- •Өнеркәсіп мекемесімен таныстыру.
- •Электрмен жабдықтау кәсіпорынның, бөлімдерінің, қызметтерінің құрылымы.
- •Нұсқамалықтардың түрлері.
- •1.2.Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру.
- •1.Техникалық қызмет көрсету және электр жабдықтарын жөндеу
- •2.1.Жөндеу жұмыстарының, алдын ала жоспарлы жұмыстар жүйелерінің түрлері.
- •2.2. Техникалық қызмет көрсету және электр жабдығын жөндеу кезінде қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы іс-шаралар.
- •2.3.Генераторлар мен қозғалтқыштардың техникалық қызмет көрсету мен жөндеу технологиясымен ұйымдастырылуы
- •2.4 Күштік трансформаторларды ұйымдастыру және техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
- •2.5.Электрлі және кабелдік желілердің техникалық қызмет ету мен жөндеу технологиясы және ұйымдастыру.
- •2.6. Жөндеу сынақтарынан және қабылдау ережелерінен кейін электр жабдықтаудың жөндеуден кейінгі көлемі.
- •3.Жөндеу-пайдалану жұмыстарын экономика мен өндірісті ұйымдастыру.
- •4.Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар.
- •Өндірістік сипаттама
2.4 Күштік трансформаторларды ұйымдастыру және техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
Электр жабдықтау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, трансформатор
Күштік трансформаторларды тексеру қамтиды: термометрлер мен мановакууметрлердің көрсеткіштерін, трансформатордың корпусының жағдайын, май ағу болмауы, май толтырылған кірмелерде майдың болуы, кеңейткіште майдың деңгейі изоляторлар мен суытқыш құрылғылар жай-күйінің температуралық белгілеулеріне сәйкес болуы, кабельдерді шиналау, түйіспелі қосылыстардың қыздыруының болмауы, сақтандырғыш пен сигнал берудің жұмысқа жарамдылығын, жерге қосу желілерінің жай-күйін тексеру.
Күштік трансформаторларды техникалық қызмет көрсету және жөндеу трансформаторды ағымдағы және күрделі жөндеуден тұрады. Осы жұмыстарды орындауды ұйымдастыру жергілікті жағдайларды негізге ала отырып жүзеге асырады. Барлық қосалқы станциялардың электр жабдықтары жазда жөнделеді.
Трансформаторлардың ағымдағы жөндеу кезінде трансформатордың және оның барлық темір арқауларына сырттай тексерулер жүргізеді: кеңейткіштен кірлерді түсіру; май құю (қажет болғанда); түсірмелі шүмектің және тығыздалу көрсеткіш құрылғыларда майды тексеру, трансформаторда тесіп өтетін сақтандырғыштарды, жерге тұйықталмаған нөлмен төмен жақтан, жұмыс істеп тұрған және қорғаныс жерге тұйықталуы, ораулар оқшаулауларының кедергісі, трансформаторлық майды сынау, газ қорғауды тексеру.
Трансформаторлардың күрделі жөндеу кезінде трансформаторды ашу жүргізіледі: өзекшені көтеру және оны тексеру; суырмалы бөлімін жөндеу (болат, орау, қосқыштар, бұрулар); тазалағыш құрылғыларды жөндеу; қаптаманы тазалау және тексеру; бақылау-өлшеуіш құралдарын тексеру, белгі беру және қорғау құрылғылары; тазалау және майын ауыстыру; оқшауларын кептіру; трансформатордың магнитөткізгіштерін жинау, белгіленген өлшемдер мен сынауларды өткізу.
Профилактикалық сынаулар трансформаторлық майдың оқшаулау сынауларын қамтиды, электр машиналарында статоры мен ротордың әуе саңылауын тексеру, пайдалануға сәйкес тиісті нормалар мен ережелерге көзделген ажыратушы аппараттар мен операциялар контактілерінің қысымын бақылау. Ақаулардың техникалық құжаттамасы болған кезде трансформатордың жинақтылығы мен жағдайын орнында тексеру мен анықтауға, шарттарын нақтылау және жөндеу жүргізу мүмкіндігіне әкеледі. Техникалық құжаттама болмаған кезде қарау және ақаулар толық көлемде қажетті өлшемдер мен сынаулар орындаумен жүргізіледі. Нәтижелерін ақаулар тізімдемесіне кіргізеді.
