Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Karmanov_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.52 Mб
Скачать

1.Өндірістік өнімнің техникалық дәрежесін және сапасын сараптау әдістері.

2.Бұрғылау сорабы нақты жұмыс процесінің математикалық моделі.

3.Болат корпусты pdc бұрғылау қашаулары, конструктивтік ерекшеліктері және оларды жетілдіру бағыттары.

1.Өндірістік өнімнің техникалық дәрежесін және сапасын сараптау әдістері.

Өнім сапасы – өнімнің сатып алушының белгілі бір қажеттерін қанағаттандыруға жарамдылығын сипаттайтын сапалық қасиеттерінің жиынтығы және тиімділігінің өлшемі. Өнім сапасының көрсеткіштері абсолюттік, салыстырмалы немесе меншікті көрсеткіштер болуы мүмкін. Өнімнің сапалық қасиеттері өнімнің өндірістік және тұтынушылық қасиеттері болып бөлінеді.ТМД елдерінің ішінде Қазақстан мұнай өндіру бойынша Ресейден кейін екінші орында, дүниежүзілік қауымдастықтағы 90 елдің алғашқы отыздығына кіреді. Қазақстан территориясында 202 мұнай және газ кен орындары бар. Қазір мұнай 55 кен орындарында өндіріліп отыр. Ең ірі кен орындарына - Теңіз (мұнай), Өзен (мұнай-газ), Қарашығанақ (мұнай-газ конденсат), Жаңа жол (мұнай-газ конденсат), Қаламқас (мұнай-газ) кен орындары жатады. 

2.Бұрғылау сорабы нақты жұмыс процесінің математикалық моделі.

Бұрғылау сораптары ұңғымаға тазалау мақсатымен сұйықтықты еңгізу үшін орнаған салқындату және қашауды майлау шекті қашаулармен бұрғылағанда гидромониторингті эффектіні жасау, тоқтап қалған гидраликалық қозғалтқышты іске асыру жұмыстарын қамтиды. Тағайындалуы мен эксплуатациялық шарттарына байланысты бұрғылау сораптары келесі негізгі талаптарды қамтиды:

сораптың біреуі ұңғаманы шаю үшін қамтамасыз етулер шектердеқадағалануы тиіс;

сораптың қуттылығы ұңғыманы шаюға және тоқтап қалмаған гидравликалық қозғалтқыштарды іске келтіру үшін қолданылады;

сораптың шыға берісте шаятын сұйықтықтың жылдамдығы инерционды ауырлықты және қысым соққысын жою үшін бір қалыпты болуы қажет;

сораптар құрамында майы бар және коррозионды белсенді қоспалармен тығыздығы әр-түрлі ерітінділермен жұмыс істеуге арналған болуы қажет;

қоспалы ерітінділермен әрекеттесетін саңылаулар және бөлшектер жектілікті дәрежеде берік болуы және бөлшектер қатардан шыққан жағдайда тез ауыстыруға ыңғайлы болуы қажет;

үлкен көлемді саңылаулар және де техникалық қызмет көрсету үшін сенімді ұстау және ауыстыру құралдарын қамтамасыз етілулері қажет;

келтірілген бөлшектердің саңылаулары және бөлшектері шаятын ерітіндіден қорғалуы тиіс және тексеру мен техникалық талаптарының қызмет көрсету үшін ыңғайлы әрі оңай болуы қажет;

сораптар алыс-жақын қашықтықтарға тасымалдануына сай болып, жалпы жағдайларына тәуелді болуы керек;

сораптар құрылысында оң және сол бүйірінде сорапты агрегат қозғалтқышы болуы тиіс;

сораптардың сенімділігі және ұзақтығы олардың ұтымдылығы мен экплуатациялық қауіпсіздігімен үйлесуі қажет.

Бұрғылау сораптарын дайындау барысында шартты ГОСТ-пен бекітіледі. Бұрғылау тереңдігі өсумен бірге сораптың қуаттылығы мен осьпен бұрғылау талаптарына сай, бұрғылау сорабының жаңа модельдерін өндіріске еңгізуде жинақталған тәжірибе ғылыми-зерттеу және тәжірибелік құрастыру жұмыстарынмен, сонымен қатар сорапт жасауда жеткен жетістіктерге байланысты сораптардың өндірісі үздіксіз болып, одан да әрі даму үстінде.

