Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
48_49_50_51_53_54.docx.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51.81 Кб
Скачать

48. Қазақ кеңестерінің құрылтай сьезі. «Қырғыз (Қазақ) акср-і еңбекшілерінің заңдық декларациясы»

1920 ж. 4 – 12 қазанда Орынборда Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі өтті. Оған 273 делегат қатынасты. Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының Декларациясы » жарияланып, кеңестік негізде құрылған қазақ автономиясының заңдық негізін қалаған еді. Және осы декларацияда: «ҚАКСР-і депутаттарының жергілікті Кеңестері, Орталық Атқару Комитеті және Халық Комиссарлар Кеңесі автономиялы республиканың басқару органдары болып табылатындығы» айтылып, автономиялы мемлекеттің билік тармақтары айқындалды, сондай-ақ, бүкіл заң шығарушы, атқарушы және бақылаушы өкімет бүтіндей тек қана еңбекші халықтың қолында болуға тиіс екендігі көрсетілді.

Жарияланған декларацияға сәйкес автономиядағы ең жоғарғы билік. Кеңестердің Жалпықазақтық сиезінің қолында болды. Әр жылда бір рет шақырылатын сиездер аралығында жоғары билік Орталық Атқару Комитетінің қолында болды. Орталық Атқару Комитетінің мүшелері және мүшелегіне кандидаттарды Кеңестердің Жалпы Қазақтық сиезі сайлады. Бірінші құрылтай сиезінің шешімі бойынша Орталық Атқару Комитетінің президиумына 10 мүше мен 5 кандидат: С.Меңдешев төраға, В.Радус-Зенькович, Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, И.Киселев және басқалар кірді.Орталық Атқару Комитеті Республиканың Халық Комиссарлары Кеңесін құрды, оның төрағасы болып Ресейдегі революциялық қозғалысқа белсене қатысушы В.Радус-Зенькович сайланды. Уақытша орган бөліп келген Қазақ революциялық комитеті өзінің барлық өкілеттіктерін Қазақ АКСР-інің үкіметіне берді.

49. Қазақстан Кеңестерінің учредительдік сьезі. ҚазСсРнің құрылуы.

1920 жылы 4-12 қазанда Орынбор қаласында өткен Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезі Қырғыз (қазақ) Кеңестік Автономиялық Социалистік Республикасы еңбекшілері құқықтарының декларациясын қабылдайды, ол декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін Қаз. АКСР құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. Орталық Атқару Комитетінің (ОАК) басшысы С. Меңдешовты және Халық Комиссарлары Кеңесінің (ХКК) басшысы В. Радус-Зеньковичті сайлады. Астанасы болып Орынбор қаласы жарияланды. 1925 жылы Қырғыз АССР аты РСФСР құрамындағы Қазақ АССР деп өзгертілді.

50. Орта Азияның ұлттық-территориялық бөлінуі: себебі, салдары.

Қазақ АКСР-і мен Сибревком арасындағы шекараға байланысты даулы мәселе Қазақстан пайдасына шешіліп, 1922 жылы 26 қаңтарда ұлан байтақ жерлер толық, біржола берілді. 1921 жылы11 сәуірде Орта Азияда ұлттық-аумақтық межелеу мәселесі көтерілді. Мұндағы халықтардың тарихи байланыстарының тереңдігі мен ұлттардың бір-бірімен аралас және тығыз орналасуы ұлттық республикалардың шекараларын анықтауда көптеген қиындықтар туғызды. Қазақ АКСР-інің басшылығы РК(б)П ОК-нен Жетісу мен Сырдария облысының қазақ аудандарын республика құрамына қосуды сұрап, өтініш білдірді. 1924 жылы 9 сәуірде РК(б)П ОК-нің саяси бюросы жергілікті ұйымдардың ұсыныстарын қарап, Орта Азияны ұлттық республикаларға бөлуге әзірлеу комиссиясын құрды. 1924 жылы 27 – 28 қыркүйекте РК(б)П Қазақ облысы комитетінің (Қазобком) II пленумы болды. Қазақ АКСР ОАК төрағасы С.Меңдешев пен РК(б)П ОК Орта Азиялық Бюросының (Средазбюро) мүшесі С.Қожановтың “Орта Азиядағы ұлттық межелеу туралы” баяндамалары тыңдалып, талқыланды. 1924 жылы 27 қазанда қабылданған КСРО Конституциясына сәйкес КСРО ОАК-нің екінші сессиясында Түркістан АКСР-інің құрамындағы қазақтар мекендеген жерлердің Қазақ АКСР-іне қосылғандығы туралы қаулысы бекітілді. Межелеу нәтижесінде Орта Азия аумағының 45,7%-ы, яғни 797,9 мың км² жері Қазақ АКСР-іне қосылды (оның ішінде 112 мың км² Қарақалпақ автономиялық округі бар, ол 1930 жылы шілдеде РКСФР-ге берілгенге дейін Қазақстанның құрамында болды).