің құрамына біріктірілуі.
- •48 Қазақ кеңестерінің құрылтай сьезі. «Қырғыз (Қазақ) акср-і еңбекшілерінің заңдық декларациясы»
- •49 Қазақстан Кеңестерінің учредительдік сьезі. ҚазСсРнің құрылуы.
- •50 Орта Азияның ұлттық-территориялық бөлінуі: себебі, салдары.
- •51 Қазақстан одақтық республика дәрежесінде. ҚазСср-нің Конституциясының қабылдануы.
- •52 XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы мәдени құрылыс.
- •XX ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
- •Қазақ баспасөзінің қалыптасуы.
- •53 Қазақстандағы өндірістік модернизация: жүзеге асудағы қиыншылықтары мен ерекшеліктері
- •54 Қазақстандағы индустрализация: кеңестік үлгі.
- •55 Қазақстандағы индустриализацияның жүзеге асу жолдары жайындағы пікірталас
- •56 Ф. Голошекиннің «Кіші Қазан» революциясы. 1928-1930 жж. Төтенше жағдай.
- •57 Қазақстандағы ауыл шаруашылығын жаппай коллективтендіру: әдісі, қадамы және оның әлеуметтік, экономикалық салдары.
- •58 Қазақстандағы ауыл шаруашылығын коллективтендіру: халық қасыреті
- •59. 1931-1933 Жж. Аштық. Қазақстандағы шаруалардың кеңестік жүйеге қарсы шығуы.
- •60 Кеңес үкіметінің аграрлық және жер-су саясаты.
- •61 Саяси қуғын сүргін. Қазақстандағы Сталиндік лагерлер.
- •2. Қазақстан Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру.
- •1944 – 1945 Жылдары салынған жаңа өнеркәсіп обьектілері:
- •3. Майдандағы қазақстандықтар.
- •4. Қазақстан Ұлы Отан соғысының аяқталу кезеңінде (1944-1945 жж.)
- •65 Жекелеген ұлттарды Қазақстанға депортациялау
- •66 Қазақстандықтар –Кеңес Одағының батырлары
- •67 Ұлы Отан соғысы майданындағы Қазақстандықтар
- •68 Қазақстандықтардың Москва үшін шайқасқа қатысуы.
- •69. Сталинград түбіндегі неміс-фашист басқыншыларын талқандау, және оған Қазақстандықтардың қатысуы.
- •70 Қазақстан - фронт арсеналы. Тыл еңбегіндегі Қазақстандықтардың ерлігі.
- •71 Қазақстандықтардың Берлин операциясына қатысуы
- •72 Қазақстандықтардың фашистік Германияны жеңудегі үлесі
- •73 Соғыс жылдарындағы Қазақстанның ұлттық білімі мен мәдениеті
- •74 Тарих ғылымындағы Ұлы Отан соғысының даулы мәселелері.
- •75 М. Шоқай. Түркістан легионы
- •76 Соғыстан кейінгі Қазақстан экономикасы: негізгі мәселелері және даму үрдісі
- •77 Тың және тыңайған жерлерді игеру бағыты: мақсаты және себебі
- •78 Қазақстандағы целинаның жүзеге асырылуы: жетістігі, қателігі
- •79. Хх съезд кпсс. Начало десталинизации.
- •80 Жеке басқа табынуды айыптау. Қоғамдық-саяси өмірдегі « De-десталинизация».
- •81 Қазақстан «хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964)
- •82 «Жылымық». 1953-1964 жылдардағы реформалардың жүзеге аспауының себептері
- •83 XX ғасырдың 60-жылдарының екінші жартысындағы экономикалық реформа және оның аяқталмауы.
- •84 XX ғасырдың 70-ші және 80 жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дамудағы қайшылықтар.
- •86. 1986 Жылғы Желтоқсан . Тәуелсіздік жаршысы.
- •87. 1986 Жылғы Желтоқсан оқиғасы. Жаңаша баға
- •88 М.С.Горбачевтің жаңа бағыты. Әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету концепциясы.
- •89 Кокп оак-тің апрель (1985ж) пленумы. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету стратегиясы ұғымы.
