- •Өнеркәсіп мекемесімен таныстыру.
- •Электрмен жабдықтау кәсіпорынның, бөлімдерінің, қызметтерінің құрылымы.
- •Нұсқамалықтардың түрлері.
- •1.2.Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру.
- •1.Техникалық қызмет көрсету және электр жабдықтарын жөндеу
- •2.1.Жөндеу жұмыстарының, алдын ала жоспарлы жұмыстар жүйелерінің түрлері.
- •2.2. Техникалық қызмет көрсету және электр жабдығын жөндеу кезінде қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы іс-шаралар.
- •2.3.Генераторлар мен қозғалтқыштардың техникалық қызмет көрсету мен жөндеу технологиясымен ұйымдастырылуы
- •2.4 Күштік трансформаторларды ұйымдастыру және техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
- •2.5.Электрлі және кабелдік желілердің техникалық қызмет ету мен жөндеу технологиясы және ұйымдастыру.
- •2.6. Жөндеу сынақтарынан және қабылдау ережелерінен кейін электр жабдықтаудың жөндеуден кейінгі көлемі.
- •3.Жөндеу-пайдалану жұмыстарын экономика мен өндірісті ұйымдастыру.
- •4.Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар.
- •Өндірістік сипаттама
2.6. Жөндеу сынақтарынан және қабылдау ережелерінен кейін электр жабдықтаудың жөндеуден кейінгі көлемі.
Монтаждалған электр жабдығын қабылдау кезінде оны мұқият тексеріп алу қажет. Машинаның өзі, оның іске қосатын аппаратурасы мен қосымша электр жабдығын тексеру мүмкіндігі және пайдаланудың шарттарына сәйкес болуы керек.
Трансформаторды жөндеуден кейін жинау.
Жөндеу жұмыстарынан кейін жоғарғы жалғағышы бар трансформатордың белсенді бөлігін көтеріп және бакқа түсіреді. Содан резеңкелі аралық қабатты және багының қақпағын орнатады. Төменгі жалғағышы бар трансформатордың тұғырығына алмалы бөлігіне – қоңырау орнатады. Жалғағышты бұрандамалармен бірқалыпты қысады. Белсенді бөлігін багының ішінде ажыратады. Содан кейін қосулар орнатады және оларды ораулардың бұруларымен жалғайды. Газ өткізетін құбырларды орнатады.
Кеңейткіш пен газ шығаратын түтікті әзірше орнатпайды, олардың есіктері мен багының барлық алмалы бөлігіндегі тесіктерін бітеуіштермен тығыздап жабады.
Жинақталған трансформаторды бакта сиретуді құру арқылы саңылаусыздығына тексереді. Бұзып алмас үшін трансформаторда вакуум құру кезінде кірмелер қақпақшаларын, оларды тексеру басталғанға дейін уақытша багының вакуумды кеңістігінде резеңке шлангілермен қосады.
Егер ешқандай ақаулар мен елеулі 1 сағат ішінде сиретудің бастапқы мәнінің өзгерістері анықталмаса, трансформаторды бітеулік деп санайды.
Трансформаторды вакуум астында 6-дан 10-сағатқа дейін ұстайды. Кейін жұмыс істеп тұрған вакуумды сорғысы кезде, трансформатордың багын құрғақ маймен қақпақ деңгейінен төмен 150-200 мм деңгейіне дейін, температурасы 50-60 °С толтырады.
Кейін трансформаторды құрастыруды жүргізеді: кеңейткішті және газ шығаратын түтікті орнатады, бақылау-сигналдық құрылғылар; салқындату жүйесін және термосифонды сүзгілерін монтаждайды. Содан кейін трансформаторға қоршаған ауаның температурасына сәйкес, деңгейге дейін майды құяды.Толық жиналған және белгі жиегінде майы құйылған трансформатордың кернеуді түзетуін жүктеме астында, ауыстырылып қосылатын қондырғы құрылғысының жұмысын тексереді. Соңында барлық қосылыстар мен дәнекерленген жіктердің тығыздығын анықтау үшін, 3 сағат бойы трансформаторды артық қысыммен сынайды.