2.5.Электрлі және кабелдік желілердің техникалық қызмет ету мен жөндеу технологиясы және ұйымдастыру.
Кабель желілердің техникалық қызмет көрсетуі қамтиды: тоқ жүктемелерін, желінің температуралық режимдерін және кернеуін бақылау, жүйелі және кезектен тыс трассалар тексерулерін жүргізу, профилактикалық сынаулар және өлшеулер жүргізу, трассаларда жұмыстардың жүргізілуіне бақылау және халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Кәбіл желісін сынаудың екі түрін ажыратады: монтаждау аяқталғаннан кейін желіні жұмысқа қосар алдында сынаулар және пайдалану процесінде желілерді профилактикалық сынау деп аталатын, осы сынаулардың біріншісі желіні жұмысқа қосуға жарамдылығын тексеру мақсатында, сондай-ақ оның жұмыс басы кезінде желінің негізгі сипаттамаларын анықтау мақсатында жүргізіледі.
Белгілі бір уақыт аралығы арқылы жүргізілетін профилактикалық сынаулардың негізгі мақсаты бар: осы сынақтарды өндіру кезінде желінің жай-күйін анықтау; желінің жай-күйін соңғы сынау кезінде жүргізілетінмен салыстыру.
Жеткілікті аппаратуралар, аспаптардың және білікті персоналдар санымен орналастырылған ірі энерго бірлестіктердің кабель желілері үшін, келесі сынаулар көлемі қалыпты болып саналады. Өлшеу, тексеру: оқшаулағыш кедергісін өлшеу; жоғары кернеумен сынау; олардың асимметрия коэффициентін айқындай отырып токтың шамаларын өлшеу; электр зарядың ұстап тұруына желі қабілетін тексеру, шамаларын анықтау.
Профилактикалық сынақтардың кезеңділігі кабельдің жай-күйіне байланысты, оның оқшаулау жай-күйінен және бақыланатын ақаудың даму жылдамдығынан бастап орнатылады. Жақсы электр сипаттамалары бар және толыққанды топтарға жатқызылған кабельдер үшін, толыққанды емес тобына жататын кабельдерге қарағанда, қайта сынау мерзімін артықпен таңдайды.
Толыққанды емес кабелдерге қайта сынаулар мерзімдерін, кабель ақауларының дәрежесіне байланысты қысқартады. Ең көп таралған кабелінің ақауы оларға қорғасын қабықшасының зақымдануы арқылы ылғалдың енуі болып табылады, сондықтан толыққанды емес кәбілдер тобына жатқызылғандар үшін, жаңбыр немесе қардың еруінен көп ылғал түскеннен кейін, қайта сынауларды қазір тағайындайды.
Сол топқа соңында мачталық жалғастырғышы бар кабелдерді жатқызуға болады. Желілік таратушылардың мен фидерлік кабель желілерінің профилактикалық сынауларын жылына екі рет жүргізеді. Қосалқы станциялар туннельдерінде, блок арналарында орнатылған кабельдер үшін, жылына бір рет профилактикалық сынау жүргізу жеткілікті деп саналады.
Кабельдік желіде нормадан ауытқыған ақаулар сынау кезінде, қабықшаларының тотығуы, жергілікті жағдайларға байланысты сынауларды жиі жүргізеді. Оқшаулау кедергісінің өлшеулерін жүргізеді, жоғары түзетілген тоқпен сынақтық кернеу, 50Гц жиілікпен жоғары кернеу сынаулары, кабель тұтастығын анықтау және кабель тарамы желілерді фазалау, кабель тарамының белсенді кедергілерін анықтау, электрлі жұмыспен кабелдер тарамының көлемін анықтау, тік учасеклерінің құрғату дәрежесін бақылау, бір тарамды кабельдер мен кезбе тоқтар бойынша тоқты тарату, химиялық коррозияны және майдың сипаттамаларын айқындау, жүктеме және шекті артық салмақты өлшеу,сіңдіргіш сынақ, жерге қосу кедергісін өлшеу.