- •90 Қайта құруды жүзеге асыру және оның негізгі бағыттарын айқындау.
- •92 Қайтақұру бағыты. Негізгі кезеңдері. Қайтақұру жолдарының қайшылықтары.
- •91 ҚазСсРдің және қр тіл туралы заңының қабылдануы
- •93 Қайта құру кезіндегі Қазақстан. 1985-1991 жж. Экономикалық саяси реформалар.
- •95 Қазақстандағы экологиялық мәселелер. «Невада-Семией» қозғалысы
- •96 Тамыз 1991 ж. Ново-Огаревский оқиғасы.
- •97 Беловежск келісімі. Орта Азия елдерінің Ашхабадтағы кездесуі.
- •98 1991 Ж 21-ші желтоқсандағы Алматы Деклорациясы
- •99 Қазақстан және тмд. Қазақстандағы президенттік биліктің енгізілуі
- •100 «Каз.СсРнің мемлекеттік егемендігі» жөніндегі Деклорацияның қабылдануы.
- •101 «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жөніндегі» Конституциялық Заң.
- •102 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері.
- •103. 1993, 1995 Жж. Қр Конституциясы
- •104. 1995 Ж қр Конституциясы және оның ережелері
- •105 Конституциялық реформа. 1995ж. Қр негізгі заңына өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі
- •106 Қазақстанның егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы
- •107 Қр ұлтаралық қатынас. Қазақстан Халықтары Ассамблеясы
- •108 Қазақстан Халықтары Ассамблеясы. Қр-ғы заманауй этно-демографиялық үдеріс.
- •109 Қазақтардың Бүкіләлемдік құрылтайы.
- •110 Н. Назарбаев. «XX ғасыр табалдырығында»
- •111 Н. Назарбаев. «Ғасырлар тоғысында»
- •112 Нарықтық қатынастардың дамуы. Экономикалық стратегияны жобалау және үкіметтің экономикалық реформаларға арналған бағдарламасы.
- •113 Қазақстандағы экономикалық реформалар: нарыққа көшудің қиындықтары мен мәселелері.
- •114 Қр ғы әлеуметтік – экономикалық жаңғыру. Қазақстандық заманауй даму моделі
- •121 Қазақстан Халықаралық ұйымдарда
- •123 Қазақстан Тәуелсіз мемлекеттер достастығында
- •124 Қр тмд елдерімен ынтымақтастығы
- •122 Қазақстан әлемдік экономикалық жүйе байланысында
- •125 Қр Сыртқы саясаттағы жетістіктері. Қазақстан Республикасы еқыұ мүшесі. Қазақстанның еқыұ-ға жетекшілігі
- •126 Қр заманауй мәдени үдерістер
- •127 Тәуелсіздіктің рухани негізі. Қазіргі заманңы Қазақстан мәдениеті.
- •128 «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы
- •Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері (2004-2006 жж.)
- •Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері (2007-2009 жж.)
- •Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері (2009-2011 жж.)
- •129 Тәуелсіз Қазақстанның даму стратегиясы: басымдықтары мен нәтижесі.
- •130 Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
- •2. Ағымдағы ахуалды талдау
- •2.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы оң үрдістер
- •2.2. Шешімін талап ететін проблемалар
- •2.3. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар
- •3. Мақсат пен міндеттер
- •3.1. Мақсат пен нысаналы индикаторлар
- •3.2. Стратегия міндеттері:
- •4. Түйінді бағыттар, негізгі тәсілдер және басым шаралар
- •4.1. Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
- •4.2. Қоғамдық бақылау институтын енгізу
- •4.3. Квазимемлекеттік және жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
- •4.4. Сот және құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
- •4.5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру
- •4.6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту
- •5. Стратегияны іске асыруды мониторингтеу және бағалау
- •І. Қалыптасқан қазақстан – мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы
- •1. Қуатты да табысты мемлекет
- •2. Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі
- •3. Түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен татулығы
- •4. Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің роліміз
- •5. Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз еткен күшті әлеуметтік саясат
- •6. Әлемдік қауымдастық таныған ел
- •7. Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді роліміз
- •8. "Қазақстан-2030" Стратегиясы. Негізгі қорытындылар
- •Іі. Ххі ғасырдың он жаһандық сын-қатері
- •Бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жеделдеуі.
