- •«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні және курстің мақсаты.
- •Тарих ғылымының методологиясы.
- •3.Тарихи танымның әдістері.
- •4. Қазақстанның қазіргі заман тарихының деректері
- •5.Траихқа формациялық және өркениеттілік көзқарас
- •6. Қазақстанның қазіргі заман тарихының периодизациясы
- •7. М.Хрохатың ұлттық қозғалыс типалогиясы туралы концепциясы
- •8. Жадидшілдік Ресейлік мқсылмандардың ағартушылық идеологиясы
- •9.Қазақстандағы Жадидшілдік мектептер мен медреселер
- •10. XXғ басындағы мұсылмандардың реформаторлық қозғалыстары
- •11. Ұлттық интеллигенция және оның xXғ басындағы қоғамдық-саяси қызметі
- •12. Қазақ ұлттық интеллигенциясы және оның xXғ басындағы Қазақстандағы саяси өміріндегі орны.
- •13. XXғ басындағы қазақ интеллигенциясының мұсылмандық қозғалыстарға қатысуы
- •14. I және II ші Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарының қатысуы
- •II Мемлекеттік Думаның таратылуы және оның қазақтар үшін салдары
- •15. Мемлекеттік Думаның мұсылмандық фракциясы. Жер мәселесі және қазақ депутаттары а. Бірімжанов пен б. Қаратаевтардың сөйлеген сөздері.
- •16 Қазақ депуттаттарының Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясына қатысуы
- •17. XX ғ. Басындағы қазақ басылымдары.
- •18 «Қазақ»газеті мен «Айқап» журналдарының қазақ халқының ұлттық сана сезімінің қалыптастырудағы рөлі.
- •19. 1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалысы: негізгі кезеңдері, қозғалыс ошақтары, жетекшілері
- •20. Мұсылмандық қайырымдылық қоғамдары, олардың қызметі
- •21. Қарқаралы петициясы Петициялық қозғалыстың басталуы
- •22. Отандық тарихнамадағы қазақ интеллигенциясының көтеріліске қатысу мәселесі
- •23 .Шет елдік тарихнамадағы 1916 жылғы көтерілісті зерттеудің жаңа тәсілдері
- •24 Ресейдегі ақпан төңкерісі және оның Қазақстанның демократиялануына әсері
- •25. Қазақстандағы қосүкімет және оның ерекшеліктері
- •26. Қазақ комитеттерінің құрылуы, олардың қоғамдық-саяси қызметі
- •27. «Алаш» партиясы: бағдарламасы, әдісі.
- •28 Ә. Бөкейханов – алаш қозғалысының көшбасшысы, XX ғасырдың көрнекті қайраткері.
- •29 А. Байтұрсынов –мәдени қайраткер және көрнекті саясаткер
- •30. «Үш жүз» партиясы, бағдарлама тезисі, әдісі.
- •31.«Алаш» және «Үш жүз» ұлттыұ саяси партиялары. Олардың бағдарламалық құжаттарының негіздері
- •32 «Шура-и-Ислами», «Шура-и-Улема» мұсылмандық партиясы
- •33.1917 Жылғы қазан төңкерісі. Қазақстандағы кеңес үкіметінің орнауы
- •34. Қазақстандағы кеңес үкіметінің орнауының қиыншылықтары мен ерекшелігі
- •35. 1917 Жылғы қазан оқиғасына жаңаша баға
- •36. «Ресей халықтарының деклорациясы» және Кеңес үкіметі басшылығының «Ресей мен барлық Шығыс халықтарының еңбекші мұсылмандарына» жолдауы
- •37.Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920).
- •38. «Әскери коммунизм» саясаты, оның Қазақстандағы жүзеге асырылуының ерекшелігі
- •Өнеркәсіп және қаржы саласындағы күйзеліс жағдай
- •Ауылдар мен деревнялардағы наразылық
- •39. Төтенше өлкелік IV сьезд. Түркістан Автономиясының құрылуы
- •40. Екінші Жалпықазақ «Алаш» партиясының сьезі. «Алаш» Автономиясы. «Алаш Орда» Үкіметі
- •41«Алаш Орда»:азаматтық қарсыластықтағы орны мен рөлі
- •42. Кеңес үкіметі және Алаш Орда мен Қоқан автономиясының басшыларының тағдыры
- •43. Шет елдік тарихнамадағы 1916 жылғы көтерілісті зерттеудің жаңа тәсілдері
- •44. 1916 Жылңы ұлт-азаттық көтерілісі қазіргі заманғы тарихнамада.
- •45 Жэс және Қазақстандағы жүзеге асырылуы. Жер-су реформалары
- •46 Кирревкомның құрылуы және құрамы. Кирревкомның мақсаты мен жоспары.
- •47 ҚазАксРнің құрылуы. Қазақ жерлерінің ҚазАксРнің құрамына біріктірілуі.
- •48 Қазақ кеңестерінің құрылтай сьезі. «Қырғыз (Қазақ) акср-і еңбекшілерінің заңдық декларациясы»
- •49 Қазақстан Кеңестерінің учредительдік сьезі. ҚазСсРнің құрылуы.
- •50 Орта Азияның ұлттық-территориялық бөлінуі: себебі, салдары.
- •51 Қазақстан одақтық республика дәрежесінде. ҚазСср-нің Конституциясының қабылдануы.
- •52 XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы мәдени құрылыс.
- •XX ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
- •Қазақ баспасөзінің қалыптасуы.
