- •Нефрология пәні бойынша интерн-дәрігерлерге арналған 120 тесттік тапсырмалар (терапия) ме – соңғы нұсқа
- •Катехоламиндер синтезінің жоғарылауы
- •Нефротикалық синдром
- •2. Гломерулонефриттер
- •Пиелонефрит
- •Пиелонефрит
- •Пиелонефрит
- •Цитостатиктер
- •Нефритикалық синдром
- •Бүйрек трансплантациясы
- •Гемодиализ
- •Бүйрек трансплантациясы
- •Гемодиализ
- •Нефротикалық синдром
- •Ааф ингибиторы
- •Циклоспорин тағайындау
- •4. Бүйректің жедел зақымдалуы
- •Жедел пиелонефрит
- •Нефротикалық синдром
- •Бүйрек трансплантациясы
- •5. Бүйректің созылмалы ауруы
- •Мембранозды нефропатия
- •Ig a нефропатия
+жедел гемодиализ, плазмаферез, пульс-терапия циклофосфан + кортикостероидтар.
Преднизолон, Циклоспорин А, диуретиктер, ААФи
Дезинтоксикациялық терапия, гемодиализ
Бүйрек трансплантациясы
Преднизолонмен метотрексат
20 жастағы науқас.Бетіндегі, іштің алдыңғы қабырғасындағы, аяқтарындағы ісінулерге, олигурияға шағымданады. Қараған кезде: анасаркаға дейін ісінулер. АҚҚ 85/40 мм с.б. Қан анализдерінде: жалпы белок 40 г/л, альбумин 16 г/л, холестерин 9,8 ммоль/л. ЖЗА-салыст. тығызд. - 1030, белок 4,5 г/л, Лейк. және Эр - 0-1 к/а, қандағы креатинин 120 мкмоль/л. Болжам диагнозын қойыңыз және бүйрек қызметін бағалаңыз.
+Нефротикалық синдром, БЖЗ, преренальді
Гломерулонефрит. БЖЗ, ренальді
Нефритикалық синром, БЖЗ, ренальді
Нефротикалық синдром, БЖЗ, ренальді
Созылмалы гломерулонефрит, БСА, 2 сатысы.
50 жастағы ер адам. Анамнезінде қуықтың ісігі бар. Зерттеу кезінде несепте лейкоцитурия, микрогематурия анықталған. Қан анализінде: Na 145 ммоль/л, калий 3,8 ммоль/л, креатинин 150 мкмоль/л, ШСЖ-46 мл/мин. Диагнозды анықтау үшін компьютерлік томография жоспарлануда. Контраст-индуцирленген нефропатия даму қаупінің минимизациясы үшін қандай шаралар жүргізу керек?
Оральді регидратация
Оральді регидратация және С витамині
+ NaCl 0,9% ерітіндісін к/і және N-ацетилцистеинді p/os
5% декстроза және натрий бикарбонат ерітіндісін к/і
Аминофиллин және натрий хлоридінің 0,45% ерітіндісін к/і
45 жастағы ер адам шұғыл жәрдем беру бөлімшесіне жеткізілді. Анамнезінен ішімдік ішетіні, көршісімен өз үйінде табылғандығы белгілі. Қараған кезде ешнәрсеге реакциясы жоқ, сусыздану белгілері айқын. Зерттеген кезде қанында гематокрит 41%, мочевина 21,4 ммоль/л, креатинин 280 мкмоль/л. Креатининкиназа және лактатдегидрогеназа жоғарылаған - 12 000 Ед/л және 475 U/L. Тест-жолақшасымен несеп анализінде: түсі-қызғыштау, салыстырмалы тығыздығы 1,020; эритроциттер 3+ және белок 1+. Несеп тұнбасының микроскопиялық зерттеуінде: эритроциттер 0-2 к/а, лейкоциттер 0-5 к/а, гиалинді цилиндрлер 0-1 к/а. Науқаста ЕҢ мүмкін болатын несептегі өзгерісті атаңыз?
Кетонурия
Глюкозурия
Гемоглобинурия
+Миоглобинурия
Уробилиногенурия
44 жасар науқас ауруханаға келесі симптомдармен түсті: белдің оң жағының қатты шаншып ауыруы, зәрде қанның пайда болуы. Ауруханаға түсерден 3 күн бұрын дене қызуы 37оС дейін жоғарылап, газдалған сусындарды көп мөлшерде (3 л/тәул.) қабылдағаннан кейін бел аймағы қатты ауырған, зәрі қызарған. Спазмолитиктер қабылдағанымен жағдайы жақсармаған. Өмір анамнезі: 7 жасынан бастап зәр-тас ауруы. Бірнеше рет нефролитотомия жүргізілген. Қарағанда – АҚ 150/100 мм с.б., ЖЖЖ минутына 86 рет, белдің оң жағы ауырады. ЖҚА: Нв-136 г/л, тромб-225 мың, лейк-8 мың, СРБ-15 мг/дл. ЖЗА: лейкоциттер – 6-8, эритроциттер – к/а тұтас жауып жатыр. Қанның б/х анализі: креат-620 мкмоль/л, мочев-35 ммоль/л, К-6,5 ммоль/л. Бүйрек УДЗ: оң бүйректің ұлғаюы. Оң жақ астауша 6 см-ге кеңейген. Емдеу тактикасы қандай?
Дезинтоксикациялық, антибактериалдық ем
+Нефростомия, антибактериалдық ем, литотомия.
Бағдарламалы гемодиализ
Диуретикалық +антибактериадық терапия
0,9% NaCl ерт в/і және N-ацетилцистеин p/os
Жедел постстрептококкты гломерулонефрит дамуындағы азотемияның себебін көрсетіңіз:
Өзекшелер дистрофиясы
Протеинурия салдарынан
Висцералді эпителийдің зақымдалуы
Париеталді эпителийдің зақымдалуы
+Шумақтағы қабынулық өзгерістер
Бүйректің жедел зақымдалуының диурез қалыптасу сатысында науқасқа қауіп төндіреді:
Өкпе ісінуі
+Гипокалиемия
Гипергидратация
Уремиялық перикардит
Уремиялық энцефалопатия
Төменде келтірілген жағдайлардың қайсысы Бүйректің жедел зақымдалуының диурез азаю сатысында науқасқа қауіп төндіреді:
+Өкпе ісінуі
Дегидратация
Гипокалиемия
Гипокальциемия
Артериялық гипотензия
Жедел интерстициальді нефрит нәтижесінде дамыған БЖЗ:
+Ренальді БЖЗ
Преранальді БЖЗ
Постренальді БЖЗ
Обструктивті БЖЗ
Функциональді БЖЗ
Жүктіліктің ерте мерзіміндегі Бүйректің жедел зақымдалуының даму себебін көрсетіңіз:
Қант диабеті
Преэклампсия
Жедел гломерулонефрит
Вегето-қантамырлық дистония
+Құсумен өтетін айқын токсикоз