Жөндеуден кейін жинақталған машинаның сынауы келесі бағдарламамен жүргізілуі тиіс:
Өзара корпусына қатысты барлық ораулардың, оқшаулау кедергісін тексеру.
Шықпа шектері маркировкасының дұрыстығын тексеру
Ораулардың кедергілерін өлшеу.
Бос жүріс тәжірибесін жүргізу.
Айналымның жоғары жылдамдығына сынақ (“таратуға”) жүргізу.
Айналым арасында оқшауламаны сынау.
Қысқа тұйықталу тәжірибесін жүргізу.
Жүктемемен қыздыру сынауы.
Оқшаулаудың электр беріктігін сынау (“сынамамен”).
3.Жөндеу-пайдалану жұмыстарын экономика мен өндірісті ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымында Шығыс Қазақстан облысы экономикалық жағынан біршама дамыған болып саналады, ал Шығыс аймағы шаруашылығының жетекші салалары ел экономикасына тұтастай үстемді әсерін тигізеді.
Шығыс Қазақстан облысы 256 млн. тоннаға жуық шартты отын өндіреді, 15% ресурстан асатын, олардың баламалы табысының және өндірістің шығынынан 3-4 есе төмен энергия үнемдеудің орасан зор пайдаланбаған потенциалы бар.
Шығыс Қазақстан облысында 2015 жылға дейінгі кезеңде энергия үнемдеу бағдарламасын жүзеге асырудан энергия ресурстардың 85 млн.тонна шартты отынға экономикалық ақталған үнемделуіне жетуге болады. Облыстағы энергия үнемдеудің мөлшері – бұл шамамен елдегі жоспарланған энергия үнемдеуден 7%. Осы аймақтық мақсатты бағдарламаны құрастыру қажеттілігі келесі себептермен келісілген:
өткізілетін шаралардың экономикалық мақсатқа сәйкестілігімен және энергия үнемдеудің елеулі потенциалымен;
облыс экономикасының энергетикалық тиімділігін төмендетумен;
жаңартылмайтын табиғи ресурстардың шектеулі мөлшерімен;
өндірістің төмен мәдениетімен.
Облыстағы энергетикалық ресурстарды пайдаланудың төмен нәтижелілігі көбінесе жетілмегендігімен, ал кейде қажетті нормативтік-құқылық, қаржылық-экономикалық механизмдердің жоқтығымен, сондай-ақ оларды жеткіліксіз және кешенсіз қолданумен келісілген.
Энергия үнемдеуге байланысты осы Тұжырымдама директивті құжат болмайды. Ол келесі сұрақтарды шешуге бағытталған:
- Шығыс Қазақстан облысы мен аудандарының энергетикалық болашағын қалыптасқан үрдіске сүйене отырып бағалау және облыс пен аудандардағы энергия үнемдеу саясатын анықтау;
- заң және басқа нормативтік актілер түрінде Бағдарламаны жүзеге асыру механизмін анықтау;
- ұсынылатын шаралардың тәжірибелік нақты көрсетілгені бойынша шараларды жасау.
Аймақтық бағдарлама энергия үнемдеу саясатын енгізуде аймақтарға барынша дербестік берілгендігіне сүйенеді.
Аймақта энергия үнемдеуші стратегияны жүзеге асыру облыс пен аудандар экономикасының дамуына, өндірістік сала мен әлеуметтік-тұрмыстық секторда технологиялық базаның жетілуіне оң әсер береді, құнсыздану процестерін төмендетуге, тауар өндірушілердің бәсекелесу қабілеттілігін арттыруға жағдай туғызады, ішкі аймақтық өнімнің өсуінде және ең соңында халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылатуда құптарлықтай байқалады.
Отын-энергетикалық ресурстарына баға қосылу экономикадағы құнсыздану процесін күшейтеді, энергосыйымды өндірістердің рентабельділігін төмендетеді, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында банкроттық санын өсіреді, тұрғындардың өмір сүру деңгейін төмендетеді. Бұл энергия үнемдеу процестерін ынталандырады.