- •53 Қазақстандағы өндірістік модернизация: жүзеге асудағы қиыншылықтары мен ерекшеліктері
- •54 Қазақстандағы индустрализация: кеңестік үлгі.
- •55 Қазақстандағы индустриализацияның жүзеге асу жолдары жайындағы пікірталас
- •56 Ф. Голошекиннің «Кіші Қазан» революциясы. 1928-1930 жж. Төтенше жағдай.
- •57 Қазақстандағы ауыл шаруашылығын жаппай коллективтендіру: әдісі, қадамы және оның әлеуметтік, экономикалық салдары.
- •58 Қазақстандағы ауыл шаруашылығын коллективтендіру: халық қасыреті
- •59. 1931-1933 Жж. Аштық. Қазақстандағы шаруалардың кеңестік жүйеге қарсы шығуы.
- •60 Кеңес үкіметінің аграрлық және жер-су саясаты.
- •61 Саяси қуғын сүргін. Қазақстандағы Сталиндік лагерлер.
- •2. Қазақстан Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру.
- •1944 – 1945 Жылдары салынған жаңа өнеркәсіп обьектілері:
- •3. Майдандағы қазақстандықтар.
- •4. Қазақстан Ұлы Отан соғысының аяқталу кезеңінде (1944-1945 жж.)
- •65 Жекелеген ұлттарды Қазақстанға депортациялау
- •66 Қазақстандықтар –Кеңес Одағының батырлары
- •67 Ұлы Отан соғысы майданындағы Қазақстандықтар
- •68 Қазақстандықтардың Москва үшін шайқасқа қатысуы.
- •69. Сталинград түбіндегі неміс-фашист басқыншыларын талқандау, және оған Қазақстандықтардың қатысуы.
- •70 Қазақстан - фронт арсеналы. Тыл еңбегіндегі Қазақстандықтардың ерлігі.
- •71 Қазақстандықтардың Берлин операциясына қатысуы
- •72 Қазақстандықтардың фашистік Германияны жеңудегі үлесі
- •73 Соғыс жылдарындағы Қазақстанның ұлттық білімі мен мәдениеті
- •74 Тарих ғылымындағы Ұлы Отан соғысының даулы мәселелері.
- •75 М. Шоқай. Түркістан легионы
- •76 Соғыстан кейінгі Қазақстан экономикасы: негізгі мәселелері және даму үрдісі
- •77 Тың және тыңайған жерлерді игеру бағыты: мақсаты және себебі
- •78 Қазақстандағы целинаның жүзеге асырылуы: жетістігі, қателігі
- •79. Хх съезд кпсс. Начало десталинизации.
- •80 Жеке басқа табынуды айыптау. Қоғамдық-саяси өмірдегі « De-десталинизация».
- •81 Қазақстан «хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964)
- •82 «Жылымық». 1953-1964 жылдардағы реформалардың жүзеге аспауының себептері
- •83 XX ғасырдың 60-жылдарының екінші жартысындағы экономикалық реформа және оның аяқталмауы.
- •84 XX ғасырдың 70-ші және 80 жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дамудағы қайшылықтар.
- •86. 1986 Жылғы Желтоқсан . Тәуелсіздік жаршысы.
- •87. 1986 Жылғы Желтоқсан оқиғасы. Жаңаша баға
- •88 М.С.Горбачевтің жаңа бағыты. Әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету концепциясы.
- •89 Кокп оак-тің апрель (1985ж) пленумы. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету стратегиясы ұғымы.
- •90 Қайта құруды жүзеге асыру және оның негізгі бағыттарын айқындау.
- •92 Қайтақұру бағыты. Негізгі кезеңдері. Қайтақұру жолдарының қайшылықтары.
- •91 ҚазСсРдің және қр тіл туралы заңының қабылдануы
- •93 Қайта құру кезіндегі Қазақстан. 1985-1991 жж. Экономикалық саяси реформалар.
- •95 Қазақстандағы экологиялық мәселелер. «Невада-Семией» қозғалысы
- •96 Тамыз 1991 ж. Ново-Огаревский оқиғасы.
- •97 Беловежск келісімі. Орта Азия елдерінің Ашхабадтағы кездесуі.
- •98 1991 Ж 21-ші желтоқсандағы Алматы Деклорациясы
- •99 Қазақстан және тмд. Қазақстандағы президенттік биліктің енгізілуі
- •100 «Каз.СсРнің мемлекеттік егемендігі» жөніндегі Деклорацияның қабылдануы.
- •101 «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жөніндегі» Конституциялық Заң.
- •102 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері.
- •103. 1993, 1995 Жж. Қр Конституциясы
- •104. 1995 Ж қр Конституциясы және оның ережелері
- •105 Конституциялық реформа. 1995ж. Қр негізгі заңына өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі
- •106 Қазақстанның егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы
- •107 Қр ұлтаралық қатынас. Қазақстан Халықтары Ассамблеясы
- •108 Қазақстан Халықтары Ассамблеясы. Қр-ғы заманауй этно-демографиялық үдеріс.
- •109 Қазақтардың Бүкіләлемдік құрылтайы.
- •110 Н. Назарбаев. «XX ғасыр табалдырығында»
- •111 Н. Назарбаев. «Ғасырлар тоғысында»
- •112 Нарықтық қатынастардың дамуы. Экономикалық стратегияны жобалау және үкіметтің экономикалық реформаларға арналған бағдарламасы.