- •Екінші сын-қатер – жаһандық демографиялық теңгерімсіздік.
- •Үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер.
- •Төртінші сын-қатер – судың тым тапшылығы.
- •Бесінші сын-қатер – жаһандық энергетикалық қауіпсіздік.
- •Алтыншы сын-қатер – табиғи ресурстардың сарқылуы.
- •Жетінші сын-қатер – Үшінші индустриялық революция.
- •Сегізінші сын-қатер – үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық.
- •Тоғызыншы сын-қатер – өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы.
- •Оныншы сын-қатер – әлемдік жаңа тұрақсыздық қаупі.
- •Ііі. "Қазақстан-2050" Стратегиясы - тым құбылмалы тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси бағыт Құрметті қазақстандықтар! Қымбатты отандастар!
- •2. Біз қайда бара жатырмыз?
- •1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм
- •1. Түгел қамтитын экономикалық прагматизм
- •Жаңа кадр саясаты
- •Бюджет саясаты
- •Салық саясаты
- •Ақша-кредит саясаты
- •Мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару саясаты
- •Құрметті отандастар!
- •Ауылшаруашылық қайта өңдеуде және саудада фермерлік пен шағын және орта бизнесті дамыту.
- •2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау
- •3. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік
- •Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары
- •Ананы қорғау. Әйелдерге үндеу
- •Баланы қорғау
- •Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі
- •4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары
- •Біздің жұмыстарымыздың білім беру саласындағы басымдықтары
- •Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты
- •5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
- •6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту
- •7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі
- •Бірінші. Жаңа қазақстандық патриотизм.
- •Екінші. Барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігі.
- •Үшінші. Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы.
- •Төртінші. Мәдениет, дәстүр және даралық
- •Бесінші. Ұлттық интеллигенцияның рөлі
- •Алтыншы. Ххі ғасырдағы Қазақстандағы дін
- •Құрметті қазақстандықтар! Менің отандастарым!
- •Қымбатты отандастар!
- •134 Қр Президентінің «Нұрлы-жол Болашаққа-жол» жолдауындағы жаңа экономикалық саясаты
- •135 Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауындағы «Қазақстан жаңа әлемдік шындықта: өсім, реформа, даму» деп аталатын дағдарысқа қарсы мүмкіндіктер немесе дағдарысқа қарсы басты стратегемма.
- •136 Тәуелсіз Қазақстанның .«Мангiлiк Ел» ұлттық идеясы
- •137 Президент және Қазақстанның жаңа астанасы.
- •138 Қр 25 жылдық мерейтойы. Жетістіктері мен болашағы
- •1991 Жылы 16 желтоқсанда Парламент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады.
- •139 Н. Назарбаев Қазақстанның егемен ел ретіндегі қалыптасуы және стратегиялық дамуы
- •140 «ҚазСср-нің тіл жөніндегі» Заңы
- •Халықаралық Аралды құтқару Қоры туралы ережені және хаққ мен оның ұйымдарының мәртебесі туралы келісімді бекіту туралы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының шешімі
- •Халықаралық Аралды құтқару Қоры туралы ереже
- •I. Қордың ұйымдық негіздері
- •II. Қор қаражатын қалыптастыру
- •III. Қор қызметінің негізгі бағыттары.
- •IV. Қордың құқықтары
- •V. Қорды басқару
- •VI. Қордың есебі мен есептілігі
- •Халықаралық Аралды құтқару Қорының (хаққ) және оның ұйымдарының мәртебесі туралы келісім
- •142 Қр «Қазақстан -2030» даму стратегиялық бағдарламасы
- •143 Қр өндірістік-инновациялық даму стратегиясы.
