- •3БилетАдамның спермотозоидтары
- •6 Билет
- •8Билет.Аты. Кіндік бауы
- •9БилетБүйрек түтікшелеріндегі аласа куб эпителий
- •12Билет.
- •13БилетҚуықтың ауыспалы эпителийі
- •15Билет Адам қанының жағындысы .Сегментті ядролы нейтрофилдер.
- •17 Билет 1.Адам қанының жағындысы .
- •18Билет Адам қаның жағындысы. Базафил.
- •19Билет1.Адам қанының жағындысы .Кіші лимфоцит.Нейтрофил.
- •22БилетАдам қанының жағындысы.Моноцит
- •2425Билет Қалыптаспаған борпылдақ дәнекер тіні
- •29Билетбұқаның эластинді байламы. Бойлық кесіндісі
- •32БилетГиалинді шеміршек
- •38 Билет
- •39Билет Жұлынның алдыңғы мүйізінің мултиполярлы жасушаларындағы нейрофибриллалар
- •40 БилетПрепарат аты: жұлынның қозғалтқыш нейрондарының цитоплазмасындағы базофильді заттың түйіршіктері
- •41Билет Миелінді нерв талшықтары . Ранвье буылтығы
- •42 Билет.
- •44Билет 1-Көздің қаранғыдағы торлы қабағы
- •46 Билет.
- •47 Билет.
8Билет.Аты. Кіндік бауы
Зерттеу объектісі.1) аминион эпителийі 2) сарыуыз қапшығының қалдықтары 3) артериялар 4) аллантоистың қалдығы 5) вена 6) кілегейлі дәнекер тіні (Вартонов іркілдек заты)Сипаттамасы. Кіндік бауы препаратынан екі артерия, бір вена, сарыуыз қапшығы мен аллантоис қалдықтарын және Вартонов кілегейлі қабығын көруге болады. Вартонов кілегейлі заты артерия мен венаның бір-біріне жабысып қалмауын сақтайды. Кіндіктің сырты амнион эпителийімен қапталған. Кіндік бауы амнион аяқшасының туындысы. Кіндіктің ұз 40-50см, d=1,5см.
Кіндік, амнион, сарыуыз қабы, аллантоис «Ұрықтан тыс мүшелерге» жатады.
Амнион – суға толы қапшық. Негізгі қызметі - секреторлы су бөліп, нәрестені механикалық әсерлерден қорғау. Амнион қапшығының эпителийі алғашқыда бір қабатты жалпақ, эмбрионның 3-айлығында юбір қабатты призмалы болып келеді.
Сары уыз қабы. Эктодерма мен ұрықтан тыс мезодермадан дамиды. Қызметтері: қан түзу процесіне қатысады, нәрестенің бірінші жыныс жасушалары гонодобласттар сары уызда пайда болып, қан мен жыныс бездерінің бастамасы бар жерге келіп қоныстанады.
Аллантоис. Амнион аяқшасының құрамында болатын, ішек энтодермасының соңғы бөлігіндегі саусақ тәрізді өсіндісі. Қызметі: трофикалық және нәрестенің тыныс алу процесіне қатысады. 2-айлық эмбрионда аллантоис редукцияланады да (кері дамиды), кіндік жібінің құрамында қалады.
Қызметі. Ана мен баланы байланыстырады.
9БилетБүйрек түтікшелеріндегі аласа куб эпителий
Зерттеу объектісі:
1-Апикальды полюсі
2-Базальды полюсі
3-Ядросы
4-Түтікше қуысы
5-Дәнекер тіні
Сипаттамасы: репараттан ені мен қабырғасы бірдей, пішіні кубтәрізді эпителиоциттер бар. Бүйректің проксимальді және дистальды нефрон түтікшелердің ішін тыстайды. Проксимальды бөлігіндегі эпителиоциттің жиегі болады, ал базальды мембранаға бекінген полюсінде көптеген митохондриясы сызық түрінде көрінеді.
Қызметі: Реабсорбция (қайта сору)
10билет.Бүйрек түтікшелеріндегі призма тәрізді 1 қабатты 1 қатарлы эпителийі
Зертттеу объекттісі:
1) призма тәрізді жасушаның апикальды полюсі;
2) призма тәрізді жасушаның базальды полюсі;
3) жасуша ядросы;
4) түтікшелердің қуысы;
5) түтікшелерді қоршап жатқан дәнекер тіні.
Сипаттамасы: Ені қабырғасынан кіші пішіні призма тәрізді эпителиоциттер. Бүйректің проксимальді және дистальды нефрон түтікшелерінің ішін тыстайды. Проксимальды бөлігіндегі эпителиоциттердің жиегі болады, ал базальды мембранаға бекінген полюсінде көптеген митохондриялары сызық түрінде көрінеді. Базальды мембранаға бекінген бөлігі базальды полюсы, ал сыртқы ортамен байланысқан бөлігі апикальды полюсі.
Бір қабатты бір қатарлы призмалы эпителиоциттер асқорыту жүйесінің ортаңғы бөлігіндегі мүшелердің ішін тыстайды. Бір қабатты бір қатарлы призмалы эпителий екі түрлі жасушалардан тұрады: базальды эпителиоциттер мен бокал тәрізді жасушалар. Базальды жасушалардың пішіні призма тәрізді, камбиальды қызмет атқарады. Бокал тәрізді жасушалар муцинді секрет бөліп, механикалық, инфекционалді және басқа да әсерлерден қорғайды.
Қызметі: Бүйрек түтікшелеріндегі призма тәрізді 1 қабатты 1 қатарлы эпителийдің қызметі: реабсорбциялық. Бір қабатты бір қатарлы призмалы эпителийдің қызметі: қорғаныштық.
11-билет.Аты. Кеңірдектің қабырғасындағы бір қабатты көп қатарлы кірпікшелі эпителий.
Зерттеу объектісі. 1) жасушаның кірпікшелері 2) бокал тәрізді жасушалар 3) кірпікшелі жасушалар 4) базальды жасушалар 5) кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасының дәнекер тіні 6)тамырларСипаттамасы. Бір қабатты көп қатарлы эпителий ауа өтетін жолдарда, тыныс алу мүшелердің – мұрын қуысы, кеңірдек, бронхыларда кездеседі. Бір қабатты көп қатарлы жасушаларының барлығы базальды мембранаға бекінген. Бірақ ядролары әр түрлі деңгейлерде орналасқан. Негізгі жасушаларына кірпікшелі бокал тәрізді жасуша, ұзын дәне қысқа қыстырма жасушалары жатады. Ұзын қыстырмалары кірпікшелердің қозғалысына қатысады, қысқа қыстырма камбиальды қызмет атқарады. Базальды жасушалары қысқа, базальды мембранаға өте жақын орналасқан. Кірпікшелі жасушалары биік, пішіні призмалы, апикальды полюсінде көптеген кірпікшелері болады. Кірпікшелері ауаға қарсы қозғалып, сырттан келген шаң мен бөгде заттарды ұстап қалады. Бокал тәрізді жасушалары ауа жолына муцинді секрет бөліп, механикалық, инфекционалды және басқа да әсерлерден сақтайды. Қызметі. Қорғаныштық.