- •113 Қазақстандағы экономикалық реформалар: нарыққа көшудің қиындықтары мен мәселелері.
- •114 Қр ғы әлеуметтік – экономикалық жаңғыру. Қазақстандық заманауй даму моделі
- •121 Қазақстан Халықаралық ұйымдарда
- •123 Қазақстан Тәуелсіз мемлекеттер достастығында
- •124 Қр тмд елдерімен ынтымақтастығы
- •122 Қазақстан әлемдік экономикалық жүйе байланысында
- •125 Қр Сыртқы саясаттағы жетістіктері. Қазақстан Республикасы еқыұ мүшесі. Қазақстанның еқыұ-ға жетекшілігі
- •126 Қр заманауй мәдени үдерістер
- •127 Тәуелсіздіктің рухани негізі. Қазіргі заманңы Қазақстан мәдениеті.
- •128 «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы
- •Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері (2004-2006 жж.)
- •Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері (2007-2009 жж.)
- •Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері (2009-2011 жж.)
- •129 Тәуелсіз Қазақстанның даму стратегиясы: басымдықтары мен нәтижесі.
- •130 Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
- •2. Ағымдағы ахуалды талдау
- •2.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы оң үрдістер
- •2.2. Шешімін талап ететін проблемалар
- •2.3. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар
- •3. Мақсат пен міндеттер
- •3.1. Мақсат пен нысаналы индикаторлар
- •3.2. Стратегия міндеттері:
- •4. Түйінді бағыттар, негізгі тәсілдер және басым шаралар
- •4.1. Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
- •4.2. Қоғамдық бақылау институтын енгізу
- •4.3. Квазимемлекеттік және жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
- •4.4. Сот және құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
- •4.5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру
- •4.6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту
- •5. Стратегияны іске асыруды мониторингтеу және бағалау
- •І. Қалыптасқан қазақстан – мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы
- •1. Қуатты да табысты мемлекет
- •2. Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі
- •3. Түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен татулығы
- •4. Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің роліміз
- •5. Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз еткен күшті әлеуметтік саясат
- •6. Әлемдік қауымдастық таныған ел
- •7. Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді роліміз
- •8. "Қазақстан-2030" Стратегиясы. Негізгі қорытындылар
- •Іі. Ххі ғасырдың он жаһандық сын-қатері
- •Бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жеделдеуі.
- •Екінші сын-қатер – жаһандық демографиялық теңгерімсіздік.
- •Үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер.
- •Төртінші сын-қатер – судың тым тапшылығы.
- •Бесінші сын-қатер – жаһандық энергетикалық қауіпсіздік.
- •Алтыншы сын-қатер – табиғи ресурстардың сарқылуы.
- •Жетінші сын-қатер – Үшінші индустриялық революция.
- •Сегізінші сын-қатер – үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық.
- •Тоғызыншы сын-қатер – өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы.
- •Оныншы сын-қатер – әлемдік жаңа тұрақсыздық қаупі.
- •Ііі. "Қазақстан-2050" Стратегиясы - тым құбылмалы тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси бағыт Құрметті қазақстандықтар! Қымбатты отандастар!
- •2. Біз қайда бара жатырмыз?
- •1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм
- •1. Түгел қамтитын экономикалық прагматизм
- •Жаңа кадр саясаты
- •Бюджет саясаты
- •Салық саясаты
- •Ақша-кредит саясаты
- •Мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару саясаты
- •Құрметті отандастар!
- •Ауылшаруашылық қайта өңдеуде және саудада фермерлік пен шағын және орта бизнесті дамыту.
- •2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау
- •3. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік
- •Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары
- •Ананы қорғау. Әйелдерге үндеу
- •Баланы қорғау
- •Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі
- •4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары
- •Біздің жұмыстарымыздың білім беру саласындағы басымдықтары
- •Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты
- •5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
- •6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту
- •7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі
- •Бірінші. Жаңа қазақстандық патриотизм.
- •Екінші. Барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігі.
- •Үшінші. Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы.
- •Төртінші. Мәдениет, дәстүр және даралық
- •Бесінші. Ұлттық интеллигенцияның рөлі
- •Алтыншы. Ххі ғасырдағы Қазақстандағы дін
- •Құрметті қазақстандықтар! Менің отандастарым!
- •Қымбатты отандастар!
- •134 Қр Президентінің «Нұрлы-жол Болашаққа-жол» жолдауындағы жаңа экономикалық саясаты
- •135 Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауындағы «Қазақстан жаңа әлемдік шындықта: өсім, реформа, даму» деп аталатын дағдарысқа қарсы мүмкіндіктер немесе дағдарысқа қарсы басты стратегемма.
- •136 Тәуелсіз Қазақстанның .«Мангiлiк Ел» ұлттық идеясы
- •137 Президент және Қазақстанның жаңа астанасы.
- •138 Қр 25 жылдық мерейтойы. Жетістіктері мен болашағы
- •1991 Жылы 16 желтоқсанда Парламент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады.
- •139 Н. Назарбаев Қазақстанның егемен ел ретіндегі қалыптасуы және стратегиялық дамуы
- •140 «ҚазСср-нің тіл жөніндегі» Заңы
- •Халықаралық Аралды құтқару Қоры туралы ережені және хаққ мен оның ұйымдарының мәртебесі туралы келісімді бекіту туралы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының шешімі
- •Халықаралық Аралды құтқару Қоры туралы ереже
- •I. Қордың ұйымдық негіздері
- •II. Қор қаражатын қалыптастыру
- •III. Қор қызметінің негізгі бағыттары.