- •144 Н. Назарбаев. «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам»
- •133 «Қазақстандық жол 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталатын қр Президентінің Қазақстанның дамыған әлемдік 30 елдің қатарына енуі туралы концепциясының басым бағыттары
- •146 Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауының негізгі бағыттары «Қазақстан 2050-стратегиясы»
- •147 Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауының негізгі басымдықтары «Қазақстандық жол- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
- •148 Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауының басты мақсаты «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
- •V. Жаңа кезеңнің негізгі міндеттері
- •Vі. Қазақстандық патриотизм мен саяси ерік-жігер - жаңа қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары
- •V. Жаңа Кезеңнің ығытына қарай саяси және әкімшілік даму
- •Vі. Қазақстанның жаңа өңірлік және геосаяси жауапкершілігі
- •Құрметті отандастар!
- •Құрметті қазақстандықтар!
- •Құрметті қазақстандықтар!
- •Құрметті отандастар!
- •Қымбатты достар!
- •Қадірлі отандастар!
- •150 Н. Назарбаевтың «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында», «Тәуелсіздік белестері» еңбектеріне сипаттама
- •Назарбаев н. Ә. Ғасырлар тоғысында (кітап корей тілінде)
76 Соғыстан кейінгі Қазақстан экономикасы: негізгі мәселелері және даму үрдісі
2-дүниежүз. соғыс жылдары (1941–45) республика алдына айрықша қиын, кезек күттірмейтін және бір-бірімен байланысты міндеттер қойылды. Бұл КСРО-ның батыс аудандарынан көшірілген өнеркәсіп орындарын қабылдау, оларды тиісті жерлерге тездетіп орналастыру, өнім өндіруді кідіріссіз жолға қою болатын. Экономиканы түгелдей соғыс жағдайына бейімдеу, өндіріс қуаттарын үнемі арттыру, майданды барлық керекті заттармен қамтамасыз ету қажет болды. Республика бұл мәселелерді ойдағыдай шешті. 1941 жылдың 4-тоқсанында және 1942 жылдың басында Орта Азия мен Қазақстанға көшірілген 250 кәсіпорынның жартысынан астамы (142) Қазақстанға орналастырылды. Көшірілген және жаңадан салынған з-ттар мен ф-каларды іске қосу нәтижесінде жұмыс істеп тұрған негізгі қорлардың өндірістік қуаты біршама артты. Жаңа өнеркәсіп салалары пайда болды, олар: қара металлургия, мұнай өндіру, а.ш машиналарын жасау, станок жасау, кен және шахта жабдықтарын өндіру, сығымдағыш-автомат шығару, шағын литражды моторлар, прокат, құбырлар, сымдар, жасанды талшық жасау, т.б. Мата, жүн иіру, тоқыма заттар, шұлық, метиз-фурнитура, айна, кондитер, жеміс-консерві, темекі және шай өлшейтін өндірістер жұмыс істеді. Соғыс жылдарында Ақтөбе ферроқорытпа з-ты, Қазақ металлургия з-ты, Текелі полиметалл комб., Қарағанды көмір шахталары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері, Гурьев (қазіргі Атырау) мұнай айыру з-ты, кен байыту ф-калары, кеніштер, Қаратау кен-химия комб., электр ст-лары, жеңіл және тамақ өнеркәсібі орындары, жүздеген км т. ж. желілері іске қосылды. Түсті металлургия өнімдерінің маңызы артты, мыс өнімдерін өндіру 1,5 есе өсті. Қазақстан ел қорғанысына аса қажетті қорғасын беретін негізгі