Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Karmanov_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.52 Mб
Скачать

1 емтихан билеті

1. Бұрғылау жабдықтары жұмыс жасау шарты. Әсер ететін жүктемелер.

Бұрғылау машиналары бөлшектері мен механизмдері беріктігі деп оларды құрылымдайтын бөлшектердің белгілі бір жүктемелеу жағдайында бұзылмай жүкті қабылдау қабілетін айтады. Жүктеме машина бөлшектерінің кернеулік-деформациялық жағдайда формасының өзгеруіне алып келетін күштік әсер. Әсер ету сипатына қарай жүктемелер статикалық және динамкалық болып бөлінеді. Статикалық жүктемелер берілу нүктесі мен бағыты және мөлшері тұрақтылығымен немемсе өзгерісі азғантай болуымен сипатталады, сондықтан конструкцияны есептеу кезінде инерция күштері ескерілмейді. Өз кезегінде олар тұрақты және уақытша болып бөлінедіТұрақты жүктемелерге мөлшері берілген конструкция үшін өзгермейтін жүктемелер қабылданады. Статикалық тұрақты жүктеме мысалы ретінде конструкцияның өз салмағын атауға болады. Динамикалық жүктемелер конструкция элементтерінде біраз инерция күштерін туындатып, берілетін нүктеге шамасы мен бағытының тез өзгеруімен сипатталады. Динамикалық жүктемелердің пайда болу себебі жұмыс процессінің бірқалыпты еместігі, іске қосу кезіндегі үдеуі, тежелу және реверсті берілістер; тез айналатын бөлшектердің тепе-теңдігі болмауы; тісті және шынжырлы берілістердің қатты тозып кетуі; жылжымалы байланыстардағы саңылау ж т.б. Жұмыс процессінің бірқалыпты еместігінен пайда болатын динамикалық жүктемелер поршенді машиналарға әсіресе соққылық және вибрациялық машиналарға тән (балғалар, коперлар, бұрғылау қашаулары, виброелек және басқа).

Жүктеме түрі тұрақты (стационар) болып саналатын машиналарға вентиляторлар, ортадан тепкіш сорап станцилары және басқа машинлар жатады. Машиналардың көпшілігі тұрақты емес жүктемемен жұмыс жасайды. Бұрғылау машиналарындағы жұмыс процессі сипаттамасының өзгере беретіні бұрғылау барысында ұңғы тереңдігінің үнемі өзгеріп отыруы салдарынан және де КТО кезінде бұрғылау, шегендеу құбырлары тізбектерінің салмағы сатылы өзгеріп отыруына байланысты.

Жүктеменің әсер ету сипатына байланысты бұрғылау жабдықтары статикалық беріктікке және шыдамдылыққа есептеледі.

Берілген шектік есептік жүктеме ретінде келесілер қабылданады:

көтеру кешені үщін —көтерілетін бұрғылау тізбегінің созылуға беріктігінен асатын немесе шегендеу тізбегі шектік салмағының 0,8 бөлігін құрайтын, ілмектегі шектік мүмкін болатын жүктемені;

бұрғылау тізбегін айналдыратын механизмдер үшін – берілген бұрғылау қондырғысында қолданылатын бұрғылау құбырларын үзіп жіберуге жететін бұрау моментіне тең, шектік мүмкін болатын бұрау моменті;

циркуляциялық жүйе үшін- сақтық клапаны мүмкіншілігімен шектелген, циркуляцияны орнатып, қамтамасыз етуге қажетті шектік қысым.

2. Қазіргі заманғы бқ тәл жүйесі конструктивтік ерекшеліктері.

.Бұрғылау қондырғысының көтеріп – түсіру кешені деп жеке агрегаттар мен механизмдер және түсіріп көтеру мен бұрғылау, шегендеу құбырлар тізбегін ұстап тұруға арналған технологиялық, апатты операциялардың кезінде қолданылатын аспаптар жиынтығын айтамыз.Ұңғыны бұрғылау процесінде көтеріп түсіру кешені келесі функцияларды орындайды:жүйеге түсетін жүктеме тізбектің ауадағы салмағынан аспайтындай болғанда, тозған қашауды ауыстыру үшін бұрғылау тізбегін көтеріп-түсіру (КТО); жүйеге түсетін жүктеме тізбектің ауадағы салмағынан асатындай кездегі, қосымша, технологиялық және апаттық жұмыстарды тындыру.

Қосымша және апаттық жұмыстарға:

бұрғылау процесімен бір кезде ұңғыны жуып, бұрғылау тізбегін көтеру және жіберу;

шегендеу құбырларын түсіру;

қиындықтарға байланысты немесе құбырды ұзартудан кейінгі элеваторды немесе сыналарды босату үшін шегендеу құбырларын көтеру;

 апатты жағдайдағы, тұтылған бұрғылау және шегендеу құбырларын шығарып алу;

жантайған және көлденең ұңғылардағы бұрғылау құбырларын көтеріп-түсіру.

Тәл жүйесібұрғылау қондырғыларының тәл жүйесі, шығыр барабаны айналмалы қозғалысын ілмектің ілгермелі қозғалысына айналдыру және тәл арқаны тармақтарына түсетін салмақты жеңілдету қызметін атқарады. Кронблок және тәл блогы тәл жүйесінің арқандары өтетін еркін айналатын шкивтердің қозғалмайтын және қозғалатын топтарын орналастыру үшін пайдаланылады.Бұрғылау қондырғыларының тәл жүйелерінде көлденең қимасы тек дөңгелек болат арқандар ғана қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]