Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MU_Diplomnoe_proektirovanie_050724_gornyaki_posl_var-1.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
348.58 Кб
Скачать

Кіріспе

Дипломдық жоба бакалаврда оқитын студенттің соңғы өзіндік жұмысы болып табылады. Диплом жазу барысында студент өндірістегі пайдалы қазбаларды өндіру үрдістері, кешенді механикаландыру және автоматтандыру құралдары, жобалау үрдістері, техникалық қызмет көрсету және тау кен, көлік құралдарын, стационарлық қондырғыларды ұстау мен пайдалану саласындағы білімін тәжірибиелік тұрғыда пайдалана білу.

Дипломдық жобалау, диплом алдындағы тәжірибиеден кейін, қатаң сақталған мерзімде -13 апта өткеннен кейін жүзеге асырылады. Дипломды жобалау күрделілігі 5 кредит.

Студент дипломдық жобалауға тек теориялық курсты толық меңгеріп, барлық жоспарланған тәжіриебе мен мамандық бойынша мемлекеттік емтиханды тапсырғаннан кейін рұқсат алады. Сонымен қатар, ол 129 кредитке ие болу керек және GPI 3,5 баллдан кем болмауы тиіс.

Дипломды жобалауға әр студентке кафедра тарапынан дипломдық жетекші тағайындалады. Ол студентке дипломды жобалау жұмыстарын ұйымдастырып, негізгі бөлімдер бойынша кеңес береді.

«Технологиялық машиналар мен жабдықтау» кафедраның меңгерушісі әрбір студенттің кезеңдік дипломдық жобаны тексеру жүргізеді.

Қорғауға тек, қажетті көлемде, белгіленген мерзімде және берілген тапсырмаға толық сәйкес келетін, жобалар ғана рұқсат алады.

Жобаны қорғау уақытын, жоба жетекшісінің және рецензенттің пікірін алғаннан кейін белгіленеді.

Бұл бағдарлама және әдістемелік жөн жобалар «5В072400 - Технологиялық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша)» - оқыту траекториясы « Тау кен машиналары мен жабдықтар» мамандықтарға сай құрастырылған.

Әдістемелік нұсқауларда дипломдық жобалауға қатысты жалпы ережелер беріледі. Мақсаттары мен міндеттері тұжырымдалған, дипломдық жобаның бағдарламасы, бөлімдері шамалас көлемімен және графикалық бөлімімен келтірілген.

Бұл ережелерді студенттер мен дипломдық жоба жетекшілері ұстану керек.

1 Дипломдық жобалау бағдарламасы

1.1 Дипломды жобалау міндеттері

Дипломды жобалау міндеттері болып:

  • білім алушының ЖОО нда жер асты тәсілдерін пайдаланып,пайдалы қазбалар жұмыстарының негізгі өндірістік үрдестерді кешенді механикаландыру арқылы, қолданудың нақты шарттарына сәйкес пайдалану және тау кен, көлік, стационарлы машиналар мен жүйелерге техникалық қызмет көрсету, өзіндік техникалық мәселелерді қарастыра отырып, практикалық жүзінде теориялық білімін меңгеру;

  • студенттердің өзінің жасаған жұмысына соңғы ғылыми және технологиялық жетістіктерді мен озық өндірістік тәжірибелерді пайдалана отырып, өндірістік процестерге кешенді механикаландыру таңдау, жаңғырту, техникалық қызмет көрсету және пайдалану, жеке бастамасын көрсету қажеттілігі үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу;

  • білім алушыны өзіндік жұмысқа жобалау ұйымдарда қабылданған анықтамалар мен техникалық әдебиетті, қолданыстағы стандарттарды, технологиялық жобалау нормалары, инженерлік есептеу әдістері пайдалана отырып дайындау; жобалар мен сызбалар кентінде түсіндірме ескертулерді дайындау дағдыларын дамыту;

  • Әлеуметтік экономикалық сұраныстарын барынша қанағаттандыру үшін қабылданған шешімдердің технико экономикалық оқытуы (ыңғайлы жұмыс жағдайлары, тиімділік, қауіпсіздік, экологиялы және т.б.).

1.2 Дипломдық жобаның тақырыптары

1.2.1 Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы технологиялық үдерістердің кешенді механикаландырудың нақты мәселелерін,кендерді жер асты өндіруге,берілген тау-геологиялық және тау-техникалық жағдайда пайдалану мақсатында арналып және әлемдегі 50 техникалы дамыған елдердің қатарына Қазақстан Респуликасының кіру міндеттердің техникалық шешімін табу саласына бағытталған болуы тиіс;

1.2.2 Дипломдық жобаның тақырыбы «Жобалау мен есептеу (технологиялық үдерістің)»

1.2.3 Дипломдық жоба өзіндік шығармашылық жұмыс элементтерінен құралып, сондай ақ ұтымды қолдану режимі барысында машиналарды қолтума шешім қабылдаудағы, олардың өзара теңістіру жұмыс кезінде ең жоғары өнімділікке қол жеткізу.

1.2.4 Дипломдық жобаның (жұмыстың) тақырыптарын толыққанды ашу мақсатында студенттердің күш жігеріне шамамен тең болуы керек.

      1. Тақырыпты таңдауда бастапқы ақпараттарды талдау, жинау және жиынтықтау қадамдары ілесуі қажет.

1.2.6 Дипломдық жобаның (жұмыстың) тақырыбын таңдау кезінде келесі міндетті талаптарды сақтау керек:

  • екі немесе одан да көп студенттердің тақырыптары бір бірімен сәйкес болуы;

  • әрбір дипломдық жобаның (жұмыстың) тақырыбы студенттің өзіндік жұмыс элементтері мен шығармашылық бастаманың болуы;

  • оқу барысында ғылыми зерттеу тәжірибесін алған студенттердің, ғылыми зерттеу сипаты бар дипломдық жұмыстар, тапсырмалар берілуі мүмкін, өз кезегінде тапсырмалардың тақырыптары ғылыми зерттеу бағытына сәйкес, кафедрада немесе филиалында, студенттің қатысуымен келісіледі.

1.2.7 Дипломдық жобалар бойынша тақырыптардың жалпы тізімі бітіруші түлектер кафедрасы дайындайды, кафедраның отырысында бекітіліп, практикаға шықпас бұрын, 6 семестрдің соңында студенттердің назарына ұсынылады.

1.2.8 Әрбір тақырыпқа дипломдық жобаның жетекшісі тағайындалып, студенттерге хабарлайды.

1.2.9 Студент, кафедра тақырып пен жетекшіні бекітпес бұрын, өз рейтингіге сай дипломдық жоба жетекшісін және дипломдық жұмыстың еркін тақырыбын таңдауға құқығы бар.

1.2.10 Дипломдық жоба (жұмыс) тақырыбы, жобаның (жұмыстың) жетекшісі, арнайы бөлімнің (бар болса) тақырыбы ЖОО бұйрығымен бекітіледі.

1.2.11 Дипломдық жобаның (жұмыстың) тақырыбын ауыстыру бітіруші түлек кафедрасының меңгерушісі және институт директорының келісуімен рұқсат етіледі.

1.2.12 Бекітілген жеке дипломдық жобалардың тақырыптары мен жетекшілердің аты жөндері ЖОО сайтында орналастырылады.

1.2.13 Дипломдық жобаның арнайы бөлімінде жабдықтардың жеке элементтеріне және конструкцияларды жетілдіруіне есептеу жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]