базаға айналды. Қысқа мерзім ішінде мыс пен қорғасын қақтамаларын өндіру игерілді. Балқаш жұмысшылары мыс өндіруді 10 есе, молибденді 20 есе, түсті металл қақтамасын 2 есе арттырды. Ақтөбе ферроқорытпа з-ты мен Жезді марганец кеніші ел қара металлургиясының қажеттерін едәуір дәрежеде қанағаттандырып отырды. Қазақ металлургия з-ты 1944 ж. желтоқсанда тұңғыш рет болат берді. Республика майдан мен тылды көмірмен, мұнаймен, түсті және қара металдармен жабдықтау жөніндегі жетекші базалардың біріне айналды. Елді көмірмен жабдықтайтын кен орнының бірі ретінде Қарағанды көмір алабын дамытуға баса назар аударылды. Соғыс кезінде Қарағанды кеншілері 34 млн. т-дан астам көмір өндірді, Оңт. Оралға берілетін кокстелетін көмір көл. 90% өсті. Қазақстанның мұнай өндірісі бүкіл соғыс жылдары майданды мұнай өнімдерімен қамтамасыз етті. Гурьев мұнай айыру з-ты іске қосылуына байланысты әскери техника жоғары октанды бензинмен және сапалы жағар маймен қамтамасыз етіле бастады. Қазақстанның отын және металлургия өнеркәсіптері жоғары қарқынмен дамыды. Соғыс жылдарында Қаратау кен-химия з-ты (1944), Қарағанды синтет. каучук з-ты (1943), Қостанай жасанды талшық з-ты, Гурьев (Атырау) мұнай айыру з-ты (1945) салынды. Алматы ауыр машина жасау з-ты, Шымкент пресс-автоматтар з-ты, Целиноград (Астана) “Қазақ ауыл шаруашылық машинасы”, Орал арматура з-ттары жалпы одақтық маңызға ие болды. Армияны киім-кешекпен және соғыс жабдықтарымен, ал халықты күнделікті тұтыну заттарымен жабдықтаған жеңіл және тамақ өнеркәсібінің маңызы ерекше. Маман жұмысшылар мен қызметкерлердің соғысқа кетуіне байланысты кәсіпорындарды жұмыс күшімен қамтамасыз ету қиындай түсті. Әйелдерді, жас жеткіншектерді, қарт кісілерді жұмысқа тартуға тура келді. Қазақстанда соғыс жылдары 102 мың жас жұмысшы тәрбиеленді. 1945 ж. өнеркәсіп өндірісінде істейтіндердің саны 255,4 мың адамға жетті. Соғыстың алғашқы жылында қорғаныс қорына республика халқынан түскен ақша мөлш. 700 млн. сомнан асты. Соғыс кезіндегі қиындықтарға қарамастан 1945 ж. мұнай өндіру 1940 жылмен салыстырғанда 1,3 есе, көмір – 1,7, электр энергиясын өндіру 1,8 есе артты. Соғыс жылдарында республикада а. ш. салалары тез дамыды. 1942–43 ж. а. ш. дақылдарының егіс көл. 1 млн. га-дан астам ұлғайды. Қазақстан ауылдары мен деревнялары зор жігермен еңбек етті. Республика шаруашылықтары мемлекетке 5839 мың т астық, оның ішінде 3568 мың т бидай, 241 мың т картоп, 174 мың т көкөніс, 1389 мың т қант қызылшасы, 323 мың т мақта, 738 мың т мал мен құс етін, 1146 мың т сүт, 64 мың т жүн өткізді.
Көлік пен байланыс жүйесін дамыту жөнінде қыруар жұмыстар жүргізілді. Республика аумағында т. ж-дың пайдалану ұз. 1631 км-ге, жүк тасымалы 5,7 млн. т-ға жетті. Уралды көмірмен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарған Қарталы – Ақмола (Астана) т. ж. желісі қатарға қосылды. Гурьев (Атырау) – Қандағаш, Жамбыл (Тараз) – Шолақтау т. ж. желілері пайдалануға берілді. Күрделі құрылыс көлемі ұлғайды. 2-бесжылдықта барлық салалар бойынша 721 млн. сом күрделі қаржы игерілсе, 4 жарым жыл ішінде (1941 – 46) 981 млн. сом игерілді.