3.Болат корпусты PDC бұрғылау қашаулары, конструктивтік ерекшеліктері және оларды жетілдіру бағыттары.

PDC бұрғылау қашаулары мұнай және газ ұңғымаларына арналған. PDC қашаулары жоғары сапалы болаттан жасалады және алмас поликристаллдық кескіштермен бекітіледі. Тозуға төзгіштігі жоғары және басқа қашаулармен салыстырғанда ұңғылау жылдамдығы 2-3 есеге артық, сонымен қатар әлдеқайда үнемдірек болып келеді.

Қашау өндірісінің ерекшелігі - күрделі геометриялық фигураларды сандық бағдарламалық жасақтамасы бар, дәлдігі жоғары деңгейдегі 5-координаттық жоңғыш-өңдеуші орталықта дайындауы болып табылады.

Зауытта қолданылатын жабдықтың қашаудың кез келген құрылымына бейімделуі аталған өндірісте қашаулардың әр түрлі үлгілерін пайдалануға жол береді.

15 емтихан билеті

1. ЖКЖ кинематикалық сұлбалары және конструкциялық ерекшеліктері.

2. Сенімділіктің кешенді көрсеткіштері.

3. Ұңғыларды бағыттап және көлденең бұрғылауға қолданылатын винттік түптік қозғалтқыштар ВЗД.

1. ЖКЖ кинематикалық сұлбалары және конструкциялық ерекшеліктері.

Жоғары күштік жетек -ротордың, ұршықтың, ілмектің, лақтыруға қарсы фонтанды арматураның (ЛФА) және құбырларды бұрау қызметін атқарады. Жетектер классификацияланады: а) пайдаланылатын энергия түрі бойынша: механикалық, гидравликалық, пневматикалық; б) қызмет ететін скважиналар саны бойынша: жеке және топтық; в) алғашқы қозғалтқыштық типі бойынша: электрлік және жылулық.

2Сенімділіктің кешенді көрсеткіштері

Техникалық талаптар бұрғылау қондырғысының құрылымы ғылым мен техниканың жаңа жетістіктеріне жауап беруіне негізделеді, ал оның сипаттамалары әлемдік стандарттарға және заманауи бұрғылау технологиясының талаптарына сәйкес болуы қажет. Бұрғылау қондырғысының құрамына кіретін машиналар мен жабдықтар жоғары ПӘК-не және жеткілікті төзімділік, сенімділік және ұзақмерзімділікке ие болуы керек.

Пайдалану талаптары бұрғылау қондырғысын пайдалану кезінде оның жұмысқа жарамдылығы техникалық қызмет көрсетумен және жөндеу жұмыстарын жүргізумен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсатпен бұрғылау қондырғысын жөндеуге жарамдылығын, яғни тез тозатын бөліктерін және бөлшектерін ауыстыру және техникалық жағдайларын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.

3. Ұңғыларды бағыттап және көлденең бұрғылауға қолданылатын винттік түптік қозғалтқыштар ВЗД.

Винттік түптік қозғалтқыштар 1916 жылдан бастап ұңғыларды бұрғылауда қолданыла бастады, содан кейін мұнай өнеркәсібінде қолданылды. Винттік түптік қозғалтқыштар үш секциядан тұрады – клапан, қозғалтқыш және шпиндель. Қозғалтқыш секциясы статорданғ ротордан және екі шарнирлі қосылыстардан тұрады. Статорда эластомерлерден жасалған солға қарай бағытталған ішкі винтті тістері бар. Роторда солға қарай бағытталған кесілген винтті тісті білігі бар. Ротордың осі көлемнің эксцентрлі тістің жарты биіктігіне тең статор осі бір қалыпты болып келеді.

Түптік қозғалтқыштармен бұрғылау кезінде ұршық ұсталып қалуларды болдырмау мақсатында бұрғылау тізбегін кезең сайын айналдырып тұру үшін қолданылады.

16 емтихан билеті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]