- •IV. Қордың құқықтары
- •V. Қорды басқару
- •VI. Қордың есебі мен есептілігі
- •Халықаралық Аралды құтқару Қорының (хаққ) және оның ұйымдарының мәртебесі туралы келісім
- •142 Қр «Қазақстан -2030» даму стратегиялық бағдарламасы
- •143 Қр өндірістік-инновациялық даму стратегиясы.
- •144 Н. Назарбаев. «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам»
- •133 «Қазақстандық жол 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталатын қр Президентінің Қазақстанның дамыған әлемдік 30 елдің қатарына енуі туралы концепциясының басым бағыттары
- •146 Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауының негізгі бағыттары «Қазақстан 2050-стратегиясы»
- •147 Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауының негізгі басымдықтары «Қазақстандық жол- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
- •148 Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауының басты мақсаты «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
- •V. Жаңа кезеңнің негізгі міндеттері
- •Vі. Қазақстандық патриотизм мен саяси ерік-жігер - жаңа қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары
- •V. Жаңа Кезеңнің ығытына қарай саяси және әкімшілік даму
- •Vі. Қазақстанның жаңа өңірлік және геосаяси жауапкершілігі
- •Құрметті отандастар!
- •Құрметті қазақстандықтар!
- •Құрметті қазақстандықтар!
- •Құрметті отандастар!
- •Қымбатты достар!
- •Қадірлі отандастар!
- •150 Н. Назарбаевтың «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында», «Тәуелсіздік белестері» еңбектеріне сипаттама
- •Назарбаев н. Ә. Ғасырлар тоғысында (кітап корей тілінде)
Ауылдар мен деревнялардағы наразылық
Мемлекеттің күштеу саясаты ауылдар мен деревняларда наразылықты одан әрі өршітті. Тұтас алғанда кейбір жағдайларда билік орындары жүргізген әкімшілік террорға өштесу, ашық бүлікке және шаруалар тарапынан қарулы қарсылыққа ұласты. 1920 жылы Қазақстанның көптеген өңірлерінде «Коммунистерсіз кеңестер үшін», «Азық-түлік салғырты жойылсын!», «Коммунистік азық-түлік диктатурасы жойылсын!» деп ұрандаған көтерілісшілер шеруі бұрқ етті. Көтеріліске шыққан шаруалар мұнда отрядтар мен «көтерілісшілер армияларын» құрды. 1920 жылы Семей облысы мен Павлодар уезінде большевиктерге қарсы ірі наразылық шеруі ұйымдастырылып, олар 10 мың адамдық «Көтерілісші халық армиясы» бақылауында болды. 1921 жылғы ақпанда «Сібір шаруалары одағы» бастаған көтеріліс Батыс Сібір өңірі мен Солтүстік Қазақстан аудандарын қамтыды: оған қатысушылар саны 30 мың адамға жетті. Көтерілісшілер уақытша болса да Петропавл және Көкшетау қалаларын басып алды. Қостанай губерниясы аумағында сан жағынан айтарлықтай қомақты «Шаруалардың жасыл армиясы» әрекет етті,бұрынғы Ресейдің қызыл шаруалар армиясы (РККА) дивизиясының командирі А. Сапожков басқарған, өздерін «Әділетті Қызыл армия» деп атаған қарулы отрядтар Батыс Қазақстанда бүлік шығарды. Ашықтан-ашық көтеріп, шаруалардың қарулы қарсылығына ұласқан наразылықтар Қазақстанның басқа губернияларына да таралды.[13].
Осы қимылдардың бәрін билік аяусыз қанға бояп басты және кейін Бүкілодақтық Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның (ВЧК) есептерінде ол банды-кулактардың әрекеті ретінде бағаланды. Осыған орай, атап өткен жөн, шынында да көтерілісшілермен айқын қылмысты элементтердің де ауыз жаласқаны жиі кездесті, сондай-ақ бірқатар жағдайларда өзінің стихиялы бүліктік сипаты бойынша тұйыққа тіреліп, адамдарды әбден ашу-ызаға булықтырған шаруалар қарсылығы мүлдем ақтауға болмайтын қатыгез әрекеттерге ұласты. Дегенмен мынаны да мойындау керек: көтерілістердің әлеуметтік негізі жаппай сипатта және шаруаларға ғана тән болды, ал оның себебі ауылдың тауар өндірушілерін барып тұрған қаталдықпен кемсіткен «әскери коммунизм» саясатына деген ащы наразылықта еді.
«Азық-түлік майданын» ашып және оны орындауға қарулы «азық-түлік армиясын» аттандыра отырып, Кеңес үкіметі шағын азаматтық соғыспен құтылды, осылайша әскери жағынан ұтқанмен, саяси жағынан ұтылды.
Сөйтіп, 20-жылдардың басында Қазақстанда қалыптасқан жағдай елді қамтыған экономикалық және саяси дағдарыстың жалпы бейнесін ашып көрсетті. Бұл арада да, барлық жердегі сияқты экономикалық қатынастарды қалпына келтіру, жаңа шаруашылық саясатына көшу қажеттігі айқын көрінді.