Соғыстан кейінгі бесжылдықтарда (1946 – 60) Қазақстан экономикасы бейбіт жағдайға көшіріліп, қандай да болсын халық ш. мәселелерін шеше алатын, одақтың негізгі а. ш. базаларының біріне айналды. Жаудың басып алуынан (оккупациядан) зардап шеккен және өнеркәсіптің соғысқа дейінгі дәрежесіне 1949 жылдың аяғында ғана жеткен аудандардан Қазақстан халық ш-ның өзгешелігі сонда, ол қалпына келтіру кезеңіне соқпай, бұрынғысынша ұдайы өндіріс негізінде дамыды. Қазақстан бұл аудандарға металл, отын, шикізат қорларын, құрылыс материалдарын, жабдық, азық-түлік, асыл тұқымды мал, т.б. жөнелтіп тұрды. 4-бесжылдықта (1946 – 50) өнеркәсіптің “А” тобы салаларын және а. ш-н өркендету үшін республикада барлық күрделі қаржының тиісінше 40,2%-ы және 14,2%-ы пайдаланылды. Одақтық өнеркәсіптің жалпы өнімінің 1940 – 50 ж. өсу қарқыны 173% болса, Қазақстан өнеркәсібінің өсу қарқыны 232%-ға жетті. Кәсіпорындардың саны 4 мыңға жетті. Осы жылдары Қазақ металлургия, Балқаш мыс қорыту, Балқаш кен-металлургия з-ттары, Лениногор (Риддер) қорғасын комб., Шымкент қорғасын, Өскемен қорғасын-мырыш, Ақтөбе ферроқорытпа з-ттары мен Ақтөбе химия комб., Жамбыл (Тараз) суперфосфат з-ты, мұнай өндіретін Қаратон және Мұнайлы кәсіпшіліктері, т.б. кәсіпорындар салынып, өндірістік қуаттары кеңейтілді. Машина жасау және метал өңдеу өнеркәсібі негізінен қайта құрылды. Т. ж-дың пайдаланылатын бөлігінің ұзындығы Қазақстан аумағында 1940 ж. 6,6 мың км болса, 1945 ж. 8,2 мың км-ге, 1950 ж. 8,4 мың км-ге, 1960 ж. 11,5 мың км-ге жетті. Өзен және автомоб. көлігі жедел дамыды. Жүк тасымалы 1950 ж. 1945 жылмен салыстырғанда 1,9 есе артты. Республиканың 21 қаласында автомоб. қатынасы орнады. 1950 ж. мемл. және кооп. бөлшек сауда тауар айналымы 1940 ж. деңгейінен 48% өсті. Тұрғын үй құрылысының қарқыны жеделдетілді. Қала мен жұмысшы қыстақтарының тұрғын үй қоры 5 млн. м2-ден астам өсті, ауылдық жерлерде 100 мың м2 үй салынды. 1946 ж. оқу-ағарту, денсаулық сақтау, әлеум. қамсыздандыруға бөлінген қаржы 1013,2 млн. сом болса, 1950 ж. 1734,9 млн. сомға жетті, яки 70%-дай көбейді.
Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру.
II дуниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Кеңес одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны – 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн. адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Станиград, Минск т.б. қалалардың көп бөлігі талқандалды .
Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.
1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжілдыққа (1946-1950 жж.) арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.
Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Төртінші бесжілдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды.
Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт тұрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды. Төртінші бесжылдық құрылыстары:1946- 1951 жылдары республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. Осы жылдары Теміртау заводында үй прокат станы, 2 мартен пеші, Актөбе ферроқорытпа заводының үшінші кезегі, Өскеменде қорғасын-мырш (1947 ж.) комбинаты салынды. Екібастұзда көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды. Маңғыстауда жаңа мұнай кәсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай өндіру 52 %- ға артты. 50-жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны – 65 болды. Бесжылдық қортындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5 мұнай – 1,5 газ- 1,9 электр құатын өндіру 4,1 есе артты.
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Семей Илеу-сығынды заводы өнім бере бастады, Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері заводтары салынды.
Көлік жүйесі кеңейе түсті: 1950 жылы ұзындығы 483 км. Мойынты – Шу темір жолы салынып, Жамбыл – Шолақтау темір жолы іске қосылды.
Байланыс ісі жақсартылды. Барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды. 1949 жылғы көктемде Алматында елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық станция салынды. Радио жүйесі, 40-жылдармен салыстырғанда 2 есе артты. Маманданған жұмысшылар қатары өсті. 1945 жылы 1,044 мың болса, 1950 жылы – 1403 мың адам болды. 1950 жылы елімізде халық шаруашылығында еңбек ететін адамдардың саны 1 млн. 403000-ға жетті.
Ауыл шаруашылығы. Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Олар: ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы, экономикалық заңдармен есептеспеу т.б.
