Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тақырып 20 MЕ логикалық функциялармен жұмыс .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
160.16 Кб
Скачать

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРИТЕТІ

ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ

Мамандықтар 5B110100 «Мейірбикелік іс»

5B110200 «Қоғамдық денсауық сақтау»

5B110400 «Медициналық профилактикалық іс»

5B130100 «Жалпы медицина»

5B130200 «Стоматология»

Пән Информатика

Курс 1

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН

АҚПАРАТТЫҚ –ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК

ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

ТӘЖРИБЕЛІК САБАҚҚА

Тақырып №

«Ақпаратты өңдеу құралдары. Кестелік процессор MS Excel. Логикалық функциялармен жұмыс. »

Құрастырушы

аға оқытушы Дихамбеков Ж.К.

Семей, 2011 ж.

«Студенттерге арналған ақпараттық-дидактикалық блок және әдістемелік нұсқаулар тәжрибелік сабаққа: Тақырып № «Ақпаратты өңдеу құралдары. Кестелік процессор MS Excel. Логикалық функциялармен жұмыс. »

кафедра (курс) мәжілісінде қарастырылды 2011жыл

Хаттама №

Курсқа жауапты Буланова Р.К.

1. Тақырыбы: Ақпаратты өңдеу құралдары. Кестелік процессор MS Excel. Логикалық функциялармен жұмыс.

2. Оқу сағат саны : 180 минут (3 ак. сағат)

3. Тақырып өзектiлiгi (оқу дәлелдемесi) : Microsoft Excel функциялары формулалармен салыстырғанда есептеулерді жылдам орындайды, аз орын алады және енгізу кезінде қателіктерді аз жібереді.

4. Сабақтың мақсаты : Логикалық функциялар көмегімен есептеулер жүргізуді студенттерге түсіндіру.

5. Оқыту міндеті: Логикалық функциялар көмегімен есептеулер жүргізуге үйрету

6. Студент бiлуге тиiс:

1. Microsoft Excel КП-ында дайындалған құжаттарды жұмысқа қосу;

2. Кестелiк процессор (қолданбаның) және құжат терезелерiнiң негiзгi элементтерi;

3. Кестелiк процессорда ұяшықты және олардың жиынтығын белгiлеу.

4. Формулалардың көшірмесін алу. Салыстырмалы және абсолют адрес.

5. Формулаларды өңдеу.

6. Ұяшықтарды тазалау.

7. “Мастер функции” және аргументтерді енгізу сұхбаттасу терезелері.

7. Студент iстей алуға тиiс:

- Клавиатурамен және тышқанмен, саймандар тақтасымен және сұхбаттасу терезелерiмен жұмыс жүргiзу.

8. Сабаққа дайындалу сұрақтары :

- негiзгi бiлiм бойынша :

1. Microsoft Excel КП-ында дайындалған құжаттарды жұмысқа қосу;

2. Кестелiк процессор (қолданбаның) және құжат терезелерiнiң негiзгi элементтерi;

3. Кестелiк процессорда ұяшықты және олардың жиынтығын белгiлеу.

4. Формулалардың көшірмесін алу. Салыстырмалы және абсолют адрес. Формулаларды өңдеу.

5. Функция мен оның аргументтерін енгізу тәртібі.

6. Ұяшықтарды тазалау.

- осы сабақ тақырыбы бойынша:

1. Microsoft Excel функциялары және олардың аргументтерінің ерекшеліктері.

2.  Microsoft Excel-дің логикалық функциялары.

3. Деректерді логикалық функциялар көмегімен өңдеуге мысалдар.

4. Microsoft Excel-дің функцияларымен жұмыс істегенде жиі қолданылатын терезелерінің элементтері.

5. Функция мен оның аргументтерін енгізу тәртібі.

6.Ұяшықтарды есімдеу.

7. Ұяшықтар есімін формулаларға енгізу.

9. Әдебиеттер

Негiзгi әдебиеттер:

1. Дихамбеков Ж.К., Барлық мамандықтар бойынша Информатика пәнінен 1-курс студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулардың ақпараттық блоктар жинағы, Семей, 2009, 137-140

2. Абдуакитова А.Е., «Excel 2007» және Медициналық информатика, оқу құралы, Семей, 2010, 40-70

3. Изтлеуов М.К. және басқалар, Ақтөбе, 2005, 260 – 283.

Қосымша әдебиеттер:

1. Камардинов О. Информатика. Алматы : Ғылым, 2004, 212-224

2. Кафедра дайындаған тақырып бойынша методикалық құралдар

3. Дихамбеков Ж.К., Информатика пәнінен Кестелік процессор Microsoft Excel тақырыбына тестер жинағы, Семей, 2010, 53-74

10. Ақпараттық-дидактикалық блок

1. Microsoft Excel функциялары және олардың аргументтерінің ерекшеліктері.

Microsoft Excel функциялары берілгендермен белгілі амалдарды орындайды және осы амалдар негізінде нәтиже береді. Бастапқы берілгендер функцияларға аргументтер ретінде енгізіледі. Аргумент міндетті түрде жақшаға алынады және функцияның есімінен кейін орналасады. Microsoft Excel-де әрбір функцияның өзінің келісілген жазылу түрі мен аргументтердің келісілген түрлері бар. Аргументтерге мысалы, сандар, мәтін, логикалық мәндер жатады. Теңдеуде айнымалылар болса, ал функцияларда аргументтер болады.

Көптеген функцияларда жақша ішінде бір не бірнеше аргументтер болуы мүмкін. Бірнеше аргументтерді бір-бірінен келісілген символдармен бөлу керек, яғни Windows-та тізімдерді бөлу ережесі бойынша нүктелі үтір қолданылады.

Формулалар жолына функцияларды қолмен клавиатурадан теріп жазуға болады, бірақ функциялардың жазылуының дұрыстығына сенімді болу үшін Microsoft Excelдің ендірілген функциялар тізімін пайдаланған жөн.

Функция есімінде және аргументте бос орын (пробел) мен математикалық амалдар таңбалары болмауы керек.

Функцияларды және олардың аргументерін ендіру әдістері «Microsoft Excel кестелік процессорда математикалық есептеулерді формулалар және функциялар көмегімен жүргізу» және «Microsoft Excelдің статистикалық функцияларымен жұмыс» әдістемелерінде қарастырылған.

Функциялар формулаларға қарағанда жылдам және сенімді жұмыс жасайды. Бір функция көптеген арифметикалық амалдарды орындап шығады. Бұған мысал 1-кестеде көрсетілген.

Кесте 1 Excel функциясы мен арифметикалық формуланы салыстыру

Есептеледі

Функция

Арифметикалық амалдар

Деректердің орташа арифметикалық мәні

СРЗНАЧ

1. деректердің барлық мәндерінің қосындысын есептеу

2. қосынды нәтижесін деректер санына бөлу

Квадраттық ауытқу

КВАДРОТКЛ

1. орташа арифметикалық мәнді есептеу

2. деректердің әрбір мәні мен орташа арифметикалық мән айырмасын есептеу

3. әрбір айырма мәнінің квадратын есептеу

4. барлық квадрат мәндерінің қосындысын есептеу