Оның үстіне большевиктер «әскери коммунизм» саясаты уақытша, азаматтық соғыс жағдайында амалсыз жүргізілген саясат деп үнемі сендіргенмен, ол аяқталғаннан кейін де «тікелей таза социалистік формаға көшу, таза социалистік теңгермешілік» бағытын одан әрі жалғастыра берді.[14]. Бұдан баяғы сол экономиканы өктемдікпен мемлекет билігіне алу және оның барлық буындарына, өзінің мәні бойынша милитарландырылған басқару әдісін қолдану саясаты айқын көрінеді.
Ірі және орташа өнеркәсіпті барынша «қоғамдастырумен» шектеліп қоймай, Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесі (БХШК) 1920 жылдың аяғында, ұсақ қолөнер шеберханаларын қоса алғанда, шағын өнеркәсіп орындарын (жұмысшыларының саны 10-нан немесе 5-тен асатын, бірақ механикалық двигателі бар) мемлекет меншігіне алуды жүзеге асыру үшін қатаң мерзім (бір ай ішінде) көрсетілген нұсқау шығарды.[15]. Іле-шала әлі қаз тұрып үлгермеген шағын кәсіпкерлік үшін нақ төбеден ұрғандай осы нұсқау «соғыстағыдай тездікпен, соғыстағыдай жігермен, соғыстағыдай тәртіппен» (Лениннің сөзімен айтқанда) жүзеге асырыла бастады.
Экономикадан тыс директивалы-бөлу жүйесін кеңейтуге 1920 жылдың соңы мен 1921 жылдың басында Кеңес өкіметі шығарған коммуналдық (пәтерге, электр жарығына және т.б.) қызмет көрсету төлемдерінің күшін жою туралы, халыққа тамақты және көпшілік қолды тауарларды тегін беру туралы декреттер де «қызмет етті».
Еңбекке ынталандыру ретінде ақшалай жалақы емес, оның орнына коммуналдық қызмет, транспорт, киім, аяқ киім, азық-түлік т.б. үшін карточкалық «паек» беріле бастады. Еңбектің денеге күш түсіретін ауыртпалығы бойынша оның нормасы, бұл ретте оның шекті мөлшері жіктелместен, үш санатқа бөлінді. Осыған жатқызылған, мысалы, паекпен жабдықтаудың 3-санатындағылар, олар жұмысты саналы түрде атқарды ма, кәсіби шеберлігі жоғары ма, жоқ әлде керісінше ме, оған қарамастан «көшке ергеннің баршасы» бірдей сыйлық алды, яғни еңбек өнімділігіне ынталандырылмады, олардың көрсеткіштері «тедестірілген» мәнде ескерусіз қалды.
Паекті болу кезінде басты назар елдегі материалдық ресурстардың барынша шектеулігіне аударылды. Осы ретте мұны азық-түлік паегі туралы декретке байланысты В. Лениннің мына жазбасы дәл сипаттай алады (1920.27. 04). Бұл арада, атап айтқанда былай деп анық жазылған: «Өнеркәсіпті емес қалаларда кеңестік кәсіпорындар мен мекемелерде жұмыс істемейтін адамдарды айқын бөліп шығарамыз, оларға берілетін паекті қысқарту керек (не өз бақшаңды күтіп-бақ, не кеңес кәсіпорындарына немесе кеңес мекемелеріне жұмыс істеуге бар). Кімде-кім кеңестік кәсіпорындарда, не кеңес мекемелерінде жұмыс істемесе, біз оларды асырап отырмаймыз» деп көрсетеді.[16].
Дегенмен, азық-түлікпен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылаудың аса қырағылығына және таптық рухтағы большевиктік «ұтымдылыққа» қарамастан, мемлекеттің жабдықтауына көшірілген халық контингенті тез қаркынмен өсті (1920 жылы мемлекет бағымында 38 млн адам болды). Бұл жағдай шаруалардан алынатын азық-түлік салғыртының одан әрі өсірілуіне алып келді (ауқымы жағынан елдің бүкіл аумағында Кеңес өкіметі белгілегеннен бірнеше есе асып кетті), күн сайын ұлғайып бара жатқан тұтыну қажеттілігіне ілесу мүмкін болмады. Соның нәтижесінде, РК(б)П X съезінде атап көрсетілгендей, жұмысшының азық-түлік нормасы ең төменгі күн-көріс денгейінен 2 еседен астам төмен құлдырады.[17].
Мемлекеттің халықты азық-түлікпен жабдықтауға қабілетсіздігі (тіпті ең төмен «әркімге бір паектен» принципі бойынша) большевиктер көсемдері қатарынан утопиялық идеяларға көбірек ұрынған радикалдарды шығарды. Мәселен, Мәскеу РК(б)П комитетінің 1920 жылғы қаңтардағы отырысында сөйлеген сөзінде Л. Троцкий партиялас жолдастары алдында мынадай оймен бөлісті: «Адам бойындағы азық-түлік табуға кететін қуаттың 80%-ы туралы мен айтқан қағиданы түбірімен өзгерту қажет. Тамақты қоғамдық тамақтану орындарында ішуіміз керек дегенді теріске шығаруға болмайды, яғни OAK төрағасынан бастап ең жас жұмысшыға дейін, бізде есепте тұрған кеңес қызметкерлері зауыттар мен мекемелердегі қоғамдық асханаларда күштеп тамақтандырылуы тиіс. Бұл тек 80%-ы паек табу үшін жасалатын жеке жағдайларды үнемдеу шарасы ғана емес, сонымен бірге еңбек арқылы қоғамдық тәрбиелеудің мықты мектебі де болар еді. Біздің бүкіл жағдайымыздан туындайтын спартандық тәріздес салтты енгізуіміз қажет.