1946 жылғы 16 қыркүйекте ауыл шаруашылығында орын алған ауыр жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес савхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан ауыл шаруашылығында 50683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шөп шабатын және басқа машиналар болды. 1950 жылы еліміздегі колхоздарда 76% МТС-тер жұмыс істейді.
Осы жылдарда ұсақ колхоздарды ірілендіру шаралары іске асырылып, республикада 1952 жылғы қантарда 3670 колхоз қалды, немесе олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды.
1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электірле- ндіру жорығы басталды. Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталығы электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсті.
Республикада тортінші бесжылдықта егіс көлемі бір миллион гектардан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығы артты. 1950 жылы астықтың жалпы түсімі 47654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дәрежесінен 89% -ға асып түсті. Ірі қара малдың, қой мен жылқының, жаңа тұқымдары өсіп жетілді. Малдың жалпы саны өсті ірі қара мал 27 қой мен ешкі 70, жылқы 71% -ға көбейіп, шошқа 2,7 есе артты. Дегенмен, ауыл шаруашылығын өркендетуде елеулі қиыншылықтар болды. 1946 жылы қуаншылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті. Колхоз, совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек - өнімділігі төмен еді. Ауыл шаруашалық жарғысын (уставын) бұзушылық етек алды. Колхозшыларға еңбек күнге өнім өте аз мөлшерде бөлінді. Олардың еңбекке ынталылығы төмен болды. Осыған байланысты әкімшіл-әміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село тұрғындарын мәжбүрлікте ұстады. Жергілікті жағдаймен есептеспей, жогарыдаң жоспарлап, аппарат тарапынан бұйрық беріліп отырды. «Әскери коммунизм» кезеңінің азық-түлік салғырты саясаты жалғастырылды.Колхозшылардың еркін жүріп-тұруын шектейтін соғысқа дейінгі нормалар сақталды: -Төлқұжаттары болмады. -Ауылдық кеңестердегі тізімге тіркелді.
Осындай қателіктер мен қиындықтарға қарамастан, шаруалар елді асырап отырды.
Халықтың әлеуметтік жағдайы .
Соғыстан кейін 1946-1953 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. Соғыстан кейін елімізде қалыптасқан орасан зор қиыншылықтарға, әсіресе ауыл шаруашылығында болған орасан зор қиыншылықтарға қарамастан, кеңес халқының әл-ауқаты бірден-бірге жақсара берді. 1947 жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. 1947 жылғы ақша реформасының нәтижесінде сомның сатып алу қөбілеті едәуір жоғарылады. Нан және наннан жасалған өнімдердің, еттің, сүттің, өнеркәсіп өкімінің бағасы арзандады. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базар бағазы да төмендеді. Төртінші бесжылдықта жалпы алғанда баға үш рет арзандатылды. Сомның сатып алу құнының көтерілуімен қатар еңбекшелердың жалақысы да өсті.
Кеңес өкіметінің еңбекшілердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту шаралары: 1. Соғыс мүгедектеріне, соғыста қаза тапқандардың отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді. 2. Жасы ұлғайғандарға, асыраушысы қайтыс болғандарға және уақытша еңбекке жарамай қалғандарға зейнетақы тағайындалды. 3. Көп балалы және жалғыз басты аналарға жәрдемақы белгіленді. 4. Шипажайлар, демалыс үйлеріне, балалар лагерьлеріне жолдамалар берілді. 5. Кезектен тыс жұмыс істеуге тыйым салынып, ақылы демалыс алу қалпына келтірілді. 6. Тұрғын үй салу қарқыны арттырылды.
Бірақта соғыстан кейінгі бірінші бесжылдық жылдарында халықтың әлеуметтік жағдайы әлі ауыр болды. Тұрғын үйлер жетіспеді, халықтың өнеркәсіппен азық-түлік товарларын керек етушілігі толық қамтамасыз етілмеді. Республиканың сауда орындары жұмысты әлі нашар істеді. Медицина мекемелері санының өсуіне (39%) қарамастан, халыққа медициналық қызмет көрсетуде әлі елеулі кемшіліктер болды.
