Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MU_Diplomnoe_proektirovanie_050724_gornyaki_posl_var-1.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
348.58 Кб
Скачать

2 Дипломдық жобаның түсіндірме жазбасының мазмұнына әдістемелік нұсқаулық

2.1 Аннотация

Аннотация жұмыстың қысқаша сипаттамасы және оның негізгі ойды жеткізу болып табылады. Үш тілде жазылады: мемлекеттік, орыс және ағылшын. Аннотацияда оқу жұмысының түрі, мәлімдеме құралы (объект) және оның негізгі сипаттамалары (жұмыс мақсаты, тақырыбы және талқылау мөлшері), жұмыстың ерекшеліктері (мәселені қою,жеке сұрақты шешу,ұсыныстар). Аннотацияды жұмыстың мазмұнын көрсетудің қажеті жоқ. Аннотация көлемі 0,5 парақтан 1 парақ көлемінде болады. «АННОТАЦИЯ» сөзі жол ортасында, бас әріптермен, мақала атауы ретінде жазылады және нөмері қойылмайды.

2.2 Технологиялық бөлімі

Жобаның бұл бөлімінде студенттің алдында қойылған барлық міндеттерді шешу үшін қажетті ақпарат қарастырылады. Осы бөлімнің мазмұны келесі пунктерді қамтуы тиіс:

- кен орындардың қысқаша геологиялық сипаттамасы;

- тұйықталу және жүйелік ашу сипаттамасы; жүйе бойынша технико экономикалық көрсеткіштер;

- тапсырма бойынша кеніштің өнімділігі;

- кәсіпорынның жұмыс режимі (жылына жұмыс күннің саны, күніне жұмыс ауысым саны, ауысым уақытысы және т.б.);

- тазарту ұяныңда, дайындау және кесуде болатын блоктар саны.

Бұл жағдайда кенішке қатысты өндірістік үдерістерді кешенді механизациялаудың кескінін құру және жобалыналатын ортһнатуды жаңғырту туралы шешім қабылданылады.

2.3 Аналитикалық бөлім

Студент аналитикалық бөлімінде әлемдік және ҚР-ның кәсіпорындарында қолданылатын, жобаланылатын электромеханикалық құрылғыларға жалпылама сипаттама беретін, Ғаламторда алынған, техникалық әдебиет және диплом алдындағы тәжірибе мен өндірістік практикада алынған, жинаған мәліметтерге негізделу керек.

Электромеханикалық құрылғыларға әлемдік даму үрдісіне негізделе отырып, талдау жүргізіледі. Талдау қорытындысының нәтижесі бойынша қолданыстағы түрлердің және жобаланатын құрылғылар өңдірушілері туралы жетілдіру шешімі қабылданады.

Ғылыми әзірлемелер мен озық тәжірибелерді пайдаланып, салыстырмалы талдау жүргізіледі. Жұмысымызды дұрыс әзірлеу мен жетілдіру, электромеханикалық құрылғыларды пайдалануда негізгі және оңтайлы жол көздеп, өз кезегінде кеніште еңбек өнімділігі артып, орындалатын жұмыстың сапасы артыра түседі.

Қолдағы бар жобаның шешімдерін (құрылыстарды)қарап, жобаланатын нысанға жақын аналог прототипін қайта таңдау жүргізіледі. Жобаланатын шешімді сипаттау кезінде жобаның жүзеге асырылуда немесе талдау нәтижелері бойынша патенттік өнертабыстар пайдалануы үшін өз идеяларымыздың сипаттамасына ерекше назар аудару қажет.

Технологиялық машиналарды жобалау кезінде құрылымдардың жетілдіруіне, технологиялық параметрлердің көтеруіне,беректік пен қайта жөндеу мәселелеріне аса ерекше көңіл аударуыңыз қажет. Типтік (стандарттық) құрылғыларды таңдау кезінде түріне, өндірушісіне, фирмасына, негізгі техникалық сипаттамаларға және ақпарат көзіне сілтеме жасауды белгілеу қажет.

Осы жабдықты таңдауды негіздейтін олардың күшті және әлсіз жақтарын бағалау ұқсас жабдықтың бірнеше түрін салыстыру керек.

Егер жоба модернизациямен тікелей байланыста болса, онда оны қажеттіліктің (өнімділікті көтеру, қауіпсіздік талаптарына сай келмеуі, үлкен эксплуатациялық шығын және т.б.) негіздемесін жасау керек.

Жобаның тақырыптары кең болғандықтан, әрбір дара мәселелер, қарастырылып отырған сұрақтар туындаған жағдайда, оны дипломдық жоба жетекшісімен ақылдасқаныңыз жөн.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]