Біріншіден, жұмысқа келмей қалу деген мүлдем дерлік жойылады. Үстел басында қоғамдық пікір қалыптасады. Кім жұмысқа шықпай қалады, ол тамақтан айырылады».[18]. Сөйтіп тіпті физиологиялық функциялардың өзін «қоғамдастыру» туралы мәселе күн тәртібіне қойылды.
Отынға төленетін коммуналдық ақы дажойылды, басқа да елеулі факторлармен бірге (соғыстан кейінгі күйзеліс) отын дағдарысы күшейді, бір-қатар мұнай және көмір кәсіпшіліктерінің (Доссор, Ембі, Екібастұз, Қарағанды) қалпына келтірілгеніне қарамастан, отын дағдарысы сол қалпында сақталды.
Оны шешуге талпыныс үйреншікті әдістерге: 18 жастан 45 жасқа дейінгілерді жаппай жұмысқа тарту (нақ осындай жолмен Семей облысында отындық ағаш, Перовскіде сексеуіл, Гурьев уезінде қамыс пен тезек әзірленді), қала халқын «отын майданына» жұмылдыру, елдегі барлық көлікті отын тасуға жегу (осындай шарадан кейін Ақтөбе губерниясы уездерінің бірінде шаруалардан тартып алынған барлық арбалар мүлдем жарамсыз болып қалған) әдісіне сүйенді.
Кеңес өкіметі «азық-түлік армияларымен» (адам саны 80 мыңға дейін) бірге, шаруашылық мәселелерін «әскери» жолмен шешудің құралы қызметін атқарған еңбек армиясы деп аталғандарға (армия, батальон, майдан, ұрыс, әскери-жедел міндеттер және т.б. терминдер осыдан кеп шықты) да үлкен үміт артты.
Бірінші Революциялық Еңбек армиясы Л. Троцкийдің тікелей нұсқауымен Шығыс майданның 3 Орал армиясы негізінде 1920 жыддың қаңтарында құрылды. Осы армияға берген өзінің бұйрығында Л. Троцкий оның міндетін: «...Армияның қолбасшысынан бастап қатардағы ең жас солдатына дейін алдында қарапайым, бірақ белгілі бір міндет — отын жару, астық дайындау, отындық ағаш пен астықты темір жолға тасып жеткізу міндеттері тұрғанын есінде сақтауы тиіс» деп атап көрсетті.[19].
Л. Троцкий бұл арада армиядағы еңбек өнімділігі деңгейінің төмендігіне қатты қынжылыс білдірді, осыған байланысты бастықтар «бөлімдерге олардың командирлері мен комиссарлары арқылы белгілібір сабақ үйретеді», ал «сабақ үйренбесе командалық және комиссарлық құрамды жауапкершілікке тарту қажеттігін» ескертті. Троцкийдің ұстанар сенімді әдісі «тәубесіне келтірудің қатал жолы» — ату екендігін еске алсақ, қуғын-сүргіннің ауқымды табиғатын көз алдымызға елестетуге болады.
Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің В. Ленин қол қойған қаулысымен (1920 жылғы сәуір) Еділ бойы округі мен Түркістан майданы бөлімдері негізінде Екінші Революциялық Еңбек армиясы құрылды.[20]. Оған да отындық ағаш пен азық-түлік дайындау, ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізу, халықты еңбекке жұмылдыру және күш-көлік арбаларын ұйымдастыру және т.б. тапсырылды. Алайда оның ең басты міндеті ретінде Александров Гай—Ембі [21]. теміржолын тарту белгіленді (Орал-Ембі мұнайлы ауданы бұл кезде сұйық отын алынатын бірден-бір кең көзі болатын; осында орталыққа тасып жеткізілетін 10 млн пұттан 14 млн пұтқа дейін мұнай қоры жинақталды).
Бұл арада Ембі мұнай құбырын салуға және ондағы мұнай қорын тасуға өкіметтің жұмылдыруымен тартылған бүкіл халықтың да «еңбек армиясының жауынгерлері» бастан кешкен жағдайғатап болғанын айтқан жөн. Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысымен (әрине, Ленин рұқсат еткен) «мұнайды күш-көлік арбамен жеткізуді ұйымдастыру бағытында жұмыс істейтін барлық адамдарды тұрақты әскери қызметке тартылғандар деп есептеу» жүктелді, барлық жұмысшылар мен қызметшілер сияқты «мұнай құбырын салуға тартылғандар... жұмылдырылғандар болып табылады» деп есептелді (1920 жылғы сәуір).[22]. Демек, Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің «Сібірдің Түркістанның және шалғайдағы басқа да өңірлердің орыс емес азаматтарын Қызыл Армия қатарына шақыру туралы» қаулысына (1920 жылғы мамыр) (әртүрлі шовинистер бұған қарсы шығып, мұның практикаға енгізілуінің айтарлықтай қиын болғанын байқаймыз) дейін де Орал-Ембі мұнайлы ауданымен іргелес аймақта тұратын қазақ тұрғындары «тұрақты әскери қызметке» (бүгінгі түсінікпен айтқанда шағымдану арқылы, құрылыс батальонына) өз еріктерінен тыс тартылды.
