Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тақырып 20 MЕ логикалық функциялармен жұмыс .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
160.16 Кб
Скачать

4. Жеке ұяшықтарды және ұяшықттар диапазонын есімдеу.

Microsoft Excel КП-ымен жұмыс жүргізгенде өте жиі тұрақты шамаларды қолдау қажет болады. Ондай шамалармен жұмыс істегенде, олар ендірілген ұяшықтың абсолют адресін пайдалану керектігі белгілі. Microsoft Excel-де осындай жағдайлар үшін ұяшықты есімдеуді қолдануға болады. Ұяшыққа қойылатын есім қысқа және бөлінбеген сөзден тұруы керек.

Жеке ұяшықты тікелей есімдеуге болады. Ол үшін есімделетін ұяшықты белгілеп, содан соң орындау керек:

  • н е «Формулалар» → «Анықталған есімдер» тобындағы «Есім меншіктеу». «Есім құру» сұқбат терезесі пайда болады (сурет 1). Бұл терезеде төрт өріс бар: 1) Есім – мұнда ұяшыққа берілетін есімді енгізу керек; 2) Аудан – есімнің әсері жүретін аудан көрсетіледі: ауқымды деңгей – бүкіл кітапқа, жергілікті деңгей – белгілі бір параққа ғана әсер етеді. Бүкіл кітапқа әсер ететін ауқымды ауданды – кітап – көрсеткен дұрыс; 3) Ескерту – әртүрлі ескертулер есептеу нәтижесіне әсер етпейді (толтыру міндетті емес); 4) Диапазон – бағдарламаның өзі есімделетін ұяшықтың абсолют адресін көрсетеді. Ол есімделетін ұяшық орналасқан парақ атауынан, леп белгісінен және ұяшықтың абсолют атауынан тұрады. Кейбір жағдайларда қолданушының өңдеуі қажет болады. «Есім құру» сұқбат терезесін өрістері толтырылған соң ОК батырмасын не енгізу тиегін Enter басып жабу керек.

  • Н е формулалар жолындағы «Есім» өрісін шертіп, өріске ұяшықтың меншіктелетін есімін енгізіп, енгізу тиегін Enter басу керек.

Егер кестедегі көршілес бірнеше ұяшықтарды (ұяшықтар диапазонын) есімдеу керек болса, онда осы ұяшықтар диапазонын және көршілес орналасқан, оларға берілетін есімдер жазылған, диапазонды белгілеп, мәзірдегі «Формулалар» қосымшасын және бұйрықтар жиынтығындағы «Анықталған есімдер» тобындағы «Белгіленгендер-ден құру» әмірлерін шетту керек. Осы кезде пайда болатын «Белгіленген диапазоннан есімдер құру» (сурет 2) сұқбат терезесінде есімдерді қай бағаннан немесе қай жолдан алу керектігін көрсету керек. Есімдеу баған бойымен (тік бағытта) жүгізілетін болса есімдеу сөздердің есімделетін диапазонның сол не оң жағында орналасуына байланысты «сол жақ бағаннан» (сурет 2) не «оң жақ бағаннан» алдарына жалауша қою керек, ал есімдеу жол бойымен (жатық бағытта) жүгізілетін болса есімдеу сөздердің есімделетін диапазонның үстінде не астында орналасуына байланысты «жоғарғы жолдан» не «төменгі жолдан» алдарына жалауша қою керек. Есімдеуде Microsoft Excel бағдарламасының қорындағы сөздерді қолдануға болмайды.

6. Ұяшық есімін формулаға қою.

Ұяшықтарды есімдеген соң формулаларда ұяшық адрестерінің орнына есімдерін пайдаланған дұрыс. Есімдер абсолют адрес тәрізді көшіру кездерінде өзгермейді. Есімдер ендірілген формула, мысалы 3-ші суретте, мынандай түрде болады:, =А1*апр (А1 ұяшығындағы сан «апр» деп аталған В5 ұяшығындағы санға көбейтіледі).  Ұяшық есімін формулаға ендіру үшін орындау керек

  • не «Формулалар» - «Формулада қолдану» әмірлерін орындап, пайда болған тізімнен қажетті есімді көрсету не «Есімдерді ендіру…» әмірді шертіп, пайда болған «Есімді ендіру» сұқбат терезесінде көрсетілген тізімнен қажетті есімді көрсетіп, ОК батырмасын не енгізу тиегін Enter шерту керек;

  • не формулада есептеуге қажетті сан ендірілген есімделген ұяшықты шерту керек.