Мемлекеттің өктемдігі қызметі ауыл шаруашылығында да кең етек алды. Өкімет аграрлық өнімдерді дайындаудың барлық түрлеріне (жүннен жылқы қылына дейін) орнатылған қатаң монополияға да толық қанағаттанбады. Шаруа шаруашылықтары саласына командалық қол сұғу басталды. Тұқым себу, жер өңдеу, астық жинау және т.б. сияқты таза өндірістік жұмыстар мемлекеттің бақылауына көшті.
Соз жоқ, әзірге шаруа меншік иесі болып тұрғанда және жеке шаруашылығын жүргізіп отырғанда, оның үйреншікті тіршілігіне бақылау жасау оңайға түскен жоқ еді, өйткені шаруашылық жүргізуші субъектінің әрекеттерін тек экономикаға негіздеу тетігін енгізу арқылы ғана тиімді болатын.
Алайда большевиктер бұл арада да мемлекеттің күшіне сенді, оның үстіне «ол ала алмайтын ешқандай қамал жоқтығын» (И. Сталин) талай реталға тартып, «пролетариат диктатурасы» ретінде өзін даралап көрсетуін жалғастыра берді.
Көп ұзамай тұқым себуші комитеттер үлгісіндегі әр түрлі құрылымдар (әр түрлі аумақтық денгейдегі тұқым себушы комитеттер) құрыла бастады, тұқым себу мен астық бастырудың, астық салғыртының және т.б. мемлекеттік жоспарлары бекітілетін болды. Шаруаға тұқымды қашан себуге, қашан жинап алуға және астықты қайда тапсыруға Адам ата мен Хауа ана заманынан бергі кезеңде, шамасы, тұңғыш рет Кеңес елінде бұйрық берілген болар. Кеңес өкіметі нақ осындай өнеге көрсетті. Қазақстанның ауылдары мен деревнялары мемлекеттік өктемсудің иіріміне бата берді. Шенеуніктер іс жүзінде «тұқым себу апталығы», «астық бастырудың қызыл он күндігі» сияқты таусылып болмайтын террорлық әрекеттер ұйымдастырып, ауылдар мен деревняларды «аграрлық майданның» құрсауына алды.
Қоғамның перманентті революциялық серпілісі мен бұқара халықты ынта-жігеріне ден қоюды көздейтін осындай барлық идеологиялық іс-шараларды халық ідітей жеккөрушілікпен қабылдады. Алайда «миссионерлер ізінше жазалаушылар келер» дейтіннің өзі болды да шықты. Бұйрықты тыңдамағандар дереу қатаң жазаланды. Қорқыныш шаруаның бойын билеп алды,оның шаруашылық жүргізуге деген ынтасы судай басылды. Ауылдар мен қыстақтар өз өмірін мемлекеттік кабинеттерде регламенттелген тіртіппен құратын болды. Оның есесіне шенеуніктерге тұқым себу, астық бастыру, басқа да азық-түлік салғырттарын орындау туралы әр түрлі есептер жазу жұмыстары көбейді. Етек алған науқандар туралы аз да болса түсінік қалыптастыру үшін оның кейбір мысалдарын келтіре кетейік.
Алматы уездік тұқым себу комитетінің уәкілетті өкілі өз рапортында дән ризашылықпен былай деп жазды: «Тұқым себу комитеті ұйымдастырылған күннен бастап жұмыс қызу жүргізілді және тұқым себу науқанына дайындық басталды. Халық 10-15 және 20 аула бойынша бірікті. Қолданыстағы және жылжымайтын мүлік, еңбекке жарамды күштер мен тұқым есепке алынды, ұсталарды, ағаш шеберлері мен доңғалақ жөндеушілерді жұмылдыру болыстар бойынша өткізілді, жұмылдыру бойынша болыс тұрғындарына арналған мүліктерді түзету (автордың мәтінінде осылай. —авт.) жұмысы қолға алынды, ал болыс тұрғындары өздеріне бөлінген алқаптарға тұқым септі. Болыс тұрғындары кеңседегі жұмысына байланысты тиісті тұқымдарын себуге мүмкіндігі болмаған барлық қызметшілерге арналған алқаптарға да тұқым септі». <rer> Советское строительство в аулах и селах Семиречья. 1921-1925 жж. Сборник документов и материалов Часть I. А.-А., 1957, 66-67-6.</ref>.
Жетісу облыстық комитетінің тезистерінде былай деп атап көрсетілді: «... Біз алқаптағы барлық астықты жинап алуға, оның бәрін уақытында, кешіктірмей 100% бастыруға, күздік дақылдарды облыстық тұқым себу комитетінің тапсырмасы бойынша, барлығын салғыртқа сәйкес 100% себуге міндеттіміз. ...Осы үлкен үш тапсырманың бәрін бірдей ойдағыда орындау үшін .., облыстық комитеттің қаулысымен барлық облыс бойынша «азық-түлік айлықтары» жарияланды, яғни облыстағы бүкіл өндіргіш күш, адамдар, көлік күші, сондай-ақ бүкіл жылжымайтын жиын-терім материалдары (кеңес шенеунігінің үйреншікті болмысы. — авт.) тұқым себу науқаны уақытында жүргізілуі үшін және күзде алқапта (алқаптың тіпті де ұжымдық шаруашылықтікі емес, олардың нақты иесі бар екенін, бәрін де солар үшін облыстық комитеттің дағарадай мекемелерінде отырғандар шешетінін көреміз. — авт.) бірде-бір масақ қалмайтындай етіп толық пайдаланылуы тиіс». Дәл осы жерде де шаруаны қалай жұмыс істеуге үйретеді: «Астық екі рет тасымалданбасын (әуелі шөмелеге, содан кейін қырманға), бірден қырманға жеткізілсін және астықтың ысырабын азайтындар, құрғақ дән таза бастырылады, ол ысырапты үнемдеуге көмектеседі» [23].
«Пролетариат диктатурасы дегеніміз қанаушы тапты жаншу құралы» ұранымен большевиктер халықтың бүкіл тобын езіп-жаншитын машинасын іске осты. Егер халықтың бір тобы үшін мемлекет олардан экономикалық қатынастардың бүкіл құрылымдары мен меншігін тартып алуы арқылы көзсіз басыну объектісі болып шыға келсе, басқалары экономикадан тыс мәжбүрлеудің (жалпыға бірдей еңбек ету борышы, еңбекке жаппай жұмылдыру және т.б) құрбандығына айналды. Пролетарлық мемлекеттің қалыптасып келе жатқан «әлеуметтік әділетсіздігі» туралы коммунистік партияның теоретиктерінің бірі Н.И. Бухарин былай деп жазды: «Пролетарлық мәжбүрлеу өзінің бүкіл болмысы бойынша, атып тастаудан бастап еңбекке деген борышын сездіруге дейін... азаматтың қанын сығып алу болып табылады».[24]. «Әлеуметтік-таптық әділеттік қоғам» орнату үшін шеберханалар ретінде ЧК-ның түрмелері, азаптау лагерьлері мен шет-шеті жоқ Далиган «еңбек майдандары» қызмет етті.
Мұқтаждық пен қасіретті бүкіл халық сезінді (әрине, партия-кеңес қызметкерлерінен басқа) — мұның өзі «большевиктік тендіктің» мәнін іс жүзінде түсінудің алғашқы нәтижесі еді. Мемлекет «еркіндік патшалығының алтын қақпасына» апаратын жолды өз кезегінде оған деген өшпенділік, ашу-ыза, кек, жеккөрушілікпен жауып тастады.
«Аса мәртебелі жұмысшы табы» қоғамының жасампаздық рөлі мен мәртебесі, оның «әлеуметтік артықшылығы» жайлы большевиктер ұрандатумен болды, содан кейін оны өзінің билік етуші мүддесі мен мақсаттарына пайдаланды.
Большевиктік насихат қоғамды әр түрлі әлеуметтік жікке бөліп, оларды арасындағы алауыздықты өршітгі. Мәселен, «орақ пен балғанын біртұтас және мызғымас одағы» ретінде өзінің таптық көзқарасының дұрыстығына берік сенген жұмысшы, солдат және еңбекші шаруалар мемлекеті отындық ағаш дайындауға және басқа да ауыр қара жұмыстарға «буржуазиялық» интеллигенцияны салып қойды. Соның нәтижесінде оның көптеген өкілдері моральдық террорға шыдай алмай Отанын тастап кетті.
«Кедей-бай», «Кеңес өкіметіне шын берілген немесе қарсы», «белсенді немесе енжар» принциптері бойынша әлеуметтік топтар ішіне бөліну мен ажырасу рухы себілді, мұның өзі аз да болса сақталып келе жатқан топ аралық тұрақтылық пен тепе-тендікті тас-талқан етті, дәстүрлі ынтымақты-топтасқан қатынастардың аражігін ашып жіберді.
«Революциялық батылдықпен» экономикалық зандылықтарды белден басып, мейлінше тиімсіз нарықтық емес даму жолын қолдан жасап, тауар-ақша қатынастары мен сауда-саттық факторларын көзге ілмей, сөйтіп елдің экономикалық өмірін ортағасырлық томаға-тұйық натуралды шаруашылыққа оралтып, большевиктер тауарсыз утопияны іс жүзіндегі мемлекеттік саясат деңгейіне көтерді. Қоғам осы тәжірибесі үшін қатты зардап шекті (оның біріншісіне ұқсас келесі көрінісі — ұжымдастырудан кейін елдің адымын алпыс жыл бойы тұсады және алғашқысынан да көп құрбандыққа ұшыратты).
Алайда өкімет халық алдында қандай да бір өкініш білдірген жоқ. Тек партия жиналыстарында «қалайда жақсы және тез атқаруға тырыстық», «коммунизмге даңғыл жол жоқ», «құрбандықсыз революция болмайды» (жарқын болашақ үшін құрбандықтың қайсысына болсын төзуге шақырған большевиктік даурықпа үранды кеңес халқының бүкіл ұрпағы үнсіз мойындады) деген сияқты ақталу сипатындағы сөздер айтылды.
Ленин: «Біз тиянақтап есептеп алмастан, ұсақ шаруалы елде өндірісті қайта құрып, дамытуды және өнімді бөлуді пролетарлық мемлекеттің тікелей жарлықтары арқылы коммунистік тұрғыдан жолға қоймақшы болдық, немесе солай деп жорамалдадық» деп жазды.[25]. Есептер орасан зор қателіктерге ұрындырды. Елде экономикалық, әлеуметтік және саяси дағдарыстар белең алды. «Әскери коммунизм» саясаты мен оның тауарсыз утопияға сүйеніп жүзеге асырылуының ең басты қорытындысы, міне, осы.
